Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2002 жылға арналған индикативтiк жоспары (Қазақстан Республикасы Yкiметінің әлеуметтiк-экономикалық саясатының 2002 жылға арналған негiзгi бағыттары) (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн және 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2002 жылға арналған негiзгi көрсеткіштерінің болжамы мақұлдансын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) мүдделi орталық мемлекеттiк органдармен келiскеннен кейiн 2002 жылға арналған аймақтық индикативтiк жоспарларды мәслихаттардың бекiтуiне ұсынуды қамтамасыз етсiн;
2) 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейiн 2002 жылға арналған аймақтық индикативтiк жоспарларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспарларын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникациялар, Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрлiктерi ұлттық компаниялармен бiрлесiп, белгiленген тәртіппен ұлттық компанияларды дамытудың 2002 жылға арналған жоспарларын үстiмiздегi жылдың 15 қазанына дейiнгi мерзiмде бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі орталық
және жергілікті атқарушы органдармен, ұлттық компаниялармен бірлесіп, 2002
жылы тоқсан сайын Жоспардың негізгі көрсеткіштерінің болжамымен
салыстырмалы алғанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметін хабардар етіп отырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1199 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2002 жылға арналған
индикативтік жоспары
(Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясатының
2002 жылға арналған негізгі бағыттары)
Астана - 2001 жыл
Кіріспе
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарын әзiрлеген кезде
министрлiктердiң, агенттiктердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың, ірi
кәсiпорындар мен ұлттық компаниялардың жоспарланатын кезеңге ұсыныстары
мен ой-ниеттерi ескерiлдi. Онда 2002 жылы iске асырылуы қажет мақсаттар
мен мiндеттер белгiленген. Құжат Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасына
және
Республика Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына
негiзделедi.
1. Үкiметтiң саясаты және 2001 жылғы әлеуметтiк-
экономикалық даму үрдістерi
Қазiргi уақытта Қазақстан тұрақты экономикалық өсуге бағдарланған
экономикалық қайта құруларды аяқтау кезеңiнде.
2001 жылы Қазақстан экономикасының жоғары қарқынын қамтамасыз еткен негiзгi факторлар өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы және көлiк кәсiпорындарының тұрақты жұмысы, мұнай мен газ өндiрудiң және олардың экспорты көлемдерiнiң едәуiр өсуi, оларға қолайлы бағалар конъюнктурасы; халықтың және кәсiпорындардың төлеуге қабiлеттi сұранысының өсуi болды. Өсу жыл бойы теңгенiң АҚШ долларына алғандағы тұрақты бағамымен, инфляцияның төмен деңгейiмен, несие ресурстарының отандық тауар өндiрушiлерге қол жетiмдiлiгiмен қамтамасыз етiлді. Қазақстанның өңдеушi өнеркәсiбiнде өндiрiстiң өсуiне Ресейдегi және ТМД-ның басқа елдерiндегi экономикалық өсу үлкен ықпал жасады.
Салық саясатын және салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексi K010209_ қабылданды, ол 2002 жылдан бастап күшiне енедi. 2001 жылы қосылған құн салығының және әлеуметтiк салықтың ставкалары төмендетiлдi. Бұл салық жүктемесiнiң жалпы кемуiне және соның салдары ретiнде кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiнiң жақсаруына әкелдi.
Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын, болашақ ұрпақтар үшiн қаржылық қаражат жинақтау және экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсерiне тәуелдiлiгiн азайту мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық қоры құрылды.
Машина жасау, тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi өнімдерiнiң өндiрiсi өсуiне импорт алмастыру саясатын iс жүзiнде iске асыру қосымша серпiн бердi.
Мемлекеттiк инвестициялық қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыру саласында 2001 жылы құрылған Даму банкiнiң ролi зор. Оның қызметi өндiрiстiк инфрақұрылым мен өңдеушi өндiрiстердi дамытуға, экономиканың нақты секторына сыртқы және iшкi инвестициялар тартуға көмек көрсетуге бағытталады.
Қазақстанның банк жүйесiне сенiм артты, мұны 2000 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ағымдағы жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша депозиттер көлемiнiң 35% өсуi айғақтайды. 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың мөлшерi 2,7 млрд. АҚШ долларына жеттi.
Ағымдағы жылдың 9 айында отандық банктердiң тарапынан өнеркәсiп пен қызмет көрсетулер саласына орта және ұзақ мерзiмдi несиелер берудiң өсуi байқалды. Бұған, көбiнесе ресми қайта қаржыландыру ставкасының төмендеуi және коммерциялық банктердiң несиелерi бойынша ставкаларының төмендеуi ықпал еттi. 2001 жылғы қыркүйекте ресми қайта қаржыландыру ставкасының деңгейi жылдың басындағы 14% қарағанда 11% құрады.
2001 жылдың 1 жарты жылдығында iшкi жалпы өнiмнiң өсуi 14% құрады. Жалпы алғанда, 2001 жылы IЖӨ кемiнде 10,2%-ға, ал нақты жалақы - 7%-ға өсуi болжануда.
Тұтыну бағаларының индексi ағымдағы жылдың тамызының аяғында 2000 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,6% құрады.
Ұлттық Банктiң жалпы халықаралық резервтерi (ұлттық қордың қаражатын есепке алмай-ақ) 2001 жылғы 1 тамызда 2,4 млрд. доллар құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдердiң көлемi 1,1 млрд. АҚШ долларынан астамды құрады.
Елдiң жинақтаушы зейнетақы қорларында 1 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы ресурстары жинақталды. Капиталды жария ету жөнiнде жүргiзiлген акция елге 500 миллионға жуық АҚШ долларын тартуға мүмкiндiк бердi.
Халықаралық қаржы және экономика ұйымдары қазақстанда жүргiзiлген реформаларды оң көзбен қабылдауда. 2001 жылы жетекшi халықаралық агенттiктер (Standard & Рооr's, Мооdу,s Investors Sеrviсе, Fitch Ratings
;Ltd.) қазақстанның несиелік рейтингілерін "ВВ" деңгейiне дейiн көтердi.
Қол жеткен оң нәтижелерге қарамастан, мынадай бiрқатар проблемалар орын алуда:
тұтас алғанда өнеркәсiп пен экономиканың шикiзаттық бағдарлануы басым;
ел экспортының негiзгi баптары болып табылатын тауарлардың тар ауқымына әлемдiк бағалар конъюнктурасының ауытқуына экспортқа бағдарланған салалардың тәуелдiлiгi;
өндірістің техникалық деңгейінің төмендігі салдарынан экспорттық рыногтардағы отандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлетiнiң әлсiздiгi;
көптеген iрi кәсiпорындар қызметiнiң ашық жүргiзiлмеуi;
халық топтарының табыстарының арасындағы зор алшақтық;
аймақтар дамуының әркелкiлiгi.
2. Әлеуметтiк-экономикалық саясаттың 2002 жылға арналған
мақсаты мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң алдағы кезеңдегi мақсаттары мен мiндеттерi қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық жай-күйiн бағалауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасына негiзделедi.
2002 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық саясаттың-басты мақсаты 7% маңындағы экономикалық өсудiң жоғарғы қарқынын сақтау және ел халқының тұрмыс деңгейiн бара-бар көтеру болып табылады.
Алдағы кезеңге қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
индустриалдық және аймақтық саясат әзiрлеудi аяқтау;
импорт алмастыру саясатын тереңдету және экспорттық әлеуетiн арттыру;
республиканың энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде елеулi түрде iлгерiлеуге қол жеткiзу;
лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесiн оңтайландыру;
маңызды инфрақұрылымдық объектiлерге мемлекеттiк инвестициялардың көлемiн ұлғайту;
отандық жеке секторды капиталдандыру жөнiндегi жұмысты жандандыру;
экономиканың нақты секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыруда ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесiн арттыруға жағдай жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
экономикалық және бюджеттiк жоспарлау жүйесiн жетілдіру;
мал мен өсiмдiк өсiру, асыл тұқымды табын өсiру, тұқымдық қорды жақсартудың жаңа технологияларын дамытудың деңгейiн арттыру;
тұрғын үй құрылысы мен нақты секторды дамытуда халықтың қаражаты мен мемлекеттiк инвестициялардың қатысуын кеңейту жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар етiп қайта құруды және әлеуметтiк сала объектiлерiн жекешелендiрудi жалғастыру;
iрi кәсiпорындар мен инвесторлардың жұмысының қоғам үшiн ашық болуына қол жеткiзу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында кепiлдiк берiлген бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң сапасы мен толық болуын қамтамасыз ету;
мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгiзу жөнiндегi дайындық iс-шараларын жүргiзу;
жалақы мен зейнетақының ең төменгi мөлшерiн көтерудi жүзеге асыру;
кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi бағдарламаны iске асыруды жалғастыру.
3. Макроэкономикалық саясат
Iшкi жалпы өнiм 2002 жылы 7%-ға өседi деп болжануда. Бұған өнеркәсiптiк өнiм көлемiнiң кемiнде 10-11%, негiзгi капиталға инвестициялардың 20%-ға өсуi жәрдемдеседi.
Ақша-несие (монетарлық) саясат
Үкiмет Ұлттық банктiң инфляцияның төменгi деңгейiн ұстау, ұлттық валюта бағамының ауытқуын бәсеңдету және елдiң төлемдiк теңгерiмiнiң ағымдағы шотының оң сальдосын сақтау жөнiндегi ақша-несие саясаты саласындағы iс-қимылын жан-жақты қолдайтын болады.
Ұлттық банктiң ақша-несие саясаты саласындағы негiзгi мiндеттерi ретiнде:
инфляцияның деңгейiн жылдың аяғында 6,5%-ға дейін төмендету, мұның өзі өндірістің өсуі үшін қолайлы макроэкономикалық жағдай жасайды;
сауда теңгерiмiнiң оң сальдосын қамтамасыз ету мақсатында отандық тауар өндiрушiлерi өнiмiнiң экспорты үшiн қолайлы жағдайларды сақтау;
экспорттық түсiм мен импорттық мәмiлелер бойынша тауарлардың елге толық көлемде түсуiн қамтамасыз етуге арналған экспорттық-импорттық валюталық бақылау тетiгiн жетiлдiру көзделедi.
Салық-бюджет (фискалдық) саясат
Фискалдық саясат саласында Қазақстан Республикасының Yкiметi бюджет жүйесiн реформалау жөнiнде едәуiр қадамдар жасады.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Z990357_ Заңының жаңа редакциясы қабылданды. Қазiргi уақытта, республиканың бюджеттiк жүйесi жиынтығы мемлекеттiк бюджеттi құрайтын, дербес жұмыс iстейтiн республикалық бюджет және жергiлiктi бюджеттер түрiнде көрiнедi.
Салық заңнамасы саласында экономикалық өсудi көтермелеудi, мемлекеттiк бюджетке түсiмдердi көбейтудi, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң салық жүктемесiн төмендетудi қамтамасыз ететiн салық саясатын iске асыру үшiн қосылған құн салығы мен әлеуметтiк салықтың ставкалары төмендетiлдi.
Өзiнiң күшi бойынша тiкелей қолданылатын заңға барынша жақындатылған салық кодексi қабылданды, ол салықтар бойынша барлық нұсқамалық сипаттағы актiлердiң көптеген ережелерiн тұтас бiрiктiрдi, мұның өзi бiрмәндi түсiндiрудi қамтамасыз етуге, салық төлеушiлердi оның қолдануын оңайлатуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ салық тәртiбiн сақтау деңгейiн арттырады.
Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшiн қаржылық қаражатты жинақтау, қолайсыз сыртқы факторлардың әсерiнен экономиканың тәуелдiлiгiн азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды, ол жинақтаушы және тұрақтандырушы функцияларды атқарады.
Қазақстанның Даму банкi құрылды, оны құрудың өзектi мәнi ұлттық экономиканың, әсiресе, оның нақты секторының тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындады.
Алдағы кезеңде салық-бюджет (фискалдық) саясатының түйiндi мақсаттары:
Стратегиялық, индикативтiк және бюджеттiк жоспарлаудың бiрыңғайлығы қағидаттарына және бюджеттiң бағдарлама жасау методологиясына негiзделген тұрақты бюджет жүйесiн қалыптастыру;
Жоспарлау және болжау-талдау жұмысының сапасын арттыру;
iшкi сұранысты ұлғайту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
мемлекеттiк бюджетке түсiмдердiң қажеттi көлемдерiн қамтамасыз ету үшiн олардың өзара қаржылық қатынастарында мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу;
бухгалтерлiк есеп пен аудит жүйесiн жетiлдiру;
мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару тетiгiн жетiлдiру;
мемлекеттiк меншiк құрылымын оңтайландыру жөнiнде жұмыс жүргiзу;
мемлекеттiк кәсiпорындардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң дивидендтерi мен пайдасының үлестерiнiң тұрақты әрi толық түсуiн қамтамасыз ету және бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң жалпы көлемiнде осындай түсiмдердiң меншiктi салмағын арттыру жөнiндегi жұмысты күшейту;
ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы туралы Yкiметте директорлар кеңестерiнiң төрағалары мен директорлар кеңестерiндегi мемлекет мүшелерiн тұрақты тыңдауды қамтамасыз ету арқылы ұлттық компаниялардың директорлар кеңесiндегi ролi мен ықпалын күшейту;
бюджеттердiң атқарылуын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ететiн қазынашылық жүйесiн бiрiктiру және автоматтандыру;
мемлекеттiк сатып алулардың тиiмдiлiгi мониторингi мен талдаудың мемлекеттiк жүйесiн жасау;
бюджеттiк мiндеттемелердi қалыптастыру, атқарылуы және оны бақылау
процесiнде iшкi және сыртқы бақылаудағы мемлекеттiк органдардың
белсендiлiгiн арттыру;
банкроттық рәсiмдерiне көзқарасты қайта қарау және кәсiпорындарды
оңалту саласындағы жұмысты күшейту;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп капиталдық
халықаралық рыногтарында Ұлттық қордың активтерiн орналастыру жөнiнде
байыпты саясат жүргiзу болады.
2002 жылғы бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезiнде республика президентiнiң
қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айқындалған мынадай басты
басымдықтар белгiлендi:
экономикаға инвестициялардың өсуi;
әлеуметтiк сала;
елдiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қорғаныстық қабiлетiн нығайту;
Астана қаласын одан әрi дамыту.
Бюджет қаражаттарын жұмсау 2002 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссия бекіткен алдағы жылға арналған республикалық бюджеттiң қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi негiзiнде көзделедi.
2002 жылы елде жүрiп жатқан мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру, аймақтық сипаттағы әлеуметтiк мiндеттердi шешудi басқаруды жергiлiктi органдарға берумен және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Z010148_ Заңының қабылдануына байланысты бюджетаралық қатынастарды одан әрi жетiлдiру жүзеге асырылады.
Кiрiстердi республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлуде елеулi өзгерістер жүргiзiлдi мысалы, жергiлiктi бюджеттерде импорт акциздерiн қоспағанда, сондай-ақ қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер толық аударылатын болады. Корпоративтiк табыс салығы республикалық бюджетке толық көлемде аударылады.
4. Құрылымдық саясат
Сауда саясаты
Сауда саласында 2002 жылы "Сауда туралы" Заң қабылданады және сауда қатынастарын реттейтiн жаңа заңи актiлер әзiрленедi.
Сыртқы экономикалық саясаттың мақсаты - тауарлар, қызмет көрсетулер және капитал экспорты арқылы өзiнiң бәсекелестiк артықшылықтарын іске асыру үшiн сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады, бұл ретте, стратегиялық маңызы бар экономика секторларын қорғауды сонымен бiр мезгiлде және елдiң экономикалық дамуы үшiн қажеттi шет елдiк тауарлар, қызмет көрсетулер және капиталды қамтамасыз етедi. Осы мақсатты іске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
Экспорт пен импортты әртараптандыру үшiн жағдай жасау;
Тасымалдау шығыстарын азайту үшiн мұнай экспортының баламалы тасымалдау жолдарын iздеудi, астық пен металдарды өткiзу рыногтарының географиясын кеңейтудi жүзеге асыру;
қорғау, демпингке қарсы және басқа да шараларды әрi импорт алмастырушы өндiрiстердi тиiмдi қолдану арқылы отандық тауар өндiрушiлердi қорғау мен қолдаудың орынды деңгейiн жүзеге асыру;
негiзгi елдер басымдықтарын жiтi айқындап, басқа елдермен өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастарды дамыту;
мемлекеттiң экономикалық мүдделерiне сәйкестiгi тұрғысында Қазақстан Республикасының шарттары мен қабылданған халықаралық мiндеттемелерiн түгендеудi жүргiзу. Сауда саясаты саласында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимылдары 2002 жылы мыналарға:
экономиканы әртараптандыруға бағытталған тарифтiк саясатты жүргiзу және Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердiң ортақ кедендiк тарифiнiң негiздерiн кеңейтуге;
сыртқы саясатты реттеудiң тарифтiк және тарифтiк емес шараларын жетiлдiруге;
экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын iске асыруға; тәуелсiз мемлекеттер достастығы шеңберiнде еркiн сауда режимiн қалыптастыруға;
Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына енуiне дайындық шеңберiнде интеграциялық процестердi одан әрi дамыту.
Баға және монополияға қарсы саясат
2002 жылы табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, өндiрiстiк шығындарды кемiтудi ынталандыруға, ұзақ мерзiмдi негiзде энергия және ресурс сақтаушы технологияларды енгiзуге бағытталатын болады.
Баға саясатының негiзгi мiндеттерi:
электр энергиясын аймақтық желiлер бойынша беру жөнiндегi қызмет көрсетулерге тарифтердi кернеу деңгейлерiн ескере отырып белгiлеуге мүмкiндiк беретiн тарифтер есебiнiң әдiстемесiн жетiлдiру;
мұнай мен табиғи газды магистральдық труба құбырлары бойынша тасымалдау, табиғи газды бөлгiш труба құбырлары арқылы тасымалдау, сумен жабдықтау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi есептеудiң жаңа әдiстемелерiн енгiзу;
табиғи монополия субъектiлерi қызметiнiң барлық салаларына икемдi тарифтiк реттеудiң экономикалық жағынан негiзделген әдiстерiн енгiзу;
электр энергиясын аймақаралық және аймақтық желiлер бойынша берудiң және бөлудiң тарифтерiне төмендеткiш коэффициенттер қолдануды жалғастыру;
темiр жол көлiгiнде тариф жасауды жетiлдiру, ол үшiн жүктердi үш тарифтiк сыныпқа (өнiмнiң бағасын құрайтын көлiк үлесiне қарай) бөлу және маусымдық тарифтердi енгiзу жоспарлануда.
Бағалы қағаздар рыногын дамыту
Мемлекеттiң бағалы қағаздар рыногы саласындағы негізгi мақсаты оны экономикадағы бос қаржы ресурстарын қайта бөлудiң тиiмдi тетiгi ретiнде дамыту болып табылады. Қор рыногы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн банктiк несиелендiру және қосымша қаржы ресурстарын тарту жүйесiне баламалы толыққанды жүйе болуы тиiс.
2002 жылы бағалы қағаздардың қазақстандық рыногын дамытудың басым бағыттары мыналар болады:
бағалы қағаздардың қазақстандық рыногында инвестициялау мүмкiндiктерiн кеңейту;
қазақстандық эмитенттер мен мемлекеттiк емес облигациялар акцияларының инвестициялық тартымдылығының деңгейiн көтеру;
инвестициялаудың ұжымдық нысандары арқылы нақты экономикаға халықтың жинақтарын тартудың тетiктерiн жасау;
қазақстандық ұйымдардың менеджерлерiнiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздар эмитенттерiнiң қаржы ресурстарын қор рыногы арқылы тарту мәселелерiндегi бiлiктiлiк деңгейiн, сондай-ақ халықтың бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелерiндегi экономикалық сауаттылығы деңгейiн көтеру;
бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының қызметiн реттеудiң екi деңгейлi жүйесiн дамыту;
бағалы қағаздар рыногының институционалдық және техникалық инфрақұрылымын жетiлдiру.
Инвестициялық ахуалды және кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеу
жағдайларын жақсарту
2002 жылы Үкіметтiң инвестициялар саласындағы саясаты:
инвестициялау кезiнде шетелдiк және отандық инвесторлар үшiн жағдайларды бiрдей етуге;
Қазақстанның капиталдың сыртқы рыноктарындағы беделiн нығайтуға;
мемлекеттiк инвестицияларды ұтымды және тиiмдi пайдалануға;
жеке меншiк инвестициялардың құйылымын ұлғайтуға бағытталатын болады.
Инвестициялық саясаттың мақсаттарына қол жеткiзу үшін:
бәсекелестiк ортаны барынша сақтап қалу және мемлекет пен инвестордың мүдделерiн теңдестiрудi ескере отырып және олардың экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру шартымен экономиканың басым секторларына тiкелей инвестициялар тартуды көтермелеу шарттарын жетілдiру;
инвестицияларды қорғаудың және сақтандырудың пәрмендi жүйесiн құруға;
бас қаланың құрылысын салуға және қайта жаңартуға инвестициялар тартуға бағытталған шаралар пайдаланылатын болады.
Шағын кәсiпкерлiк саласында, оның, әсiресе өндiрiстiк, ғылыми-техникалық салаларында серпiндi және сапалы дамуы үшiн жағдайлар жасалады. Көрсетiлген мақсатты iске асыру үшiн 2002 жылы Yкiметтiң күш-жiгерi мынадай мiндеттердi шешуге:
халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерiнде қоғамдық бiрлестiктердiң ролiн күшейтуге;
шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторын басым дамытуға;
шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру және дамытуға;
франчайзинг процестерiн ынталандыруға бағытталатын болады.
Бизнес-инкубаторлар құру арқылы кәсiпкерлiктi қолдау жүзеге асырылады.
Жаңа отандық технологияларды жасау әрi игеру, тиiмдiлiгi ғылымды қажет ететiн өнiмдi шығару, ғылым мен өндiрiстi тұтастыру үшiн технопарктер қызметiнiң нормативтiк базасы әзiрленедi.
Өнiм өндiру және қайта өндiру салаларында кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау жүзеге асырылады.
Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамыту, консалтингi және ақпараттық қызмет көрсетулер рыногын дамыту үшiн қолайлы институционалдық ахуал қалыптастыру мақсатында барлық аймақта филиалдары бар тiкелей бiрiктiрiлген құрылым "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық көрме орталығы" құрылады.
5. Экономиканың секторларын дамыту
Өнеркәсiп
Yкiметтiң қызметi өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымын жетiлдiруге бағытталады. Осы мақсатта химия және мұнай химиясы өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын қалпына келтiру, ағаш өңдеу мен жиhаз жасау, сондай-ақ машина жасау өндiрiсiн дамыту бағдарламаларын iске асыру жалғастырылады. Трактор жасауды дамытуға ерекше назар аударылады. Ауыл шаруашылығы техникасына қол жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында оны лизингке беру одан әрi дамытылады. Өңдеушi өнеркәсiп салаларында импорт алмастыру бағдарламаларын iске басталады. Сондай-ақ мұнай-газ, ауыл шаруашылығы машинасын жасау бағдарламалары әзiрленедi. Yкiмет қорғаныс кәсiпорындары өнiмiнiң экспортын кеңейту жөнiнде арнайы шаралар қабылдайды.
Қазақстандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мақсатында ИСО 9000 сериясындағы халықаралық стандарттарға сай басқару жүйелерiн елдiң кәсiпорындарында енгiзу жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Қазiргi уақытта "ИСО 9000 сериясындағы халықаралық стандарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында сапа жүйелерiн әзiрлеу және енгiзу бағдарламасы" бекiтiлдi.
Стандарттарды жетiлдiру және өнiм сапасын арттыру мақсатында 2002 жылы:
отандық кәсiпорындарда сапа жүйелерiн енгiзу үшiн жағдай жасау;
халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес одан әрi үйлестiру;
соның iшiнде халықаралық деңгейде сертификаттау және сынау зертханалар бойынша отандық органдарды аккредиттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң негiз қалаушы стандарттарын әзiрлеу әрi жетiлдiру көзделедi.
Көзделiп отырған мұнай өндiрудiң өсуi Теңiз кен орнын пайдалануды кеңiнен өрiстету, Өзен мұнай-кен орнын оңалту, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы бiрқатар кен орындарын (Қожасай, Әлiбек моласы), Солтүстiк Бозашы кен орындарын iске қосу, Құмкөл кен орнындағы кен өндiрудi ұлғайту есебiнен қамтамасыз етіледi.
Теңiз және Қарашығанақ жобалары көмiрсутектiлердi өндiрудiң неғұрлым мол өсiмiн қамтамасыз етедi. 2002 жылы Аджип ККО Каспий теңiзi қайраңын игеру жөнiндегi жұмысты жалғастырады.
2002 жылға белгiленген Қарашығанақ кен орнынан мұнайды тасымалдау үшiн Ақсай-Yлкен Шаған-Атырау мұнай құбырын салу жөнiндегi жұмыстар кеңiнен өрiстетiледi.
Осы мақсатта Каспийдiң қазақстандық секторын дамыту бағдарламасы қабылданады.
Газ өнеркәсiбiнде Амангелдi кен орындары тобын пайдалану басталады.
Тұтас алғанда, тау-кен-металлургия саласы үшiн қолайлы экономикалық жағдайлар жасау жөнiндегi шаралар кешенiн орындаумен қатар, Кентау кен байыту фабрикасымен кешенге бiрiктiрiлген "Тау-Кен" тау-кен-металлургия компаниясы сияқты кәсiпорындардың қызметiн қалпына келтiру жөнiндегi Қарағайлы, Васильков тау-кен өндiру кәсiпорындарында кен өндiру көлемiн көбейту жөнiндегi жұмысты одан әрi жүргiзу қажет.
Мұнай өңдеу өнеркәсiбi саласында қазақстандық мұнайды қазiргi технологиялармен тереңдетiп және кешендi қайта өңдеу басым бағытқа айналады.
Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiндегi импорт алмастыру бағдарламаларын iске асыру осы салалардағы өндiрiс көлемiн одан әрi арттыруға жеткiзедi.
Энергиямен қамтамасыз етудi одан әрi дамыту үшiн;
Батыс Қазақстанда - оларды кейiн газды бу циклына көшiрiп - екiншi кезегi ретiнде кәдеге жаратушы қазандар мен бу турбиналарын салып, құны шамалы арзан газ турбиналық электр станцияларының бiрiншi кезегi ретiнде құрылыстар салу арқылы мұнай өңдеу барысында iлеспе газды кәдеге жарату негiзiнде жаңа генераторлық қуаттарды iске қосу жоспарлануда.
Республиканың бүкiл генераторлық қуатының 80% шоғырланған солтүстiк аймақта орнатылған жабдықтарды тиiмдi пайдалану есебiнен энергия өндiрудi арттыру мүмкiндiгi бар. Бұл үшiн жұмыс iстеп тұрған электр станцияларын қайта жаңарту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және кеңейту қажет.
Оңтүстiк аймақта тұтыну көлемдерiн арттыруға Екiбастұз электр станциялары өндiретiн салыстырмалы түрде арзан электр энергиясын беру көлемiн арттыру есебiнен қол жеткiзiлуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы
2002 жылы Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғастырылатын болады. Мемлекеттiк аграрлық саясат бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiретiн тиiмдi салаларды қолдауға, отандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудiң iшкi және сыртқы рыноктарының сыйымдылығын кеңейтуге, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң басқа да түрлерiн өндiрудi тұрақтандыру үшiн жалпы экономикалық жағдайларды қалыптастыруға құрылатын болады.
Аграрлық саясатты iске асыру мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк резервiн жаңарту, тұқымдық және азықтық астықтың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
элеваторлар қызметiн лицензиялау жүйесi институтын енгiзу;
елдiң астық ресурстары қозғалысының мониторингiн қамтамасыз ету;
малды аса қауiптi жұқпалы аурулардан қорғау және өсiмдiктердi аурулар мен жаппай зиянкестерден қорғау бағдарламаларын бюджеттiк қаржыландыру;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiн лизингтiк қатынастарды дамыту арқылы техникалық жаңалау;
таңдаулы тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын, құс шаруашылығын қаражаттандыру бағдарламаларын iске асыру;
минералдық тыңайтқыштарды сатып алуды мемлекеттiк қаражаттандыру;
ауылдық несиелiк серiктестiктер құру;
кепiлзат құралы ретiнде "астық қолхаттарын" беру институтын қолдануды кеңейту;
аграрлық секторды несиелендiру ауқымын кеңейту;
Азық-түлiк қауiпсiздiгi тұжырымдамасын әзiрлеу;
ауыл шаруашылығы ақпараттық жүйесiнiң бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесін жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
өндiрiс мәдениетiн, соның iшiнде технологиялық тәртiптi сақтау, тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдарын ұтымды пайдалану есебiнен жоғарылату;
селекция мен тұқым шаруашылығын, ең алдымен жапырылуға берiктiктi, тез пiсудi, жоғары өнiмдiлiктi және жақсы технологиялық қасиеттердi ұштастыратын, өсу мерзiмдерi әртүрлi сорттарды өндiрiске енгiзу негiзiнде одан әрi дамыту;
асыл тұқымды мал iсiн қолдау бағдарламасы негiзiнде өнiмдiлiктi арттыру жолымен отандық мал шаруашылығы өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
Мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу және экспорттау жөнiндегi мемлекеттiк корпорацияны құру;
суғарудың су үнемдеушi технологияларын енгiзу, сыртқы заемдар есебiнен суландыру құрылыстарын қайта жаңалау және жаңаларын салу бағдарламасын iске асыру.
Құрылыс
Құрылыс саласында өнеркәсiптiк және әлеуметтiк-мәдени саланың аса маңызды объектiлерiн жобалау және салу жөнiндегi мiндеттердi шешу пайымдалуда.
Мемлекеттiк қала құрылысы саясатының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасы әзiрленедi, ел аумағында мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және енгiзу жөнiндегi жұмыс жалғасады, құрылыстың келешегi бар, өзiн-өзi ақтайтын жобаларын ірiктеу, құрылыс материалдарын өндiретiн кәсiпорындарды жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру жөнiндегi жұмыс ұйымдастырылады.
Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын құрылысты мердiгерлiк жұмыстарға тендерлер өткiзу кезiнде отандық құрылыс компанияларына басымдық берiлетiн болады.
Құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру және құрылыс стандарттарын сақтау мақсатында уәкiлетті орган мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады.
Тұрғын үй саласына қаржы ресурстарын тарту, тұрғын үй рыногын жандандыру мақсатында ипотекалық несиелендiру және құрылыс жинақтары жүйелерiн дамытудың нормативтiк құқықтық базасын одан әрi жетілдiру және оларды елдiң барлық iрi аймақтарында iс жүзiнде қосуға септiк жасау пайымдалуда.
Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң iрi объектiлерi - Каспийдiң қазақстандық секторында, Теңiз және Қарашығанақ кен орындарында құрылыс жұмыстары шоғырландырылатын болады.
"ШМОС" ААҚ-ты жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасымен каталитикалық крекинг кешенi құрылысын аяқтау көзделуде, бұл ашық түстi мұнай өнiмдерiн жылына 1 млн. тоннаға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Өндiрiс тиiмділiгiн арттыру мақсатымен "Қазақмыс" корпорациясы қуаттылығы жылына 100 мың тонна мырыш беретiн, құны 87 млн. АҚШ доллары болатын мырыш заводы құрылысын аяқтайды.
2002 жылы жолдар салу мен қайта жаңарту бағдарламасы бойынша:
Орал қаласы ауданында Жайық өзенi арқылы көпiр салуды аяқтау;
Алматы - Астана автомагистралiн оңалтуды аяқтау;
Қызылорда тұсынан Сырдария өзенi арқылы көпiр өткелiн қайта жаңартуды бастау;
Атырау - Орал - Ақтөбе, Алматы - Бiшкек, Алматы - Қорғас автожолдарын қайта жаңартуды бастау;
Астана - Бурабай автожолы және Шығыс Қазақстан - Алтай Республикасының шекарасы автожолы учаскелерiн салуды жалғастыру жоспарлануда.
2002 жылы тұрғын үй құрылысына 20 345 млн. теңге бөлiнбек. Жалпы көлемiнiң 40,4% - кәсiпорындардың және мемлекеттiк емес сектордың қаражаты және 40% халық қаражаты негiзгi қаржыландыру көздерi болады. 2002 жылы республикада жалпы алаңы 1 256,1 мың шаршы метр тұрғын үйдi iске қосу жоспарлануда. Оның 868,5 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы халық қаражаты есебiнен болады, бұл жалпы көлемнiң 68,2%-ын құрайды.
Көлiк және байланыс
Көлiк және коммуникация кешенiн дамытудың негiзгi басымдықтары ұлттық
транзит әлеуетiн дүниежүзiлiк көлiк қоғамдастығының мүдделерiмен ұштастыра
пайдаланудан тұрады.
Көлiк және коммуникацияларды дамыту саласындағы саясат мынадай
мiндеттердi iске асыруды көздейдi:
бюджет және заем қаражатының есебiнен автомобиль жолдарын салу, қайта
жаңарту және қалпына келтiру;
азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеудiң құқықтық базасын жетiлдiру
және авиациялық қадағалауды айтарлықтай күшейту;
аэронавигациялық жабдықтарды жаңғырту;
Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау;
жүк тасымалы бойынша шығыстарды қысқарту үшiн жаңа темiр жол
желiлерiн салу;
телекоммуникациялық секторды ырықсыздандыру процесi басталатын болады;
телекоммуникациялар желiлерiн пайдалану шығындарын қысқарту және
тиiмдi басқаруды арттыру;
Қазақстанның бүкiл аумағында қаржы қызметтерiнiң кең түрін ұсынуға
қабiлеттi пошта-жинақ жүйесiн дамыту;
қызметшiлерiнiң тиiстi даярлығы бар iрi аудандық байланыс бөлiмшелерiнде пошта саласының трансфер-агенттiк қызметтер көрсету желiсiн одан әрi кеңейту;
автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық Конвенциялар мен Келiсiмдерге қосылу, отандық тасымалдаушылар үшiн мүдделiлiк тудыратын мемлекеттермен халықаралық автомобиль жолы қатынасы туралы екi жақты Келiсiмдер жасасу жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
республиканың су көлiгi жүйесiн дүниежүзiлiк жүйеге кiрiктiру, Волга - Дон арнасы арқылы Қара теңiздiң айлақтарына шығу үшiн баламалы көлiк бағыттарын дамыту, Иранның солтүстiк айлақтарына шығу, су жолдары мен тоспаларды, ұлттық теңiз сауда флотын кеме жүзу жағдайында ұстау;
КТК бойынша мұнай тасымалдау қуаттарын игеру және мұнай мен газды тасымалдаудың түрлi жолдарының мүмкiндiктерiн одан әрi зерттеу.
"Қазақстан темiр жолы" РМК және оның еншiлес кәсiпорындарын ЖАҚ етiп қайта құру жүзеге асырылатын болады, соның нәтижесiнде бiрқатар құрылымдық бөлiмшелер нақты ортаға бөленедi.
Мысалы 2002 жылы "Жолаушы тасымалы" ЕМК акцияларының мемлекеттiк
пакетiнiң 100%-ы уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiле отырып, дербес жабық
акционерлiк қоғамға бөлiнетiн болады.
"Дөң - Краснооктябрь кенiшi" учаскесiнде темiр жол құрылысы
жалғасатын болады.
2002 жылы Ақтау айлағының қайта жаңартудың екiншi кезегiнiң жобасын
iске асыруға кiрiсу, толқын қайтарғыштар мен тоғандарды, мұнай айлақтарын
қалпына келтiру, сондай-ақ лизинг шарттарымен сүйреткiштер сатып алу
жоспарлануда.
Салада Жайық - Каспий кеме жүзу арнасының түбiн кеңейту жұмыстарын
аяқтау және пайдалануға беру көзделуде.
Қаржы секторы
2002 жылы қаржы секторын дамыту саласында Yкiмет мынадай шараларды
жүзеге асыруды пайымдауда:
Қазақстан Даму Банкi ұзақ мерзiмдi инвестициялық жобаларды тең қаржыландыру үшiн жеке меншiк сектордың қаржы институттарын тарту жөнiндегi жұмысты жалғастыратын болады;
қаржы секторының тұрақтылығын нығайту үшiн ынтымақтастық негiзiнде қадағалауды одан әрi жетiлдiру мақсатында бiртұтас қаржылық қадағалау органы құрылатын болады;
банктерде активтер мен пассивтердi тиiмдi басқару жүйелерiн дамытуға, сондай-ақ олардың қатердi мейлiнше төмендетудiң iшкi рәсiмдерi мен регламенттерiн пайдалануына септiк жасау;
депозиттердi мiндеттi ұжымдық сақтандыру жүйесi одан әрi дамитын болады;
шағын және орта кәсiпорындарды несиелендiру үшiн қаржы лизингiн қолдану аясы кеңейедi;
почта-жинақ жүйесiн жетiлдiру процесi жалғастырылатын болады;
халықтың барлық жiгi үшiн қол жетiмдiлiгiн арттыру мақсатымен тұрғын үй құрылысы және құрылыс жинақтарының ипотекалық несиелерi бойынша ставкалар төмендетiледi;
халықты, әсiресе ауылдық жерлерде өзара несиелендiрудiң несиелiк кооперативтерi мен қоғамдары құрылатын болады;
сақтандыру қызметiн реттеудiң және оны қадағалаудың халықаралық стандарттары жүйесi енгiзiлетiн болады, бұл ұлттық сақтандыру рыногының ашықтығын және сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына талаптарды күшейтедi;
өмiрдi ұзақ мерзiмдi сақтандыруды, зейнетақылық, аннуитеттiк сақтандыру және сақтандырудың өзге де әлеуметтiк мәндi түрлерiн жедел дамытуға көшу жүзеге асырылатын болады;
сақтандыру рыногының сақтандырудың және қайта сақтандырудың халықаралық тәсiмдерiне кiрiгу процесi жалғастырылатын болады.
Сауда
2002 жылы тұтыну рыногында өткiзiлетiн тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi шаралар күшейтiлетiн болады.
Отандық өндiрушiлердiң тауарларын өткiзу жүйесiн жетiлдiру мақсатында республикалық және аймақтық деңгейде көтерме сауда жүйесi құрылады.
Барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң рынокқа еркiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн тұтынушылар кооперациясы жүйесiн дамыту ынталандырылады.
Сауда рыноктарының қызметiн тәртiпке келтiру мақсатында олардың қызметiн реттеу тетiктерi iске асырылады.
Муниципальдық сауда рыноктарының желiсiн құру тұтыну тауарларына бәсекелестiктi дамытуға және бағаларды төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Бақылаушы органдар қызметiнiң жүйесiн реттеу жолымен еркін тауар қозғалысы үшiн жағдай жасалады.
Сауданы ұйымдастырудың дәстүрлi нысандарымен қатар оның қазiргi заманғы түрлерi: сәлем-сауқаттық, электрондық және желiлiк маркетинг дамытылады.
Қоғамдық тамақтандыру саласында бәсекелестiк ортаны кеңейту үшiн тұтынушылардың түрлi топтарына бағдарланған, тамақ әзiрлеудiң индустриалдық әдiстерiне сүйенетiн "жылдам тамақтану" деп аталатын желiнi қоса алғанда, оны ұйымдастырудың дәстүрлi емес нысандарын дамыту ынталандырылады.
Ғылым және технологиялар
2002 жылы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы саясат республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн нығайтуға және тиiмдi пайдалануға, тұрмыс деңгейi мен сапасын жоғарылатуға бағытталған зерттемелер жасауға, ғылымды қажетсiнетiн, ресурс үнемдеушi және экологиялық таза өндiрiстердi, экспортқа бағытталған жоғары технологиялар өнiмдерiн енгiзуге, экономиканың шикiзаттық бағыттылығын технологиялық бағыттылыққа кезең-кезеңiмен ауыстыруға, ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалану негiзiнде ел экономикасын дамыту үшiн қажеттi жағдайлар мен қолайлы орта қалыптастыруға бағытталатын болады.
Бұл үшiн:
ғылымды және ғылыми-техникалық қызметтi ұйымдастыру жүйесiн одан әрi жетiлдiрудi;
инновациялық қызметтi дамытудың нормативтiк құқықтық базасын қалыптастыруды;
аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, республика аумағында бiрыңғай үйлестiрiлген инновациялық орталықтарды, бизнес-инкубаторларды, технопарктердi, консалтингтiк және оқыту фирмаларын қамтитын бiрыңғай инновациялық инфрақұрылым құруды;
қолданбалы зерттеулердiң бiрiншi кезекте экономиканың базалық
салаларының қажеттiлiктерiн ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуге
бағытталуын;
ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер шығару жөнiндегi жаңа импорт
алмастыратын (экспортқа бағдарланған) технологияларды әзiрлеудi және
енгiзудi;
ғылыми-техникалық кәсiпкерлiктi дамыту мақсатында стратегиялық маңызы
бар ғылыми ұйымдар қызметiнiң бейiнiн сақтай отырып, ғылыми-техникалық
саланың жекелеген объектілерiн қайта құрылымдауды және жекешелендiрудi;
мемлекеттiк ғылыми ұйымдар желiсiн оңтайландыруды қамтамасыз ету
қажет.
6. Әлеуметтiк даму
Халық, жұмыспен қамту және еңбек
ресурстарын дамыту
2002 жылы демографиялық саясат демографиялық процестердегi жағымсыз үрдiстердi еңсеруге, өсудiң кемуiн болдырмауға, Көшi-қон және демографиялық саясат бағдарламаларына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуiн қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Көрсетiлген Бағдарламалар шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу жөнiнде шаралар қабылданады:
көшi-қон, соның iшiнде сыртқы, шекаралық және iшкi бақылау жүйесiн құру;
бұрынғы отандастарымыздың отанымызға оралуына жәрдемдесу;
көшiп кетудi азайту және тұтасымен алғанда сыртқы көшi-қон жөнiндегi терiс сальдоны кемiту;
бала туушылықты тұрақтандыру және оны келешекте халықтың өзiмен өзi өсiп-өнуiн қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн арттыру;
өлiм-жiтiмдi азайту, халықтың орташа өмiр сүру ұзақтығын ұлғайту, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
отбасы-неке қатынастарын нығайту және дамыту;
халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру.
Еңбек рыногын дамытудың негiзгi мiндеттерi:
бар жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру;
еңбек рыногында жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу мақсатында iс-шараларды жүзеге асыру жолымен елде жұмыссыздықты қысқарту, жұмыссыздықты есепке алудың ұлттық жүйесiн құру жөнiнде жүйелi де ауқымды шараларын әзiрлеу;
жұмыс күшiнiң босап қалуының әлеуметтiк салдарларын жұмсарту;
шетелдiк жұмыс күшiн пайдалануды реттеу жолымен ішкi еңбек рыногын қорғау;
жұмысқа орналасуда және әлеуметтiк қорғауда қиыншылық көрушi халықтың тұтас топтарына кiретiн адамдарды тиiмдi қолдауды қамтамасыз ету;
халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуын ынталандыру, кәсiпкерлiктi қолдау;
өндiрiсте жарақат алуына немесе кәсiптiк науқастануына байланысты шығындарды өтеу мәселелерiн құқықтық реттеудi жетiлдiру;
жұмыс берушiлердiң еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңдарды сақтауын мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру.
Осыған байланысты:
қызметкердiң өзiнiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындауы кезiнде өмiрi мен денсаулығына келген зиян үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйесiн енгiзу.
Еңбек қатынастарының заңдық және нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
еңбек рыногын реттеу жөнiндегi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;
жұмыс күшiнiң жұмыспен қамтудың жасырын саласынан тiркелген еңбек рыногы саласына, атап айтқанда қолданыстағы әлеуметтiк жеке кодтардың мiндеттi қолданылу аясын кеңейту жолымен ауысуын ынталандыру жөнiнде шаралар әзiрлеу;
жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және оның еңбек рыногын қалыптастыруға әсерi үрдiстерiн болжау;
еңбек рыногының қажеттiлiктерiне сәйкес мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн жетiлдiру;
жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстар көлемi мен түрлерiн кеңейту және оларды инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын iске асыру кезiнде тарту;
Yкiмет, кәсiподақтар және жұмыс берушiлер арасында жұмыспен қамту мәселелерi бойынша әлеуметтiк сұхбаттың пәрмендi үш жақты тетiгiн реттеу.
Кедейлiкпен күрес және халықты әлеуметтiк қолдау
Алдағы 2002 жылы халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыты кедейлiкпен күрес болады. Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған P000833_ бағдарламасы бойынша iс-шараларды iске асыру аяқталады.
2002 жылы Кедейлiкпен күрес жөнiндегi 2003-2007 жылдарға арналған орташа мерзiмдi бағдарлама әзiрленедi, онда кедейлiк проблемаларын шешуге кешендi тәсiл көзделедi.
2002 жылға арналған әлеуметтiк саясат саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:
еңбекке ақы төлеудiң жалпы деңгейiн көтеру, ең төменгi жалақыны 20% көтеру, мемлекеттiк мекемелердiң ең аз төленетiн санаттағы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын кемiнде 25% көтеру;
еңбекке қабiлеттiлiгiн, асыраушысын және жұмысын жоғалтуға байланысты мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзу;
шағын несиелеумен айналысушы ұйымдарды Yкiметтiң қолдауы;
зейнетақы төлемдерi мөлшерiн көтерудi көздейтiн ынтымақты зейнетақы жүйесiнiң өлшемдерiн жетiлдiру;
жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ережелерiн насихаттау және түсiндiру жөнiндегi жұмысты жандандыру, халықты, ең алдымен ауыл тұрғындарын пошта-жинақ қызметiнiң, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың және басқа да институттардың мүмкiндiктерiн пайдалана отырып жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiмен қамтуды кеңейту жөнiндегi шараларды iске асыру;
ынтымақты зейнетақы жүйесiнен төлемдердiң жеткiлiктiлiгiн және зейнетақы жинақтары жеткiлiксiз болғанда, ең төмен зейнетақыға дейiн қосымша төлемдер түрінде мемлекеттiк кепiлдiктердiң болуын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң тетiгiн жетiлдiру;
мүгедектерді сауықтыру жүйесін жетілдіру, оларға қоғамға жан-жақты кiрiгуi үшiн мүмкiндiк беру;
ардагерлердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы одан әрi жетiлдiру.
1994 жылға дейiн тағайындалған зейнетақылар олардың мөлшерi жаңадан тағайындалған зейнетақыларға тең болуы үшiн арттырылатын болады.
1994-1998 жылдары тағайындалған зейнетақылар мөлшерiн арттыру кезiнде 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексiн, ал 1998-2001 жылдары тағайындалған зейнетақыларға - тұтыну бағаларын жылдық орташа индексiн ең төменгi зейнетақы бөлiгiнде жүзеге асыру ұсынылады.
Әйелдердiң әлеуметтiк-экономикалық дамуға қатысуы
2002 жылы негiзгi мақсатқа жету - ұлттық саясатқа гендерлiк аспектiлердi енгiзу жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.
Әйелдердiң экономикалық iлгерлеуi саласында, олардың денсаулығын
жақсарту мақсатында мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
мемлекеттiк жоспарларға, бағдарламаларға және статистикалық
есептемеге енгiзу үшiн гендерлiк индикаторлар әзiрлеу;
халықаралық ұйымдармен бiрлесiп әйелдердiң құқықтық ақпараттылығы
жөнiндегi бағдарламаларды iске асыруды жалғастыру;
Дүниежүзiлiк қайта жаңарту және даму Банкi жобасын iске асырудың
шеңберiнде онкологиялық ауруларды ерте анықтау жөнiндегi орталықтар ашу
жөнiндегi жұмыс;
әйелдер мен балалар үшiн дағдарыс орталықтарының желiсiн кеңейту.
Бiлiм беру
2002 жылы бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi
мiндеттерi:
"Бiлiм беру"
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру;
бiлiм беру ұйымдарының түрлерi мен үлгiлерi бойынша, әсiресе ауылдық
жерлердегi желiсiн одан әрi дамыту;
бiлiм беру сатыларының арасындағы сабақтастылық шарттарын жетiлдiру;
бiлiм беру қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру;
бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруға көп деңгейлi және көп арналы
тәсiлдi қамтамасыз ету;
5 - 6 жастағы балаларды бiлiм беру ұйымдарында мектепке дейiнгi
даярлау;
мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуды дамыту бағдарламасын әзiрлеу;
Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi даярлау мен басып шығару
мақсатты бағдарламасын
iске асыру;
оқытудың 12 жылдық жалпы орта бiлiм беру тұжырымдамасын әзiрлеу;
орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарының желiсiн тұрақтандыру және
кеңейту;
мына бағдарламаларды iске асыру:
бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарын ақпараттандыру;
бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар,
арнаулы пәндер бойынша оқу-әдiстемелiк кешендер шығаруды дайындау;
жоғары бiлiм берудiң қазақстандық жүйесiнiң бәсекеге қабілеттiгiн
арттыру;
ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының ықпалдастығы;
ел азаматтарының кәсiптiк бiлiм алуы үшiн мемлекеттiк бiлiм гранттары
мен несиелерiн беру тетiгiн одан әрi жетiлдiру;
мамандықтар тiзбесiн қайта құрылымдау жолымен мамандар даярлау
құрылымын реттеу;
ұлттық және аймақтық мемлекеттiк университеттердi дамыту;
жоғары оқу орындары қызметiн бағалаудың жаңа жүйесi - тiркеудi
енгiзу, оқу орындарын лицензиялауды және аттестациялауды жетiлдiру.
Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi даярлау мен басып шығару
мақсатты бағдарламасына
сәйкес жалпы бiлiм беру мектептерi үшiн
2001-2002 оқу жылында мемлекеттiк тiлдегi, орыс, ұйғыр, өзбек тiлдерiндегi
5-сыныптар үшiн оқулықтар оқу процесiне енгiзiледi және 6-9-сыныптар
үшiн оқулықтар байқаудан өткiзiледi.
Денсаулық сақтау
2002 жылы халықтың денсаулығын сақтау саласында "Халық денсаулығы" U984153_ мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру, халықтың медициналық көмекке қол жетiмдiлiгiн және оның сапасын жақсарту, денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.
Денсаулық сақтау саласындағы негiзгi мiндеттер:
Қазақстан Республикасында фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптi дамытудың мемлекеттiк U973621_ бағдарламасын, сондай-ақ қолданыстағы мақсатты кешендi және салалық бағдарламаларды одан әрi iске асыру;
"2001-2005 жылдарда Қазақстан Республикасында ана мен баланың денсаулығын сақтау" P010630_ бағдарламасын iске асыру;
дәрiлiк заттар айналымы саласындағы қызметтi реттеу және бақылау, фармацевтикалық өнiмдердiң отандық өндiрушiлерiн жеткiлiктi мемлекеттiк қолдауды, сапалы дәрiлiк заттардың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мәртебесiн көтеру, оның бақылаушылық-қадағалаушылық функцияларын кеңейту;
медициналық бiлiм берудi жетiлдiру және кадр саясатын ұйымдастыруды оқу процесiн оңтайландыру, дипломнан кейiнгi деңгейде бiлiм берудiң сапасын жақсарту, орта медициналық қызметшiлердi даярлау және қайта даярлау бағытында ұйымдастыру;
халықтың түрлi топтары мен санаттары үшiн бiлiм беру бағдарламалары арқылы салауатты өмiр салтын қалыптастыру практикасын кеңейту;
есiрткiнi терiс пайдаланудың алдын алу, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеудi және сауықтыруды ұйымдастыру жолымен Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрестiң 2000-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру болады.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек желiсiн өсiру пайымдалуда.
Қан диабетiмен ауыратындарды өзiне-өзi көмектесу әдiстерiне үйрету үшiн мектептердi ұйымдастыру, есiрткiмен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеуге жолдауды, жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алуды реттеу жөнiндегi жұмыс жалғасады.
Мәдениет, ақпараттық кеңiстiк, спорт және туризм
2002 жылы мәдениет саласындағы мiндеттер мыналар болады:
мәдениет саласының нормативтiк-құқықтық базасын одан әрi дамыту, мәдениет объектiлерiнiң жұмыс істеуi үшiн экономикалық жағдайлар жасау және оларды қаржыландыру қағидаттарын жетiлдiру;
Мұрағат iсiн дамыту бағдарламасын iске асыру. Автоматтандырылған мұрағат технологияларын пайдалану арқылы құжаттарды жинақтаудың, жүйелеудiң және iздестiрудiң қазiргi заманғы тетiктерiн құру басталады;
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк U010550_ бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру.
Аудандық мәдениет үйлерi ірiлендiрiлетiн болады. Клуб үлгiсiндегi мекемелер тек iрi шаруашылықтардың орталық мекендерiнде ғана сақталады. Бүкiл халықты түгел қамту үшiн аудандық мәдениет үйлерi негiзiнде бұрынғы автоклубтар үлгiсi бойынша жаңғыртылған құрылымы және тиiсiнше әлде қайда кең мүмкiндiктерi бар жылжымалы мүмкiндiктi мәдени-тынығу кешендерiн (МТК) құру болжануда.
Этностардың өзiн-өзi тануы мен қалыптасуында салт-дәстүрлердi сақтау және байыту әрi мәдениеттiң өзiндiк құндылықтары арқылы тарихи-мәдени мұра ескерткiштерiне ерекше мән берiледi. Ескерткiштер жинағын құрастыру, Тараз қаласының 2000 жылдығын мерекелеу шеңберiнде тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жөнiнде жұмыс жалғасатын болады.
Ақпараттық кеңiстiк саласындағы негiзгi мiндет газеттер мен журналдар арқылы, сондай-ақ телевидение мен радио хабарларының мүмкiндiктерiн пайдалану электрондық та, баспа бұқаралық ақпарат құралдарында да ақпарат тасқынын ұлғайту арқылы реформалар саясаты мен стратегиясын кең түсiндіру.
Дене тәрбиесi мен спортты дамыту Республикада дене тәрбиесi мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк U010570_ бағдарламасына және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар P010462_ жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Негiзгi күш-жiгер бұқаралық дене тәрбиесiн, оның
материалдық-техникалық базасын одан әрi дамытуға, спорт резервiн және
халықаралық сыныпты спортшылар дайындауға бағытталады.
2002 жылы халықаралық туристiк рынок үшiн сапалы, бәсекеге қабiлеттi
туристiк өнiм өндiруге және өткiзуге қабiлеттi туризм индустриясын құру
жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.
Туристiк саланы дамыту мақсатында мынадай iс-шаралар белгiленген:
Туристiк өнiмнiң әлемдiк рынокқа жылжуы үшiн маркетингтiк стратегияны
жасау;
"Жiбек жолы - Қазақстан" жыл сайынғы халықаралық фестивалiн өткiзу;
мәртебелi халықаралық жәрмеңке-көрмелерге қатысу;
туризмде сақтандыру жүйесiн ретке келтiру;
туризм проблемалары бойынша ғылыми орталық, сондай-ақ туристiк
ақпараттық орталық құру.
7. Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау саласының негiзгi проблемалары: өнеркәсiптiк қалалардың атмосфералық ауасының ластануы, су ресурстарының шектеулілiгi және сапалы ауыз судың тапшылығы жағдайында сумен жабдықтау көздерiнiң ластануы, жайылымдар мен жыртылатын жерлердiң тозуы, өндiрiс және тұтыну қалдықтары көлемiн барған сайын ұлғаюы, ормандар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жетiмсiздiгi болып қала бередi.
2002 жылы Yкiмет үйметаулар, қалдықтар, аңғарлар және бұрғылау ұңғымалары әсер ететiн экологиялық қауiптi аймақтар қалыптасатын пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және пайдалану кезiнде топырақтың ластануын бақылауды күшейту жөнiнде шаралар қолданатын болады.
Радиоактивтi қалдықтарды кәдеге асыру және көму, оның iшiнде бұрын уран өндiрген кәсiпорындар аумақтарын қайта оңалту проблемалары шешiледi. Суармалы егiс телiмдерiнде жерлердiң тұздануы мен батпақтануы процесiн болдырмау жөнiнде шаралар қолданылады.
Орман ресурстарының өсiмiн молайту, орманды қалпына келтiру табиғи және жасанды әдiстерiн пайдалану негiзiнде олардың өнiмдiлiгiн арттыру, орман зиянкестерi мен ауруларымен табысты күресу, орман өрттерiн болдырмауды жүзеге асыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен қаржыландыруды ұлғайту жоспарлануда.
Экологиялық туризм мен рекреацияны дамыту жөнiндегi жұмыс жүргiзiледi.
Экологиялық және табиғат қорғау бағдарламалары көздерiнiң барлық түрін оңтайлы пайдалану, транс шекаралық әлеуметтiк экологиялық проблемаларды шешуге халықаралық қорларды, заемдар мен гранттарды тарту, жобаларды тең қаржыландыру, республика бекiткен халықаралық экологиялық конвенциялар бойынша республиканың халықаралық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi жұмысты жалғастыру болжануда.
8. Аймақтық даму
2002 жылы аймақтық саясат "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Заң шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасының аймақтық саясат тұжырымдамасы әзiрленедi.
Аймақтарда жаңа өндiрiстер құру, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету және тiршiлiк ету жүйелерiн дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiн көтеру шаралар қабылданады.
Стратегиялық және индикативтiк жоспарларды, сондай-ақ әлеуметтiк саланы дамытуға, кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күреске, шағын және орташа кәсiпкерлiктi дамытуға, табиғи ресурстарды теңгерiмдi пайдалануға және қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруда жергiлiктi атқарушы органдардың ролi артады. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi мен түрлерiн анықтау бөлiгiнде әкiмдердiң өкiлеттiгi кеңейтіледi.
Шағын қалалар мен тоқырауға ұшыраған ауылдық аудандарды дамытуға
ерекше көңiл бөлiнедi.
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" мемлекеттiк
бағдарламасын iске асыру жалғастырылады.
Аймақтық инвестициялық бағдарламалар елдi мекендердiң тiршiлiгiн
қамтамасыз ету объектiлерiнiң ырғақты жұмысын қолдауға және шағын
кәсiпкерлiктi дамытуға, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль
жолдарын қайта жаңартуға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1199 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2002 жылға арналған индикативтік жоспары
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2002 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер 2001 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2001 ж. 2002 ж.
есеп бағалау болжам 2000 2001
жылға жылға
%-бен %-бен
___________________________________________________________________________
Әлеуметтік-демографиялық
көрсеткіштер
Халықтың жалпы саны (орташа 14869.1 14847.8 14848.5 99.9 100
жылдық), мың адам
Экономикада жұмыс iстейтiн. 6200.1 6295.2 6416.4 101.5 101.9
дердiң саны (орташа жылдық),
мың адам
Жұмыссыздық деңгейi, % 12.8 11.3 9.9
Зейнеткерлердiң саны 1881.2 1796.7 1726.9 96 96.1
(орташа жылдық), мың адам
Орташа жылдық есептiк 725 775 823 106.9 106.2
көрсеткiш, теңге
Жалақының ең аз мөлшерi 2680 3484 4200 130 120.6
Кедейлiк шегiнің мөлшерi, 1508 1812 2020 120.2 111.5
(орташа жылдық)
Кедейлiк шегi деңгейінен 1941 1875 1560 96.6 83.3
төмен тұрып жатқан
адамдардың саны
Оқып жатқандардың саны - 3613.7 3670.2 3714.6 101.6 101
барлығы, мың адам:
оның iшiнде:
мемлекеттiк мектептерде, 3320.1 3343.2 3387.6 100.7 101.3
кәсiптiк мектептер мен
колледждерде
мемлекеттiк жоғары оқу 293.6 327 327 111.4 100
орындарында
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. оның ішінде:
____________________________
есеп бағалау болжам 1 т. 2 т. 3 т. 4 т.
___________________________________________________________________________
Негiзгi капиталға
инвестициялар,
млрд. теңге 595.7 775.6 930.7 193.0 222 268.4 247.3
Тауарлардың экспорты,
млн. АҚШ
долл. 9615 9740 10356 2382 2589 2900 2485
Тауарлардың импорты,
млн. АҚШ
долл. 6850 8360 9447 2315.0 2362.0 2418.0 2352.0
Өнеркәсіптік өнімнің
(жұмыстардың, қызмет.
тердің) көлемi,
млрд. теңге 1761.5 2091.1 2449.6 579 561 613 697
Тау-кен өндiру
өнеркәсiбi 801.5 984.9 1202.9 269.6 252 312 369
Өңдеу өнеркәсібі 798.8 926.6 1050.4 253 266 261 271
Электр энергиясын,
газ бен суды өндіру
және тарату 161.2 179.7 196.3 56 43 40 57
Ауыл шаруашылығының
жалпы өнімі,
млрд. теңге 403 452.2 481 38 66.4 252.5 124.1
оның ішінде:
өсімдік шаруа.
шылығының өнімі 223.5 243.1 249.6 3.5 10 188.4 47.8
мал шаруашылығының
өнімі 179.0 209.1 231.4 34.5 56.4 64.1 76.3
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_________________________________________
Көрсеткіштер 2001 ж. 2002 ж.
2000 2001
жылға жылға
%-бен %-бен
_________________________________________
Негiзгi капиталға
инвестициялар,
млрд. теңге 124 120
Тауарлардың экспорты,
млн. АҚШ
долл. 102.5 106.3
Тауарлардың импорты,
млн. АҚШ
долл. 110.8 115
Өнеркәсіптік өнімнің
(жұмыстардың, қызмет.
тердің) көлемi,
млрд. теңге 113.5 111
Тау-кен өндiру
өнеркәсiбi 115.7 113.2
Өңдеу өнеркәсібі 112.7 107.8
Электр энергиясын,
газ бен суды өндіру
және тарату 106.2 104.6
Ауыл шаруашылығының
жалпы өнімі,
млрд. теңге 102.1 100.1
оның ішінде:
өсімдік шаруа.
шылығының өнімі 101.5 100.0
мал шаруашылығының
өнімі 102.6 100.2
______________________________________
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. оның ішінде:
____________________________
есеп бағалау болжам 1 т. 2 т. 3 т. 4 т.
___________________________________________________________________________
Маңызды макроэконо.
микалық көрсеткіштер
Жалпы ішкі өнім
(ЖІӨ), млрд. теңге 2596 3044 3499 729 848 1010 912
нақты өзгеру, тиiсті
кезеңге % 109.6 110.2 107 106.5 106 108 107
тұтыну бағасының
индексi, %
кезеңнiң аяғында 9.8 6.8 6.5 2.3 1 0.0 3.1
бір жылда орташа
есеппен 13.2 8.4 6.2
Теңгенің АҚШ
долларына бағамы
кезеңнің аяғында 145.4 150.5 157.5 153.4 154.6 155.1 157.7
бір жылда орташа
есеппен 142.4 147.1 154.6
Мемлекеттiк бюджеттiң
кiрiстерi,
ЖIӨ-ге %-бен 22.6 24.9 21.53*
Салықтық түсiмдер,
ЖIӨ-ге %-бен 20.2 21.99** 19.93
оның iшiнде:
Ұлттық қорға түсетiн
түсiмдер 2.5 1.0
Салыққа жатпайтын
түсiмдер, ЖIӨ-ге %-бен 1.49 1.98 1.3
* жекешелендiрусiз; ** оның ішiнде бiр жолғы түсетiн түсiмдер ЖIӨ-ге 0,76%
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер 2001 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2001 ж. 2002 ж.
есеп бағалау* болжам 2000 2001
жылға жылға
%-бен %-бен
___________________________________________________________________________
Монетарлық шолу
Таза сыртқы активтер,
млрд. теңге 302.7 382.9 449.8 126.5 117.5
Таза iшкi активтер,
млрд. теңге - 167.6 -257.8 -274.3 - -
Ақшалай агрегаттар
Ақша базасы, млрд. теңге 134.4 154.2 174.5 114.7 113.2
Ақша массасы, млрд. теңге 397 550.9 652.3 138.8 118
Ақшаның айналым жылдамдығы 6.54 5.53 5.29 - -
Монеталау деңгейі 15.3 18.1 18.9 - -
* - ҚРҰБ-ның 2001 жылдың аяғындағы таза сыртқы активтер мен таза ішкі активтерін бағалау Ұлттық қордың активтерін есептемей келтірілген