Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық Байланыс әкiмшiлiктерiнiң Басшылары кеңесiнiң 27-мәжiлiсi 2002 жылғы 10-11 маусымда өткiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң және Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық Байланыс әкiмшiлiктерiнiң (бұдан әрi - БАЫ БӘ) 2002 жылғы 10-11 маусым кезеңiнде Астана қаласында БАЬI БӘ Басшылары кеңесiнің 27-мәжiлiсiн (бұдан әрi - мәжiлiс) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса берiліп отырған БАЫ БӘ Басшылары кеңесiнiң 27-мәжiлiсiне дайындық және оны өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларының жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды iске асыру жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне БАЫ БӘ Басшылары кеңесiнiң 27-мәжiлiсiн өткiзуге, оның iшiнде делегация басшыларының тұруына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 2 230 800 (екi миллион екі жүз отыз мың сегiз жүз) теңге сомасында қаражат бөлсiн, сондай-ақ Балтық елдерi мен алыс шетел делегациялары үшiн келу және кету құжаттарын
ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік
және коммуникациялар министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 8 маусымдағы
N 613 қаулысымен
бекітілген
Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық Байланыс әкімшіліктерінің
Басшылары кеңесінің 27-мәжілісіне дайындық және оны өткізу
жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларының
Жоспары
__________________________________________________________________________
N ! Іс-шара ! Орындау ! Жауапты орындаушылар
! мерзімі !
__________________________________________________________________________
1 2 3 4
__________________________________________________________________________
1. Байланыс саласындағы аймақ. 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
тық ынтымақтастық Байланыс 25 сәуір Көлік және коммуникациялар
әкiмшілiктерiнің Басшылары министрлігі
кеңесiнiң 27-мәжiлiсiн (бұдан
әрi - БАЫ БӘ Басшылары
кеңесiнің мәжiлiсi) өткiзу
бағдарламасын дайындау
__________________________________________________________________________
2. БАЫ БӘ Басшылары кеңесiнiң 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
мәжiлiсiне дайындық және оны 25 сәуір Көлік және коммуникациялар
өткiзу жөнiндегі шығыстар министрлігі, Қазақстан
сметасын бекiту Республикасының Сыртқы істер
министрлігі
__________________________________________________________________________
3. БАЫ БӘ ресми делегациялары 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
басшылары мен мүшелерiн 9-12 маусым Көлік және коммуникациялар
Астана қаласының әуежайында министрлігі
қарсы алуды және шығарып
салуды ұйымдастыру
__________________________________________________________________________
4. Делегацияларға Астана қаласы 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
бойынша көлiктік қызмет көр. 9-12 маусым Көлік және коммуникациялар
сету министрлігі
__________________________________________________________________________
5. Делегациялар басшыларын 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
"Окан Интерконтиненталь" 9-12 маусым Көлік және коммуникациялар
қонақ үйiне және делегация. министрлігі
лар мүшелерiн "Турист" қонақ
үйiне орналастыруды
ұйымдастыру
__________________________________________________________________________
6. "Окан Интерконтиненталь" 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
қонақ үйiнің мәжiлiс залын 9-12 маусым Көлік және коммуникациялар
жалға алу және мәжілістi министрлігі, "Қазақтелеком"
техникалық қамтамасыз етуді ашық акционерлік қоғамы
ұйымдастыру (келісім бойынша)
__________________________________________________________________________
7. Делегациялар басшылары үшiн 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
сыйлықтар сатып алу 30 мамыр Көлік және коммуникациялар
министрлігі
__________________________________________________________________________
8. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар 11 маусым Көлік және коммуникациялар
министрi атынан ресми кешкi министрлігі
ас ұйымдастыру
__________________________________________________________________________
9. Делегациялардың жүру бағыты 2002 жылғы Қазақстан Республикасының
бойынша Қазақстан Республика. 10-11 Ішкі істер министрлігі
сының Iшкi iстер министрлігі маусым
Жол полициясы комитетінің
машиналарымен алып жүру
__________________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.