Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімдерді Z980263_ (Кәдімгі операциялар) және Z980265_ (Арнайы операциялар) (Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару жобасы) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша суландыру және кәріз жүйелерін қайта жаңарту жөніндегі құрылыс жұмыстарының құнынан қосылған құн салығын жабуға арналған республикалық бюджеттен шығыстарды қоспай, былай белгіленсін:
1) 70 пайызы көрсетілген жұмыстар жерлерінде жүзеге асырылған түпкі несие алушы шаруашылықтардың республикалық бюджетке өтеуіне жатады;
2) 10 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті бюджетінің қаражатынан республикалық бюджетке өтелуге жатады;
3) 20 пайызы республикалық бюджетке өтелуге жатпайды.
2. Қаражатты түпкі несие алушы шаруашылықтардың және Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті бюджетінің республикалық бюджетке өтеуі мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
1) негізгі борышты қайтарудың жалпы кезеңі - құрылыс мердігерлік шарты жасалынған күннен бастап есептелетін жеті жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 30 жыл;
2) сыйақы (мүдде) Несие туралы келісімдер шарттарына сәйкес белгіленген ставка бойынша құрылыс мердігерлік шарты жасалынған күннен бастап есептеледі және сол күннен кейінгі алтыншы жылдан бастап төленеді.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және "Қазақстан Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) бір ай мерзімде құрылыс мердігерлік шарты бойынша жолданатын қаражатқа қызмет көрсету және оны республикалық бюджетке қайтару жөнінде келісім жасассын;
2) осы қаулы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға жолданатын қаражаттың үлесін республикалық бюджетке төлеу туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімімен несиелік келісім жасассын;
3) құрылысқа жұмсалған қаражатты осы қаулы 1-тармағының 1) тармақшасында сәйкес республикалық бюджетке игеру, өтеу және кепілді қамтамасыз ету бойынша тараптардың жауапкершілігін қоса алғанда, оны төлеу туралы түпкі несие алушы шаруашылықтармен шарттар жасассын.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай
мерзімде Жобаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің
құрамын бекіту туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қарауына заңнамада белгіленген тәртіппен енгізсін.
5. Жобаны басқару және оны іске асыру жауапкершілігі Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.