Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймағы жұмыс iстейтiн кезеңде Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана - жаңа қала" кеденi" (бұдан әрi - Кеден) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Астана - жаңа қала" салық комитетi" (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiк мекемелерi құрылсын. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357
қаулысымен
.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 194
қаулысымен
.
3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Кеден мен Комитетті әдiлет органдарында бiр айлық мерзiмде тiркеудi қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357
қаулысымен
.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң
"Астана - жаңа қала"№кеденi туралы ереже <*>
Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 194 қаулысымен .