Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 қыркүйек N 1408. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 Қаулысымен.

      "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібі бекітілсін. 
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 620  P970620_  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 138-139-құжат); 
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 620 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 1300  P981300_  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 435-436-құжат). 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде қолданылып жүрген заң актілеріне оларды "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
      4. Жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде Жергілікті атқарушы органдардың резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін әзірлесін және бекітсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
1999 жылғы 18 қыркүйектегі
N 1408 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің
қаражатын пайдаланудың тәртібі

      Осы Тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.     

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша бөлінетін қаражат; 
      көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар; 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің құрамындағы қаражат - Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат;<*> 
      төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резерв - жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бекітілген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға арналған қайтарымды негізде төмен тұрған бюджеттерге бөлінетін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің құрамында көзделетін қаражат; 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қаражатын алушы - республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не облыстың, Астана немесе Алматы қаласының әкімі. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.14. N 1210 қаулысымен P011210_  
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынадай шаралар: 
      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұлар: 
      төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; 
      зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау; 
      шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру; 
      төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету; 
      2) сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеу;<*>
      3) төмен тұрған бюджеттерді ағымдағы қаржы жылы ішінде несиелендіру жатады;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар.<*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің  2000.02.12. N 230 қаулысымен.   P000230_  
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.14. N 1210 қаулысымен.   P011210_  

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қаражатын
бөлудің және пайдаланудың тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  резервінен қаражат бөлуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде, заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің шығыстары мен несиелендіруі құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі. 
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртіпте және резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды. 
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін дайындаған кезде мынадай шарттар: 
      1) республикалық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы; 
      2) сот шешімдері бойынша Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметтің резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.14. N 1210 қаулысымен.   P011210_  
      6. Бөлінген несие толық өтелгеннен кейін күшін жоятын, Үкіметтің арнайы резервінен, төмен тұрған бюджеттерге несие бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерінің негізінде жыл аяқталғанға дейін күшін жояды. 

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюға қаражат бөлу  

      7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі қарайды. Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың аймақтық немесе ғаламдық ауқымы болуы керек. 
      8. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі айқындайды. 
      9. Аймақтық және ғаламдық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезде, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын заңдармен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 
      10. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдардың резервтер қаражатының есебінен қаржыландырылуы керек. 

4. Сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
және орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық 
бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу<*>  

       ЕСКЕРТУ. 4-тараудың атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.14. N 1210 қаулысымен.   P011210_  

      11. Сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.<*> 
      Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері осы шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс. 
      Орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс. 
      Орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері өздерінің заңсыз қабылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға "Әкімшілік шығыстар" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.14. N 1210 қаулысымен.   P011210_  
      12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелерін өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды. 
      13. Орталық мемлекеттік органдардың және олардың бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын тиісті орталық мемлекеттік орган заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.14. N 1210 қаулысымен P011210_  

5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін
арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану  

      14. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті негіздемелерімен және есептемелерімен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады. 
      15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берілген өтініштің негізінде, сондай-ақ ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері мен төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген несиелер туралы деректерді ескере отырып, төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді. 
      Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін: 
      1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін несиелендіру үшін көзделген сомалардың болуы; 
      2) жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезең үшін жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты; 
      3) республикалық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен берешегінің болмауы міндетті шарттар болып табылады; 
      4) бөлінетін несиенің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимиттерінің сомасынан аспауы тиіс. 
       ЕСКЕРТУ. 15-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.12. N 230 қаулысымен.   P000230_  
      16. Облыс, Астана және Алматы қаласы әкімінің өтініші бойынша оң қорытынды болған кезде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді. 
      17. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен несие берудің және қайтарудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

5-1. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу <*>  

       ЕСКЕРТУ. Қаулы жаңа 5-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.12. N 230 қаулысымен.   P000230_  

      17-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге де болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті негіздемелері мен есептері бар қаражат бөлу туралы өтініш ұсынады. 
      17-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынылған өтініштің негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді. 
      Қаражатты қаржы жылының ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға ұтымды бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-інен аспауы тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдері есепке алынады. 
      17-4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аталған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі дайындайды. 
      17-5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі дайындайды.

6. Бақылау және есептілік 

      18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражатты алушылар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен және мерзімде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек. 
      19. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметі резерв қаражатының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
      20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы үшін алушы Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген тәртіппен жауап береді.
      21. Қазақстан Республикасы Үкіметтің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады