"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) <*>
2) Агенттiк қарамағындағы ұйымдар тiзбесi бекiтiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N
1112
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Агенттiктi республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1807
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 517-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:
10-тармақтың 8) тармақшасы және 11-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) 2-тармағының 3) тармақшасы;
2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1268
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 393-құжат).