Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 237 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 860 қаулысымен.

      "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі бекітілсін.
      2. Құпия.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2002 жылғы 21 ақпандағы
N 237 қаулысымен   
бекітілген      

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
құндылықтарымен операция жасау ережесі

Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық меншік болып табылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізудің, сақтаудың және шығарудың тәртібін белгілейді. Ереже "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік материалдық резерв - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауға, ізгілік көмек көрсетуге және нарыққа реттеушілік ықпал етуге арналған материалдық құндылықтар қоры;
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      3) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, қарызға беру және броньнан шығару мерзімін көрсете отырып, оларды жеткізуді, сақтауды және шығаруды регламенттейтін құжат (бұдан әрі - операция жасау жоспары).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59, 2010.10.11 N 1050 Қаулыларымен.

Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды
жеткізу

      3. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке жеткізіп беруге тапсырыстар оларды жеткізіп берушілер арасында:
      республикалық бюджет қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.
      Бюджет қаражаттары есебінен мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізіп беруге уәкілетті орган тапсырыс беруші болады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      4. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізу номенклатураға қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      6. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен тиеп жіберу және оған жеткізіп берудің қағидалары ИНКОТЕРМС талаптарын есепке ала отырып, шарттарда қамтылады.
      7. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын әрбір жеткізіп беру (тиеп жіберу) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың немесе мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктінің басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты тұлғасы қол қойған және мөрі басылған шартпен және қабылдау актісімен расталады. V095976
      8. Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін материалдық құндылықтары техникалық регламенттер сәйкес болуы, ұзақ уақыт сақтауға дайын болуы, ал олардың сапалық жағдайы өнімнің сертификаттарымен, паспорттарымен, сынақ хаттамасымен немесе басқа да тиісті құжаттармен расталуы тиіс.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      9. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуге тапсырыстарды орналастыруда отандық өндірушілер басымдыққа ие.

Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды
шығару

      10. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару:
      1) броньнан шығару тәртібімен;
      2) қарызға беру тәртібімен;
      3) жаңалауға байланысты;
      4) - 6) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      11. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару тәртібімен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.
      Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңалау тәртібімен шығару туралы шешімді уәкілетті орган Операция жасау жоспарына сәйкес қабылдайды.
      Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңалау тәртібімен шығару материалдық құндылықтардың сақтау мерзімдері өтіп кетуін болдырмау мақсатында сол тақылеттес материалдық құндылықтардың сондай мөлшерін және сондай сапасын сонымен бір мезгілде немесе уақыт алшақтығымен жеткізіп және сала отырып, жүргізіледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      12. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару нарық бағалары бойынша жүргізіледі.
      13. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту не броньнан шығару тәртібімен шығару, ізгілік көмек көрсету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, жаңарту тәртібімен басқа мемлекеттік органдардың балансына беру жағдайларын қоспағанда, тендер нысанында, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59, 2010.04.29 № 368, 2010.10.11 N 1050 Қаулыларымен.
      14. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарудың міндетті шарты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің кепілдік беруі болып табылады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      14-1. Материалдық құндылықтарды шығару броннан алу тәртібімен жүзеге асырылады: жұмылдыру мұқтаждары үшін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау кезінде; ізгілік көмек көрсету кезінде; нарыққа реттеушілік ықпал етуді қолданған кезде; мемлекеттік резерв номенклатурасынан алып тасталған, сондай-ақ тұтынуға (қолдануға) жарамсыз материалдық құндылықтарды жою кезінде.
      Адамдардың денсаулығына, өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, тұтынуға (қолдануға) жарамсыз материалдық құндылықтарды жою Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. P080140
      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      15-1. Мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Операция жасау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік материалдық резервтің басқа мемлекеттік органдардың балансына берілген материалдық құндылықтарының құнын өтеу тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік органдар олардың балансына мемлекеттік материалдық резервтен жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарды берген сәттен бастап он күн мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне берілген материалдық құндылықтардың құнын салу бағасынан төмен емес баға бойынша өтеуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.
      16. Мемлекеттік резервтегі материалдық құндылықтарды иеліктен алу олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің кепілдігі берілген жағдайда жүргізіледі.
      Мемлекеттік резервтен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін есеп айырысу ақшалай немесе айырбасқа тауарлар жеткізіп беру арқылы жүргізілуі мүмкін.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      16-1. Материалдық құндылықтарды сақтау пунктінен немесе уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымының филиалынан шығару кезінде беру наряд негізінде жүзеге асырылады.
      Нарядтың нысаны мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      17. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға шарт (келісім-шарт) тендерлік комиссияның шешімі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті орган не уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын алушылар арасында жасалады.
      18. Материалдық құндылықтардың техникалық регламенттер талаптарына, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігін растау мақсатында мүдделі тұлғаларға уәкілетті органның шешімі бойынша жаңарту және броннан шығару тәртібімен шығаруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының үлгілері ақылы негізде берілуі мүмкін.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      19. Мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін ақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу ретінде алынған ақшалай және басқа да қаражат бюджетте есептелуге жатады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.01.23 N 59 Қаулысымен.
      Ескерту. 19-1 (құпия), 19-1 (құпия)-тармақтарға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.15 N 17 Қаулысымен.

Материалдық құндылықтармен операциялар жасау бойынша
жауапкершілік

      20. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерв туралы нормативтік құқықтық кесімдерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауапты болады.

Об утверждении Правил оперирования материальными ценностями государственного материального резерва

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 2002 года N 237. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 860

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.07.2014 № 860.

      Во исполнение Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "О государственном материальном резерве" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оперирования материальными ценностями государственного материального резерва.
      2. Секретно.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                                 Утверждены
                                        постановлением Правительства
                                             Республики Казахстан
                                          21 февраля 2002 года N 237

Правила
оперирования материальными ценностями
государственного материального резерва

 Общие положения

      1. Настоящие Правила оперирования материальными ценностями государственного материального резерва (далее - Правила) регулируют порядок поставки, хранения и выпуска материальных ценностей государственного материального резерва, являющихся республиканской собственностью. Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном материальном резерве".
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) государственный материальный резерв - запас материальных ценностей, предназначенный для мобилизационных нужд, принятия первоочередных мер по предупреждению и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, оказания гуманитарной помощи и регулирующего воздействия на рынок;
      2) исключен - от 23 января 2008 года N 59;
      3) план оперирования материальных ценностей государственного резерва - документ, регламентирующий поставку, хранение и выпуск материальных ценностей государственного резерва с указанием сроков их освежения, заимствования и разбронирования (далее - план оперирования).
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 23.01.2008 N 59; от 11.10.2010 № 1050.

 Поставка материальных ценностей в
государственный материальный резерв

      3. Заказы на поставку материальных ценностей в государственный материальный резерв размещаются среди поставщиков:
      за счет средств республиканского бюджета в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.
      Заказчиком на поставку материальных ценностей в государственный материальный резерв за счет бюджетных средств выступает уполномоченный орган.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      4. Поставка материальных ценностей в государственный резерв производится в строгом соответствии с номенклатурой материальных ценностей государственного резерва.
      5. Исключен - от 23 января 2008 года N 59.
      6. Условия отгрузки и доставки материальных ценностей государственного материального резерва оговариваются в договорах с учетом требований ИНКОТЕРМС.
      7. Каждая поставка (отгрузка) материальных ценностей в (из) государственный(ого) материальный(ого) резерв(а) подтверждается договором и приемным актом, подписанными руководителем, главным бухгалтером, материально-ответственными лицами и скрепленными печатью подведомственной организации или пункта хранения материальных ценностей государственного резерва. V095976
      8. Материальные ценности, поставляемые в государственный материальный резерв, должны соответствовать техническим регламентам, быть подготовлены к длительному хранению, а их качественное состояние подтверждено сертификатами, паспортами на продукцию, протоколами испытаний или другими соответствующими документами.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      9. Отечественные производители имеют приоритет при размещении заказов на поставку материальных ценностей в государственный материальный резерв.

             Выпуск материальных ценностей из
          государственного материального резерва

      10. Выпуск материальных ценностей государственного материального резерва осуществляется:
      1) в порядке разбронирования;
      2) в порядке заимствования;
      3) в связи с освежением;
      4) - 6) исключены - от 23.01.2008 N 59.
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      11. Выпуск материальных ценностей государственного материального резерва в порядке заимствования и разбронирования производится по решению Правительства Республики Казахстан.
      Уполномоченный орган в соответствии с Планом оперирования принимает решение о выпуске материальных ценностей из государственного материального резерва в порядке освежения.
      Выпуск материальных ценностей из государственного материального резерва в порядке освежения производится в целях недопущения истечения сроков хранения материальных ценностей при одновременной или с разрывом во времени закладке ценностей в государственный резерв равного количества и аналогичного качества материальных ценностей.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      12. Выпуск материальных ценностей из государственного резерва производится по рыночным ценам.
      13. Выпуск материальных ценностей в порядке освежения и разбронирования из государственного материального резерва осуществляется в форме тендера в порядке, определенном уполномоченным органом, за исключением случаев оказания гуманитарной помощи, ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, передачи на баланс другим государственным органам в порядке освежения.
      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 23.01.2008 N 59; от 29.04.2010 № 368; от 11.10.2010 № 1050.
      14. Обязательным условием выпуска материальных ценностей в порядке заимствования является предоставление гарантий банков второго уровня в порядке, определяемом уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций.
      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      14-1. Выпуск материальных ценностей в порядке разбронирования осуществляется: для мобилизационных нужд; при принятии первоочередных мер по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера; при оказании гуманитарной помощи; при оказании регулирующего воздействия на рынок; при исключении из номенклатуры государственного резерва, а также уничтожении непригодных к употреблению (применению) материальных ценностей.
      Уничтожение материальных ценностей непригодных к употреблению (применению), представляющих опасность для здоровья, жизни людей и окружающей среды осуществляется в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан. P080140
      Сноска. Пункт 14-1 дополнен постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      15. Исключен - от 23.01.2008 N 59.
      15-1. Передача на баланс другим государственным органам материальных ценностей государственного материального резерва, подлежащих освежению, осуществляется в соответствии с Планом оперирования по решению Правительства Республики Казахстан.
      Возмещение стоимости переданных на баланс другим государственным органам материальных ценностей государственного материального резерва осуществляется за счет бюджетных средств при формировании республиканского бюджета на соответствующий год.
      Государственные органы в десятидневный срок с момента передачи им на баланс из государственного материального резерва материальных ценностей, подлежащих освежению, обеспечивают возмещение стоимости переданных материальных ценностей по цене не ниже цены закладки в доход республиканского бюджета.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 15-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.
      16. Отчуждение материальных ценностей из государственного резерва производится при условии полной оплаты их стоимости или открытия аккредитива либо предоставления гарантий банков второго уровня в порядке, определяемом уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций.
      Расчеты за материальные ценности государственного материального резерва, выпускаемые из государственного резерва, могут производиться деньгами или посредством товарообменной поставки.
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      16-1. Выдача материальных ценностей при выпуске из пункта хранения или филиала подведомственной организации уполномоченного органа осуществляется на основании наряда.
      Форма и порядок выдачи наряда утверждаются уполномоченным органом.
      Сноска. Пункт 16-1 дополнен постановлением Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      17. Договор (контракт) на выпуск материальных ценностей государственного материального резерва заключается на основании решения тендерной комиссии или решения Правительства Республики Казахстан между уполномоченным органом либо подведомственной организацией уполномоченного органа и хозяйствующими субъектами - получателями материальных ценностей государственного резерва.
      18. В целях подтверждения соответствия материальных ценностей требованиям технических регламентов, нормативным документам по стандартизации заинтересованным лицам по решению уполномоченного органа могут быть выданы на платной основе образцы материальных ценностей государственного резерва, подлежащих выпуску в порядке освежения и разбронирования.
      Сноска. Пункт 18 в редакции постановления Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      19. Денежные и другие средства, полученные в качестве погашения задолженности по оплате за выпущенные материальные ценности из государственного резерва, подлежат зачислению в бюджет.
      Сноска. Пункт 19 в редакции постановления Правительства РК от 23.01.2008 N 59.
      19-1. секретно.
      19-2. секретно.
      Сноска. В пункты 19-1, 19-2 внесены изменения постановлением Правительства РК от 15.01.2008 N 17.

 Ответственность по операциям с материальными ценностями

      20. Физические и юридические лица, в случае нарушения ими нормативных правовых актов Республики Казахстан о государственном материальном резерве, несут ответственность в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.