Қазақстан Республикасының шетелдiк несие берушiлер алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес заемдар бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2002 жылға арналған республикалық бюджетте
өтеу және қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
кепілдiгi бар мемлекеттiк емес заемдар бойынша заемшылардың тiзбесi
бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 11 наурыздағы
N 293 қаулысымен
бекiтiлген
2002 жылға арналған республикалық бюджетте
өтеу және қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк кепiлдігі бар мемлекеттiк емес заемдар бойынша
заемшылардың тiзбесi
1. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы
2. "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы
3. "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
4. "Ақмола жаңа құрылысиндустриясы" акционерлiк қоғамы
5. "Қарметкомбинат" мемлекеттік акционерлiк қоғамы
6. "Азат" өндiрiстiк коммерциялық концернi
7. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгінің Қылмыстық-атқару
жүйесi департаментi (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "Еңбек" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны)
8. "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы
9. "Конденсат" акционерлiк қоғамы
10. "Кең Дала" акционерлiк қоғамы
11. "Өнiм" акционерлiк қоғамы
12. "Батыс" ашық акционерлiк қоғамы
13. "Отель Астана" Қазақстан-Түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық
акционерлiк қоғамы
14. "Қазақ аджанта фарма лимитед" бiрлескен кәсiпорны
15. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
16. "Kazakstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамы
17. "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорны
18. "Жеңiлөнеркәсiп" акционерлiк компаниясы
19. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
20. "Мақсат" акционерлiк қоғамы
21. "Игiлiк" акционерлiк қоғамы
22. "Айт-Отель" Қазақстан-Түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк
қоғамы
23. "Рахат" Қазақ-Австрия бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк
қоғамы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Жұманазарова А.Б.