Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне
өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күші жойылды
деп тану туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбір актiлерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мәселелерi" туралы 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3012 өкiмiне:
2-тармақ алынып тасталсын;
аталған өкiмге қосымшадағы "Есеп комитетiнiң хатшылығы" деген жолда "хатшылығы" деген сөз "аппараты" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана қаласында қалалық және аудандық соттар құру, Ақмола қалалық сотын тарату және Қазақстан Республикасы судьяларының санын ұлғайту туралы" 1998 жылғы 11 шiлдедегi N 4010 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 23, 196-құжат):
4-тармақ алынып тасталсын;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат):
аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының аппараты" деген жолдағы "292" деген сан "357" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi 325" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi 331
оның iшiнде:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнайы
өкiлiнiң аппараты 6";
"Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппараты" деген жолдағы "14" деген сан "31" деген санмен ауыстырылсын;
аталған Жарлыққа 3-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымы, штат саны және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн органдар мен лауазымды адамдардың тiзбесi туралы" 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына:
1-тармақ алынып тасталсын;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымы, штат саны және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн органдар мен лауазымды адамдардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 12 мамырдағы N 391 Жарлығына:
1-тармақ алынып тасталсын;
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының аудандық (қалалық), облыстық және оларға теңестiрiлген соттарындағы судьялардың жалпы саны туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2002 жылғы "___"_____N___
Жарлығына
қосымша
"Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1999 жылғы 22 қаңтардағы
N 29 Жарлығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшілігі жөнiндегi комитетi штат санының лимитi
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитетi 64
Облыстардағы, Астана қаласындағы, Алматы қаласындағы
әкiмшiлер 1745
Қазақстан Республикасы соттарының штат санының лимитi
Соттардың атауы Жалпы штат Оның iшiнде
саны судьялар
Облыстық және оларға теңестiрiлген
соттар 1467 531
Аудандық және оларға теңестiрiлген
соттар 6100 1592".