Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының
Yкiметi арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінiң Египет университетi
туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб
Республикасының Yкiметi арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам
мәдениетінің Египет университетi туралы келiсiмдi бекiту туралы
Алматы қаласында 2001 жылғы 18 маусымда жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы
"Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім
бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының
Үкiметi арасындағы
"Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетiнің
Египет университетi туралы келісім
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Египет Араб Республикасының Үкiметi,
екi ел халықтарының арасындағы тарихи және мәдени байланыстарға
сүйене отырып,
екi ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мен дамытуға
тiлек бiлдiре отырып,
екi халықтың рухани және мәдени мұраларын зерттеуге қолайлы жағдай
туғызуға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Египет тарабы өз қаражаты есебiнен Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы), бұдан әрi "Университет" деп аталатын "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінің Египет университетiнің құрылысын жүзеге асырады.
Университет мүлiктік кешен ретiнде осы Келiсiмге тiркелген тiзбеге сәйкес, ғимараттардан, құрылыстардан, жабдықтар мен Университеттің жұмыс iстеуiне қажет басқа да мүлiктерден тұрады.
Университет құрылысы аяқталғаннан кейiн және оны Египет тарапы жабдықтаған соң, ол осы Келiсiм ережелерiне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына сый ретiнде беріледi.
2-бап
Университет заңды тұлға мәртебесi бар мемлекеттік емес оқу орны болып табылады және өз қызметiн осы Келiсiм ережелерiне, Университет Жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тараптар Университеттің мүлiктiк кешенi мен барлық материалдық және интеллектуалдық меншiктерi оның жеке меншiгi болып табылатындығына және Университет Жарғысында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылмайтындығына келiстi.
3-бап
Университеттің қызметiн қаржыландыруды оның Құрылтайшылары жүзеге асырады, оларды Тараптар төмендегiдей жолмен белгiлейдi:
Египет тарабы өзi тағайындайтын оқытушылар құрамына және басқа да қызметкерлерге еңбекақы төлеудi қамтамасыз етедi.
Қазақстан тарабы инженерлiк коммуникацияларды (электр-жылу-сумен жабдықтау канализация) пайдалануға және ғимараттарды күтiп ұстауға байланысты шығыстарды өтеудi де қамтамасыз етедi.
4-бап
Университет Қазақстан Республикасында қабылданған бiлiм стандарттарына, сондай-ақ осы Келiсiм ережелерiне сәйкес оқу жоспарларын, оқыту бағдарламалары мен әдiстемелерiн әзiрлейдi.
5-бап
Жалпы басшылық ету мен университет қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Тараптар Қамқоршылық кеңесiн құрады. Қамқоршылық кеңесiнiң құзыретiне Университеттiң қаржы, мәдени және бiлiм беру саясатын қалыптастыру мәселелерi енедi. Қамқоршылық кеңесi қызметке тағайындау және қызмет мерзiмiнiң аяқталуының жағдайлары мен ережелерiн, университеттiң оқытушы және техникалық персоналы мүшелерiне екi елде қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес еңбекақы көлемiн анықтайтын университеттiң Жарғысын әзiрлейдi. Қамқоршылық кеңесi оқыту әдiстемесiн, Университеттiң iшкi күн
тәртiбiн, дипломдар берудiң және ғылыми дәрежелер мен атақтарды
тағайындаудың, оларды Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес
келтiрудiң ережелерiн, Университет қызметi үшiн қажет қаржыландыру жолдары
мен қаржы бөлу нысандарын анықтайды және бекiтедi, сондай-ақ Университет
бюджетiн дайындау стратегиясын әзiрлейдi және оны бекiтедi.
6-бап
Қамқоршылық кеңесi төмендегiдей жолмен құралады:
Қазақстан Республикасы тарабынан:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрi - тең төраға;
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi - мүше;
3. Қазақстанның Мұсылмандар дiни басқармасының Бас Мүфтиi - мүше;
4. Алматы қаласының Әкiмi - мүше;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Вице-Министрi - мүше;
6. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше
және Өкiлеттi Елшiсi - мүше;
7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Дiни бiрлестiктермен
байланыстар жөнiндегi кеңес Секретариятының басшысы - мүше;
8. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң
ректоры - мүше;
9. Абылайхан атындағы Қазақ Мемлекеттiк әлем тiлдерi және халықаралық
қатынастар университетiнiң ректоры - мүше.
Египет Араб Республикасы тарабынан:
1. Египет Араб Республикасының Уақуфтар министрi - тең төраға;
2. Египет Араб Республикасының Мүфтиi - мүше;
3. "Әл-Азхар" университетiнiң ректоры - мүше;
4. Әл-Азхардың өкiлi - мүше;
5. Каир университетiнiң ректоры - мүше;
6. Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше
және Өкiлеттi Елшiсi - мүше;
7-8-9. Египет Араб Республикасы Уақуфтар министрiнiң қарауына орай үш
көрнектi қоғам қайраткерлерi - мүшелер.
7-бап
Университет ректорын және проректорын Университет Жарғысымен
белгiленетiн мерзiмге Қамқоршылық кеңесi тағайындайды.
Университет ректоры болып Египет Араб Республикасының азаматы,
проректоры болып - Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.
8-бап
Қазақстан тарабы Университеттiң египеттiк оқытушылары мен техникалық персоналын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық қорғауды қамтамасыз етедi.
9-бап
Университеттiң египеттiк оқытушылары және техникалық персоналы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi келiп-кету визалық алымдарынан, тұрмыстық жабдықтар мен жеке қолданыстағы басқа да заттарды әкелу/әкетуге кеден баждары мен салықтарды төлеуден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босатылады.
Египет Араб Республикасы азаматтарының қатарынан египет тарапы тағайындайтын университеттiң оқытушы және техникалық персоналының еңбекақысы және университеттiң жарғылық қызметiне грант қаражаты есебiнен жүргiзілетiн басқа да ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасында төлем көздерiнен ұсталатын жеке тұлғалардың табыс салығынан босатылады.
10-бап
Египеттік оқытушы және техникалық персонал мүшелерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттенедi.
11-бап
Қазақстан тарабы египеттік оқытушы және техникалық персоналға және
олардың отбасы мүшелерiне Египет тарабы есебiнен Қазақстан Республикасында
тұрғын үй таңдауға және жалға алуға көмек көрсетедi, сондай-ақ египеттiк
персоналға Қазақстан Республикасының осындай санаттағы азаматтарына
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген шарттармен
медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.
12-бап
Тараптар өкiлеттік мерзiмi үш жыл және Университет Жарғысына сәйкес
оны жаңарту мүмкiндiгi қарастырылған Университет кеңесiн құруға келiстi.
13-бап
Осы Келiсiм ережелерiн қолдануда немесе түсiндiруде келiспеушілiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер, достық түсiнiстiк немесе өздерi уағдаласқан басқа да тәсiлдермен шешетiн болады.
14-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi Тараптардың мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламалары алынған күннен бастап күшiне енедi.
Келiсiм шектеусiз мерзiмге жасалады және оған осы Келiсiмге жасалғандай мемлекетішілік рәсiмдер жүргiзiлетiн әрi оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
15-бап
Келiсiм бойынша қажеттi мемлекетішілік рәсiмдердi жүргiзуге және оның заңды күшiне енуiне дейiн, оқу процесiн 2001-2002 оқу жылында бастау үшін, Тараптардың әрқайсысы Келісімге қол қойылған сәттен бастап, осы Келісімнің 1 және 3-баптарында көзделген міндеттемелерін орындауға келісті.
Алматы қаласында 2001 жылғы 18 маусымда әрқайсысы қазақ, араб және
ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық
мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде
келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді
басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Келiсiмге қосымша
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетiнiң
мүлiктерiнiң тiзiмi
1. Университет ғимараты:
Факультеттiң 2 қабаты
1. Гардероб, киiм iлгiш - 4 компл;
Үстелдер - 1 дана.
2. Лингафон сыныбы:
Парта - 17 дана;
Үстел - 34 дана;
Шкаф - 4 дана;
Оқытушылар үстелi - 1 дана;
Оқытушылар орындығы - 1 дана;
Үстел - дана;
Тақта - 1 дана;
Шырақ (комплектiлi) - 1 дана.
3. Сынып (8 бөлме):
Парта - 8 дана;
Орындық - 16 дана;
Оқытушылар үстелi - 1 дана;
Оқытушылар орындығы - 1 дана;
Үстел - 1 дана;
Шкаф - 2 дана;
Тақта - 1 дана:
(комплектiлi шырақ).
4. Дәмхана:
Үстел - 1 дана;
Шкаф - 1 дана;
Қолжуғыш - 1 дана
(комплектiлi шырақ).
5. Гардероб:
Киiм iлгiш - 4 комплектiлi;
Үстел - 1 дана;
(комплектiлi шырақ)
6. Қыздар әжетханасы:
3 адамға арналған комплектiлi (қақпақсыз);
1 беделi унитаз және қолжуғышымен;
Қолжуғыш - 2 дана.
7. 2 адамға арналған ерлер әжетханасы (қақпақсыз):
Писуар - 2 дана;
Қақпақсыз қолжуғышты унитаз - 1 дана;
Қолжуғыш - 2 дана;
(комплектiлi шырақ)
Шаруашылыққа арналған жабдықталған орын
Қол жуғыш - арнаулы жуғыш.
Бiрiншi қабат
1 қабаттағыдай гардероб:
а/қыздар туалетi:
Унитаз - 4 дана (қақпақсыз);
Қолжуғыш - 2 дана;
б/ерлер әжетханасы:
Унитаз - 2 дана (қақпақсыз);
Писуар - 2 дана;
Қол жуғыш - 2 дана;
2 қабаттағыдай шаруашылыққа арналған бөлме.
б/Оқытушылар бөлмесi:
Оқытушылар үстелi - 6 дана (әкiмшiлiк);
Оқытушылар орындығы - 8 дана (әкiмшiлiк);
Қонаққа арналған үстел - 1 дана;
Кiтапқа арналған шкаф - 3 дана (арқалы);
Комплектiлi шырақ.
Декан кабинетi:
Кiтаптарға арналған шкаф - 2 дана (арқалы);
Әкiмшiлiк орындығы - 3 дана + 2 дана
Әкiмшiлiк үстелi - 1 дана - 2 дана (үлкен);
Жазу машинкасына арналған үстел - 1 дана;
4 есiктi әйнектi шкаф - 1 дана + 1 дана;
2 орынды диван - 2 дана;
Кресло - 4 дана;
Қонаққа арналған үстел - 2 дана (үлкен);
2 есiктi әйнектi шкаф - 1 дана;
Терiмен қапталған кресло - 1 дана;
Кiшкене үстел.
Мәжiлiс бөлмесi:
Үлкен үстел - 1 дана;
Әкiмшiлiк үстелi - 13 дана.
Дәлiз:
Тексерушiге арналған үстел - 2 дана;
Әкiмшiлiк орындығы - 2 дана;
4 есiктi шкаф - 2 дана (әйнектi);
3 есiктi шкаф - 1 дана (әйнектi);
2 орынды диван - 2 дана;
Кресло - 4 дана;
Қонақ үстелi - 2 дана (үлкен).
Әкiмшiлiк кабинетi:
Әкiмшiлiк үстелi - 2 дана;
Әкiмшiлiк орындығы - 4 дана;
Кiтап шкафы - 3 дана (арқалы);
Қонақ үстелi - 1 дана.
Кiтапхана:
Парта - 9 дана;
Студенттерге арналған үстелдер - 18 дана;
Кiтап шкафы - 4 дана (арқасыз);
Құжаттарға арналған 2 есiктi әйнектi шкаф - 9 дана;
Комплектiлi шырақ.
Архив 1:
Парта - 2 дана;
Әкiмшiлiк орындық - 2 дана;
2 есiктi әйнектi шкаф - 2 дана.
Архив 2:
Парталар - 2 дана;
Әкiмшiлiк орындықтар - 2 дана;
2 есiктi әйнектi шкаф - 4 дана;
Кiтап шкафы - 1 дана (арқасыз);
Әкiмшiлiк кабинет:
2 есiктi шкаф - 6 дана (ағаш);
Парта - 6 дана;
Әкiмшiлiк орындық - 8 дана;
Қонаққа арналған орындық - 1 дана;
Комплектiлi шырақ.
Лингафон кабинетi:
2 этаждағыдай құрылған.
Байланыс бөлмесi:
Жұмыс үстелi - 1 дана;
Әкiмшiлiк орындығы - 1 дана;
Өртке байланысты белгi беру құралы - 1 комплект;
Байланыс жәшiгi - 1 дана.
Асхана:
2 есiктi ағаш шкаф - 1 дана;
Ас үстелi - 2 дана;
Қонаққа арналған үстел - 2 дана;
Орындық - 5 дана.
2. Имамдар үйі
1 қабат:
Сан. жүйе комплектісі;
Унитаз - 1 дана (қақпақты);
Қолжуғыш - 1 дана (комплектілі);
Ванна - 1 дана (комплектілі).
Асхана:
Үстел - 1 дана;
2 есікті шкаф - 1 дана (ағаш);№
Қолжуғыш - 1 дана (жуғыш).
Хатшы бөлмесі:
Әкімшілік үстелі - 1 дана;
Әкімшілік орындығы - 1 дана;
2 есікті шкаф - 1 дана (ағаш).
Қабылдау бөлмесі:
Әкімшілік орындығы - 4 дана;
Қонақ үстелі - 1 дана (үлкен).
Кеңсе 1:
Әкімшілік үстелі - 1 дана;
Әкімшілік орындығы - 3 дана;
Қонақ үстелі - 1 дана;
2 есікті шкаф - 1 дана (әйнек);
Кітап шкафы - 1 дана (арқасыз).
Кеңсе 2:
Әкімшілік үстелі - 1 дана;
Кітап шкафы - 1 дана (арқасыз);
Әкімшілік орындығы - 3 дана;
Қонақ үстелі - 1 дана;
2 есікті шкаф - 1 дана (әйнек);
Факс үшін үстел - 1 дана;
2 орынды диван - 1 дана;
Кресло - 2 дана.
Сан.жүйе (2) үлкен:
Унитаз - 1 дана (комплект);
Ванна - 1 дана (комплект);
Қолжуғыш - 1 дана (комплект).
Кеңсе 3:
Әкімшілік үстелі - 1 дана;
Әкімшілік орындығы - 3 дана;
Қонаққа арналған үстел - 1 дана (үлкен);
Кітап шкафы - 1 дана (арқасыз);
2 есікті шкаф - 1 дана (әйнекті);
2 қабат:
Сан.жүйе 1 қабаттағыдай;
Асхана:
Тамақ үстелі - 1 дана;
Орындық - 8 дана;
Ыдыс-аяқтарға арналған қабырға (стенка) - 1 дана.
Қонақ бөлме:
2 орынды диван - 1 дана (ағаш);
Кресло;
Қонаққа арналған үстел - 1 дана (үлкен);
Телевизор үшін үстел - 1 дана.
Асхана:
2 есікті шкаф - 1 дана (ағаш);
2 бөлімді асхана қабырғасы (стенка), төменгі бөлігі ағаш, жоғары
бөлігі 3 есікті әйнекті - 1 комплект;
Жуғыш - 1 дана;
Төсек - 1, 2, 3;
4 есікті шкаф - 1 дана (ағаш);
Керует 140 см - 1 дана (ағаш);
Тумбочка - 2 дана;
Үстелше - 1 дана;
Айна - 1 дана;
Сан.жүйе 2-1 қабаттағыдай.
3. Мешіт
Кірер ауыз:
Аяқ киімге арналған сөре - 8 дана;
2 орынды үстел - 1 дана;
Люстра орташа - 3 дана (комплект, жез);
Үлкен шырақ (фонарь) - 2 дана (үстелге қоюға, жез).
Үлкен зал:
Минбар - 1 дана;
Молдаға арналған үстел - 1 дана;
Аяқты микрофон - 2 дана;
Колонка - 5 дана;
Люстра орташа - 5 дана (комплект, жез);
Люстра үлкен - 1 дана (комплект, жез);
Шамшырақ (кондиль) - 14 дана;
Шырақ (фонарь) үлкен - 4 дана;
(қабыр.жез)
Шырақ (фонарь) кішк. - 2 дана;
(қабыр.жез)
Шам - 2 дана.
Имам бөлмесі 1:
Үстел - 1 дана;
2 есікті шкаф - 1 дана (әйнек);
2 бөлімді аккустик құрал-комплектілі.
Имам бөлмесі 2:
2 орынды шкаф - 1 дана (әйнек);
Үстел - 1 дана;
Әкімшілік орындығы - 2 дана;
Аяқ киімге арналған сөре;
9 адамдық сан.жүйе
18 кран комплектілі.
Әйелдер залы:
Колонка - 2 дана;
Люстра - 4 дана.
3 адамдық сан.жүйе комплектілі:
Қолжуғыш - 2 дана комплектілі.
Мәжіліс залы:
Колонка - 1 дана;
Люстра - 6 дана комплектілі.
2 адамға арналған сан.жүйе комплектілі.
Қолжуғыш - 2 дана;
Унитаз - 1 дана комплектілі;
Қолжуғыш - 1 дана комплектілі.
Подвал:
Құрал-жабдықтар (жарық, жылу, желдеткіш) комплектілі;
4. Жылу, суды есептегіш құрал - 1 дана.
5. Сорғыш (насос)
Ауаның қысымын реттейтін құрал.
Шырақтар саны сыртта - 61.
Айналаны, ғимараттың ішін жарық қылар прожекторлар комплектісі.
Ғимаратпен, территорияда өртке байланысты белгі берер комплектісі.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.