Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында қазақстан-қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттама жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 мамыр N 513

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан

 

Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін оған

қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне рұқсат ете

отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан көрсетілген Хаттаманы

жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     РҚАО-ның ескертуі: Хаттаманың жобасы қаулыға қоса берілмеген.


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады