Сот шешімдерін орындау үшін және "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Z010273_ Заңының 30-бабына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қосымшаға сәйкес соттардың шешімдерін орындау үшін 2614515
(екі миллион алты жүз он төрт мың бес жүз он бес) теңге сомасында қаражат
бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 16 сәуірдегі
N 441 қаулысына
қосымша
Орындалуы тиіс сот шешімдерінің тізбесі
---------------------------------------------------------------------------
р/р! Соттың атауы ! Сот шешімінің ! Мемлекеттік !Мемлекеттік
N ! !(сот бұйрығының)!баж шегерілген! баж
! !шығарылған күні ! сома (теңге) !
---------------------------------------------------------------------------
1 Астана қаласы 2000 жылғы 295 680 -
Алматы ауданының соты 23 қазандағы
Ғұсманов Қайрат
Қабиұлының
пайдасына
2 Алматы қаласы 2001 жылғы 2 064 048 -
Медеу ауданының соты 26 қаңтардағы
Савочкин Константин
Витальевичтің
пайдасына
3 Қызылорда облысы 1998 жылғы 254 787 -
Байқоңыр қаласының соты 12 мамырдағы
Құдабаев
Бітімбайдың
пайдасына
Жиыны - 2 614 515 -
Жалпы сомасы 2 614 515 -
---------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.