Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөнiндегi келiсiм (Кәдiмгi операциялар) (Су қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару жобасы) бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Несие жөніндегі Келісім (Кәдуілгі операциялар) (Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару жобасы) датасы 25 наурыз 1998 ж.
Қазақстан Республикасы (бұдан былайғы жерде Несие алушы) мен Азия Даму Банкінің (бұдан былайғы жерде Банк) арасындағы Несие жөніндегі Келісім
25. 03. 98
(А) Несие алушының Банкке оның өзiнiң кәдуiлгi капитал қорынан және осы Несие жөнiндегi Келiсiмге (кәдуiлгi операциялар ) N 1 Қосымшада сипатталған Жобаның (бұдан былайғы жерде - Жоба) мақсаттарына арналған арнайы қордан төменде (В) белгiленгендегідей Несие сұрап өтiнуiн;
(В) Көрсетiлген күнде Несие алушы мен Банктiң арасындағы Келiсiмге (бұдан былайғы жерде Несие жөнiндегi келiсiм (Кәдулгi операциялар) сәйкес Банк Несие алушыға өзiнiң арнайы қорынан әртүрлi валютадан құралған және Несиелендiрудiң Арнайы Хұқығының (НАХ) жетi миллион екi жүз жиырма жетi мыңына (7,227,000 НАХ) тең соманы Жобаның (бұдан былайғы жерде "Арнайы операциялар жөнiндегi Несие") мақсаттары үшiн босатуға келiсiм беруiн;
(С) Сонымен қатар Несие алушының Yкiметi Банкке су қорларын басқару саясатын институциональдық дамыту және реформалау iсiне техникалық көмек (бұдан былайғы жерде Техникалық көмек) берудi өтiнуiне орай Банк осы мақсатқа алты жүз мың ($ 600,000) долларға тең грант бөлуiн; және (D) Банктiң Несие алушыға осыдан әрi қарайғы жердегi шарттарға сәйкес өзiнiң кәдуiлгi капитал қорынан несие босатуға келiсуiн еске ала отырып, екi жақ төмендегiдей мәмiлеге келдi: 1 Бап Несие жөнiндегi Ережелер; Анықтама
1.01.Тарау. Банк туралы Ережелерге несие жөнiндегi кәдуiлгi операциялар турасында 1986 жылғы 1 шiлдеде енгiзiлген барлық мәселелер осы Несие туралы Келiсiмге бұл құжатта толықтай көрсетiлген жағдайдағыдай, бiрақ төмендегiдей өзгерiстерге ұшыраған қалпында (несие жөнiндегi кәдуiлгi операциялар турасындағы ережелердiң осылайша өзгертiлген түрi бұдан былайғы жерде Несие Ережелерi деп аталады) пайдаланылады:
(а) 2.01 (17) Тарауы қалдырылып, былайша өзгертiледi:
"доллар", "долларлар" терминi мен " $ " белгiсi Америка Құрама Штаттарының доллары, немесе долларлары.
(b) 2.01 (26) және 2.01 (27) тараулары қалдырылып, 2.01 (26) тарауға "Долларлық пұл " дегенiмiз Банктiң өзiнiң кәдуiлгi капитал қорынан доллар есебiндегi қаржылық төлемдерiн немесе несиелерiн қаржыландыруға арналған төленбеген кредиттерiнiң доллар есебiндегi пұлы болып табылады.
(с) 3.02 тараудың бiрiншi параграфындағы соңғы сөйлем қалдырылады.
(d) 3.02 (b)(ii) тарау қалдырылып, былайша өзгертiледi: несиеге байланысты болып отырған "(ii) кәсiптiк сараптағы кредиттер" Банктiң 1992 жылдың 30 маусымынан кейiнгi мерзiмде пайдаланылып келе жатқан долларлық пұл есебiндегi төленбеген кредиттерi болып табылады.
(е) 3.06 (а) тараудың соңғы сөйлемi және 3.06 (b) тараудағы "Банкке қолайлы күнге" деген сөздер кейiнге қалдырылады.
(f) 4.02 тарау қалдырылып, былайша өзгертiледi: "Қарыз шотындағы қаржы доллар есебiмен алынуға тиiс" .
(g) 4.03 (а) тарау қалдырылып, былайша өзгертiледi: "Несиенiң негiзгi сомасы доллар есебiмен қалпына келтiрiлуi тиiс".
(h) 4.04 тарау қалдырылып, былайша өзгертiледi: "Несиенiң кез-келген процентi доллар есебiмен қалпына келтiрiлуi тиiс".
(i) 4.05 тараудағы "және 5.02 тарауға сәйкес кез-келген мiндеттеме бойынша төлем" сөздер кейiнге қалдырылады.
(j) 4.09 тарау кейiнге қалдырылады да, 4.09 жаңа тарауға мыналар қосылады:
Бұл Ережелердiң осы келiсiмге қайшы келетiн тұстарынан басқа қандай да бiр шарттарына қарамастан, несие берiлген жағдайда қаржы қарыз шотынан алынуға тиiстi, ал аса бiр ерекше жағдайларда Банк өзiнiң қажет деп табуына байланысты қаржыны шоттан қандай валюта және валюталар есебiмен түсiру мақсатында доллар ретiнде төлей алмайтын болса, онда бұл мәселенi Банктiң өзi анықтайды. Несиенiң белгiленген негiзгi сомасы сондай валютамен немесе валюталармен толтырылуы тиiс. Осындай валютамен немесе валюталармен төленген Несиенiң негiзгi сомасына қолданылатын проценттік ставка Банк шығындары тарапынан сондай валюта немесе валюталар, оның үстiне Банктiң қаржыны алу процентi мен оны Несие алушыға беру процентiнiң айырмасын қосу арқылы ауық-ауық Банктiң өзi ақылға сиымды мөлшерде тағайындайтын көлемде негiзделедi.
1. 02 Тарау. Несие туралы Ережелерде анықтама берiлген бiрнеше терминдер Несие жөнiндегi осы Ережелердiң және Несие туралы Келiсiмнiң (арнайы операциялар) 1.02 Тарауында қай тұста қолданылғанына қарамастан, егер олардың мазмұны басқаша мағына тiлемейтiн болса, өздерiнiң тиiстi мағынасына ие болып қала бередi.
2 Бап
Несие
2. 01. Тарау. Банк Несие алушыға өзiнiң кәдуiлгi капитал қорынан отыз миллион доллар (30.000.000 миллион доллар) несие босатуға келiседi.
2.02. Несие алушы Банкке Несие туралы Ережелердiң 3.02. тарауында көрсетiлген мөлшерге сәйкес процент төлеуге мiндетті.
2.03. Тарау. (а) Несие алушы төрттен үш процент (0,75%) мөлшерiнде комиссия төлеуге мiндеттi. Мұндай комиссия несие сомасына (қарыз шотынан ауық-ауық алынып тұратын сомадан аз мөлшерде) Несие туралы осы келiсiмнiң күнiнен 60 күн өткеннен кейiнгi мерзiм iшiнде төмендегiдей түрде жинақталуы тиiс:
алғашқы он екi айлық мерзiм iшiнде - 4,500,000 доллар.,
екiншi он екi айлық мерзiм iшiнде - 13,500,000 доллар.,
үшiншi он екi айлық мерзiм iшiнде - 25,500,000 доллар., және әрi қарай бүкiл несие сомасына дейiн.
(b) Егер несиенiң қандай да бiр сомасы жойылатын болса, онда осы жойылудың алдында несиенiң осы тараудың (а) параграфында тағайындалған әрбiр бөлiгi несиенiң барлық сомасы қалай жойылса, дәл сол пропорцияда қысқартылып отыруға тиiс.
2.04. Тарау. Несие бойынша процент және басқа төлемдер әр жылдың жартысында 15 маусым және 15 желтоқсан күнiне төленуге тиiстi.
2.05. Тарау. Несие алушы несиелiк шоттан алынған несиенiң негiзгi сомасын осы Несие туралы Келiсiмнiң N 1 қосымшасында көрсетiлген амортизациялық кестеге сәйкес орнына келтiруге мiндеттi.
3 Бап
Несие қаржысын пайдалану
3.01. Тарау. Несие алушы несиелiк қаржыны осы Несие туралы Келiсiмнiң Ережелерiне сәйкес Жобаның шығындарын қаржыландыруға пайдаланады.
3.02. Тарау. Несие есебiнен қаржыландырылатын товарлар мен қызмет және басқа да шығындар, сонымен қатар несие сомасының осындай товарлар мен қызмет көрсетудiң әртүрлi категориялаларына таратылуы осы Несие туралы Келiсiмнiң N 2 қосымшасында көрсетiлген Ережелерге тура келедi, себебi Несие алушы мен Банктiң өзара келiсiмi нәтижесiнде бұл қосымшаға ауық-ауық түзетулер енгiзiп отыруы мүмкiн.
3.03. Тарау. Несие алушы мен Банк басқаша келiспеген жағдайда несие есебiнен қаржыландырылатын товарлар мен қызмет көрсетудiң барлық түрлерi Несие туралы Келiсiмнiң (арнайы операциялар) N 4 және N 5 Қосымшаларына орай сатып алынады. Товарлар мен қызмет көрсетудiң Несие алушы мен Банк арасында келiсiлген iс-қимылға сәйкес сатып алынбаған жағдайында, не болмаса келiсiмнiң шарттары Банктi қанағаттандырмаған жағдайда Банк келiсiм-шартты қаржыландырудан бас тартуы мүмкiн.
3.04. Тарау. Несие алушы мен Банк басқаша келiспеген жағдайда Несие алушы несие есебiнен қаржыландырылатын товарлар мен қызмет көрсету толығымен тек қана Жобаны орындауға жұмсалуына қатаң шаралар қолдануы тиiс.
3.05. Тарау. Несие жөнiндегi Ережелердiң 8.03 тарауына сәйкес мақсаттар үшiн несие шотынан қаржы алудың қорытынды ақырғы күнi 2003 жылдың 30 маусымы, немесе Несие алушы мен Банк арасында ауық-ауық келiсiм бойынша белгiленген кез-келген басқа күн болады.
4 Бап
(Ерекше жағдайлар)
4.01. Тарау. (а) Несие алушы Жобаны тиiстi дәрежедегi тиiмділікпен және ыждағаттылықпен, әрi ақылға сиымды әкiмшiлiк, қаржылық, инженерлiк, экологиялық және ауыл шаруашылық тәжiрибесiне сәйкес жүргiзуге жан-жақты шаралар қолданады.
(в) Жобаны орындау жолында және Жобаның техникалық құрал-жабдықтарын пайдалану барысында Несие алушы Несие жөнiндегi Келiсiмнiң (арнайы операциялар) N 6 Қосымшасында баяндалған барлық мiндеттемелердi орындайды және олардың орындалуына ықпал жасайды.
4.02. Тарау. Несие алушы Жобаның орындалуына арналған және Жобаны орындауға ықпал жасайтын iс-әрекеттер мен жағдайларды қолдау мақсатында қажеттi игiлiктер мен шарттарды, жер және басқа да қорларды керегiнше қамтамасыз етiп отырады.
4.03. Тарау. Несие алушы Жобаның орындалуы барысында Несие алушы мен Банктi қанағаттандырарлық көлемде қолынан iс келетiн кәсiби кеңесшiлермен және мердiгерлермен қамтамасыз етiп отырады.
(в) Несие алушы Жобаның орындалуын Несие алушы мен Банктi қанағаттандырарлық дәрежедегi iс жоспарларымен, арнайы бағдарлармен, жұмыс кестесiмен және құрылысты жүргiзу әдiстерiмен қамтамасыз етедi. Несие алушы осындай жоспарлармен, арнайы бағдарлармен, жұмыс кестесiмен оларды даярлаудан көп кешіктiрместен қамтамасыз етедi және Банктiң негiздi сұрақтарына орай көрсетiлген құжаттарға ықтиятты түзетулер енгiзеді.
4.04. Тарау. Несие алушы Жобаның орындалуына және оның техникалық құрылымдарының iс-әрекетiне қатысы бар өзiнiң бөлiмшелерi мен агенттiктерiнiң жұмысының ақылға сиымды әкiмшiлiк саясат пен әрекеттер шеңберiнде үйлесiмдi түрде жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
4.05. Тарау. Несие алушы құрал-жабдықтарды қамсыздандыруға қатысты, әрi Банктi қанағаттандырарлық дәрежедегi шараларды ақылға сиымды көлемде және ықтимал тәуекел жағдайына лайық негiзде даярлайды.
(В) Несие алушы жоғарыда айтылғандардың мән-мағынасын шектеместен Жобаға арналып әкелiнген және несие қорымен қаржыландырылған товарларды оларды сатып алуға, тасымалдауға және пайдалану орнына жеткiзуге, немесе орнатуға байланысты сақтандыруға кепiлдiк бередi, немесе шаралар қолданады, әрi осындай сақтандыру үшiн мұндай бұйымдарды жөндеу, немесе ауыстыру бағытында еркiн қолданылатын валютаның кез-келген сомасы төленедi.
4. 06. Тарау. (а) Несие алушы товарлар мен қызметтi саралап-салыстыруға және несие қорымен қаржыландырылатын игiлiктердiң басқа да қаржылық жөн-жобасына жеткiлiктi мөлшерде қатысы бар жазбалар мен есеп-шоттарды сақтайды, немесе оларды сақтау шараларын жүзеге асырады. Осылардың Жобаның орындалуы барысында пайдаланылуын ашу және Жобаның дамуын (оның бағасын бiрге қосқанда) тiркеу мақсатында ашып көрсету, бухгалтерлiк есептiң бүгiнгi таңда қолданылатын принциптерiне сәйкес Несие алушының Жобаның орындалуына және оның механизмдерiнiң iс-әрекетiне, немесе олардың Жобаға қатысты кез-келген бөлiгiне байланысты сақталып отыруына ықпал жасайды.
(в) Несие алушы Жоба үшiн жеке есеп-шот сақтайды және олардың сақталуына шара қолданады; (іі) оның өзiнiң құзырында осындай шоттармен қатар жыл сайын тәуелсiз аудиттен өтiп отыратын, әрi олардың кәсiби деңгейде саралануы, тәжiрибесi мен келiсiм шарттары Банк үшiн тиiмдi деп табылатын тиiстi қаржылық есеп-қисабы болады; (ііі) Банкке қажетiнше, алайда фискалдық жыл соңынан кейiнгi тоғыз (9) айдан бұрынырақ осылайша тексерiлген есеп-шоттар мен қаржылық есеп-қисаптардың тексеру қорытындылары жөнiндегi аудит ұйғарымдарының (Несие қорының осы Несие жөнiндегi Келiсiмiнiң мақсаттарына сәйкес пайдаланылуы жайындағы аудиторлар қорытындысымен қоса) көшiрмелерiн берiп тұрады, әрi бұлардың бәрi ағылшын тiлiнде болуы шарт; Несие алушы осындай шоттар, қаржылық есеп-қисап және аудит қорытындылары турасында Банк тарапынан ауық-ауық сұралып тұруына орай басқа да ақпараттар мен мағлұматтар бередi.
(с) Несие алушы Банкке оның өз өтiнiшi бойынша аудиторлармен бiрге ауық-ауық Несие алушының Жоба жөнiндегi қаржылық тiзiмдерiн және Жобаға байланысты iс-әрекеттердi талқылау хұқын беруге мiндеттi және осының барысында мұндай аудиторлардың өкiлi Банк талап еткен мәселе бойынша өкiлеттiк берiп, сұрау салуы тиiс, әрi мұндай талқылау, Несие алушы басқаша келiспеген жағдайда Несие алушы тарапынан лауазымды тұлғаның өкiлi қатысқан жағдайда талқыланады.
4.07. Тарау (а) Несие алушы Банктi несие хақында және несие қорының жұмсалуына байланысты негiздi түрде талап еткен есеп-қисаппен және ақпараттармен қамтамасыз етедi, немесе қамтамасыз ету шараларын қарастырады. Мұндай талаптар несие қорын қамту товарлар мен қызметтердi, несие қоры арқылы қаржыландырылған өзге де шығындарды, (іv) Несие алушының Жобаны, немесе оның кез-келген бөлiгiн орындауға мiндеттi болып отырған агенттіктерiнiң әкiмшiлiк қызметiне, iс-әрекетiне және қаржылық жағдайына қатысты болады, әрi (v) Несие алушының территориясындағы қаржылық-экономикалық жағдайға, Несие алушының халықаралық төлем балансының жай-жапсарына және (vi) Жобаның мақсат-мүддесiне байланысты басқа да мәселелерге қатысты болады.
(в) Несие алушы жоғарыда айтылғандардың мән-мағынасын шектеместен Банкке Жобаның орындалуы, оның механизмдерiнiң iс-қимылы және олардың басқарылуына байланысты әр тоқсан сайын есеп берiп тұрады немесе осыған ықпал жасайды. Мұндай есеп берулер Банктiң негiздi талабына сәйкес формада және көлемде, әрi тиiстi уақыт ағымында берiледi; мұның үстiне мәселе қаралған мерзiмде кездесiп отырған проблемалар және қол жеткен табыстар көрсетiледi, әрi ондай проблемаларды шешу бағытында қабылданған, немесе соған қажетті шаралар және алдағы тоқсандағы іс-әрекет бағдарламасы мен ықтимал iлгерi басушылық атап көрсетiледi.
