Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданына қайта атау туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданын қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданы Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті