Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2002 жылғы 21 мамыр N 543. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. Тақырыбы және 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.13. N 342 қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1418 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 47, 459-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1322 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 444-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1418 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы N 947 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 319-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 21 мамырдағы
N 543 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.13. N 342 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану, сондай-ақ түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттiк сәйкестігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жұмыстарды үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.13. N 342 қаулысымен.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесімдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      3. Комиссияның негізгі міндеттері мынадай ұсыныстарды әзірлеу болып табылады:

      1) мемлекеттің шектеулі табиғи ресурсы ретінде радиожиілік спектрін пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының бөлу және пайдалану саласында радиоэлектрондық құралдардың даму үрдісі негізінде Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді сыртқы және ішкі саясаты жөнінде;

      2) Қазақстан Республикасының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тапсырыс берушi, оларды әзiрлеушi, пайдаланушы немесе шет елден сатып алушы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмысын үйлестiру жөнінде;

      3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әзірлеу, өндіру және Қазақстан Республикасының ішкі рыногына жеткізу кезінде олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен оларға қойылатын өзге де талаптарды анықтау жөнінде.

      4. Комиссия келесі ұсыныстарды әзірлеу жөнінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) радиожиілік спектрін тиімді пайдалану үшін ақпарат жинау мен оларды есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша;

      2) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әзірленетін (жетілдірілетін) немесе шет елден сатып алынатын түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін, сондай-ақ байланыстың спутниктік жүйелерінің (желілерінің) геостационар орбитасында жасанды спутниктердің қалқу орбиталары мен нүктелерінде (учаскелерінде) радиожиіліктер белдеулерін (номиналдарын) немесе радиожиілік арналарын бөлуді және пайдалануды жоспарлау жөнінде;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың перспективалы стандарттарын және технологияларын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін конверсиялауды жүргізу жөнінде;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында әрі қарай пайдалану үшін мемлекеттік стандарттары жоқ түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өндіру немесе шет елден сатып алу үшін талаптар мен негізгі техникалық сипаттамаларды (нормаларды) әзірлеу, анықтау және келісу жөнінде;

      5) электр және радиобайланыс саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін жетілдіру жөнінде іс-шараларды жүргізу бойынша;

      6) Қазақстан Республикасының байланысы саласындағы уәкілетті органының өкілдері Халықаралық электр байланысы одағының радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану мәселелері жөніндегі конференциялары мен жиналыстарына қатысуы үшін материалдар дайындау бойынша;

      7) электр және радиобайланыс саласындағы халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында орындалуын қамтамасыз ету бойынша;

      8) электр және радиобайланыс саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес одан әрі оларды Қазақстан Республикасының аумағында енгізу мақсатында түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың жаңа стандарттары мен технологияларын бекіту жөнінде;

      9) радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында олардың жиіліктік-аумақтық таралу нормаларын, сондай-ақ жиіліктік-аумақтық бөліну жоспарларын бекіту жөнінде;

      10) байланыс саласындағы уәкілетті органның заңды (жеке) тұлғаларға радиоэлектрондық құралдардың радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беруі жөнінде.

      5. Комиссияның негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында мыналарға құқығы бар:

      1) радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      2) жол берілетін сәуле шығару санитарлық нормаларына және индустриалдық электр және радиокедергiлер нормаларына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды, сондай-ақ басқа да техникалық құралдарды әзірлеуді, өндiрудi, әкелуді және пайдалануды тоқтату немесе тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      3) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша радиожиілік спектрін пайдаланушылардан қажеттi ақпарат сұрауға.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады. Комиссияның құрамына Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметін орындайтын Комиссия төрағасының орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүдделі мемлекеттік органдарының және ұйымдарының өкілдері кіреді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.14. N 1124 қаулысымен, 2004.02.02. N 121 қаулысымен, 2004.06.21. N 684 қаулысымен , 2005.04.13. N 342 қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      8. Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысты, заңды деп есептеледі.

      9. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      9-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      10. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

Об утверждении Положения о Межведомственной комиссии по радиочастотам Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2002 года N 543. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2018 года № 433.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.07.2018 № 433.
      Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 апреля 2005 г. N 342.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о Межведомственной комиссии по радиочастотам Республики Казахстан.

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 апреля 2005 г. N 342.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1996 года N 1418 "Об утверждении Положения о Государственной межведомственной комиссии по радиочастотам Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 47, ст. 459);

      2) пункт 5 изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 1998 года N 1322 "Вопросы Комитета транспортного контроля Министерства транспорта, коммуникаций и туризма Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 49, ст. 444);

      3) постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2000 года N 947 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1996 года N 1418" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 27, ст. 319).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан



  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 мая 2002 года N 543

Положение
о Межведомственной комиссии по радиочастотам
Республики Казахстан

      Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 апреля 2005 г. N 342.

1. Общие положения

      1. Межведомственная комиссия по радиочастотам Республики Казахстан (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан, осуществляющим выработку предложений по формированию единой государственной политики и координации работ в области распределения и использования радиочастотного спектра, а также обеспечения электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств различного назначения.

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 апреля 2005 г. N 342.

      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

2. Основные задачи, функции и права Комиссии

      3. Основными задачами Комиссии является выработка предложений:

      1) на основе тенденций развития радиоэлектронных средств по долгосрочной внешней и внутренней политике Республики Казахстан в области распределения и использования радиочастотного спектра Республики Казахстан с целью повышения эффективности его использования, как ограниченного природного ресурса государства;

      2) по координации работы государственных органов и организаций Республики Казахстан, заказывающих, разрабатывающих, эксплуатирующих или закупающих за рубежом радиоэлектронные средства и высокочастотные устройства;

      3) по определению основных технических характеристик и иных требований к радиоэлектронным средствам и высокочастотным устройствам при их разработке, производстве и поставке на внутренний рынок Республики Казахстан.

      4. Комиссия осуществляет функции по выработке следующих предложений:

      1) по проведению работ по созданию и развитию единой государственной системы сбора и учета информации для эффективного использования радиочастотного спектра;

      2) по планированию распределения и использования полос (номиналов) радиочастот или радиочастотных каналов для производимых, разрабатываемых (модернизируемых) в Республике Казахстан или закупаемых за рубежом радиоэлектронных средств различного назначения, а также орбит и точек (участков) стояния искусственных спутников на геостационарной орбите спутниковых систем (сетей) связи;

      3) по проведению конверсии радиочастотного спектра Республики Казахстан с целью внедрения перспективных стандартов и технологий радиоэлектронных средств различного назначения на территории Республики Казахстан;

      4) по разработке, определению и согласованию требований и основных технических характеристик (норм) для производства или закупки за границей для дальнейшего использования на территории Республики Казахстан радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств различного назначения, на которые отсутствуют государственные стандарты;

      5) по проведению мероприятий по совершенствованию Таблицы распределения полос частот между радиослужбами Республики Казахстан в диапазоне частот от 3 кГц до 400 ГГц в соответствии с международными договорами в области электро- и радиосвязи;

      6) по подготовке материалов для участия представителей уполномоченного органа в области связи Республики Казахстан в конференциях и собраниях Международного союза электросвязи по вопросам распределения и использования радиочастотного спектра;

      7) по обеспечению выполнения на территории Республики Казахстан международных договоров в области электро- и радиосвязи;

      8) по утверждению новых стандартов и технологий радиоэлектронных средств различного назначения в соответствии с международными договорами в области электро- и радиосвязи с целью их дальнейшего внедрения на территории Республики Казахстан;

      9) по утверждению норм частотно-территориального разноса радиоэлектронных средств в целях обеспечения их электромагнитной совместимости, а также планов частотно-территориального распределения на территории Республики Казахстан;

      10) по выдаче уполномоченным органом в области связи разрешений юридическим (физическим) лицам на использование радиочастотного спектра радиоэлектронными средствами.

      5. В целях реализации основных задач и осуществления своих функций Комиссия имеет право:

      1) вносить предложения по совершенствованию законодательства Республики Казахстан в области распределения и использования радиочастотного спектра;

      2) вносить предложения по приостановлению или запрещению разработки, производства, ввоза и использованию радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также других технических средств, не соответствующих санитарным нормам излучения и нормам допускаемых индустриальных электро- и радиопомех, а также в случаях нарушения законодательства Республики Казахстан в области распределения и использования радиочастотного спектра;

      3) запрашивать необходимую информацию у пользователей радиочастотного спектра по вопросам, относящимся к компетенции Комиссии.

3. Организация деятельности Комиссии

      6. Комиссию возглавляет председатель. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях Комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений и несет ответственность за деятельность осуществляемую Комиссией. В состав Комиссии входят заместитель председателя Комиссии, который во время отсутствия председателя Комиссии выполняет его функции, а также представители заинтересованных государственных органов и организаций Республики Казахстан.

      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 14 октября 2002 г. N 1124; от 2 февраля 2004 г. N 121; от 21 июня 2004 года N 684; от 13 апреля 2005 г. N 342.

      7. Рабочим органом Комиссии является Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      Рабочий орган Комиссии осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.

      После проведения заседания Комиссии секретарь Комиссии оформляет протокол.

      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      8. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в год и считаются правомочными, если на них присутствует не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      9. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования по форме согласно приложению к Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее – Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету Комиссии, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.

      По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.

      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Комиссии направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Комиссии для согласования.

      Члены Комиссии после получения листа голосования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      9-1. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 9-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      10. Решение Комиссии носит рекомендательный характер.