"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексiн
iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бiр ай мерзiмде өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 21 қаңтардағы
N 74 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым ставкалары
1. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкасы алым төленетiн күнi қолданылатын жетi еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
2. Оның мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың телнұсқасын алу кезiнде азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкасы осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген ставканың елу пайызын құрайды.