"Қазақ акционерлік агроөнеркәсіп банкі" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қаңтар N 100

      Ауылдық жерлерде қаржылық инфрақұрылымды сақтаудың және дамытудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақ акционерлік агроөнеркәсіп банкі" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Банк) уақытша тоқтатып қою режимін енгізуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген түпкi заемшылармен несие шарттары мен кепiл шарттары бойынша Банктің талап қою құқықтарын, Азия Даму Банкiнiң ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық заемы (бұдан әрi - АДБ Заемы) қаражаттарын, сондай-ақ осындай несие шарттары бойынша берешектi өтеу есебiне Банк алған мүлiкке меншiк құқығын беру арқылы АДБ заемының қайтарымдылығын қамтамасыз етуге және Банк берешегінiң өтелуiне бағытталған шараларды заңнамада белгiленген тәртіппен қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынысы мақұлдансын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2002.04.25. N 473
               қаулысымен. P020473_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген барлық мiндеттемелер мен құқықтар берiлгеннен кейiн екi ай мерзiмде заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Банк арасында 1996 жылғы 1 тамызда жасалған Несие шартын бұзуды;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Шағын кәсіпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы және Банк арасында 1998 жылғы 20 наурызда жасалған АБРСХ-ІІ-98/6 Несие келісімін бұзуды;
      3) Банкке түпкi заемшылар өтеген, бiрақ ол республикалық бюджетке аудармаған сомаларды жылдық 7 (жетi) пайыз сыйақы ставкасымен 3 (үш) жыл iшiнде республикалық бюджетке өтеу туралы Банкпен келiсiм жасасуды;
      4) "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қор) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген заемшылардың берешегiн республикалық бюджетке өндiрiп алуды оның жүзеге асыруы жөнiнде келiсiм жасасуды қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2002.04.25. N 473
               қаулысымен. P020473_
      3. Қорға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Банктің міндеттемелері мен құқықтарын беру процесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылауы комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша заңнамада P960928_ белгіленген тәртіппен Банктің АДБ Заемының несие қаражатын мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы есептелуiн тексеруді жүргізсін.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2002.04.25. N 473
               қаулысымен. P020473_
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С. Павловқа жүктелсін.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2002.04.25. N 473
               қаулысымен. P020473_
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
      ЕСКЕРТУ. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.25. N 473
               қаулысымен. P020473_
 

                                          Қазақстан Республикасы



                                     Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 қаңтардағы

                                             N 100 қаулысына

                                                1-қосымша



 
 
          Олар бойынша талап ету құқықтары Қазақстан Республикасының
              Қаржы министрлiгiне берiлетiн заемшылардың тiзбесi
Бiрiншi транш
 
1. "Әдiлет" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы агроөнеркәсiптiк қаржы компаниясы.
2. "Ақмола" ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативi.
3. "Бейсен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
4. "Қызыл жар" өндiрiстiк кооперативi.
5. "Балапан" фермерлiк шаруашылығы.
6. "Тұран" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
7. "Жәрдем" шағын жеке кәсiпорны.
8. "Отырар" акционерлiк қоғамы.
9. "Арафат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
10. "Жаса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
11. "Қарабұлақ" өндiрiстiк кооперативi.
12. "Астық-Тентек" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы.
13. "Дидар" шағын жеке кәсiпорны.
14. "Мұрагер" өндiрiстiк кооперативi.
15. "Маралды" шаруа қожалығы.
16. "Айтмолдин және К" коммандиттiк серiктестiгi.
17. "Асан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
18. "Арыстан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
19. "Бесарықастық" акционерлiк қоғамы.
20. "Бесарық" шаруашылық серiктестiгi.
21. "Бесаспап" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
22. "Шаған" өндiрiстiк кооперативi.
23. "Дәулет-4" шаруа қожалығы.
24. "Рауан" Т.П.К. жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
25. "Три - В" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам.
26. "Сүт" акционерлiк қоғамы.
27. "Қанат" шаруа қожалығы.
28. "Рашнер" шағын кәсiпорны.
29. "Агрос-Ясная поляна" акционерлiк қоғамы.
30. "Победа" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы.
31. "Уголки" акционерлiк қоғамы.
32. "Молочный союз" акционерлiк қоғамы.
33. "Насихат" шаруа қожалығы.
34. "Манал-Сокос" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
35. "Жалғас" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
36. "Tau Ғооd" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
 

 

Екiншi транш


1. "Ахмедин және К" коммандиттiк серiктестiгi.

2. "Тағам Компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

3. "Ақ бидай" өндiрiстiк кооперативi.

4. "Жанат ауылы" акционерлiк қоғамы.

5. "Шалов және К" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

6. "Барақ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

7. "Достық" өндiрiстiк кооперативi.

8. "Қызылордакүрiшмаш" акционерлiк қоғамы.

9. "МЭН" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

10. "Ильинский" өндiрiстiк кооперативi.

11. "Елiм-ай" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi. 


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады