Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығының 28-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде оның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайында бiржолғы өтемақы төлеудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2002 жылғы 24 қаңтардағы
N 97 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң
қызметтiк мiндеттерін немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде
оның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайында
бiржолғы өтемақы төлеудiң
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығына сәйкес iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде жарақат алған кезiнде, сондай-ақ оның қаза табуы (қайтыс болуы) жағдайында, оны алуға құқығы бар адамдарға, бiржолғы өтемақы төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерiне бiржолғы өтемақы төлеу немесе оны алуға құқығы бар адамға мынадай жағдайларда:
1) iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе қызметтiк мiндеттерiн не қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда;
2) iшкi iстер органдарының қызметкерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiндегi жарақат алуы, жаралануы (контузия алуы), зақымдануы, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде;
3) iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын, ауыр немесе жеңiл зақым (жарақаттану, жаралану, контузия алу) алған жағдайда жүргiзiледi.
3. Егер заңнамада белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (зақымдануы), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару мән-жағдайларымен байланысты еместiгi дәлелденгенде тиiстi құжаттар ресiмделмейдi және бiржолғы өтемақы төленбейдi.
4. Бiржолғы өтемақылар төлеудi қызметкердiң қызмет өткеретiн жерiндегi бөлiмшенiң қаржы органы (бұдан әрi - қаржы органы), осы мақсатқа республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен, өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнде екiншi деңгейдегi банкке алушының жеке шотына аудару жолымен, сондай-ақ оларды пошта бойынша алушының есеп шотына аудару жолымен жүргiзiледi.
Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақыны төлеу бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiне өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде бiрмезгілде хабарлай отырып, тек қана оның тұрғылықты жерi бойынша екiншi деңгейдегі банкке оның жеке шотына аудару жолымен жүргiзiледi.
5. Ішкi iстер органдарының кадр аппараттары мiндеттi түрде қызметкерлерге немесе өтемақы алуға құқығы бар адамдарға қаржы органдарына бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiштердi беру қажеттiгін жазбаша хабарлайды.
6. Бiржолғы өтемақыны алу үшiн қызметкер немесе оны алуға құқығы бар адам қаржы органына мынадай құжаттарды:
1) қызметкер қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе қызметтiк мiндеттерiн не қызметтік борышын атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда:
өтiнiштi (1-қосымша);
нотариалды расталған қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
қаза болғанның (қайтыс болғанның) қызмет өткерген орнынан берiлген қаза болуының (өлiмiнiң) жағдаяттары туралы қорытындының көшiрмесiн;
егер төлем жасау үшiн өтiнiш берушi қаза тапқанның (қайтыс болғанның) мұрагерi болып табылса, мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiктi;
қаза тапқанның (қайтыс болғанның) қаза тапқан (қайтыс болған) күнгi ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасын ұсынады.
Осы Ережедегі 2-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтiрiлген зақымның салдарынан қайтыс болғанына бiр жыл өткенге дейiн қызметкердiң қаза табу (қайтыс болу) фактiсi бойынша Әскери-дәрiгерлiк комиссияның (бұдан әрi - ӘДК) қорытындысы ұсынылады;
2) қызметкерге осы Ережедегі 2-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтiрiлген зақымнан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде:
өтiнiш (1-қосымша);
қызметкердiң қызмет өткеретiн жерiнен берiлген зақымдану, жаралану (контузия алу), мертiгу, науқастану мән жағдайлары туралы қорытындының көшiрмесi;
денсаулығына келтiрiлген зақымның фактiсiн растайтын ӘДК берген, осы ӘДК-ның мөрiмен куәландырылған қорытындының көшiрмесi;
қызметкердiң оқиға болған күнгi ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасы;
медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының мүгедектiктi белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi ұсынылады;
3) қызметкер осы Ережедегі 2-тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтiрiлген ауыр немесе жеңiл зақым алған жағдайда:
өтiнiштi (1-қосымша);
қызметкердiң қызмет өткеретiн жерiнен ауыр немесе жеңiл жарақат алған жағдаяттары туралы қорытындының көшiрмесiн;
емдеу-профилактикалық мекемесiнiң не ӘДК-ның денсаулығына келтiрiлген зақымнан алынған ауыртпалық туралы анықтаманы;
қызметкердiң оқиға болған күнгі ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасын ресiмдейдi және ұсынады.
7. Қызметкер немесе бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адам өтемақы төлеу туралы өтiнiш жасаған кезде қаржы органы осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделгендiгiн тексеруге және мекеме басшысының атына ресiмделген өтiнiштi өтiнiштер мен бiржолғы өтемақы төлеудi тiркеу журналында (2-қосымша) тiркеуге мiндеттi. Осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтiнiш тiркелмеуге тиiс.
8. Қызметкерлердiң қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайында зиянды өтеу жөнiндегi жұмысқа жалпы басшылық етудi iшкi iстер органдарының кадр және қаржы аппараттары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер органдары қызметкерiнiң
қызметтiк мiндеттерiн немесе
қызметтiк борышын атқару
кезеңiнде оның қаза табуы
(қайтыс болуы) немесе зақымдануы
жағдайында бiржолғы өтемақы
төлеудiң ережесiне 1-қосымша
Кiмге _______________________________
(лауазымы, арнайы атағы)
_______________________________________
мекеме (ұйым) басшысының тегi, аты-жөнi
_______________________________________
кiмнен ________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегі, аты-жөнi)
_______________________________________
____________________________ мекен-жайы
бойынша тұратын өтiнiш жасаушының
СТН N __________________________________
Бiржолғы өтемақы төлеу туралы
ӨТIНIШ
Сiзден ______________________________________________________
(залалдың орны толтырылуы тиiс
___________________________________________________________________
оқиғаның сипаты көрсетiледi)
байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi өтiнемiн.
Маған тиiстi соманы _________________________________________
(банктiң атауы, банктiң СТН-i,
___________________________________________________________________
банктiң МФО-сы, алушының жеке есеп шотының N немесе оның байланыс
___________________________________________________________________
бөлiмшесi арқылы аудару жағдайында оның мекен-жайы)
Өтiнiшке мынадай құжаттарды:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ____________________________________________ қоса берiп отырмын.
Өтiнiш иесiнiң қолы ______________
200__ жылғы "__" _________________
Құжаттар 200__ жылғы "__" ____________ қабылданды.
Қолы ____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер органдары қызметкерiнiң
қызметтiк мiндеттерiн немесе
қызметтiк борышын атқару
кезеңiнде оның қаза табуы
(қайтыс болуы) немесе зақымдануы
жағдайында бiржолғы өтемақы
төлеудiң ережесiне 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң
қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде
оның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайларында
бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу
ЖУРНАЛЫ
---------------------------------------------------------------------------
Өтініштің!Зақым алған, оның!Қайтыс болған ! Зиянның !Біржолғы!Төлеу
келіп !ішінде қайтыс !қызметкер ! (өлім, !өтемақы.!құжат.
түскен !болған қызметкер.!мұрагерінің ! мүгедектік, !ның !ының N
күні !дің Т.А.Ә. және !Т.А.Ә. және ! ауыр немесе !сомасы !және
!оның мекен-жайы !оның мекен-жайы! жеңіл зақым ! !күні
! ! ! алу) орнын ! !
! ! ! толтырудың ! !
! ! ! себебі ! !
---------------------------------------------------------------------------
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________