Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі
агенттігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған
паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
25 қаңтардағы N 103
қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру
енгізілсін:
1-тармақтағы "1 және 2" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен
ауыстырылсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 3 және 4-қосымшалармен
толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 11 наурыздағы
N 286 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 25 қаңтардағы
N 103 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2002 жылға арналған
500 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөніндегі агенттігіне ақпараттық-есептеу қызметін көрсету"
Республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2100 мың теңге (екі миллион жүз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру, бюрократизмге қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 U000427_ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі туралы ереже" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 111 P010111_ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет
қаржысы.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: есептеу және ұйымдастыру
техникасына қызмет көрсету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: компьютерлік жабдықтарды және
ұйымдастыру техникасын жұмыс істейтін қалпында ұстау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарла.!Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны)! Іске ! Жауапты
!дар.!бағ.!малардың !iске асыру жөнiндегi iс-шаралар ! асыру !орындаушылар
!лама!дар.!(кіші ! !мерзiмi!
!коды!лама!бағдарла.!
! !коды!малардың)!
! ! !атауы !
---------------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 500 Қазақстан Windоws, MS Оffiсе, антивирус. Жыл Қазақстан
Республи. тар, ЮрИнфо сияқты бағдарлама. бойында Республика.
касының ларды, жүйелерді реттеу. Туын. сының Мемле.
Мемлекеттік дайтын қателер мен істен шығу. кеттік мате.
материалдық ды жедел қалпына келтіру, жұ. риалдық ре.
резервтер мыс қалпында ұстау, версияла. зервтер жө.
жөніндегі рын жаңарту. Ақпараттық қауіп. ніндегі
агенттігіне сіздікті және антивирустық агенттігі
ақпараттық қорғанысты қамтамасыз ету
-есептеу бойынша шараларды ұйымдастыру.
қызметін Жергілікті жүйенің коммуника.
көрсету циялық желілерін жалға беру.
Ұйымдастыру техникасының
техникалық жағдайын бақылауды
және принтерлердің картридж.
дерін толтыруды іске асыру.
Кепілге сәйкес алдын алу
жұмыстары мен жабдықтарды
жөндеуді жүргізу. Жабдықтардың
туындайтын бұзылуын жедел
жөндеу. 20 компьютерге, 3
матрицалық принтерге, 8
лазерлік принтерге қызмет
көрсету.
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ақпарат алу
және олармен алмасу жеделдігін арттыру, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі қызметіне есептеу
техникасы құралдарын сәтті енгізу, ақпараттық ресурстарды мерзімінде
жаңарту.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 11 наурыздағы
N 286 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 25 қаңтардағы
N 103 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2002 жылға арналған
600 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөніндегі агенттігін есептеу және ұйымдастыру техникасымен
қамтамасыз ету"
Республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6768 мың теңге (алты миллион жеті жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру, бюрократизмге қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 U000427_ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі туралы ереже" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 111 P010111_ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет
қаржысы.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік резервтердің есебі
жөніндегі ақпараттық инфрақұрылым құру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік резервтердің
есебін автоматтандыру үшін қазіргі заманғы компьютерлік жабдықтарды сатып
алу және лицензияланған программамен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарла.!Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны)! Іске ! Жауапты
!дар.!бағ.!малардың !iске асыру жөнiндегi iс-шаралар ! асыру !орындаушылар
!лама!дар.!(кіші ! !мерзiмi!
!коды!лама!бағдарла.!
! !коды!малардың)!
! ! !атауы !
---------------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 600 Қазақстан Мынадай компьютерлер мен Жыл Қазақстан
Республи. оргтехниканы: бойында Республика.
касының 1 көбейткіш техника, 20 сының Мемле.
Мемлекеттік компьютер, 10 принтер, 1 сервер, кеттік мате.
материалдық 2 активті жүйелік жабдық (NUB риалдық ре.
резервтер 12 норттық) сатып алу және зервтер жө.
жөніндегі орнату. ніндегі
агенттігін Жұмылдыру резервінің есебі агенттігі
есептеу бойынша программалық
және қамтамасыз етуді әзірлеу,
ұйымдастыру енгізу және 20 пайдаланушыға
техникасымен 4 программалық өнімді сүйемел.
қамтамасыз деу (антивирустық программа
ету АVР; кепілді өшіру программасы;
MS WS-2000 Sеrvеr).
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жұмылдыру
резервінің есебін автоматтандыру; деректерді өңдеу уақытын қысқарту және
оларды сенімді сақтау; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық
резервтер жөніндегі агенттігін қазіргі заманғы жабдықпен қамтамасыз ету
(толық жинақтылау).
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.