(с) Жобаның табиғи түрде аяқталуынан соң, бiрақ осыдан кейiн үш (3) ай өтпей тұрып немесе осы мақсатта Несие алушы мен Банк арасында келiсiлген бұдан да кешірек мезгiлде Несие алушы Банкке оның өзi Жобаның орындалуы және оның алғашқы iс-әрекетi жөнiнде оның өз бағасымен қоса Несие алушының Несие турасындағы келiсiмге сәйкес мiндеттемелерiнiң және Жобаның мұраттарын жүзеге асыруды орындауы жөнiнде негiздi түрде талап етуiне байланысты формада және егжей-тегжейлi есеп даярлап ұсынады.
4.08. Тарау. Несие алушы Банк өкілдерiне несие қоры арқылы қаржыландырылған товарларды және Жобаның өзiн, және де қажет болған жағдайда кез-келген есеп-қисаптар мен құжаттарды тексеруге мүмкiндiк бередi.
4.09. Тарау. Несие алушы Жобаның механизмдерi iс үстiнде болуын, олардың ақылға сиымды әкiмшiлiк, қаржылық, инженерлiк, экологиялық және ауыл шаруашылық тәжiрибесiне орай қолдау тауып басқарылуын қамтамасыз етедi.
4.10. Тарау. (а) Несие алушы мен Банктiң екеуiнiң де ниетi Банктен басқа қарыз берушiнiң ешқайсысына ешқандай қарыз жөнiнде Несиеден артықшылық көрсетiлмейдi және мұндайда Несие алушының қарызы үшiн актив тартуға жол берiлмейдi. Осы мақсатта Несие алушы Банк басқаша келiспеген жағдайда Несие алушының қандай да бiр активтердi қарыз үшiн, немесе қандай бiр сыртқы қарызға кепiлдiк сипатында келтiрсе, егер мұндай хұқық көпе-көрiнеу жағдайға байланысты несие жөнiндегi басқа да төлемдермен қатар негiзгi соманы төлеуге, қызмет көрсету төлемдерiн атқаруға дәл сондай кепiлдiкке тұспа-тұс келетiн болса және (ii) Несие алушы мұндай хұқықты тудырса немесе тудыруға ықпал жасаса, онда мұндай хұқық қолма-қол қамтамасыз етiледi.
(в) Осы тараудың (а) параграфындағы Ереже (i) мүлiктi оны сатып алу кезеңiнде мұндай мүлiктiң сатылып алыну бағасын төлеуге кепілдiк сипатында кiмге де болса мүлiктi сатып алу кезеңiнде борыш есебiне ұстап қалу мақсатында қолданылмайды; немесе Банк операциялары және төлем мезгiлi оның уақытынан кемiнде бiр жылдан кейiн келетiн борыш кепiлдiгi барысында борыш үшiн ұстап қалу мақсатында қолданылмайды.
(с) "Несие алушының активтерi" терминi осы тараудың (а) параграфында пайдаланылуына сәйкес Несие алушының кез-келген ұйымдары мен құрылымдарының активтерiн және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң немесе Несие алушы тарапында Орталық Банктiң нұсқасын атқарушы кез-келген құрылымдардың кез-келген ұйымының активтерiн қамтиды.
5 Бап
Тоқтата тұру; Алып тастау; Мерзiмiнен бұрын аяқтау
5.01. Тарау. Бұл Банктiң несие жөнiндегi операциялары турасындағы Ережелерiнiң 8.02 (1) тарауындағы мақсаттарға сәйкес несие алушының қаржыландыру шотынан сома алу жөнiндегi хұқығын тоқтатудың қосымша тәсiлi ретiнде белгiленедi. Несие алушы Несие турасындағы Келiсiмде (арнайы операциялар) көрсетiлген өз мiндеттемелерiнiң ешқайсысын орындай алмады.
5.02. Тарау. Бұл Банктiң несие жөнiндегi операциялары турасындағы
8.07 (d) тарауындағы мақсаттарға орай аяқтаудың қосымша көрiнiсi ретiнде айқындалған. Бұл үшін осы Келiсiмнiң 5.01. тарауында көрсетiлгендегідей жағдай туындауы тиiс.
6 Бап
Күшiне ену
6.01 Тарау. Мынадай жағдай Несиенiң Техникалық шарттарындағы 9.01 (f) тарауының мақсатына орай осы Несие жөнiндегi Келiсiмнiң күшiне енуiнiң қосымша шарты болып табылады: Несие туралы Келiсiм (арнайы операциялар) әдемiлеп жасалып, Несие алушының атынан ресми түрде
тапсырылуы тиiс, әрi оның өз күшiне ену шарттары (Несие турасындағы осы Келiсiмнiң күшiне енуiн талап ететiн шарттардан басқа) толығымен орындалуы тиiс. 6.02 Тарау. Несие туралы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн Несие туралы Ережелердiң 9.04 тарауындағы мақсаттарға орай Несие турасындағы осы Келiсiмнiң күнiнен кейiн тоқсан (90) күн мерзiм белгiленедi. 7 Бап Өзгедей мәселелер 7.01 Тарау. Несие алушының Қаржы Министрлiгi Несие туралы Ережелердiң 11.02 тарауындағы мақсаттарға орай Несие алушының өкiлi болып тағайындалады. 7.02. Тарау. Несие туралы Ережелердің 11.01 тарауындағы мақсаттарға орай төмендегі мекен-тұрақтар көрсетіледі: Несие алушы үшін: Қазақстан Республикасы, Алматы 480091 Абылай хан даңғылы, 97 Қаржы министрлігі Факс N: (7-3272) 63 69 84; 62 27 70 Банк үшін: Азия Даму Банкі П/ж 789 0980 Манила, Филиппин аралдары Факс - (632) 636-2444; (632) 636-2402. Осыны куәландыру үшін екі жақ тиісті өкілдіктерге ие адамдары арқылы осы Келісімге өздерінің тиісті аты-жөндерімен қол қойып, Банктің Бас мекемесіне жоғарыда көрсетілген күні әкеліп тапсыруды қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасы Өкілетті адам Азия Даму Банкі Өкілетті адам Мерзімінен бұрын жасалған төлем үшін сыйлық Несие жөніндегі Ережелердің 3.06 (b) тарауына сәйкес несие қорының негізгі сомасының қандай да бір бөлігін белгіленген мерзімнен ертерек төлегені үшін сыйлық ретінде төмендегідей проценттер көлемі ұсынылады: Ерте төлеудің мерзімдері Сыйлық Мерзімінен бұрын төленген жағдайда Несиенің төленбеген сомасына қолданылатын процентті Ставка (жылдық процент есебінде) мыналарға көбейтіледі: Кемінде 3 жыл бұрын болса 0,11 3 жылдан 6 жылға дейін ерте 0,22 6 жылдан 11 жылға дейін ерте 0,41 11 жылдан 17 жылға дейін ерте 0,63 17 жылдан 22 жылға дейін ерте 0,81 22 жылдан 25 жылға дейін ерте 0,22 Мерзімінен 25 жыл ерте 1,00 N 2 Қосымша Несие қорын алу және бөлу Жалпы бөлiм
1. Осы қосымшаға тiркелген кестеде Несие қорынан қаржыландырылуға тиiстi товарлар мен қызметтердiң және басқа да шығындардың категориялары, Несие сомасының әр категория бойынша бөлiнуi (бұдан әрi қарайғы жерде Кесте) көрсетiлген. (Осы қосымшадағы "Категорияға" немесе "Категорияларға" жүгiну Кестенiң Категориясы мен Категорияларына, ал "Категория iшiндегiге" немесе "Категориялар ншндегiлерге" жүгiну осы қосымшадағы Категорияның Категория ішіндегiсiнде немесе Категориялар ішіндегiлерге тәуелдi).
2. Жергiлiктi салық
Несиенiң есеп-шотынан қандайда болмасын жергіліктi салық турасында қаржы алынбайды.
Банктен қаржыландырудың процентi
3. Осы қосымшада қарастырылған кейбiр жағдайларды есептемегенде Кестеде көрсетiлген Категориялар мен Категориялар астындағылар тiзiмiндегiлер осы Кестеде көрсетiлген проценттер негiзiнде Несие қорынан қаржыландырылады.
4. Осы қосымшаның 5 параграфына қарамастан Несие жөніндегі Келісімнің (Кәдуiлгi операциялар ) N 4 қосымшасындағы тиiстi ережелерге орай халықаралық сауда бәйгесi немесе халықаралық сатып алу шараларын өткiзу нәтижесiнде жергiлiктi жеткiзушiге берiлген кез-келген келiсiм-шарт төмендегi себептерге сәйкес Несие қорынан қаржыландырылады:
(а) егер жергiлiктi жеткiзушіден алынған, жергiлiктi жағдайда жасалған бұйымдар жеткiзiлiп берiлген бұйымдардың (қандай да бiр салықтардан басқа) франко-зауыттық құны 100% қаржыландырылған болса, және:
(b) егер жергiлiктi жеткiзушіден алынған бұйымдар түгелдей сырттан әкелiнген болса, онда оның келiсiм бағасының валюталық құны 100% қаржыландырылады.
Жергiлiктi шығындар
5. (а) Жергiлiктi шығындарды қаржыландыру мақсатында Несие есеп-шотынан 20,250,000 АҚШ доллары мөлшерiндегi несие қорын алуға болады.
(b) Егер осы параграфта ерекше қаралмаған болса және Банкпен ерекше келiсiлмеген болса Жоба бойынша жергіліктi шығындар турасында несие қорынан ешқандай сома алынбақ емес.
Процент және комиссиялық төлем
6. Үшiншi категорияға бөлiнген сома Жобаны орындау барысында несие бойынша төленетiн процент пен комиссиялық төлемге арналады.
Қайта бөлу
7. Осы Қосымшаның 5 параграфына сәйкес және де несие қорының бөлiнуi мен алынған проценттiң Кестеде көрсетiлуiне қарамастан мынадай жағдайларда несие қоры қайта бөлiнуi мүмкiн:
(а) Егер кез-келген категория бойынша бөлiнген несие сомасы осы Категория бойынша келiсiлген барлық шығындарды қаржыландыру үшiн жеткiлiксiз деп табылса, Банк Несие алушыға хабарлай отырып
(i) Банктiң пайымдауынша белгiлi бiр жетiспеушіліктi жабуға қажет болған басқа категорияның сомасын, егер бұл сома басқа шығындар үшiн қажет болмаса; және (ii) егер мұндай қайта бөлу әлгідей жетiспеушілiктi жаба алмайтын болса, осы Категория бойынша барлық шығындар жабылып бiткенге дейiн мұндай категориялардың қаржысынан алып отыру осы шығындардың процентiн азайту мақсатында жалғаса беретiндей жағдайда қайта бөлуге хұқылы.
(b) Егер кез-келген категория бойынша бөлiнген несие сомасы осы Категория бойынша келiсiлген барлық шығындардан жоғары болса, онда Банк Несие алушыға хабарлай отырып осы артық соманы кез-келген басқа Категорияларға қайта бөле алады.
Қаржыландыру шоты, шығындық тiзбелер
8. (а) Банк пен Несие алушы арасында басқаша келiсiм болмаған жағдайларда Несие алушы осы Келiсiм күшiне енген күннен кешіктiрмей 500,000 АҚШ доллары көлемiнде кәдуiлгi операцияларды қаржыландыру шотын ашуға мiндеттi. Кәдуiлгi операцияларды қаржыландыру шоты Банк үшiн қолайлы жағдайлар мен мезгілде және банктiк "Несие төлеу туралы нұсқаулар" (1996 жылдың маусымы) Ұсынымына, сонымен қатар Банк пен Несие алушы арасында келiсiлген егжей-тегжейлi келiсiмдерге орай дер кезiнде ашылып, басқарылады және тарқатылады. Кәдуiлгi операцияларды қаржыландыру шотына әу баста салынатын сома 500,000 АҚШ доллары көлемiнен аспауы тиiс.
(в) Банктiң шығындық тiзбелерi (SOE) Несиенi орнына салу жөнiндегi Нұсқауларға сәйкес және Банк пен Несие алушы арасында келiсiлген егжей-тегжейлi келiсiмдерге орай кәдуiлгi операцияларды қаржыландыру шотына келiп түскен мiндеттемелiк шығындарды және алдын-ала төлемдердi орындау мақсатында пайдаланылуы мүмкiн. Осы шығындық тiзбелер шеңберiнде жойылатын жекелей төлемдер 500,000 АҚШ доллары көлемiнен аспауы тиiс.
(с) Несие алушы кәдуiлгi операцияларды қаржыландыру шоты шығындық тiзбелер шеңберiнде тексерiлiп тұруын және аудиторлардың осы мәселе жөнiндегi қорытындысы осы Несие туралы Келiсiмнiң 4.06 (b) тарауына сәйкес аудиторлар есебiне жеке енгiзiлуiн қамтамасыз етуге тиiс.
Қаржыландыру шотынан қаржы алу шарттары
9. Осы Келiсiмнiң кез-келген басқа Ережелерiне қарамастан (а) Несие алушы Жобаның Банкке тиiмдi қалыптағы ВССА көлемiнде көптеген жерлерден өкiлдiк етушi бенефициарларымен жазбаша келiсiм жасамайынша ВССА шеңберiндегi iс-әрекеттер үшiн Несие қорының қаржыландыру шотынан ешқандай сома сыпырылып алынбайды. Бұл тек бенефициарлар (i) Жоба тарапындағы ВССА iс-әрекеттерiнiң беталысын мақұлдаған жағдайда және (іі) Қаржыны орнына келтiру жөнiндегi Қаулының шарттарына сәйкес Жоба шеңберiндегi осындай iс-әрекеттердiң инвестициялық бағасының келiсiлген проценттік төлемдерiн және (ііі) ЭТО талабына сәйкес шаруашылықаралық ирригация және құрғату жүйелерiн, оның iшiнде құрғату құдықтарын қоса АВП құрылуын мақұлдаған жағдайда мүмкiн болады. Және:
(в) Несие алушы тарапынан суға толық Заң күшiндегi баға есептейтiн Қаулы шығарылмайынша және Несие алушы суға баға есептеу жөнiндегi осы Қаулының заңды күшiн заңгерлер жағынан Банкке тиiмдi қалыпта толық дәлелдейтiн құжаттармен қамтамасыз етпейiнше Несие қорының қаржыландыру шотынан Жобаның В бөлiгi үшiн ешқандай сома сыпырылып алынбақ емес. N 1 Қосымша Амортизациялық кесте (Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару жобасы) Төлем мерзімі Негізгі соманы төлеу (* АҚШ доллары есебімен) 15 маусым 2005 US$ 248,300 15 желтоқсан 2005 260,800 15 маусым 2006 273,800 15 желтоқсан 2006 287,500 15 маусым 2007 301,900 15 желтоқсан 2007 317,000 15 маусым 2008 332,800 15 желтоқсан 2008 349,400 15 маусым 2009 366,900 15 желтоқсан 2009 385,300 15 маусым 2010 404,500 15 желтоқсан 2010 424,300 15 маусым 2011 446,000 15 желтоқсан 2011 468,300 15 маусым 2012 491,700 15 желтоқсан 2012 516,300 15 маусым 2013 542,100 15 желтоқсан 2013 569,200 15 маусым 2014 597,700 15 желтоқсан 2014 627,600 15 маусым 2015 658,900 15 желтоқсан 2015 691,900 15 маусым 2016 726,500 15 желтоқсан 2016 762,800 15 маусым 2017 800,900 15 желтоқсан 2017 841,000 15 маусым 2018 883,000 15 желтоқсан 2018 927,200 15 маусым 2019 973,500 15 желтоқсан 2019 1.022,200 15 маусым 2020 1.073,300 15 желтоқсан 2020 1.127,000 15 маусым 2021 1.183,300 * Осы бағандағы сандар қаржыны алу кезеңдеріне тиісінше белгіленген доллар мағынасын білдіреді. Несие жөніндегі Ережелерге (кәдуілгі операциялар) сәйкес тиісті күндерге белгіленген Төлемдер. N 1 Қосымша Амортизациялық кесте (Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару жобасы) Төлем мерзімі Негізгі соманы төлеу (* АҚШ доллары есебімен) 15 желтоқсан 2021 US$ 1.242,500 15 маусым 2022 1.304,600 15 желтоқсан 2022 1.369,900 15 маусым 2023 1.438,400 15 желтоқсан 2023 1.510,300 15 маусым 2024 1.585,800 15 желтоқсан 2024 1.665,100 * Осы бағандағы сандар қаржыны алу кезеңдеріне тиісінше белгіленген доллар мағынасын білдіреді. Несие жөніндегі Ережелерге (кәдуілгі операциялар) сәйкес тиісті күндерге белгіленген Төлемдер. (N 2 Қосымшаға тіркеме) Кесте Несие қорын бөлу және шоттан алу (Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару жобасы) Категория Банктік қаржыландыру проценті N Іс-әрекет Бөлінген қаржы % Қаржыландыру тізбесі Категория Категория шотынан ақша алудың ішінде негіздері 1 Инженерлік 11,972,200 құрылыс жұмыстары Жалпы шығын проценті 1 Судың А деңгейі мен 7,299,000 44 0% шетел, 44% жергілікті тұздануын шығындар бақылау 1 Шаруашылық В аралық суару 2,047,000 75 Жалпы шығын проценті жүйесін 1% шетел, 74% жергілікті жетілдіру шығындар 1 Су және жер С қорларын 2,626,000 76 Жалпы шығын проценті жергілікті 4% шетел, 72% жергілікті басқару шығындар Құрал-жабдық 2 (насос, бақылау 3,750,000 100 Шетелдік шығын проценті запас бөлшек) 3 Процент, комиссия 4,579,000 100 Шетелдік шығын проценті 4 Бөлінбегені 9,699,000 Барлығы 30,000,000 Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.