Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев
келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін оған
қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне рұқсат ете
отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан көрсетілген Хаттаманы
жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
РҚАО-ның ескертуі: Хаттаманың жобасы қаулыға қоса берілмеген.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.