Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 469 және 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 194 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігінің кеден органын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық органын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 24 сәуірдегі N 469  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 124-құжат):
      2-тармақ алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 207-құжат):
      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады