Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық Байланыс әкімшiлiктерiнің Басшылары кеңесінің 27-мәжілiсiне дайындық және оны өткiзу жөнiндегі протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 маусым N 613

      Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық Байланыс әкiмшiлiктерiнiң Басшылары кеңесiнiң 27-мәжiлiсi 2002 жылғы 10-11 маусымда өткiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң және Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық Байланыс әкiмшiлiктерiнiң (бұдан әрi - БАЫ БӘ) 2002 жылғы 10-11 маусым кезеңiнде Астана қаласында БАЬI БӘ Басшылары кеңесiнің 27-мәжiлiсiн (бұдан әрi - мәжiлiс) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қоса берiліп отырған БАЫ БӘ Басшылары кеңесiнiң 27-мәжiлiсiне дайындық және оны өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларының жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды iске асыру жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне БАЫ БӘ Басшылары кеңесiнiң 27-мәжiлiсiн өткiзуге, оның iшiнде делегация басшыларының тұруына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 2 230 800 (екi миллион екі жүз отыз мың сегiз жүз) теңге сомасында қаражат бөлсiн, сондай-ақ Балтық елдерi мен алыс шетел делегациялары үшiн келу және кету құжаттарын

 

ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік

және коммуникациялар министрлігіне жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                Қазақстан Республикасы

                                                     Үкіметінің

                                               2002 жылғы 8 маусымдағы

                                                  N 613 қаулысымен

                                                        бекітілген


    Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық Байланыс әкімшіліктерінің

         Басшылары кеңесінің 27-мәжілісіне дайындық және оны өткізу

              жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларының

                                Жоспары

__________________________________________________________________________

N !             Іс-шара         !  Орындау  !    Жауапты орындаушылар

                                !  мерзімі  !

__________________________________________________________________________

1               2                   3                    4

__________________________________________________________________________

1. Байланыс саласындағы аймақ.   2002 жылғы  Қазақстан Республикасының

   тық ынтымақтастық Байланыс    25 сәуір    Көлік және коммуникациялар

   әкiмшілiктерiнің Басшылары                министрлігі

   кеңесiнiң 27-мәжiлiсiн (бұдан

   әрi - БАЫ БӘ Басшылары

   кеңесiнің мәжiлiсi) өткiзу

   бағдарламасын дайындау

__________________________________________________________________________

2. БАЫ БӘ Басшылары кеңесiнiң   2002 жылғы  Қазақстан Республикасының

   мәжiлiсiне дайындық және оны  25 сәуір    Көлік және коммуникациялар

   өткiзу жөнiндегі шығыстар                 министрлігі, Қазақстан

   сметасын бекiту                           Республикасының Сыртқы істер

                                             министрлігі

__________________________________________________________________________

3. БАЫ БӘ ресми делегациялары    2002 жылғы  Қазақстан Республикасының

   басшылары мен мүшелерiн       9-12 маусым Көлік және коммуникациялар

   Астана қаласының әуежайында               министрлігі

   қарсы алуды және шығарып

   салуды ұйымдастыру

__________________________________________________________________________

4. Делегацияларға Астана қаласы  2002 жылғы  Қазақстан Республикасының

   бойынша көлiктік қызмет көр.  9-12 маусым Көлік және коммуникациялар

   сету                                      министрлігі

__________________________________________________________________________

5. Делегациялар басшыларын       2002 жылғы  Қазақстан Республикасының

   "Окан Интерконтиненталь"      9-12 маусым Көлік және коммуникациялар

   қонақ үйiне және делегация.               министрлігі

   лар мүшелерiн "Турист" қонақ

   үйiне орналастыруды

   ұйымдастыру

__________________________________________________________________________

6. "Окан Интерконтиненталь"      2002 жылғы  Қазақстан Республикасының

   қонақ үйiнің мәжiлiс залын    9-12 маусым Көлік және коммуникациялар

   жалға алу және мәжілістi                  министрлігі, "Қазақтелеком" 

   техникалық қамтамасыз етуді               ашық акционерлік қоғамы

   ұйымдастыру                               (келісім бойынша)

__________________________________________________________________________

7. Делегациялар басшылары үшiн   2002 жылғы  Қазақстан Республикасының

   сыйлықтар сатып алу           30 мамыр    Көлік және коммуникациялар

                                             министрлігі

__________________________________________________________________________

8. Қазақстан Республикасының     2002 жылғы  Қазақстан Республикасының 

   Көлік және коммуникациялар    11 маусым   Көлік және коммуникациялар

   министрi атынан ресми кешкi               министрлігі

   ас ұйымдастыру

__________________________________________________________________________

9. Делегациялардың жүру бағыты   2002 жылғы  Қазақстан Республикасының

   бойынша Қазақстан Республика.   10-11     Ішкі істер министрлігі

   сының Iшкi iстер министрлігі   маусым

   Жол полициясы комитетінің

   машиналарымен алып жүру

__________________________________________________________________________


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады