Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi екi ай мерзiмде заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Азия Даму Банкiнiң ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық заемы (бұдан әрi - АДБ Заемы) қаражатының осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген түпкi заемшыларымен несие шарттары және кепiл шарттары бойынша талап қою құқықтарын "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Эксимбанк) (келiсiм бойынша) беруi жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қор) (келiсiм бойынша) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген заемшылардың берешегiн республикалық бюджетке өндiрiп алуды оның жүзеге асыруы жөнiнде келiсiм жасассын;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Эксимбанк арасында жасалған 1996 жылғы 1 тамыздағы Несие шартын бұзу жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қаржы бақылау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Эксимбанктiң АДБ Заемы қаражатын мақсатты пайдалануын және республикалық бюджетке уақытылы есептеуiн тексерудi жүргiзсiн.
3. "Қазақ акционерлiк агроөнеркәсіп банкi" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 100 P010100_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген түпкi заемшылармен несие шарттары мен кепiл шарттары бойынша Банктің талап қою құқықтарын, Азия Даму Банкiнiң ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық заемы (бұдан әрi - АДБ Заемы) қаражаттарын, сондай-ақ осындай несие шарттары бойынша берешектi өтеу есебiне Банк алған мүлiкке меншiк құқығын беру арқылы АДБ заемының қайтарымдылығын қамтамасыз етуге және Банк берешегінiң өтелуiне бағытталған шараларды заңнамада белгiленген тәртіппен қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынысы мақұлдансын.";
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген барлық мiндеттемелер мен құқықтар берiлгеннен кейiн екi ай мерзiмде заңнамада белгiленген тәртіппен:";
2) тармақшадағы "Қор" деген сөз "Шағын кәсіпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Банкке түпкi заемшылар өтеген, бiрақ ол республикалық бюджетке аудармаған сомаларды жылдық 7 (жетi) пайыз сыйақы ставкасымен 3 (үш) жыл iшiнде республикалық бюджетке өтеу туралы Банкпен келiсiм жасасуды;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қор) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген заемшылардың берешегiн республикалық бюджетке өндiрiп алуды оның жүзеге асыруы жөнiнде келiсiм жасасуды қамтамасыз етсiн.";
3-тармақтағы "мақсатты пайдаланылуын" деген сөздерден кейiн "және республикалық бюджетке уақытылы есептелуiн" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә. Жандосовқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С. Павловқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.С. Павловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің 2002 жылғы 25 сәуiрдегi
N 473 қаулысына
1-қосымша
Олар бойынша талап ету құқықтары Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігіне берілетiн заемшылардың тiзбесi
1. "Іле сүт зауыты" акционерлiк қоғамы.
2. "Интеграция - Түрген" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігі.
3. "Дастархан" жауапкершілігi шектеулi серiктестiк өндiрiстiк-коммерциялық фирмасы.
4. "Шымкент макарон фабрикасы" акционерлiк қоғамы.
5. "PS Agro Pak" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгi.
6. "Жанатов және К-Алдабергенов атындағы агрофирма" коммандиттік
серiктестігі.
7. "Жанна" шаруа қожалығы.
8. "Әсем-Наз" өндiрiстiк кооперативi.
9. "Ұрпақ" шаруа қожалығы.
10. "Сұңқар" шаруа қожалығы.
11. "Ая" шаруа қожалығы ("Сұңқар" шаруа қожалығынан қайта лизингi).
12. "Тоғжан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
13. "Алкон-Нан" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгi.
14. "Агротехсервис" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi.
15. "Азия-Плюс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгі.
16. "ВЕSТ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
17. "Сарниязовтың жеке фирмасы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгi.
18. "Әмiров фирмасы" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi.
19. "Демеу" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгi.
20. "Талғар нантамақкомбинаты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
21. "Қажы Нәби" шаруа қожалығы.
22. "Отан" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiгі ("ТХПК" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгiнен қайта лизингі).
23. "Арасан" өндiрiстiк кооперативi.
24. "Қайыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулi серiктестігі ("Қайырбаев
атындағы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгiнен қайта лизингi).
25. "Қайырбаев атындағы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгi.
26. "Нан" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгi.
27. "Айдосов және К." өндiрiстiк серiктестiгi.
28. "Жиырма үй" шаруа қожалығы.
29. "Аққыз" жауапкершілігi шектеулi серiктестiгi.
30. "Дәнекер" акционерлiк қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 сәуiрдегi
N 473 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 қаңтардағы
N 100 қаулысына
1-қосымша
Олар бойынша талап ету құқықтары Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгiне берiлетiн заемшылардың тiзбесi
Бiрiншi транш
1. "Әдiлет" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы агроөнеркәсiптiк қаржы
компаниясы.
2. "Ақмола" ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативi.
3. "Бейсен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
4. "Қызыл жар" өндiрiстiк кооперативi.
5. "Балапан" фермерлiк шаруашылығы.
6. "Тұран" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
7. "Жәрдем" шағын жеке кәсiпорны.
8. "Отырар" акционерлiк қоғамы.
9. "Арафат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
10. "Жаса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
11. "Қарабұлақ" өндiрiстiк кооперативi.
12. "Астық-Тентек" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы.
13. "Дидар" шағын жеке кәсiпорны.
14. "Мұрагер" өндiрiстiк кооперативi.
15. "Маралды" шаруа қожалығы.
16. "Айтмолдин және К" коммандиттiк серiктестiгi.
17. "Асан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
18. "Арыстан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
19. "Бесарықастық" акционерлiк қоғамы.
20. "Бесарық" шаруашылық серiктестiгi.
21. "Бесаспап" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
22. "Шаған" өндiрiстiк кооперативi.
23. "Дәулет-4" шаруа қожалығы.
24. "Рауан" Т.П.К. жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
25. "Три - В" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам.
26. "Сүт" акционерлiк қоғамы.
27. "Қанат" шаруа қожалығы.
28. "Рашнер" шағын кәсiпорны.
29. "Агрос-Ясная поляна" акционерлiк қоғамы.
30. "Победа" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы.
31. "Уголки" акционерлiк қоғамы.
32. "Молочный союз" акционерлiк қоғамы.
33. "Насихат" шаруа қожалығы.
34. "Манал-Сокос" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
35. "Жалғас" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
36. "Tau Ғооd" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Екiншi транш
1. "Ахмедин және К" коммандиттiк серiктестiгi.
2. "Тағам Компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
3. "Ақ бидай" өндiрiстiк кооперативi.
4. "Жанат ауылы" акционерлiк қоғамы.
5. "Шалов және К" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
6. "Барақ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
7. "Достық" өндiрiстiк кооперативi.
8. "Қызылордакүрiшмаш" акционерлiк қоғамы.
9. "МЭН" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
10. "Ильинский" өндiрiстiк кооперативi.
11. "Елiм-ай" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.