"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2002 жылға арналған Индикативтік жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1199 P011199_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнын дамытудың 2002 жылға арналған жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 24 мамырдағы
N 564 қаулысымен
бекітілген
"Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнын дамытудың 2002 жылға арналған жоспары
1. Кіріспе
"Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын дамыту жоспары кәсіпорынның 2000 жылғы қызметін талдау, 2001 жылдан күтілетін нәтижелер мен қалыптасқан әрі жоспарланып отырған жүк тасқындары мен олардың ұлғаюына немесе азаюына әсер ететін факторлар ескеріле отырып, белгіленген пайдалану және қаржылық көрсеткіштер негізінде "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2002 жылға арналған индикативтік жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1199 P011199_ қаулысына сәйкес әзірленді.
Есептеулер ұлттық валюта - теңгеде жүргізілді. Даму жоспарының кіріс бөлігінің көрсеткіштері мен банктердің несиелері, шетел мемлекеттерінің негізгі қаражатын (порттық сүйрегішті жалға алу) пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері сияқты АҚШ долларында көзделген шығыс бөлігінің кейбір көрсеткіштері "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2002 жылға арналған индикативтік жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1199 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес валютаның орташа жылдық бағамы бойынша есептелген.
Доллардың 2002 жылға арналған даму жоспарында қабылданған орташа жылдық бағамы - 154,6 теңге, оның ішінде әр тоқсан бойынша:
1 тоқсан - 151,49 теңге
2 тоқсан - 153,54 теңге
3 тоқсан - 153,55 теңге
4 тоқсан - 157,74 теңге
Жоспардың кіріс бөлігінің 2001 жылғы күтіліп отырған орындалуы доллардың орташа жылдық бағамы 147,1 теңге бойынша есептелген.
2. Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер
"Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) мемлекеттік кәсіпорын ретінде 1963 жылы құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ақтау теңіз сауда порты" акционерлік қоғамының мәселелері" туралы 1996 жылғы 26 наурыздағы N 356 P960356_ және "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері" туралы 1997 жылғы 23 сәуірдегі N 644 P970644_ қаулыларына сәйкес акционерлік қоғамнан мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысының негізінде кәсіпорын Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне енгізілді, 1996 жылғы 11 қазанда ҚР Әділет министрлігінің Маңғыстау әділет басқармасында тіркелді, куәлігі N 513-1943-ГП. Кәсіпорын Ақтау мен Баутинода орналасқан екі портты пайдаланады. Кәсіпорынның басты кеңсесі Ақтауда орналасқан.
Порт өз қызметінде Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулыларын, Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Жарғыны, сондай-ақ Порт дәстүрлерінің жиынтығын және теңіз сауда порттарының жұмыс ерекшеліктерін ескеретін басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді басшылыққа алады.
Порттың дербес балансы, банк мекемелерінде есеп және басқа да шоттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген әрі қазақ және орыс тілдерінде фирмалық атауымен мөрі бар.
Ақтау теңіз сауда порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.
Ақтау порты 1963 жылы салынды және бастапқыда Маңғышлақ аймағының уран өнеркәсібі мен мұнай кен орындарын дамытуды қолдау мақсатында құрылды. Кейіннен порт БН-350 атом электр станциясын, химия саласының зауыттарын және тікелей Ақтау қаласының өзін салуда елеулі рөл атқарды.
Порт дамытыла бастағаннан-ақ, өзіне бас және көмекші толқын тосқының және бір мезгілде төрт жүк айлақтарының құрылысын қамтыды. 1969-1986 жылдар кезеңінде төрт мұнай құю айлағы, сондай-ақ паром кешені құрылды.
Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін Ақтау порты арқылы тасымалдаудың едәуір бөлігі мұнай тасымалы болды, яғни 80-жылдардың басында жылына 7 млн. тоннаға дейін, құрғақ жүк тасымалдары жылына 300 мың тоннадан асқан жоқ.
Кеңестер Одағының ыдырауымен құрғақ жүк және мұнай тасымалдау көлемдері едәуір төмендеді. Тасымалдың өсуі 1995 жылдан - қазақстан металының қарқынды экспортталуы мен мұнай тасымалы көлемінің ұлғаюынан бастап байқалды.
Каспий теңізі деңгейінің көтерілуіне байланысты 90-жылдардың басында туындаған проблемаларды еңсеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 1993 жылы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне (бұдан әрі - ЕҚҚДБ) Ақтау теңіз портын оңалтуға арналған қаражатты инвестициялау туралы өтініш жасады.
1993 жылдың қыркүйегінде ЕҚҚДБ портты қайта құрудың Бас жоспарын дайындауға кірісті.
Бас жоспар бойынша зерттеулер негізінде ЕҚҚДБ заемды қайтаруға Қазақстан экономикасының әлеуетінде жеткілікті сенімділік бар екендігі және портты қайта құрудың 1 кезеңін, Қазақстан тарапының жоба құнының кемінде 25% міндетті ортақ қаржыландыру шартымен, құны 74 млн. АҚШ долларын инвестициялау қажеттігі туралы қорытынды шығарды. Портты қайта құру 1997-1999 жылдар кезеңінде жүзеге асырылды.
1999 жылдың қыркүйегінде портты қайта құрудың 1 кезеңінің аяқталуы нәтижесінде құрғақ жүкке қызмет көрсету бойынша порттың тиеу-қайта тиеу кешенінің мүмкіндігі, бұрынғыдай жылына 8,0 млн. тонна мұнайды ауыстырып тиеу мүмкіндігін сақтай отырып, жылына 1,5 млн. тонна деңгейге дейін жеткізілді.
Қазіргі уақытта Ақтау порты өзінің табысты дамуына мүмкіндік беретін негізгі технологиялық факторлары бар қазіргі заманғы көп мақсатты терминал болып табылады.
Жүк үймеленбеген үлкен алаңдармен қамтамасыз етілуі кеме мен қоймалар
арасында жүктерді жеңіл және жылдам көлбеу ауыстыру жүктерді тиімді
сақтауға мүмкіндік береді.
Жалпы ұзындығы 550 қума метр үш әмбебап құрғақ жүк айлағының болуы 4
кемені бір уақытта өңдеуге мүмкіндік береді.
Үш мұнай құю айлағы (N 4, 9, 10) қанағаттанарлық жағдайда ұсталуда.
Олардың сиымдылығы 12000 тоннаға дейінгі 3 танкерді бір уақытта өңдеуге
мүмкіндігі бар.
Порт қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін:
тиеу, түсіру, ТМД елдері мен шет мемлекеттердің кемелеріне қызмет
көрсетуді;
жүктермен көлік-экспедиторлық және қоймалық операцияларды;
жүктерді теңіз көлігіне басқа көлік түрлерімен ауыстырып тиеуді және
керісінше;
теңіз кемелерінің жолаушыларына қызмет көрсетуді;
каботаждық және шетелдік жүзудегі кемелердің жүктерін, жолаушыларын
тасымалдауды, бункерлік операцияларды;
порт айдынында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
кемелерге және басқа да көлік құралдары мен жабдықтарға техникалық
қызмет көрсетуді және жөндеуді;
сыртқы экономикалық қызметті;
коммерциялық және делдалдық қызметті;
балықтың бекіре түрін аулауды;
негізгі құралдарды жалдауды;
субагенттерге коммуналдық қызметтер көрсетуді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік
құқықтық кесімдеріне қайшы келмейтін, жоғарыда санамаланған қызмет
түрлеріне негізді қатысы бар қызметтің барлық басқа да түрлерін жүзеге
асырады.
3. 2000-2001 жылдардағы қаржылық-өндірістік
қызметті талдау және оның нәтижелері
3.1. 2000 жылғы өндірістік қызмет
Уәкілетті органдардың, аралас көлік ведомстволарының ("ҚТЖ" РМК) және кеме жүрісі компанияларының келісімі бойынша 2000 жылы белгіленген тиімді тарифтік режим металл өнімдерін тасымалдау көлемінің көбеюіне мүмкіндік берді.
Ресей ірі металлургия комбинаттарының металл өнімдерінің транзиттік жүк тасқыны тартылды. "Испат-Кармет" металлургия комбинатынан қара металл қақтамасы экспортының көлемі ұлғайтылды. 2000 жылғы қазанда алғаш рет Құмкөл кен орнынан мұнай жөнелтілді. 2000 жылғы 15 қыркүйектен бастап көптеген келіссөздер мен қол жеткізілген уағдаластықтар нәтижесінде Ақтау-Баку-Ноушахр (Иран) қатынасындағы автопаром желісі жұмыс істей бастады.
Құрғақ жүктерді жөнелтушілердің саны 1999 жылмен салыстырғанда 26 фирмаға өсті әрі 57-ні құрайды. Жүк тасқындарының жаңа бағыттары пайда болды, мысалы, 2000 жыл ішінде Түркияға 30,3 мың тонна металл сынықтары тиелді. Қостанай облысынан Иранға асбест тиелімі жүргізілуде, бір жылда 5,9 мың тонна асбест жөнелтілді. Атыраудан Иранға кокс жөнелтілуде, ал Ираннан Қазақстанға қорғасын концентраты тасымалданады, бір жылда 13,9 мың тонна кокс және 9,3 мың тонна қорғасын концентраты ауыстырылып тиелді. Сөйтіп, көлік байланыстарын және жүк номенклатураларын кеңейту жүзеге асырылуда және порттың монополиялық тасымалдаушылар мен қызметтерді сатып алушыларға тәуелділігі азайды.
Порт 2000 жылды мынадай нәтижелермен аяқтады:
Жүктерді жалпы ауыстырып тиеу 4,144 млн. тоннаны құрады, оның ішінде 3 млн. 385 мың тонна мұнай және 736 мың тонна құрғақ жүк ауыстырылып тиелді.
1999 жылмен салыстырғанда жалпы ауыстырып тиеу 1,8 есеге өсті. Оның ішінде мұнайды ауыстырып тиеу - 1,6 есе немесе 1 млн. 318,7 мың тоннаға, құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу 2,7 есеге, оның ішінде металл бойынша өсім 3 есені құрады.
Сатудан 2 млрд. 227,2 млн. теңге немесе 1999 жылдағыдан 2,5 есе көп кіріс алынды.
Есеп беру кезеңінде жоспарға қарағанда орташа айлық жалақы 14,6% өсті және 60,7 мың теңгені құрады, ал еңбек өнімділігі 34,8% өсті.
2001 жылғы 1 қаңтарда портта 344 адам жұмыс істеді, оның ішінде 250 жұмысшы және 94 инженер-техник қызметкер, адам санының өсімі бір жылдың ішінде 36%-ды құрады, бір жылдың ішінде 92 жаңа жұмыс орны құрылды.
413,7 млн. теңге сомаға салық, 168,6 млн. теңге жалақы төленді.
Корпоративтік салық 320 млн. теңгені құрады. Бір жылда таза кіріс 351
млн. теңгені құрады.
Негізгі қарызды және ЕҚҚДБ-ның пайыздарын төлеуге 973,5 млн. теңге
жұмсалды.
Ұжымды әлеуметтік дамыту бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде,
осы мақсаттарға 2000 жылы 19,5 млн. теңге жұмсалды, бұл 1999 жылға
қарағанда 47,7% артық. Еңбек жағдайын жақсарту және өндірісті
ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Тұрмыстық корпус іске
қосылды, жұмысшылар үшін буфет пен асхана жұмыс істейді. Ұжым мүшелері
арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке қорғанудың қажетті құралдарымен
қамтамасыз етілген.
2000 жылғы бизнес-жоспар көрсеткіштерінің орындалуын талдау
_______________________________________________________________________
Атауы ! Өлшем ! 2000 ж. ! 2000 ж. ! Орындалу
! бірлігі ! бизнес- ! нақтысы ! %-ы
! ! жоспар ! !
_______________________________________________________________________
Мұнай мың тонна 3200 3385,5 105,8
_______________________________________________________________________
Құрғақ жүктер мың тонна 404 736,0 182,2
_______________________________________________________________________
оның ішінде металл мың тонна 370 701,5 189,6
_______________________________________________________________________
басқалары мың тонна 34 35 102,9
_______________________________________________________________________
Астық мың тонна 100 15 14,5
_______________________________________________________________________
Паромдық тасымалдар мың тонна 8 8 100
_______________________________________________________________________
Жалпы ауыстырып тиеу мың тонна 3712 4144,2 111,6
_______________________________________________________________________
Сатудан түскен кіріс млн. теңге 1613,6 2227,7 138,1
_______________________________________________________________________
Өндірістің өзіндік құны млн. теңге 480,9 598,7 124,5
_______________________________________________________________________
Таза пайда млн. теңге -442,3 351,0 +1,3 есе
_______________________________________________________________________
Негізгі қаражат млн. теңге 6003 6685,6 111,4
_______________________________________________________________________
Орташа саны адам 300 296 98,7
_______________________________________________________________________
Өзіндік құн. Жоспарға қарағанда өндірістік өзіндік құнның абсолюттік
өсуі 24,4%-ды құрады, ал нақты кіріс көлеміне қайта есептегенде үнем 183,6
млн. теңге сомасында (480,8*1,381-480,8) болды. Жоспарға қарағанда
әкімшілік шығыстар 23,5%-ға төмендеді, маркетинг бойынша шығыстар 52,8%-ға
өсті. Жалпы шығыстар бойынша өткен жылдар резервінің қайтарылуы ескеріле
отырып, 92,7 млн. теңге сомасында үнем алынды.
3.2. 2000 жылға арналған қаржылық жай-күй
2000 жылдың 31 желтоқсанына ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп. 2000 жылғы операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының түсімі 2 млрд. 193,9 теңгені құрады. Оның ішінде: жұмыстар мен қызметтерді іске асырудан - 2 млрд. 145,4 млн. теңгені, депозит үшін сыйақы - 21,9 млн. теңгені, өзге де түсімдерден - 7,9 млн. теңгені, оң бағамдық айырмадан - 18,7 млн. теңгені құрады.
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатын істен шығару 1 млрд. 414,5 млн. теңгені құрады, оң қалдық 779,5 теңгені құрады.
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатын істен шығару 609,1 млн. теңгені құрады. Негізгі құралдарды сатып алуға 609,1 млн.теңге, оның ішінде заемдық қаражат есебінен 587,9 млн.теңге және жеке қаражат есебінен 21,2 млн.теңге жұмсалды.
Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының түсімі 558,2 млн. теңге, оның ішінде ЕҚҚДБ несиесі 208,2 млн. теңге және Эксимбанк несиесі 350,0 млн. теңге болды.
Ақша қаражатының істен шығуы (ұзақ мерзімдік несиені өтеу) 632,5 млн. теңгені (4,4 млн. АҚШ доллары) құрады. Қаржылық қызметтен түскен таза ақша қаражаты - 74,3 млн. теңгені құрады.
2000 ж. 31.12. ақша қаражатының қалдығы 494,2 млн. теңгені құрады, бұл 1999 жылдың соңындағы деңгейден 95,9 млн. теңгеге көп.
2000 жылғы таза кірісті бөлудің бекітілген нормативі бойынша порттың республикалық бюджетке аударым пайызы белгіленбеді, барлық таза табыс кәсіпорынның иелігінде қалдырылып, заемға қызмет етуге бағытталды.
Сөйтіп, кәсіпорын 2000 жылы ЕҚҚДБ-ның несиесі бойынша пайыздар мен негізгі қарызды төлеуді қамтамасыз етті, пайдалану шығыстарын жапты және заемның пайыздары мен негізгі сомасын кезекті төлеу үшін жылдың аяғына қор жинады.
Теңгерім. Кәсіпорын теңгерімінің 2000 жылғы құрылымын талдау теңгерім активтері мен пассивтерінің жалпы құнының негізгі қорларды енгізуге және 277,5 млн. теңгеге несие алуға байланысты ұлғайғанын көрсетті. Ұзақ мерзімді активтерде 90,2% құрайды, ағымдағы активтерге ақша қаражаты 71,9%-ды, таза дебиторлық берешек - 12,2%-ды құрайды, мұның өзі ағымдағы активтердің жылдам өтімділігін көрсетеді.
Теңгерім пассивтерінің құрылымында ағымдағы міндеттемелер 15,0% құрайды. Олардың үлкен бөлігін - 61,0%-ын ұзақ мерзімді несиелер құрайды, бұл порттың 2000 жылы сыртқы көздерден едәуір тәуелді екенін білдіреді. Кәсіпорынның шетелдік валютада заемдық қаражат бойынша міндеттемелері бола тұра, жергілікті валютаның құнсыздануына байланысты ЕҚҚДБ және ҚР Эксимбанкі алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерді қайта есептеуден туындаған шығындары бар және соған байланысты айналым қаражатының тапшылығы мен жабылмаған шығыны бар. 2000 жылы жеке капитал 30036,8 млн. теңге сомасында теріс шаманы құрады.
2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек айналымы 1,5 есеге қысқарды. 2000 жылы кредиторлық берешек айналымы 1999 жылмен салыстырғанда 18%-ға қысқарды.
2000 жылға беріктілік қоры 51,8%, ал 1999 жылға 8,6% құрады. 1999 жылға қаржылық цикл - 23,2 күннен, 2000 жылы - 6,6 күнге дейін төмендеді, бұл 2000 жылы Порттың белсенділігінің өскенін көрсетеді.
Кәсіпорын 2000 жылды бүкіл жыл ішінде бюджет пен жалақы бойынша қызметкерлер алдында берешексіз аяқтады.
Мемлекеттік кепілдікпен ұзақ мерзімді несие алу желісі бойынша Портты қайта құру жобасы бойынша барлық жұмыстар аяқталды (1 кезең). 2000 жылдың қыркүейгінде Мердігерді кепілдікпен алып жүру кезеңі аяқталды.
2000 жылдың аяғына ЕҚҚДБ несиесі 96,8%-ға игерілді, оның ішінде:
N 1 транш - 43,77 млн.доллар
N 2 транш - 12,41 млн.марка
Ортақ қаржыландыру қаражаты 100% игерілді.
Өз капиталы. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі уақытта өз капиталының мәні
бағамдық айырманың әсерінен заем бойынша берешекті қайта есептеуден теріс,
егер теңге бағамы долларға бесжылдық ішінде 2000 жылдағыдай тұрақты болса,
онда мәні бесжылдықтың аяғына оң нәтиже беруі мүмкін. Өз капиталының ұлғаю
көзі негізгі қарызды және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі несиесіне
пайызды өтеу және ішкі заемның капиталға айналуы болып табылады. Ішкі
заемды капиталдандыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі шешеді.
3.3. Порттың 2001 жылғы жұмысының қорытындылары
2001 жыл ішінде 6,45 млн. тонна жүк ауыстырылып тиелді, оның ішінде 4,325 млн. тонна мұнай мен паромдық тасымалдаулар мен астықты қоса алғанда, 1012 мың тонна құрғақ жүк бар.
Сатудан түскен кіріс 3 млрд. 321,7 млн. теңгені құрады немесе өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 1,5 есе өсті.
Жоспарды асыра орындаудан және өзіндік құнды үнемдеуге қатысты жоспардан тыс 426,6 млн. теңге немесе 2,8 есе табыс алынды.
Жүктерді ауыстырып тиеуден түскен табыс 3,16 млрд. теңгені құрады, басқа да жұмыстар мен қызметтерден түскен табыс N 4, 9 айлақтарды жалға алғаны үшін ақыны қоса алғанда 164,8 млн. теңгені құрады, басқа да қызметтен, оң бағамдық айырмадан түскен табысты қоса алғанда 403,6 млн. теңгені құрады.
Портты одан әрі қайта құру шеңберінде мынадай жобалар іске асырылды:
отандық жеке инвесторлардың тікелей инвестицияларының есебінен жүзеге
асырылған астық терминалы құрылысы;
темір жол паром кешені қайта құрылып, пайдалануға берілді, бұл жұмыс
істеп тұрған жолаушылар тасымалы мен көлік құралдары тасымалымен қатар
өңделетін жүктер номенклатурасын кеңейтуге, Ақтау-Баку бағыты бойынша
пароммен толыққанды жүк тасымалын жүзеге асыруға, жүкті өңдеу мерзімін
қысқартып, тұтастай алғанда экспорт-импорт операцияларының көлемін
ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Порт жұмысының 2001 жылғы көрсеткіштері мынадай кестемен сипатталады:
________________________________________________________________________
N! Көрсеткіштер ! Өлшем ! 2001 ! 2001 жылы ! орындалу %
! ! бірлігі ! жылға ! нақты !
! ! ! жоспар ! орындалғаны !
________________________________________________________________________
1. Мұнай мың тонна 3000 4325 144,2
________________________________________________________________________
2. Құрғақ жүктер мың тонна 895 1012 113,1
________________________________________________________________________
оның ішінде: а) металл мың тонна 700 989 141,3
________________________________________________________________________
б) астық -"- 150 84,2 56,1
________________________________________________________________________
в) басқалары -"- 45 23 51,1
________________________________________________________________________
3. Барлық ауыстырып тиеу мың тонна 3895 6450 165,6
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
4. Кірістер (барлығы) млн.теңге 3399,4 3727,9 109,6
________________________________________________________________________
5. Шығыстар (барлығы) млн.теңге 2438,1 2647,2 108,6
________________________________________________________________________
6. Корпоративтік салық млн.теңге 223,7 463,2 207,1
________________________________________________________________________
7. Таза кіріс млн.теңге 737,6 1080,7 146,5
________________________________________________________________________
2001 жылы 1080,7 млн. теңге сомасында таза пайда алынды.
4. Портты дамытудың 2002 жылға арналған перспективалары
4.1. Өндірістік-қаржылық қызмет, күтілетін нәтижелер
Порттың қаржы-экономикалық саясатын қалыптастырудың негізгі басты міндеттері портты одан әрі дамыту және Заем жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін қажетті ақша қаражатының ағынын тудыруға мүмкіндік беретіндей кірістер, операциялық шығындар және сату рентабельділігі деңгейіне жетуге өндірістік, маркетингтік және қаржылық менеджменттің барлық күштерін шоғырландыру болып табылады.
2002 жылға жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемін 2001 жылғы деңгейден 46,1%-ға төмендету жоспарлануда. Көлемдердің төмендеуінің негізгі себебі N 4, 5 және 9 мұнай құю айлақтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 1263 қаулысына сәйкес "Қазтеңізкөлікфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-қа ұзақ мерзімді жалға беру болып табылады. Мүліктік жалға берілген айлақтарды пайдалану кезінде мұнайды ауыстырып тиеу үлесі мұнайды жалпы ауыстырып тиеуде 66,2%-ды құрайтындықтан, тиісінше портта қалған айлақтарда мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 74,6%-ға төмендейді.
Құрғақ жүктерді ауыстырып тиеудің көлемі 22%-ға өседі және 1,6 млн. тоннаны құрайды.
Пайдалануға темір жол паром кешенін енгізу нәтижесінде 2002 жылы паромдармен жүктерді ауыстырып тиеу 816 мың тоннаға жоспарлануда немесе 2001 жылғы деректен 3 есе көп. Осындай жүктерден басқа паромдар арқылы 182 мың тонна құрғақ жүк және темір жол вагондарына және цистерналарына 400 мың тонна мұнай ауыстырып тиеу жоспарлануда.
Астықты ауыстырып тиеуді 2,4 есе өсіру жоспарлануда, оның көлемі 2002 жылғы 200 мың тоннаны құрайды.
Сатудан түсетін кіріс мұнай және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемін болжамды төмендетуді, паромдық тасымалдарды өсіруді ескере отырып, қолданыстағы тарифтер негізінде есептелген.
2002 жылға жалпы кіріс 2833,2 млн. теңгені құрайды немесе 2001 жылғы деңгейге 76%, оның ішінде N 4, 9 айлақтар бойынша порттық алымдардан түсетін кірістерді ескере отырып, мұнайды ауыстырып тиеуден - 877,2 млн. теңге немесе 47,8% металды ауыстырып тиеуден - 1067,2 млн.теңге немесе 93,1% және басқа жүктерден - 118,6 млн. теңге немесе 283,3%-ды құрайды.
Астық терминалын пайдаланудан түсетін кіріс 2,7 есе өседі және 85,9 млн. теңгені құрайды; темір жол паром кешенін пайдаланудан түсетін кірістер 4,0 есе өседі және 387,7 млн. теңгені құрайды.
Грантты, оң бағамдық айырманы және басқа кірістерді қоса алғанда, негізгі емес қызметтен түсетін кірістер 2001 жылмен салыстырғанда 53,2%-ға төмендейді.
Порттың 2002 жылға арналған жалпы шығысы 11,8%-ға төмендейді, оның ішінде кезең шығыстары - 1,5%-ға төмендейді, өндірістік өзіндік құн жоспарланған кезеңде 1,0%-ға өседі.
Өндірістік өзіндік құнның өсуі пайдалану мерзімі 3 жылдан асатын, қымбат тұратын импорттық материалдарға, қосалқы бөлшектерге, майға және бағасы тұрақты ұлғаятын отынның сапалы түрлеріне қосымша шығыстарды талап ететін импорттық қайта тиеу техникасына қызмет көрсетуге тікелей байланысты материалдар мен отынға арналған шығындардың өсуі сияқты факторлармен түсіндіріледі. Бұдан басқа, порттық сүйрегішті лизинг шарттарында 56,9 млн. теңге сомасына сатып алу жөнінде шығындар жоспарлануда.
Кәсіпорын қызметшілерінің орташа тізімдік саны 2001 жылы жұмыс көлемінің кенет ұлғаюына байланысты 27%-ға өсті және 2001 жылы 376 адам болды.
2002 жылға адам санын 10,6%-ға өсіру жоспарлануда, орташа айлық жалақы 2001 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендейді. Бір теңге кіріске еңбек ақы бойынша шығыстар 14,1 тиынды құрайды.
2002 жылы жаңа жұмыс орындарын құру көзделмеген.
Сатудан түскен кіріс 2002 жылы 2 млрд. 536,6 млн.теңгені құрайды, басқа да жұмыстар мен қызметтерді іске асырудан 106,3 млн. теңгені, негізгі қызметтен барлық кіріс 2 млрд. 642,9 млн. теңгені құрайды.
Қызметтердің өзіндік құны 949,7 млн. теңге, кезек шығыстары 794,7 млн. теңгені құрайды, операциялық қызметтен шығатын шығыстар жиыны 1 млрд. 744,4 млн. теңгені құрайды.
Бағамдық айырманы қоса алғанда, негізгі емес қызметтен нәтиже 187,5 млн. теңге шығынды құрайды.
2002 жылдың қорытындысы бойынша салық салынғанға дейінгі табыс 711 млн. теңгені құрайды. Салық төлегеннен кейін таза пайда 497,7 млн. теңгені құрайды.
Операциялық қызмет бойынша ақша қаражатының қозғалысы 2001 жылғы нақты жай-күйінің және ЕҚҚДБ заемы бойынша қабылданған пайыздар төлемдері және Несие келісіміне сәйкес Республикалық бюджет негізінде есептелген.
Операциялық қызметтен 2002 жыл ішінде ақша қаражатының түсімі 2 млрд. 780 млн. теңгені құрады.
Операциялық қызмет бойынша ақша қаражатының шығуы 1 млрд. 900,8 млн. теңгені, инвестициялық қызмет бойынша 242,2 млн. теңгені, қаржылық қызмет бойынша 836,0 млн. теңгені құрайды.
2002 жылдың басынан бергі 813,1 млн. теңге сомасындағы қалдықты ескере отырып, 2002 жылдың ақша қаражатының қалдығы 614,4 млн. теңгені құрайды.
Стратегияның жергілікті міндеттері:
Портты тұтынушыларға жобалық қуаттар шеңберінде жүктердің барлық номенклатурасын ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтердің толық тізбесін ұсынатын табысты кәсіпорын ретінде дамыту;
бар өндірістік қуаттарды толыққанды іске қосу арқылы құрғақ және сұйық жүктердің рыноктық үлесін ұстап қалу;
жаңа қызметтерді толыққанды игеру (т/ж паромымен ауыстырып тиеу, астықты ауыстырып тиеуді өсіруге жәрдемдесу);
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын және оның маңайындағы аумақтарды құру. Стратегиялық мақсаты бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың тұрақты өсуі және оның әлемдік экономикалық жүйеге кірігуі, оны әлемдік саудаға тарту және елдің сыртқы сауда айналымын ұлғайту үшін жағдайлар жасау ретінде айқындалады;
ЕҚҚДБ алдындағы міндеттемелері бойынша пайыздарды төлеудің
уақытылылығын қамтамасыз ету;
порттық инфрақұрылымды жетілдіру, феррохромды ауыстырып тиеу үшін
мамандандырылған айлақты салу;
балама көліктік бағыттар арқылы жеке меншік және транзиттік жүктерді
тарту есебінен жүк айналымын ұлғайтумен қатар өндірістік қуаттарды одан
әрі кеңейту.
2002 жылы құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемдерінің болжамы
________________________________________________________________________
N! Жүк түрлері ! Пессимистік ! Оптимистік ! Негізгі
! ! болжам ! болжам ! нұсқа
________________________________________________________________________
1. Металл 500 1000 900
________________________________________________________________________
а) қазақстандық 460 800 780
________________________________________________________________________
б) ресейлік 40 200 120
________________________________________________________________________
2. Астық 100 300 200
________________________________________________________________________
3. Кокс 5 15 10
________________________________________________________________________
4. Басқалары 70 110 90
________________________________________________________________________
Жиыны 675 2100 1200
________________________________________________________________________
2002 жылы темір жол паромдарымен тасымалданатын жүктерді
ауыстырып тиеу көлемдерінің болжамы
________________________________________________________________________
N! Жүк түрлері ! Пессимистік ! Оптимистік ! Негізгі
! ! болжам ! болжам ! нұсқа
________________________________________________________________________
1. Мақта 50 100 80
________________________________________________________________________
2. Контейнерлер 5 7 10
________________________________________________________________________
3. Глинозем 50 90 70
________________________________________________________________________
4. Жабдық 5 10 7
________________________________________________________________________
5. Тамақ өнімдері 10 20 15
________________________________________________________________________
Барлығы: 120 227 182
________________________________________________________________________
Мұнайды ауыстырып тиеу
Республикада 2001 жылы қалыптасқан экономикалық жағдай өнеркәсіптің барлық салаларында, оның ішінде мұнай өндіруде де өндіріс көлемдерінің өскенін көрсетеді. Мұнай өндіру деңгейін арттыруды іс жүзінде Қазақстанның барлық мұнай өндіретін компаниялары белгілейді, олар 2001 жылы өндіруді 40 млн. тонна көмірсутектік шикізатқа дейін ұлғайтуды жоспарлауда.
Бүгін қазақстандық экспорттық шикізат мынадай негізгі бағыттарды пайдалану арқылы: Қазақстандық мұнайды әлемдік рынокқа тасымалдайтын негізгі пункт - Новоросийск порты арқылы, Одесса және Феодосия порттары арқылы, сондай-ақ Атырау - Самара, Кеңқияқ - Орск, Құмкөл - Шымкент, Павлодар - Омбы құбырлары арқылы, сондай-ақ Ақтау - Баку - Новоросийск аралас темір жол - су-құбыр қатынасымен тасымалданады.
Бұл ретте, мұнай өндіретін кәсіпорындардың алдында тұтынушыларға
өндірілетін мұнайды тасымалдаудың ең оңтайлы және қолайлы бағыттарын
іздестіру өзектілігі сақталады.
2002 жылы мұнайды ауыстырып тиеу деңгейі мыналарды құрайды:
Пессимистік болжам - 2500 мың тонна мұнай;
Оптимистік болжам - 4300 мың тонна мұнай;
Негізгі нұсқа - 3150 мың тонна мұнай;
Негізгі нұсқа бойынша жоспарланған 3150 мың тонна мұнайдан N 10 мұнай
айлағы арқылы үштен бір бөлігі ауыстырып тиелетін болады, яғни 1 млн. 50
мың тонна. Қалған үштен екі бөлігі - 2 млн. 100 мың тонна көлемінде
"Қазтеңізкөлікфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-ға жалға берілген N 4 және 9 мұнай
айлақтары арқылы ауыстырып тиелетін болады, тиісінше мұнайды ауыстырып
тиеуден түскен кірістерді жалға алған ұйым алады (мың тонна).
---------------------------------------------------------------------------
Жүк түрлері !Пессимистік болжам!Оптимистік болжам!Негізгі нұсқа
---------------------------------------------------------------------------
Мұнай: 2500 4300 3150
оның ішінде а) "ТШО" БК 200 500 300
б) "ММГ" ААҚ 800 1000 900
в) "Қаражанбасмұнай" 600 1000 700
ААҚ
г) "Ақтөбемұнайгаз" 300 400 350
ААҚ
д) "Hurricane Kumkol 300 600 400
Munai"
е) "ТЕКСАКО" 50 200 100
ж) "Қазполмұнай" 50 200 100
з) Шағын мұнай өндіретін 200 400 300
компаниялар
---------------------------------------------------------------------------
Ақтау портында жүктерді ауыстырып тиеудің болжанатын
көлемдерінің 2002 жылға арналған жиынтық кестесі
---------------------------------------------------------------------------
Жүк түрлері !Пессимистік болжам!Оптимистік болжам!Негізгі нұсқа
! ! ! 2002 ж.
---------------------------------------------------------------------------
Құрғақ жүктер, 795 1652 1382
Барлығы:
Металл 500 1000 900
а) қазақстандық 460 800 780
б) ресейлік 40 200 120
Астық 100 300 200
Кокс 5 15 10
Басқалары 70 110 90
Пароммен 120 227 182
тасымалданатын жүктер
Оның ішінде: Мақта 50 100 80
Контейнерлер 5 7 10
Глинозем 50 90 70
Жабдық 5 10 7
Тамақ өнімдері 10 20 15
Мұнай, барлығы 2500 4300 3150
ММГ 800 1000 900
Қаражанбасмұнай 600 1000 700
ТШО 200 500 300
Басқа да 900 1800 1250
Барлығы: 3295 5952 4542
---------------------------------------------------------------------------
4.2. Тарифтік саясат
Тарифтік саясат саласында жұмыстар мен қызметтердің негізгі түрлері
бойынша мемлекеттік реттеу сақталуда.
Порт Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 1 желтоқсандағы N 08-ОД бұйрығымен бекітілген жұмыстары мен қызметтері үшін алынатын алымдар мен төлемдер ставкаларының бағанамаларымен жұмыс істейді. Содан бері порттың жұмысы мен қызметтері үшін алынатын алымдар мен төлемдер ставкалары қайта қаралмаған және 2002 жыл ішінде оларды ұлғайту жағына қарай қайта қарау жоспарланбаған, себебі басқа жағдайда порт өткір бәсекелестік жағдайларында өз клиенттерінен айрылып қалуы мүмкін. Ағымдағы жылы төмен рентабельділік болғандықтан тарифтерді төмендетуге болмайды, себебі жоспарлы рентабельділік барлығы 17,6%-ды ғана құрайды, N 4 және 9 мұнай айлақтарынан алынатын кірістерден айрылуға байланысты 2001 жылғы IV тоқсанда шығындар 1 млн. АҚШ долларын құрады, 2002 жылы 4 млн. астам АҚШ долларын құрайды. Сондықтан порт тарифі бірқатар жылдар ішінде тұрақты болып қалуда.
Транзиттік жүктерді ауыстырып тиегені үшін алынатын алымдар мен төлемдер ставкаларына төмендеткіш коэффициентті қолдану уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.
Паромдық тасымалдарға қатысты тарифтік саясат уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарына сәйкес халықаралық келісімдерге сәйкес келетін тарифтерді қалыптастырудың жалпы қағидаттарын ескере отырып, көлік дәлізінің бірыңғай тарифтік режимі шеңберінде келісілген іс-қимылдарды жүргізуге бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық K941000_ кодексіндегі және K010209_ салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты порт тарифтері ұлттық валютаға келтірілуде.
4.3. Мемлекеттік бюджетпен өзара қатынас
"АТСП" РМК-ның республикалық және жергілікті бюджеттерге 2002 жылғы салық түсімдері есептеулерге сәйкес 475,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде корпоративтік салық - 213,3 млн. теңге, бұл айлақтарды жалға беруге байланысты кірістердің азаюынан 2001 жылғыдан 2,2 есе кем.
4.4. 2002 жылғы инвестициялық бағдарлама және саясат
Порт "АТСП" РМК-ның 2001-2015 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын әзірледі және 2000 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісті.
Инвестициялық бағдарлама.
ЕҚҚДБ заемы бойынша қайта құруға тартылмаған негізгі құралдарды қолдау жөніндегі жұмыстар 2002 жылы жалғасатын болады.
Инвестициялық бағдарлама порттың өз қаражатынан 242,2 млн. теңге сомаға, оның ішінде қалпына келтіру және жөндеу, жобалау жұмыстарын 64,9 млн. теңге сомаға жүргізу және жабдықтар мен техниканы 177,3 млн. теңге сомаға сатып алу есебінен жүзеге асырылады. Жүк көтерімі 16 тонналық 2 автотиегіш, жүк көтерімі 80 тонналық автокран, компьютерлік жабдық және бағдарламалар, ЛИАЗ автобусы, байланыс жабдығы және басқалары сатып алынады.
Жоспарланған кезеңде қаражаттың болмауынан мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі қуаттарды жаңарту көзделмеген. N 4, 5 мұнай айлақтарын қайта құру мүліктік жалдау шартына сәйкес "Қазтеңізкөлікфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-тың қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Порттың 2002 жылғы инвестициялық бағдарламасына ТАСИС бағдарламасының қаражаты да тартылатын болады. Навигациялық жабдық пен байланыс құралдары 10,6 млн. теңге сомаға сатып алынады.
Инвестициялық саясат.
Порттың инвестициялық саясаты үш бағыт бойынша дамуды ұйғарады:
Ұзақ мерзімді жалға берілген аумақтарда тікелей инвестициялар есебінен ферроқорытпаларды ауыстырып тиеу жөніндегі айлақтарды және жүктерді уақытша сақтау қоймасын салу көзделген.
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінен толқын тосқы мен тосқауылды қайта құрудың 2-кезеңіне мемлекеттік кепілдікпен ықтималды жаңа несие алу.
Қаржылық лизинг сызбасы бойынша өз қаражаты есебінен 3,5 млн. АҚШ доллары сомасына сүйрегіш сатып алу.
4.5. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
Кәсіпорынды дамытудың 2002 жылға арналған жоспарында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды одан әрі орындау көзделіп отыр. Мәселен, мамандандырылған кәсіпорындармен жасалған шарттар бойынша құрамында мұнай бар суларды, шаруашылық фекальдық суларды қабылдау, өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету мен жайластыру, 2,04 млн. теңге сомасында сорбенттер сатып алу жөніндегі шығыстар көзделген.
Сондай-ақ 1,5 млн. теңге сомаға жинақтағышқа шектік-рұқсат етілген тастанды, қоршаған ортаның өндірістік мониторингі (теңіз суының, атмосфералық ауаның сапасын талдау) жөніндегі экологиялық паспортқа толықтырулар, өзгерістер енгізуді әзірлеу көзделуде.
4.6. Табыстан түскен түсімдердің нормативі
2002 жылы порт алатын "АТСП" РМК таза пайдасының 95%-ы ЕҚҚДБ заемы бойынша негізгі борышты өтеуге және 5%-ы кәсіпорынның резервтік қорына бағытталатын болады.
4.7. Әлеуметтік бағдарлама
Порттың өз теңгерімінде әлеуметтік сала объектілері (бала бақшалар, емханалар, қосалқы шаруашылықтар және осы тақылеттес объектілер) жоқ және оны бұдан былай ұстауды көздемейді.
Алайда, ағымдағы бизнес-жоспарларды, ұжымдық шарттарда, порттың перспективаға арналған даму жоспарларында порт қызметкерлерін және олардың отбасыларын, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау, мәдениет пен спортты дамыту, порт қызметкерлері балаларының жазғы сауықтыру демалысын
ұйымдастыру жөніндегі бағдарламалар көзделген.
Сонымен, 2002 жылы қызметкерлердің әлеуметтік жеңілдіктеріне 14,9
млн. теңге сомасында, әлеуметтік бағдарлама мен демеушілік көмекке 19,9
млн. теңге сомасында қаражат жұмсау күтілуде.
1-қосымша
"Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
2002 жылға арналған Даму жоспары
___________________________________________________________________________
! ! Өлшем !2000ж.!2001ж.!2002ж. !2002 жыл тоқсандар бойынша
! ! бірлігі ! есеп ! баға !болжам !__________________________
! ! ! ! ! ! 1 ! 2 ! 3 ! 4
___________________________________________________________________________
1. Активтер
а) Негізгі
құралдар млн.теңге 6685,6 7059,8 7128,5 7085,9 7130,7 7120,3 7128,5
б) Негізгі
құралдарды
амортизациялау
(жинақталған) млн.теңге 503,4 768,7 1053,7 836,5 908,6 981,1 1053,7
в) Жарғылық
капитал млн.теңге 235,6 235,6 235,6 235,6 235,6 235,6 235,6
2. Шығарылған
өнім көлемі
(жүктерді
ауыстырып
тиеу) -
барлығы: млн.тонна 4,14 6,45 3,066 0,763 0,767 0,767 0,769
оның ішінде
түрлері
бойынша:
1) мұнай және
мұнай өнім.
дерін ауыс.
тырып тиеу млн.тонна 3,385 4,325 1,050 0,262 0,263 0,262 0,263
өнімнің бір
бірлігіне
тарифтер
(жұмыстар, бір бірлік.
қызметтер) ке теңге 347 397,48 432,88 424,19 429,91 435,76 441,65
құны млн.теңге 1175 1719,3 454,5 111,1 113,1 114,2 116,2
- N 4, 9
айлақтар
бойынша кемелер 0 122,0 348,0 87,0 87,0 87,0 87,0
танкерлердің
кемелік кіруі
өнімнің бір
бірлігіне бір бірлік.
тарифтер ке мың
(жұмыстар, теңгеде 991,8 1214,5 1190,1 1206,2 1222,6 1239,2
қызметтер)
құны млн.теңге 0 121,0 422,7 103,5 104,9 106,4 107,8
2) құрғақ млн.тонна 0,736 1,012 1,000 0,250 0,250 0,250 0,250
жүктер
оның ішінде
2.1.металл млн.тонна 0,701 0,989 0,900 0,23 0,22 0,22 0,23
өнімнің бір
бірлігіне
тарифтер бір
(жұмыстар, бірлікке
қызметтер) теңгеде 1096 1159,27 1185,8 1162,0 1177,7 1193,6 1209,9
құны млн.теңге 768,8 1146,4 1067,2 267,3 259,1 262,6 278,3
2.2. Басқа. млн.тонна 0,035 0,023 0,100 0,02 0,03 0,03 0,02
лары
өнімнің бір
бірлігіне
тарифтер бір
(жұмыстар, бірлікке
қызметтер) теңгеде 981,0 1834,24 1185,75 1162,20
1177,67
1193,63
1209,55
құны млн.теңге 41,0 41,8 118,6 23,2 35,3 35,8 24,2
3) Астық
(астық
терминалы) млн.тонна 0,015 0,841 0,200 0,05 0,05 0,05 0,05
өнімнің бір
бірлігіне
тарифтер бір
(жұмыстар, бірлікке
қызметтер) теңгеде 430,5 381,05 429,78 421,19 426,81 432,68
438,46
құны млн.теңге 6,2 32,0 86,0 21,1 21,3 21,6 21,9
4) Паромдық
тасымалдар млн.тонна 0,008 0,270 0,816 0,20 0,20 0,21 0,21
өнімнің бір
бірлігіне
тарифтер бір
(жұмыстар, бірлікке
қызметтер) теңгеде 126,9 355,95 475,11 466,14 471,81 477,86
484,40
құны млн.теңге 0,95 96,3 387,7 93,7 96,2 98,2 99,5
Барлығы:
өнімнің бір
бірлігіне
тарифтер бір
(жұмыстар, бірлікке
қызметтер) теңгеде 480,7 489,58 827,33 812,49 821,409 832,82
842,50
құны млн.теңге 1992 3156,8 2536,6 619,9 630,0 638,8
647,9
Басқа да
жұмыстар мен
қызметтер млн.теңге 235,5 164,8 106,3 25,2 27,0 27,3 26,7
оның ішінде
N 4 және 9
айлақтарды
жалға
беруден* млн.теңге 29,7 94,6 23,2 23,5 23,8 24,1
Негізгі
қызмет
бойынша млн.теңге 2227,2 3321,6 2642,9 645,2 657,1
666,1
674,6
3. Барлық
қаржыландыру
көздері
есебінен
негізгі
капиталға
инвестициялар
- барлығы: млн.теңге 609,1 70,211 119,8 68,026 38,1 3,0 10,6
оның ішінде
мемлекеттік
бюджет
қаражаты млн.теңге 350
сыртқы
заемдар млн.теңге 237,9
жеке қаражат
есебінен млн.теңге 21,2 70,211 119,8 68,03 38,10 3 10,6
4. Кірістер - млн.теңге 2529,3 3727,9 2833,2 702,6 697,9 713,9
барлығы 718,8
Негізгі
қызметтен
түсетін
кірістер - млн.теңге 2227,4 3321,6 2642,9 645,2 657,1 666,1
барлығы
674,6
Басқа да
кірістер млн.теңге 301,9 406,3 190,3 57,4 40,8 47,8 44,2
5. Шығыстар -
барлығы млн.теңге 2178,3 2647,2 2335,5 624,4 573,1 577,6
560,3
Өнімнің
өзіндік құны
(жұмыстар,
қызметтер)
барлығы: млн.теңге 598,7 939,9 949,7 229,1 238,0 244,4
238,2
оның ішінде:
Өнімнің
негізгі
түрлерінің
өзіндік
құны
(жұмыстар,
қызметтер)
- барлығы млн.теңге 598,7 939,9 949,7 229,1 238,0 244,4
238,2
Оның ішінде:
Материалдар 8,45 91,2 117,2 29,8 28,8 29,0 29,6
қызметкерлердің
еңбегіне ақы млн.теңге 167,7 331,5 292,9 73,1 73,1 74,2 72,5
төлеу
еңбекке ақы
төлеу аударым.
дары млн.теңге 43,64 72,3 61,5 15,4 15,3 15,6 15,2
өндіріс
ақауы млн.теңге 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
үстеме
шығыстар млн.теңге 377,4 444,9 478,1 110,8 120,7 125,7
120,9
басқа да
шығыстар млн.теңге 1,5
Кезең
шығыстар млн.теңге 703,7 806,5 794,7 243,2 195,5 185,4
170,6
оның ішінде:
жалпы және
әкімшілік
шығыстар млн.теңге 196,2 380,7 409,2 149,5 90,7 86,7
82,3
сату бойынша
шығыстар млн.теңге 28,0 67,4 42,8 6,4 19,6 11,9 4,9
сыйақы
бойынша
шығыстар
(пайызбен) млн.теңге 479,5 358,4 342,8 87,3 85,2 86,8 83,4
Әлеуметтік
салаға
арналған
шығыстар млн.теңге
Негізгі
қызметтен
тыс шығыстар
- барлығы млн.теңге 556 437,6 377,8 118,6 86,1 89,4 83,6
Корпоративтік
салық бойынша
шығыстар млн.теңге 320 463,2 213,3 33,5 53,5 58,4 67,9
Басқа да
шығыстар млн.теңге
6. Таза кіріс
(шығын) млн.теңге 351,0 1080,7 497,7 78,2 124,7 136,3
158,5
7. Таза кірісті
бөлу, оның
ішінде: млн.теңге
Дивидендтер млн.теңге 0 0 0 0 0 0 0
Пайдадан
түскен
түсімдердің млн.теңге 0 0 0 0 0 0 0
нормативі
Норматив
бойынша
бюджетке
түскен
түсімдер
сомасы млн.теңге 0 0 0 0 0 0 0
Әлеуметтік
сала
шығыстары млн.теңге 0 0 0 0 0 0 0
Таза кірісті
бөлудің басқа
да бағыттары
(Еуропа Қайта
Құру және
Даму Банкінің
несиесін өтеу)млн.теңге 351,0 1026,7 472,8 74,3 118,6 129,5 150,6
Резервтік
қор млн.теңге 54,0 24,9 3,9 6,2 6,8 7,9
8. Дебиторлық
берешек -
барлығы млн.теңге 128,54 218,31 226,7 226,7 226,7 226,7 226,7
оның ішінде
сатып алушы.
лар мен
тапсырыс
берушілердің
берешегі млн.теңге 50,95 43,66 50 50 50 50 50
9. Кредиторлық
берешек -
барлығы млн.теңге 10051 9575,8 9479,0 9542,9 9641,0
9380,697
9479,0
одан:
жеткізуші.
лермен және
мердігерлермен 25,47 35 10 15 15 10 10
есеп айырысу
бойынша
банктер
несиелері
бойынша 9449 9040,1 9079,6 9106,9 9216,8 8973,8
9079,6
10. Қызметкерлер
саны адам 296 380 416 416 416 416 416
11. Жалақы қор млн.теңге 215,7 429,6 400,8 100,2 100,2 100,2
100,2
12. Орташа
айлық
жалақы мың.теңге 60,7 94,2 80,3 80,3 80,3 80,3 80,3
__________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
___________________________________________________________________________
! 2001ж. % ! 2002ж. % !
! 2000ж.-ға ! 2001ж.-ға !
___________________________________________________________________________
1. 105,6 101,0
152,7 137,1
100,0 100,0
2. 155,6 47,5
127,8 24,3
114,5 108,9
146,4 26,4
285,2
122,5
349,3
137,5 98,8
2.1. 141,1 91,0
105,8 102,3
149,1 93,1
2.2. 65,7 434,8
187,0 64,6
101,8 283,7
5606,7 23,8
88,5 112,8
512,7 268,6
3600,0 16 есеге.
280,4 133,5
24,7 16,5
есеге. есеге.
101,8 169,0
158,5 80,4
70,0 64,5
318,6
149,1 79,6
3. 11,5 170,6
331,2 170,6
4. 147,4 76,0
149,1 79,6
134,6 46,8
5. 121,5 88,2
157,0 101,0
157,0 101,0
1079,2 128,5
197,7 88,4
165,7 85,1
117,9 107,5
- -
114,6 98,5
194,0 107,5
241,0 63,5
74,7 95,6
78,7 86,3
144,8 46,0
6. 307,9 46,1
7.
292,5 46,1
46,1
8. 169,8 103,8
85,7 114,5
9. 95,3 99,0
137,4 28,6
95,7 100,4
10. 128,4 109,5
11. 199,2 93,3
12. 155,1 85,2
__________________________________________________________________________
* Ескерту: мүліктік жалға беру шартының талаптары бойынша жалға беру
төлемі тек жұмыс істеп тұрған айлақтар үшін жүргізіледі, ол 4 және 9
айлақтар болып табылады.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.