Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2002 жылғы
мамырдағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Демалыс күні 2002 жылғы 12 мамыр - жексенбі күнінен 2002 жылғы 10
мамыр - жұма күніне ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін
еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға
кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2002 жылғы 10 мамырда жұмыс жүргізу
құқығы берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.