1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 405 P010405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 135-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесінде:
1-тармақтағы "1 000 000 000" (бір миллиард)" деген сөздер "1 188 700 000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1491 P011491_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесінде: 1-тармақтағы "1 000 000 000 (бір миллиард)" деген сөздер "1 188 700 000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі