Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 P991346_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 418-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесі:
мынадай мазмұндағы 10, 11, 12, 13-тармақтармен толықтырылсын:
"10. Деректердің республикалық банкі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау және сақтау үшін қалыптастырылады.
11. Балалар туралы деректердің республикалық банкін қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын міндетті талаптар:
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (бұдан әрі - балалар) туралы мәліметтерді жинау;
балалар туралы ақпаратты тек қана олар туралы деректердің республикалық банкін қалыптастыру және пайдалану мақсаттары үшін пайдалану;
балалар туралы ақпараттың толықтығы мен шынайылығы;
ақпаратты жария болудан, ұрлатудан, жоғалтудан, жасанды көшірмеден және бұрмалаудан қорғау болып табылады.
12. Қорғаншылық және қамқоршылық органдар балалар туралы аймақтық және республикалық банктерді пайдалануды қызметтік ақпарат алмасу арқылы жүзеге асырады, балалар туралы құпия ақпараттың кездейсоқ өзгеруін, жойылуын немесе жоғалуын болдырмау үшін қорғауды қамтамасыз етеді.
13. Білім саласындағы орталық атқарушы орган жазбаша сұрау салынған кезде деректердің республикалық банкінде бала туралы мәліметтердің есепте тұру фактісі туралы сотқа, прокуратура немесе тергеу органдарына ақпарат беруге міндетті".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі