Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының халқын сапалы ауыз сумен іркіліссіз қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Павлодар облысының әкіміне Екібастұз қаласының су-кәріз шаруашылығын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 168000000 (бір жүз алпыс сегіз миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Павлодар облысының әкімі 2002 жылдың қорытындылары бойынша
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне
орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.