Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Жамбыл облысы Жуалы ауданының Талапты ауылындағы 250 оқушыға арналған орта
мектептің жаңа ғимаратының құрылысы үшін Жамбыл облысының әкіміне
100000000 (бір жүз миллион) теңге қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.