Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысы.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2014 жылғы 31 шілдедегі
  № 860 қаулысымен
  бекітілген

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 935 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы", "Азаматтық қорғау туралы" (бұдан әрі – "Азаматтық қорғау туралы" Заң) және "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) броньнан шығару – номенклатура өзгерген кезде, сондай-ақ кәдеге жарату немесе жою, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;

      6) жұмылдыру резервінің операция жүргізу жоспары – жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын, жеткізуді, сақтауды және шығаруды, сондай-ақ кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді регламенттейтін құжат;

      7) жұмылдыру тапсырмасын орындаушы мемлекеттік орган – жұмылдыру тапсырмасын орындаушы немесе жұмылдыру тапсырмасы алынған орталық атқарушы орган;

      8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс – қорғаныс мұқтаждары, мемлекеттегі қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін, мемлекеттік материалдық резервті, жұмылдыруды, ғарыш қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;

      9) мемлекеттiк материалдық резерв – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушiлік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;

      10) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      12) мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру – номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес мемлекеттік материалдық резервке кейіннен қайтара отырып, белгілі бір шарттармен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      13) мемлекеттiк материалдық резервтi жаңарту – номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт үзілісімен салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi өткенге дейiн мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      14) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi (бұдан әрі – сақтау пункттері) – мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      15) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері (бұдан әрі – номенклатура) – уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері;

      16) мемлекеттік резервтің операция жүргізу жоспары – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды, жеткізуді, сақтауды сондай-ақ кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді регламенттейтін құжат;

      17) операция жүргізу – мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын қою, сақтау және шығару;

      18) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия – азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің республикалық және аумақтық деңгейлерінде құрылған консультациялық-кеңесші орган;

      19) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – өз құзыреті шегінде, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.

      3. Жұмылдыру резервін сақтауды жүзеге асыратын сақтау пункттері мен ұйымдар жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3 (үш) данада жұмылдыру резервінің жинақталатын және жаңартылатын материалдық құндылықтары жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) жасайды, олардың бір данасы сақтау пунктінде қалады, екінші данасы жұмылдыру тапсырмасын орындаушы мемлекеттік органға, үшінші данасы 10 қаңтардан кешіктірмей ведомствоға ұсынылады.

      Ұсынылған мәліметтер негізінде ведомство жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспарын бекітеді.

      Ведомстволық бағынысты ұйым мен сақтау пункттері ай сайын уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібіне сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есеп беріп тұрады.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы ұсынылған есептер негізінде ведомство жыл сайын 30 қаңтардан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспарын бекітеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару жағдайларында осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген операция жоспарларына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу

1-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу

      5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кірмеген мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражатының есебінен өнім берушілер арасында орналастырылады.

      6. Уәкілетті орган мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді.

      7. Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Жұмылдыру тапсырыстары бар сақтау пункттері жыл сайын 10 қаңтарға дейінгі мерзімде ведомствоға:

      1) тауарлар жеткізілетін жер туралы мәліметтерді (қажет болса, байланыстыратын станцияны);

      2) сатып алынатын тауарларға Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ол болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, техникалық ерекшелікті келісуге жолдайды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаса, қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіліп, сатып алынатын тауардың, сондай-ақ тауарларды жеткізу кезінде қажетті ілеспе қызметтердің (монтаж, жапсыру, оқыту, олар өткізілетін жерді тексеру және тауарларды сынақтан өткізу) функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы, тауардың шығарылған жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тиеп-жөнелту және жеткізу шарттары ИНКОТЕРМС талаптары ескеріле отырып, жеткізу шарттарында айтылады.

      10. Мемлекеттік материалдық резервке (резервтен) материалдық құндылықтарды әрбір жеткізу (тиеп-жөнелту) уәкілетті тұлғалар қол қойған және ведомстволық бағынысты ұйымның немесе сақтау пунктінің мөрі басылған (бар болса) шартпен және қабылдау актісімен расталады.

      11. Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін материалдық құндылықтар тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарында тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттармен қоса беріліп, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға, сондай-ақ ұзақ сақтауға дайын болуға тиіс.

      12. Уәкілетті орган мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін және сақтаудағы материалдық құндылықтарға зерттеу (сынау) жүргізуді ұйымдастырады.

      13. Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін немесе сақтаудағы тамақ өнімдерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеуді (сынауды) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.

      Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін немесе сақтаудағы мемлекеттік материалдық резерв номенклатурасында көзделген өзге тауарларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеуді (сынауды) аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.

      14. Мемлекеттік материалдық резервке тамақ өнімдері жеткізілген кезде қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеу (сынау) жүргізіледі.

      Мемлекеттік материалдық резервке өзге тауарлар жеткізілген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеу (сынау) қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылғанға дейін көзбен шолып қарау кезінде ақаулар анықталған жағдайда жүргізіледі.

      15. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау процесінде зерттеу (сынау) мынадай:

      1) ведомство сақтау және/немесе түгендеу жүргізу кезеңінде материалдық құндылықтарды сақтау шарттарының бұзылуын анықтаған кезде;

      2) ыдысы, орамы бүлінген немесе сақталатын материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін өзге де жағдайлар кезінде;

      3) материалдық құндылықтардың жарамдылық мерзімі немесе сақтау мерзімі өткен жағдайларда жүргізіледі.

      16. Тауарларды/материалдық құндылықтарды зерттеу (сынау) рәсімдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізу

      17. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      18. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізу жөніндегі қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші болады.

      19. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізуді бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      20. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын бірыңғай дистрибьюторға әрбір жеткізу уәкілетті адамдар қол қойған және мөр (бар болса) басылған шартпен және қабылдау актісімен расталады.

      22. Жұмылдыру резервінің жеткізілетін дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге, ұзақ сақтауға дайындалуға, ал олардың сапалық жай-күйі өнімге арналған сертификаттармен немесе тауардың сапасын растайтын басқа да тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

3-тарау. Мемлекеттің материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау

1-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау

      23. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары ведомстволық бағынысты ұйымдарда, сақтау пункттерінде және шарттық негізде жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталады.

      24. Ведомстволық бағынысты ұйымдар, сақтау пункттерi және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттiк материалдық резервтiң сақтауға берiлген материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.

      Белгіленген жұмылдыру тапсырысы алынған ұйым сақтауға берілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары толық шығарылғанға дейін олардың сапалық және сандық сақталуы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

      25. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын күтіп ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар уәкілетті орган бекітетін жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде айқындалады.

      26. Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғалар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрмауға;

      2) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмауға;

      3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға;

      4) салық берешегінің болмауы;

      5) әділет органдарында немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуде болуға;

      6) жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтары болмауы;

      7) заңды тұлғаның қызметіне тікелей және жанама шетелдік қатысудың болмауы;

      8) айналымда Номенклатурада көзделген тауар түрінің біреуінің болуы;

      9) сақтау үшін қажетті көлемде материалдық құндылықтарды орналастыру үшін қажетті объектілердің (қоймалар, резервуарлар, ангарлар, қалқалар) болуы;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес материалдық құндылықтарды сақтауға арналған объектілердің өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ санитариялық-техникалық шарттарға (желдету жүйесі, температура мен ылғалдылық датчиктері) сәйкес болуы;

      11) жұмыс істеп тұрған қауіпсіздік жүйелерінің (күзет, бақылау-өткізу пункті, дабыл сигнализациясы, бейнебақылау) және кірме көлік жолдарының (автомобиль, теміржол) болуы;

      12) жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған объектілерде пайдалануға дайын ілеспе техникалық жабдықтың (төгу-құю эстакадалары, қажетті өнімділігі бар сорғы станциясы, шала және мұқият тазалау сүзгісі) болуы тиіс.

      27. Ведомство өзінің интернет-ресурсында сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы ақпаратты орналастырады.

      Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы ақпарат интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін заңды тұлғалар күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде заңды тұлғаның осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін растайтын мәліметтерді ұсынады.

      Осы тармақта көзделген құжаттар ведомствоға қағаз түрінде немесе ведомствоның сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайына жолданады.

      28. Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу мақсатында ведомство басшысының бұйрығымен комиссия құрылады.

      Комиссия құрамына:

      1) ведомство басшысы немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);

      2) ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға;

      3) ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы немесе оның орынбасары;

      4) ведомствоның және ведомстволық ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшылары немесе қызметкерлері кіреді.

      29. Комиссия заңды тұлғалардың қойма үй-жайларын немесе резервуарларын осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін фототіркеуді қолдана отырып қарауды жүзеге асырады және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген құжаттарды қарайды.

      Тексеріп қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес хаттама жасалады.

      Ведомствоның хаттамасы негізінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекітеді.

      30. Заңды тұлғалар сақтау пункттерінің тізбесіне енгізілгеннен кейін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға және жаңартуға байланысты қызметтер көрсету жөнінде шарт (бұдан әрі – сақтау және жаңарту шарты) жасасу кезінде сақтау пункті банк кепілдігін немесе сақтандыру полисін ұсынады.

      31. Заңды тұлға:

      1) осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеген;

      2) осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес банк кепілдігі немесе сақтандыру полисі ұсынылмаған;

      3) заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылданған;

      4) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі өзгерген;

      5) қабылданған міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда сақтау пункттерінің тізбесінен алып тастауға жатады.

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді.

      32. Материалдық құндылықтарды сақтау шығыстарының сомасы сақтау пункттері сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының нақты көлемін ескеріп және шығындарды растайтын құжаттармен қоса осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жыл сайын ұсынатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисаптары негізінде есептеледі.

      Шығындардың есеп-қисабы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібіне сәйкес жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде есеппен бірге ұсынылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

2-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын сақтау

      34. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган болады.

      35. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында сақталады.

      36. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау тәртібіне сәйкес олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады.

      37. Сақтау кезінде жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жыл сайын сапасы, саны, белгіленген сақтау көлеміне сәйкестігі, сақтау және есепке алу қағидаларының сақталуы, уақтылы жаңартылуы, есептіліктің сақталуының, дұрыстығының қамтамасыз етілуі тұрғысынан тексеріледі.

      Жұмылдыру резервін тексеруді құрамы мен жұмыс тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады.

      Тексеру нәтижелері жылына бір реттен сиретпей жинақталады және бірыңғай дистрибьюторға ұсынылады.

4-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару

      38. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару:

      1) оларды жаңартуға байланысты;

      2) қарызға беру тәртібімен;

      3) броннан шығару тәртібімен жүзеге асырылады.

      39. Ведомстволық бағынысты ұйымнан немесе сақтау пунктінен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары шығарылған кезде материалдық құндылықтарды беру наряд негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд беру нысаны мен тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

1-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту тәртібімен шығару

      40. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту тәртібімен шығару номенклатура мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтардың сақтау мерзiмдерi өткенге дейiн материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салу арқылы жүргізіледі.

      41. Материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібіне сәйкес:

      1) негізгі сақтау мерзімі 12 (он екі) айға дейін болған кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай;

      2) негізгі сақтау мерзімі 12 (он екі) айдан 18 (он сегіз) айға дейін болған кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 8 (сегіз) ай;

      3) негізгі сақтау мерзімі 18 (он сегіз) айдан 2 (екі) жылға дейін болған кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 12 (он екі) ай;

      4) негізгі сақтау мерзімі 2 (екі) жылдан 3 (үш) жылға дейін болған кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 18 (он сегіз) ай;

      5) негізгі сақтау мерзімі 3 (үш) жылдан асқан кезде – сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 24 (жиырма төрт) ай мерзімде өткізу үшін аукционға қойылады.

      42. Уәкілетті орган Операция жүргізу жоспарына сәйкес мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын жаңарту тәртібімен шығару туралы шешім қабылдайды.

      43. Сақтау пункттері мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жаңартуды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес кейіннен материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке сала отырып, шарт негізінде жүзеге асырады.

      Жаңарту графигі сақтау және жаңарту шартымен айқындалады.

      44. Сақтау пункті жаңарту мақсатында шығаратын материалдық құндылықтардың жалпы көлемі сақтауға берілген материалдық құндылықтардың нақты қолда барының елу пайызынан аспауға тиіс.

      Жаңарту шеңберінде жеткізілетін материалдық құндылықтар сақтау және жаңарту шартының талаптарына және осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

      Бұл ретте жеткізілетін материалдық құндылықтарға, оның ішінде жаңарту кезінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеулер (сынаулар) жүргізіледі.

      45. Сақтау пункті жаңартқан кезде материалдық құндылықтар бұрын шығарылған материалдық құндылықтардың көлеміне сәйкес салынады.

      46. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар болып табылатын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жаңарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдаланады.

      Бұл ретте мемлекеттік материалдық резервтің пайдаланылған материалдық құндылықтарының жалпы көлемі сақтауға берілген материалдық құндылықтардың нақты қолда бар көлемінің отыз пайызынан аспауға тиіс.

      Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды кейіннен салуды сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін материалдық құндылықтар осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес пайдаланылған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес жүзеге асырады.

      47. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау мақсатында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану үшін сақтау пункті немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйым ведомствоға шығару ұсынылған материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, сомасы және болжамды кейіннен салу мерзімі туралы мәліметтер қамтылған өтінімді ұсынады.

      Өтінімге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың көшірмесі қоса беріледі.

      48. Ведомство өтінім түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Келісуден бас тартылған жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға жол берілмейді.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығарудан:

      1) осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың көшірмелері толық көлемде ұсынылмаған;

      2) өтінім осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) өшіріп тазартылған не қосып жазылған, сызылған сөздер және оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      4) "Азаматтық қорғау туралы" Заңға сәйкес материалдық құндылықтарды пайдалану қажет болған жағдайларда бас тартылады.

      Өтінім келісілген жағдайда ведомство мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды сақтау пунктімен немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйыммен шарт жасасу жолымен жүзеге асырады.

2-параграф. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жаңарту тәртібімен шығару

      49. Жаңарту тәртібімен шығару номенклатура мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын сақтау мерзімдері өткенге дейін жүргізіледі және оны бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      50. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жаңарту тәртібімен шығару оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде пайдалану мүмкіндігі ескеріле отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімдерінің аяқталуына қарай жүргізіледі, бұл ретте жұмылдыру резервінен алу және тұтынуға беру кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдық жарамдылық мерзімі мынадай болуы керек:

      1) негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған кезде – кемінде 15 %;

      2) негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болған кезде – жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай.

      51. Жаңарту кезінде негізгі жарамдылық мерзімінің қоры үлкен ұқсас дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды салмай бір мезгілде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қорлары алынбайды.

3-параграф. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару

      52. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртібімен шығару уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар қарызға беру тәртiбiмен шығарылған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi міндетті шарт болып табылады.

      54. Егер материалдық құндылықтарды алушының:

      1) мемлекеттік бюджет алдында берешегі болған;

      2) өзі бұрын алған мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын қайтармаған;

      3) банкроттық сатысында тұрған жағдайларда, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртiбiмен шығаруға болмайды.

      55. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар қарызға беру тәртiбiмен шығарылған кезде ведомство алушымен тиiстi шарт (келiсiмшарт) жасасады.

      56. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар қарызға беру тәртібімен шығарылған кезде алушы қарызға беру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салу бағасының жалпы сомасының 3 (үш) пайызын төлейді.

      Қарызға беру шартын орындауды қамтамасыз ету алушыға қарызға беру шарты толық және тиісінше орындалғаннан кейін қайтарылады.

      57. Қарызға берілген материалдық құндылықтарды кейіннен мемлекеттік материалдық резервке қайтару шарттары номенклатура және сақтау көлемдеріне сәйкес қарызға беру шартында айқындалады.

4-параграф. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды броннан шығару тәртібімен шығару

      58. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша броньнан шығару тәртібімен шығару:

      1) гуманитарлық көмек көрсету;

      2) босқындарға көмек көрсету;

      3) нарыққа реттеушілік ықпал ету кезінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2023 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      58-1. Материалдық құндылықтар броньнан шығару тәртібімен шығарылғаннан кейін олардың сақтауда қалған көлемі номенклатурада көзделген деңгейдің кемінде елу пайызын құрайды.

      Осы тармақтың ережелері төтенше жағдайлардың мен алдын алуға және олардың салдарын жоюға, нарыққа реттеушiлiк ықпал етуге арналған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлеміне қолданылмайды.

      Ескерту. 4-тарау 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Гуманитарлық көмек көрсету мақсатында тиiстi орталық мемлекеттік орган Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.

      60. Босқындарға көмек көрсету қажет болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының босқындар мәселелері жөніндегі қатынастар саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды босқындарға көмек көрсету үшін шығару туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын енгізеді.

      61. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүргізіледі.

      62. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жүргізеді.

      Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган азық-түлік тауарларының, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді.

      Нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын баға деңгейіне қол жеткізілген жағдайда көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушы – сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін шығару қажеттігі туралы ұсыныс енгізеді.

      63. Осы Қағидалардың 62-тармағында көзделген сауда қызметінің субъектілерін іріктеу "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 96-бабының 2-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      64. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады.

      Мемлекеттiк материалдық резервтен нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығарылған материалдық құндылықтарды сатуды сауда қызметiнiң субъектiлерi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.

      65. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату және жою Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      66. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резерв номенклатурасы өзгерген кезде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды броньнан шығару тәртібімен шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің материалдық құндылықтарды броньнан шығару туралы шешімдерінің негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Жұмылдыру резервінің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      67. Номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару, кәдеге жарату және (немесе) жою тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін шығарылатын материалдық құндылықтар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес құпиясыздандырылуға жатады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68. Броньнан шығару тәртібімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау кезінде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.

      69. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажет болған кезде материалдық құндылықтардың атауын, санын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссия айқындайды.

      70. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссияның шешімі негізінде жергілікті атқарушы орган күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы өтінішхат жолдайды.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатта:

      1) төтенше жағдайдың ықтимал аймағы туралы мәліметтер;

      2) төтенше жағдайдың ықтимал аймағындағы адамдардың саны;

      3) зақымдануы/қирауы мүмкін тұрғын үйлердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, көлік инфрақұрылымының болжамды саны;

      4) мемлекеттік материалдық резервтен шығарылуы тиіс материалдық құндылықтардың атауы мен саны көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатта:

      1) төтенше жағдай аймағы туралы мәліметтер;

      2) қаза болған және зардап шеккен адамдардың саны;

      3) зақымданған/қираған тұрғын үйлердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, көлік инфрақұрылымының саны;

      4) мемлекеттік материалдық резервтен шығарылуы тиіс материалдық құндылықтардың атауы мен саны көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссиялар шешімдерінің тиісті көшірмелері қоса беріледі.

      71. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатты түскен күнінен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      72. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа теріс қорытынды болған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүгінген жергілікті атқарушы органға тиісті хат жолдайды.

      73. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа оң қорытынды болған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімді бекітеді және заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару үшін ведомствоға жолдайды.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімде шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы тиісті шешімнің көшірмесі қоса беріледі.

      74. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі және уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардан материалдық құндылықтарға қажеттілік, олардың атауы және саны келіп түскен кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажет болған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай құқықтық режимін енгізу туралы шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, шешімнің жобасын келісуге жолдайды.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім жобасында шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2022 № 288 қаулысымен.

      75. Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жұмылдыру мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының тиісті жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жоспарлары негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      76. Материалдық құндылықтарды броньнан шығару тәртібімен шығару номенклатура өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған жағдайларда кейіннен салмай, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін – кейіннен сала отырып жүзеге асырылады.

5-параграф. Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз беру

      77. Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша алушы мемлекеттік органдармен және уәкілетті органмен келісу бойынша өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      78. Уәкілетті орган басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру үшін жаңартылуға жататын материалдық құндылықтардың және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      79. Мемлекеттік органдар тізбе орналыстырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны қарайды және уәкілетті органға атауы, саны, өлшем бірлігі, болжамды қабылдау күні туралы мәліметтерді қамтитын жаңартуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды қабылдау туралы өтінімдерді ұсынады.

      80. Уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органдардың өтінімдерін қарайды және келіседі не себептерін көрсете отырып, оларды келісуден бас тартады.

      Уәкілетті орган мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды алушы – мемлекеттік органның өтінімін оның теңгеріміне беруге келіскен жағдайда өтінімді тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Көлік шығыстары, оның ішінде материалдық құндылықтарды тиеу-түсіруге байланысты шығыстар алушы мемлекеттік органның есебінен жүзеге асырылады.

      81. Мемлекеттік мүлік саласындағы уәкілетті орган жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды беру туралы шешім қабылдағаннан кейін ведомство уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру тәртібіне және нысанына сәйкес материалдық құндылықтарды шығару туралы наряд береді.

      82. Басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне берілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының құнын өтеу республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      83. Мемлекеттік материалдық резервтен өтеусіз алынған тауарларды сатып алу үшін бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, мемлекеттік органдар оларға материалдық құндылықтар теңгеріміне берілген кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде берілген материалдық құндылықтардың құнын республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  __________________
(құпиялық белгісі)
№___ дана
М.О. (бар болса)
  Бекітемін
Сақтау пунктінің басшысы
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), қолы)
20__ жылғы "___" ________

_____ жылдарға арналған жинақтауға және жаңартуға жататын материалдық құндылықтар бойынша мәліметтер

Р/с № Материалдық құндылықтардың атауы Өлшем бірлігі Жинақталу көлемі Салынған жылы Жинақталды Жаңартуға жатады Сақтау мерзімінің өту күні Қажетті жеткізу көлемі номенклатураға сәйкес 100 % Салуға жатады Ескертпе
саны сомасы
саны сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13













      Бас бухгалтер __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Арнайы бөлім бастығы немесе жұмылдыру жұмыскері/материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлға _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
__________________
(құпиялық белгісі)
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Мемлекеттік материалдық
резервтер комитеті төрағасының
20___ жылғы "___" ____
№__бұйрығымен бекітілген
  Нысан

20 ___ жылға арналған жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспары

Р/с № Материалдық құндылықтардың атауы Номенклатураға сәйкес материалдық құндылықтардың көлемі Материалдық құндылықтардың жылдың басына нақты болуы Салынған жылы Сақтау мерзімінің өту күні Жаңарту тәртібімен шығару Уақыт үзілісі Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жеткізу
саны өлшем бірлігі саны өлшем бірлігі саны мен өлшем бірлігі сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Жұмылдыру тапсырысын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырысы алып тасталған мемлекеттік органның атауы

Жұмылдыру тапсырысы бар сақтау пункттерінің және жұмылдыру тапсырысы алып тасталған ұйымдардың атауы

1












      Кестенің жалғасы

Жыл соңында материалдық құндылықтардың күтілетін болуы

Номенклатураға сәйкес жинақтау көлемінің 100 %-ға дейін жетіспеуі

Номенклатура өзгерген жағдайда броннан шығару тәртібімен шығару

Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу

саны

өлшем бірлігі

саны мен өлшем бірлігі

%

саны

өлшем бірлігі

кәдеге жаратылған тауарлардың атауы

саны мен өлшем бірлігі

13

14

15

16

17

18

19

20

Жұмылдыру тапсырысын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырысы алып тасталған мемлекеттік органның атауы

Жұмылдыру тапсырысы бар сақтау пункттерінің және жұмылдыру тапсырысы алып тасталған ұйымдардың атауы









  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  __________________
(құпиялық белгісі)
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Мемлекеттік материалдық
резервтер комитеті төрағасының
20___ жылғы "___" ___
№__бұйрығымен бекітілген
  Нысан

20 ___ жылға арналған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспары

Р/с № Материалдық құндылықтардың атауы Сақтау филиалдары немесе сақтау пункттері Өлшем бірлігі Жыл басындағы материалдық құндылықтардың болуы Жылына ______ операция Жыл соңында материалдық құндылықтардың күтілетін болуы Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу
Жаңарту тәртібімен шығару Броньнан шығару тәртібімен шығару Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жеткізу Кәдеге жаратылған тауарлардың атауы Саны мен өлшем бірлігі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11











  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды қарау хаттамасы № _____ 20__ жылғы "__" _______

      Мынадай ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      құрамда 20__ жылғы "__" _______ № бұйрықпен құрылған комиссия:

      заңды тұлғалардың қойма үй-жайларының Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу қағидаларының 26-тармағында анықталған өлшемдерге сәйкестігін қарауды және 27-тармағында көзделген құжаттарды қарауды жүзеге асырды.

      Заңды тұлғалардың қойма үй-жайларын қарау және құжаттарды қарау кезінде мыналар белгіленді:

Р/с № Заңды тұлғалардың атауы және БСН Заңды мекенжайы Заңды тұлғаның орналасқан жері Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болу мәртебесі Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу мәртебесі Заңды тұлғаның банкроттық не тарату сатысында болу мәртебесі Әділет органдарында және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеу Заңды тұлғаның қызметіне шетелдік қатысу
1 2 3 4 5 6 7 8 9

      кестенің жалғасы:

Материалдық құндылықтарды сақтау номенклатурасы мен көлемі бойынша қандай тауарлар айналымда болады Сақтау үшін қажетті көлемде материалдық құндылықтарды орналастыруға арналған объектілердің (қоймалар, резервуарлар, ангарлар, қалқалар) болуы Материалдық құндылықтарды сақтауға арналған объектілердің өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ санитариялық-техникалық шарттарға сәйкестігі Қауіпсіздік жүйелерінің (күзет, бақылау-өткізу пункті, дабыл сигнализациясы, бейнебақылау) және кірме көлік жолдарының (автомобиль, темір жол) болуы Жанар-жағар май материалдарын сақтауға арналған объектілерде ілеспе техникалық жабдықтың (төгу-құю эстакадалары, қажетті өнімділігі бар сорғы станциясы, мұқият және шала тазалау сүзгісі) болуы
10 11 12 13 14

      Ескертпе: хаттамаға растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Комиссия қорытындысы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Қолдар:

      Комиссия төрағасы

      ______________________________________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Комиссия мүшелері:

      ______________________________________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________ жөнелтіледі

      (алушының атауы және мекенжайы)

      Сақтау пункті ________________________________________________________

      (атауы)

      Министрлік (ведомство) _______________________________________________

      Сақтау пунктінің мекенжайы ___________________________________________

_____ жылдарға арналған материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисабы

Р/с №

Шығындардың атауы

Шығыстардың есеп-қисабы

Шығыстардың бірлігі

Саны

Шығыстардың сомасы

Негіздеме

Растайтын құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жалақы

адам




жалақы бойынша жиынтық есеп ведомосі

2.

Әлеуметтік салық

адам




жалақы бойынша жиынтық есеп ведомосі

3.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау мәселелері бойынша іссапарлар

адам




бұйрық, аванстық есеп

4.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын алаңдар мен үй-жайларда коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

шаршы метр




шарт, шот фактура, төлем тапсырмасы (жекелеген өлшеу аспаптары болмаған жағдайда шығыстар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған нақты алаңға сүйене отырып есептеледі)

5.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын үй-жайларды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу

шаршы метр




шарт, орындалған жұмыстар актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

6.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасылмалдау кезіндегі көлік шығыстарына ақы төлеу

көрсетілетін қызмет




шарт, көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

7.

Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының саны және сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге қажетті өзге де тауарларды сатып алу

тауар




шарт, қабылдау-тапсыру актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

8.

Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының саны және сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ағымдағы шығыстар

көрсетілетін қызмет




шарт, орындалған жұмыстар актісі/ көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы (шығыстар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған нақты алаңға сүйене отырып есептеледі)


Шығындардың жиыны:






      Мөр орны (бар болса)

      Сақтау пунктінің басшысы _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушының телефоны

      Арнайы бөлім бастығы немесе жұмылдыру жұмыскері/материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлға ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 860 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысы.

      2. "Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысының 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 25-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 және 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 368 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1050 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады