Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 P001376_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, N 455-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
2-тармақ "мақсаты" деген сөзден кейiн "Республиканың қолданыстағы
заңнамасын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны
жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
заңнаманы кодтау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау
жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң қарауына енгiзу;
кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде
ұсыныстар енгiзу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |