Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы
Комиссиясы арасындағы Қаржыландыру туралы меморандумды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы
Комиссиясы арасындағы Қаржыландыру туралы меморандумды
бекіту туралы
1-бап. 1999 жылғы 11 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы арасындағы
Қаржыландыру туралы меморандум (бұдан әрі - Меморандум) бекітілсін.
2-бап. Осы Заң Меморандумға қол қойылған күннен туындайтын құқықтық
қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Александр Павлов мырза
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі
Астана
Құрметті Павлов мырза,
Өзіңізге белгілі, ағылшынның "Меморандум" сөзінің орыс тіліне "Соглашение" болып дұрыс аударылмауынан 1999 жылғы 11 қазандағы Қаржыландыру туралы меморандум Қазақстан Республикасының Парламентінде бекітілмеді.
Қалыптасқан жағдайды шешу үшін орыс тіліндегі шалалық түзетілген
құжатқа қол қоюды ұсынамын, мұнда, мәтін бойынша кездесетін бүкіл тұсында
"Соглашение" сөзі "Меморандум" сөзі болып түсінілетіні көрсетілетін болады.
1-қосымшада осы түзетілген құжат жобасын беріп отырмыз.
Сіздің тарапыңыздан келісуді күте отырып, Еуропа Комиссиясы атынан
осы құжатқа қол қоюды ұйғардым.
Құрметпен,
Алан Ваддамс
Елші
Өкілдік Басшысы
1-қосымша 2002.03.04
көшірмесі: Бауыржан Аймақов мырза, Экономика және сауда вице-министрі,
Тасис бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі
Арман Дунаев мырза, Қаржы вице-министрі, Тасис бағдарламасы
Ұлттық үйлестірушісінің орынбасары
Питер Могенсен мырза, НКБ жәрдем жобасының басшысы
Түзету
1999 жылғы 11 қазандағы Қаржыландыру туралы меморандум мәтінінде
"Соглашение" сөзі кездесетін барлық тұста, "Соглашение" сөзін "Меморандум"
сөзімен ауыстыруды өтінемін.
Алан Ваддамс Бауыржан Аймақов
Елші Экономика және сауда вице-министрі,
Өкілдік Басшысы Тасис бағдарламасының Ұлттық
үйлестірушісі
1999 жылғы Тасис бағдарламасы
Қаржыландыру шарттары бойынша келісім
Тараптар:
Еуропалық Бірлестіктің атынан (әрі қарай Бірлестік) әрекет ететін Еуропалық Бірлестіктер комиссиясы (әрі қарай Комиссия)
бiр жағынан және
Қазақстанның атынан әрекет ететін (әрі қарай Қазақстан) Қазақстан Үкіметі (әрі қарай Үкімет)
екiншi жағынан.
Бұл тараптардың 1996-1999 жыл аралығында Қазақстанда техникалық көмек көрсету бойынша Бірлестіктің (ТАСИС) көрнекі бағдарламаларын орындауға берген келісімі назарға алынады.
Осымен төмендегідей келісілді:
1. Мазмұны мен тақырыбы
Тараптар осыменен 1999-қаржы жылында Тасис бағдарламасының шеңберінде Бірлестік грант ретінде қаржыландыру шарттары бойынша осы Келісімнің айнымас бір бөлігі болып табылатын - 1 Қосымшада берілетін Қазақстанға 1999 жылға Әрекет ету бағдарламасымен белгіленген техникалық көмек көрсету бойынша шаралар енгізуді қаржыландырады деп келіседі. Ыңғайлы болу үшін аталған бағдарлама былай деп белгіленген:
N KZ 9901 Атауы: Қазақстанға техникалық көмек көрсету
2. Орындалу
Жоғарыда, яғни 1-бапта аталған шаралар қаржыландыру шарттары бойынша Келісімнің айнымас бір бөлігі болып табылатын 2-Қосымшада көрсетілген қаржыландыру шарттары бойынша Келісімге қолданылатын Негізгі қағидалар мен қаржыландыру шарттары бойынша осы Келісімде белгіленген ережелерге сәйкес Бірлестіктің бюджеті есебінен орындалып, қаржыландырылуы керек. Қаржыландыру шарттары бойынша осы Келісімге, сонымен қатар 1999 жылы Қазақстанға арналған Әрекет ету бағдарламасына және қаржыландыру шарттары бойынша осы Келісімге қолданылатын Негізгі қағидаларға енгізілетін түзетулер жазбаша түрде болуы керек және аталған тараптар арасында хат алмасу жолымен келісіле алады.
3. Тараптардың міндеттемелері
Бірлестік 1999 жылғы әрекет ету Бағдарламасын орындау үшін
Қазақстанға 16,650,000 Еуро- (он алты миллион алты жүз елу мың) бөлуге
міндеттенеді.
4. Ұзақтылығы. Мерзімнің аяқталуы
Бұл Келісім қаржыландыру шарттары бойынша оған екі тарапта қол
қойғаннан кейін күшіне енеді. Қаржыландыру шарттары бойынша бұл Келісімнің
аяқталу мерзімі - 31-желтоқсан 2002 жыл. Осы соңғы мерзім аяқталған соң KZ
9901 бағдарламасы бойынша қандай да бір қаржыландыру балансы аяқталады.
Қаржыландыру шарттары бойынша осы Келісім мен KZ 9901 бағдарламасының
ұзақтылығы Үкімет атынан жазбаша түрде негізделген сұраныс жіберген соң
келісіле алады.
5. Мекен-жайлар
Қаржыландыру шарттары бойынша осы Келiсiмге қатысы бар барлық және
кез-келген мәлiмет мына мекен-жайға жiберiледi:
Комиссия үшiн:
Мr. F. Lamoureux
European Commission
Tacis Programme
CHAR 12/67
Rue de Loi 200
B-1049 Brussels
Belgiunt
Өкілдік үшін:
У.А. Жандосов мырза
Премьер-министрдiң орынбасары
Чайковский к-сi, 144
1-қабат, 109-бөлме
480091 Алматы
Қазақстан
6. Көшiрме саны
Қаржыландыру шарттары бойынша осы Келiсiмнің ағылшын тіліндегі екі
нұсқасына, орыс тілдеріндегі екі нұсқасына қол қойылған, екі тіл де
түпнұсқалық болып табылады.
Еуропалық Комиссия үшiн және оның атынан
Аты-жөні: ________ мырза
Қызметі: Комиссия мүшесі
Күні:
Жері:
Қазақстан Үкіметі үшін және оның атынан
Аты-жөні: У.А. Жандосов
Қызметі: Премьер министрдің орынбасары
Күні:
Жері:
Еуропа қоғамдастығы техникалық жәрдемдесу бағдарламасы
1999 Іс-қимыл бағдарламасының жобалары
Қазақстан Республикасы
ІС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ - ҚАЗАҚСТАН
1999
M Еуро
А. Кәсiпорындарды қолдау 8,8
1. Құқықтық реформаны жүзеге асыруға жәрдемдесу 1,0
2. Өнеркәсiптiк бәсекелеске жәрдемдесу 1,0
3. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiктi қолдау 1,0
4. КИМЭП-тiң ұйымдық дамуына жәрдемдесу 2,3
5. Экология министрлiгiне жәрдемдесу 1,0
6. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне ұйымдық жәрдемдесу 2,5
Б. Тамақ өнiмдерiн өндiру, өңдеу және бөлу 2,0
7. Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау 2,0
С. Көлiк және телекоммуникациялар 2,0
8. Транзиттiк дәліздер саясатын әзiрлеу 2,0
Д. Энергетика 2,0
9. Қазақойл компаниясын қолдау 2,0
Е. Бистро 0,85
Ф. Резервтер 1,00
Жиыны 16,65
Бұған қоса, Қазақстан (SPP&ATA) бағдарламаларына қатысудан өзiне
;пайда алады. Бұл жеке қаржылық ұсыныста баяндалатын болады. Тұтас алғанда
7.35 миллион Еуро мынадай салаларға бөлiндi:
1. Темпус 2.0
2. Стратегия тұжырымдауға консультативтiк жәрдемдесу бағдарламасы 2.5*
3. Кеден 0.5
4. Статистика 1.5
5. Лиен 0.3
6. Менеджменттiң тиімдiлiгiн арттыру бағдарламасы 0.3
7. Қалалардың бауырласуы 0.2
8. АТА тетiгi 0.05
Барлығы 7.35
* ("Қазақстанның экономикалық үрдiстерi" журналының жарияланымдарын
қоса)
N 1 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы Заңдарды реформалауға жәрдемдесу
Сектор Құрылымдық және ұйымдық реформа
Жалпы бюджет 1 млн ЕУРО
Жобаның ұзақтығы 24 ай
Түпкі алушы Әділет министрлiгi
Жобаның негіздемесi
Тәуелсiздiк алғаннан бастап Қазақстан Үкiметi өзiнің күш-жiгерiн нарықтық экономиканы орнатуға және инфляцияның деңгейiн ауыздықтау, бюджеттің тапшылығын бақылау және ырықсыздандыру мен жекешелендiру процесiне бағытталған жүйелiк реформаларды енгiзу жолымен тұрақты макроэкономикалық шеңберлердi қамтамасыз етуге шоғырландырды. Бақылаудағы құрылымдық реформалар елеулi дәрежеде баға және сауда бақылауын жойды, шағын және орта кәсiпорындарды жекешелендiру аяқталды десе де болады, ұжымшарлар мен кеңшарлардың көпшiлігi жекешелендiрілді, және көптеген мұнай, газ және минералдық қорлар игеруге шетелдiк инвесторларға берiлдi. Осынау оң өзгерiстерге қарамастан, заң жүйесiн реформалау экономикалық реформалау бағдарламасынан артта қалып қойды және нарықтық экономиканың талаптарына жауап бермейдi. Әлсiз заң базасы шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға қатысты тәуекелдiң артуына жағдай тудырады және жеке капиталдың құйылуын тежейді.
Қазiргi қолданылып жүрген заңдар шеңберiнiң жеке меншікті және экономикалық құқықтарды қол сұғушылықтан тиiмдi қорғауға қатысты әлсiз жақтарын толық сезiне отырып, Yкiмет халықаралық донорлардың жәрдемдесуiмен Заңдарды реформалаудың мемлекеттiк бағдарламасын бекiтті. Дүниежүзiлiк Банк (ДДҚБ) 15 млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi техникалық көмек займын бекiту сатысында, ол заңдарды реформалау жобасын жүзеге асыруға бағытталады. ТАСИС жобасы ДБ жобасын заң аясында ұйымдық дамытуды нығайту мақсатында толықтыру ниетiнде. ТАСИС жобасына нақты мақсаттары, мiндеттерi мен ұйымдық бағалануы ДБ-мен және басқа да мүмкiн донорлармен егжей-тегжейлi техникалық тапсырманы игеру сатысында тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Мақсаты
Көзделiп отырған жобаның жалпы мақсаты - нарықтық экономиканың жұмыс iстеуі мақсатында негiзгi салаларда заң жүйесiн, нормативтiк база мен ұйымдық құрылымдарды нығайту.
Негізгi компоненттерi
Жоба өзiнiң назарын мынадай бiр немесе одан көп компоненттерге шоғырландырады деп көзделiнiп отыр:
- Заң құжаттарын құрастыру. Бұл компонент үкiметтің халықаралық донорлардың жәрдемдесуiмен және экономика саласына айрықша мән бере отырып заңдардың сапасын, қабiлетсiздігін, ашықтығын және қабылдау процесiнiң қиыншылығын жақсартудағы күш-жiгерiне құрылатын болады. Осы компонентпен ТАСИС мынадай бiр немесе одан көп тармақ бойынша жәрдем көрсете алады: а) мемлекеттiк қызметшiлердi, атап айтқанда, экономикалық және нарықтық реформаларға қатысты заң актілерiн әзiрлеуге тартылғандарын оқыту б) заң құжаттарын жасауға тартылған органдарда құзыреттілікті және ұйымдық құрылымдарды жетiлдіру және) заң құжаттарын жасау мәселелерi бойынша техникалық консультация беру.
- Заң бiлiмiн беру және қоғамның заң мәселелеріндегi хабардарлығы.
Бұл компонент бүгiнгi нарыққа бағдарланған бiрыңғай, қазiргi заманғы заң бiлiмiнің жүйесiн дамытуға жәрдемдеседі, оның мiндеттерi заң бiлiмiнің сапасын және оқытуды, қоғамның заң нормаларынан хабардарлығы мен түсiнушiлiгiн жақсарту болып табылады. ТАСИС жобасы осы компонентпен мынадай бiр немесе одан көп тармақтар бойынша жәрдем көрсете алады: а) оқу бағдарламаларын, курстарды әзiрлеу б) заң оқу орындарын бiтiргенi туралы құжаттар беру кезiнде стандарттарды әзiрлеу с) қоғамның заң нормалары мен заң процесi туралы хабардарлығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарындағы науқан.
- Заң ақпаратына қол жеткiзу. Бұл компоненттiң мақсаты - тәжірибеден өтуші заңгерлер, жеке меншiк сектордың кәсiпорындары мен мемлекеттік қызметшiлердiң және тұтастай алғанда қоғамның сенімді және түпкiлiктi заң ақпаратына уақытылы және кең түрде қол жеткiзуін қамтамасыз ету. Осы компонент бойынша заң ақпараты жарлықтарды, үкiметтiң қарарларын, министрлiк пен ведомстволардың қаулыларын, соттардың жекелеген шешiмдерiн қамтиды. Осы компонент бойынша ТАСИС жобасы мынадай бiр немесе одан көп тармақ бойынша көмек көрсете алады: а) заң ақпаратын беру бойынша ұлттық стратегияны әзiрлеу б) мұндай стратегияны жүзеге асыру бойынша бiрыңғай жүйенi әзiрлеу в) заң ақпаратына қол жеткiзудiң электронды және электронды емес құралдарына қатысты жабдық пен қызмет көрсетудi қоса алғанда стратегиялық жоспардың бiр бөлiгiн немесе бүкiл өзiн жүзеге асыру г) заң ақпаратын сыныптау және кодификациялау.
- Заңдылықты нығайту. Бұл компоненттiң мақсаты - соттардың тәуелсiздiгін нығайту және жұмысының сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Осы компонент бойынша ТАСИС жобасы мынадай бiр немесе одан көп тармақтар бойынша мынадай көмек көрсете алады: а) сот атқарушыларын және
судьяларды экономикалық реформалау саласында заңдарды қолдануға оқыту б)
даулар туындаған кезінде баламалы шешімдер қабылдау тетіктерін белгілеу
үшін тиісті заң және нормативтік шеңберлерді әзірлеу с) судьяларды оқыту
және қайта оқыту процесі арқылы баламалы шешімдерді қабылдаудың тетіктерін
жүзеге асыру.
Жалпы индикативтік бюджет: 1 млн. ЕУРО
N 2 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Өнеркәсiптiк бәсекелестiк қабiлетті қолдау
Сектор: Құрылымдық және институционалдық реформа
Жобаның құны: 1 МЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкi алушы: Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi
Алғы тарихы және негiздемесi:
Қазақстан Үкiметi 1998 жылғы ақпанда бекiткен және қазiргі сәтте Еуропа Парламентi мен мүше-мемлекеттердің бекiту процесiндегi Әріптестік және ынтымақтастық туралы келiсiм (ӘЫК) ЕҚ мен Қазақстан арасындағы саяси және экономикалық өзара қарым-қатынастарға негiздер жасауға бағытталған. Атап айтқанда, өнеркәсiптiк ынтымақтастық туралы ереже (45-бап) қоғамдастықтың Қазақстанның өзiнің өнеркәсiбiн ЕҚ-де қолданып жүрген бәсекелестiк қағидаларына қайшы келмейтіндей қолдау дәрежесiнде қайта құрылымдау мен дамытудағы күш-жiгерiне көмек беруге бағытталған.
Қазақстан Үкiметiнiң ашық нарықтық экономикада экономикалық өрлеуiндегі алға жылжу мiндеттемелерi "Қазақстан - 2030" дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясында басымдықпен айқындалған. Инфляцияның қабылданымды деңгейiне қол жеткiзген соң Үкiметтің стратегиясы елдiң ЖIӨ-нiң 20.7% және жұмыс күшiнiң 22,2% құрайтын өңдеу өнеркәсiбiндегі реформалар жолымен экономикалық өсу жағына қарай өзгере бастады.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн жүргiзiлген сыртқы сауда үшiн iлгерiмелi ырықсыздандыру экономиканың ашық саясатында Қазақстанның өңдеушi өнеркәсiбiнде iшкi рынокта да, сондай-ақ ТМД рыноктарында да бәсекелестiк қабiлетiнiң дамуында кемшiлiктер көрiндi. Қазақстандағы өңдеушi өнеркәсiпке терiс әсер ететiн құрылымдық кемшiлiктер мыналар болып табылады:
- Өнiмдердің төмен сапасы және лайықсыз өнiмдiк құрам
- Дайын өнiм мен жартылай фабрикаттарға сұраныстың төмендiгі
- Менеджмент пен маркетингтегi жеткiлiксiз бiлiктiлiк
- Экспортқа шартты және шартсыз кедергілердiң болуы
- Өңдеуші өнеркәсiптегi жеткiлiксiз инвестициялау мен технологиялардың артта қалуының нәтижесiнде пайда болған өндiрiстік секторды тiкелей инвестициялауға байланысты тәуекел дәрежесiнiң жоғарылығы.
Осы жағдайға байланысты Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi өнеркәсiп саясатын дамыту жөнiнде директива шығарды (1998-2003). Бұл директиваларды принципiнде Үкiмет пен Парламент қабылдады. Алайда әзiрленген директивалардың iргелi қағидалары егер Қазақстан бүкiл әлемде танылған бәсекелестiк пен сауда практикасының деңгейiне қол жеткiзгісi келсе, қайта қаралуы тиiс.
Негiзгi мақсаттары:
- Кәсiпорындарға ішкi де, сондай-ақ халықаралық рыноктарда да бүкiл әлемде танылған әділ практикамен дамуға және бәсекелестiк етуге мүмкiншiлiк беру.
- Өңдеуші өнеркәсiптiң барлық топтары үшiн құқықтық база мен макроэкономикалық құрылымды құруға бағытталған тиiстi саясат жүргiзу жолымен өндірiстiк сектордағы кәсiпорындардың дамуын қолдау.
- Өңдеуші өнеркәсiпте бiлiктi кәсiбилердің дамуын қолдау
Негiзгi компоненттерi:
Жоба бiр-бiрiмен өзара байланысты мынадай үш компоненттерден тұратын болады:
- Бiрiншi компонент өңдеуші өнеркәсiптегi iрiктеп алынған
кәсiпорындарға қайта құрылымдау жоспарларын жасау мен iске асыруға көмек
беруді көздейді.
- Екiншi компонент кәсiбилердi оқытудың трейнингi және турлары арқылы
маркетинг, экспортты алға жылжыту, қаржы бақылауы секiлді тар тақырыптар
бойынша оқытуда қолдау көрсетiлетiн болады.
- Үшiншi компонент Энергетика, индустрия және сауда министрлiгіне
өңдеу өнеркәсiбi саласында ашық нарықтық экономика қағидаларына сай
келетiн тиiстi саясатты дамытуға және жүргiзуге көмек берудi көздейді.
Жалпы индикативтiк бюджет: 1 МЕВРО
N 3 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Қазақстан Республикасының макроэкономикалық
талдау және болжамдау жөнiндегi Экономика
министрлiгiнiң институционалдық қабiлеттерiн
күшейту
Сектор: Құрылымдық және институционалдық реформа
Жобаның құны: 1 миллион еуро
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Жобаның тапсырысшысы: Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi
Жалпы кіріспесі және жобаның қажеттілігінің түсiндiрмесi
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгі Қазақстан Республикасы Президентінiң 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес құрылған болатын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының, облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеудi ұйымдастыру саласында мемлекеттiк басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкiлеттік берiлген орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiк экономикалық саясатты айқындайды, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау мен болжамдауды, индикативтiк жоспарлар мен жалпы экономикалық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау мен iске асыруды қамтамасыз етедi.
Экономика министрлiгi әлемдiк тауар рыноктарындағы конъюнктураны есепке ала отырып экономикалық даму сценарийiн әзiрлейдi.
Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгінiң мiндеттерiне мыналар кiредi:
- қысқа және орта мерзiмдi кезеңге арналған Әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарларын дайындау;
- барлық деңгейлердегi бюджеттердi қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын қысқа, орта мерзiмдi кезеңдерге арналған макроэкономикалық көрсеткiштерi әзiрлеу;
- аймақтық саясатты әзiрлеу және iске асырылуын бақылау;
- Yкiметтiң iс-қимыл жоспарын әзiрлеу, үйлестiру және iске асырылуын бақылау;
- мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаларды дайындау.
Экономика министрi Yкiмет мүшесi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгі қызметiнiң негiзгі түрлерiне ақпаратты жинау, экономикалық талдау мен болжау, сондай-ақ олардың негiзiнде экономикалық саясаттан негiзгi бағыттарын айқындау жатады. Министрлiктiң ағымдағы қызметi ақпараттық базаның толық еместiгiн, методологиялық тәсiлдердiң ескіргендiгін, қажетті функцияларды жүзеге асыру үшiн технологиялар мен жабдықтардың жетiспеушiлiгiн қоса алғанда бiрнеше факторлармен шектелiнген.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi берген деректердi пайдаланады. Бұдан басқа Экономика министрлiгi өзiнiң мiндеттерiн тиiмдi және уақытылы орындау үшiн отандық та, сондай-ақ шетелдiк те қажетті түрлi көздерден жиналған қажетті ақпаратты пайдаланады.
Бұдан басқа білiктілiкті арттыруда да, сондай-ақ Экономика министрлiгiнiң макроэкономикалық модельдеу және болжамдау техникасы бойынша штатының тәжирибесiнде де проблемалар бар. Сондай-ақ деректердi тиімді жинаудың, талдау мен өңдеудiң басты шектеулерiнiң бiрi жүйеде ақпараттық технологиялар мен қазiргi заманғы компьютерлiк жабдықтың жетiспеушілiгi болып табылады.
Жобаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мамандарын нарықтық экономиканың тиiсті ерекшелiктерiне мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеуге арналған әлеуметтік-экономикалық саясат пен өлшемдердің iс-шараларын әзiрлеу, талдау мен болжаудың қазiргi заманғы құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Жобаның мақсаттарын негізге ала отырып, сондай-ақ оның "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттігiнiң (Агенттік) институционалдық мүмкiншiлiктерiн күшейту" ЕDКZ-9602 жобасының жалғасы болып табылатындығын ескере отырып мынадай мiндеттердi шешу көзделiнедi:
- СЖРА-да, Экономика министрлiгiнде жасалған экономикалық-математикалық модельдердiң тиiмдi "жерсiнуін" қамтамасыз ету;
- Экономика министрлiгiнде тоқсандар, жыл бойынша және 5 жылға дейiнгi кезеңге арналған дамудың аса маңызды көрсеткіштерiн болжамдауды қамтамасыз етуге мүмкiндік беретiн қаржы және бюджеттiк бағдарламалау құру мақсатында экономикалық-математикалық модельдердiң жүйесiн одан әрi дамыту және жақсарту;
- қазiргi бар және жаңадан құрылатын модельдердің базасында сыртқы және iшкi факторларды ескере отырып әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң жұмыс iстеуін жолға қоятын сапалық жаңа құралды әзiрлеу;
- Экономика министрлiгінің мамандарын эконометрикалық талдау, экономикалық-математикалық модельдеу және болжамдау техникасына оқыту;
- халықаралық стандарттарға сәйкес микроэкономикалық және макроэкономикалық модельдер құру үшiн қажет дәлдіктің жоғары дәрежесiндегi экономикалық деректермен ұдайы және кiдiрiссiз қамтамасыз ету.
Жобаны негiзгi құрайтындар
Семинарлар мен практикалық көмек жүргiзу арқылы Қазақстандағы экономикалық модельдеу мен талдаудың қазiргi бар мүмкiншiлiктерiн одан әрi кеңейту.
Экономикалық саясатты тиiмдi экономикалық модельдеу мен талдау үшiн қажет экономикалық деректерді берудiң қабiлетiн әзiрлеу.
Қазақстан Республикасы Үкiметінің экономикалық модельдердiң нәтижелерiн интерпретациялаудағы және практикалық қолданудағы операциялық мүмкiншiлiктерiн ұлғайту.
Экономика министрлiгiнiң кемiнде 8-10 маманын жетекшi еуропалық экономикалық институттар мен ведомстволарда оқыту және тағлымдамадан өткiзу.
Күтiлетiн нәтижелерi
Ресми статистика реформасы жобасымен ынтымақтастықта экономикалық модельдер үшiн қажеттi дәл, толық және дер уақытындағы деректерді құру.
Қазақстан Үкiметiнің экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi экономикалық модельдерді құрудағы қабiлетiн одан әрi дамыту.
Қазақстан Үкiметiнiң экономикалық модельдер мен талдау нәтижелерiн
интерпретациялау және практикалық қолдану қабiлетiн арттыру.
Экономика министрлiгiнiң ұйымдық, технологиялық және коммуникациялық
құрылымдарын жақсарту, бұл оның басқа министрліктермен және
ведомстволармен экономикалық саясатты талқылауында тиімді әріптес болуына
мүмкіндік береді.
Жобаның жұмыс процесінде әзірленген экономикалық-математикалық
модельдерді "жерсіндіру" және жүргізу жөніндегі оқытылған және даярланған
персонал.
Жалпы индикативтік бюджет: 1.0 МЕВРО
N 4 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: КИМЭП-тегi (Қазақстан Менеджмент және экономикалық
болжамдау жөнiндегі институты) әкiмшiлiк бизнес
магистрiнiң (ӘБМ) бағдарламасы
Сектор: Құрылымдық және институционалдық реформа
Жобаның құны: 2.3 MEBPO
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкi алушы: КИМЭП
Алғы тарихы және негiздемесi:
КИМЭП Қазақстан Республикасы Президентiнің 1992 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен құрылды. Оның мақсаты бизнес және қазiргi заманғы менеджментке оқыту және халықаралық бiлiм беру жолымен Қазақстанның Үкiметтiк лидерлерiн дайындау, нарықтық экономика принциптерiн ұстана отырып экономикалық өсуге септiгiн тигізетiн кадрларды даярлау, сондай-ақ Қазақстанның әлемдiк нарықтық экономикадағы бәсекелестік мүмкiншiлiктерiн iлгерiлемелi экстраполяциялау болып табылады.
1993 жылдан бастап Тасис КИМЭП-ке, атап айтқанда, оның ӘБМ бағдарламасына үздiксiз қолдау көрсетiп келедi. Оның жұмыс iстеген жылдары iшінде студенттер саны тағы да екi бағдарламаны, Британдық Hoy-Xoy Қорының қолдауымен мемлекеттiк басқару магистрi бағдарламасын және ЮСАИД қаржыландыратын экономика магистрi бағдарламасын құру есебiнен өстi. КИМЭП ұйымын донорлық қолдауға КИМЭП-тiң қазiргi мәртебесi орасан зор үлес қосты, өйткенi қазiр бұл институт Орталық Азиядағы бизнес мектептiң "флагманы" ретiнде қаралады. (Тасистің 1997 жылдағы жыл сайынғы есебi).
Қазiргi сәтте, негізгі үш бағдарлама шетелдiк қаржыландыруға тәуелдi болды және солай қалып отыр, КИМЭП-тiң алдында өзiн-өзi қаржыландыруға қол жеткiзудiң күрделi мiндетi тұр. Оған қол жеткiзу үшiн екi ұдай тактика қолданыла бастады: шетелдiк факультетті бiрте-бiрте оған баламды жергiлiкті факультетпен ауыстыру және ұйымның шығындарына теңгерiм жасауға жететiн пайда алу. Тасис жергiлiктi факультеттiң дамуына жәрдем жасады, бұл әсiресе соңғы жылдары iлгерiледi. ӘБМ-нің жергілiкті факультетi шетелдiк сарапшыларды бiрте-бiрте жергiлiктi оқытушыларға ауыстырады, дегенмен олар әлi зерттеу мен оқу методологиясының қазiргi заманғы дағдыларын толық алып болған жоқ (Еуропалық сарапшылар қазiргi кезде жергiлiкті факультетті дамытумен айналысып жатыр).
Шетелдiк факультетті жергіліктісiмен ауыстыруды аяқтау үшiн трейнингке одан әрi инвестиция жасау және жергілiкті факультеттi оқыту қажет. КИМЭП-тегi ӘБМ бағдарламасы мақсатының Еуропа бизнес мектептеріндегi және университеттерiндегі бұрынғы бiтiру бағдарламаларымен (аспирантуралармен) салыстыруға болатын сапаның деңгейiне қол жеткiзу және оны сақтау болып табылатындығын ескеретін болсақ, ӘБМ-нiң мұндай факультетiн дамыту мен сақтау жобаның басты мiндетi болып табылады.
Тасистiң қосымша ресурстары КИМЭП-ке ӘБМ бағдарламасының ұзақ мерзiмдi өмiршең қабiлетi мен өзiн-өзi қаржыландыруына қол жеткiзе отырып жергiлiкті факультетті және ӘБМ әкiмшiлiгін нығайтуға мүмкiндiк бередi. КИМЭП акцияларын ұстаушыларының арасында жобаны жүзеге асырудың соңында, 2002 жылдың жазында өзiн-өзi қаржыландыруға қол жеткiзiлуге тиiс екендiгі туралы пәтуаға қол жеткiзiлдi.
Мұның үстiне Тасистің көмегi КИМЭП ӘБМ-нiң Еуропа Бизнес Мектептерi мен Университеттерiнiң желiсiне тартылуына, бағдарламаға жалпы осылайша кепiлдiк беруге оның Орталық Азиядағы Бизнес Мектептерiнің "флагманы" ретiндегі атын ақтауына мүмкiндік бередi.
Жобаның мақсаты:
КИМЭП ӘБМ бағдарламасының жалпы мақсаты менеджмент бизнесiнде нарықтық экономиканың одан әрi дамуына тиiмдi ықпал ету үшін Қазақстан қоғамында негiзгі позицияларға ие болуы тиiс жоғары бiлiмдi кәсiбилердi дайындап шығару болып табылады.
Нақты мақсаттары мыналар болып табылады:
Қазақстан контексiнде сапаның Еуропалық баламдылығына кепiлдiк бере
отырып КИМЭП-тегi ӘБМ Тасис әзiрлеген бағдарламасының өздiгiнен жұмыс
iстеуін қамтамасыз ету.
Жергiлiктi қызметкерлердiң КИМЭП-те де, сондай-ақ шет елдерде де
менторлық жүйенi, топтық оқытуды, Доктурантураны (РһD) пайдалануға даярлау.
ӘБМ курстарының сапасын арттыру, ӘБМ студенттерi бiлiмдерi мен дәл
ғылымдар саласындағы ғылыми қызмет пен зерттеулердiң жоғары деңгейiне қол
жеткiзу.
ӘБМ бағдарламасын Қазақстан контексiнде Қазақстан бойынша зерделеу
мен зерттеулердiң үлгiлерiн енгiзу жолымен әзiрлеу.
Негiзгi компоненттерi:
- ӘБМ бағдарламасын және оқу жоспарын үздiксiз дамыту.
- Халықаралық байланыстарды үздіксіз күшейту
- Студенттердiң сапасын арттыру
- Жергiлiктi факультетті одан әрi дамыту және күшейту
- Зерттеу қызметiн ынталандыру
- ӘБМ бағдарламасын аккредитациялау үшiн сәйкестiкке келтiру
- Әкiмшiлiктi күшейтуге көмек
- Кiрiстi қызметке көмек
- ӘБМ бағдарламасы үшiн бенефициарлық, мысалы Бакалавр Б.А., жаңа
бағдарламаларын дамытуға көмек
Жалпы индикативтiк бюджет: 2.3 МЕВРО
N 5 жобасының сипаттамасы
Жобаның атауы: Экология министрлiгiне қолдау көрсету (ауаның
ластануы)
Сектор: Құрылымдық және институционалдық реформалар
Жобаның құны: 1 млн ЕУРО
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкі алушы: Экология және табиғи ресурстар министрлiгi
Жобаның негiздемесi:
Жоба өзiнiң назарын қалалардағы ауаның ластану проблемаларына шоғырландырады. Өйткенi бұл проблема Экология және табиғи ресурстар министрлiгi әзiрлеген және ЕҚ Тасис, Дүниежүзілік Банк, Австралия мен Италияны қоса алғанда, донорлардың көп тарапты және екi тарапты қолдауымен аяқталған Үкiметтiң Қоршаған ортаның проблемалары жөнiндегі ұлттық бағдарламасы бойынша (ҚОҰБ) iс-қимылына сәйкес басымдылықтардың бiрi болып есептеледi.
Автомобиль санының тез өсуi және оларды пайдалану Қазақстанның тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi нарықтық экономикаға көшу процесiндегi мейлiнше айқын көрiнiстердiң бiрi. Алайда бүгiнгi күнге дейiн жол көлiгiнiң ұдайы өсуi пайдаланылған газдың атмосфераға зиянды тастауларынан тұрғындардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк шаралар ілестiрiле жүргізiлмедi.
Қалаларда жол көлiгiнiң саны мен ауаның қарқынды ластануының арасында тiкелей арақатынастың бар екенi дәлелденген. Алматы және Шымкент секiлдi үлкен қалаларда ауаның 70-90% автомобильдер ластайды. Елде Алматы қаласының әуе бассейнi мейлiнше ластанған. Соңғы жылдары Алматы қаласының ластану көрсеткішi 55% жақын. Ауаның ластануы тұрғындардың денсаулығына ұзақ кезеңге тiкелей қауiп туғызады, созылмалы респираторлық аурулардың, қатерлi iсiк ауруларының өсуiне, туудың азаюына және жастай өлудiң ұлғаюына алып барады. Статистика Алматы қаласының елде респираторлық аурулардың саны бойынша бiрiншi орын және онкологиялық аурулардың саны бойынша екiншi орын алатындығын көрсетiп отыр. Автокөлiктiң пайдаланылған газдарды тастауларының жоғары деңгейi, сондай-ақ қалаларға iргелес жатқан аумақтардың қоршаған ортасына да терiс әсерiн тигiзедi. Қазақ гидрометеорология институты ұсынған деректерге сәйкес атмосфераға тасталынатын көмiрқышқыл газының қазiргi деңгейi кезiнде Қазақстанда мұздықтардың саны 2020 жылға қарай 1/3-ге кемидi және 2050 жылға қарай толық ерiп кетуi мүмкiн. Осыған орай оңтүстiк-батыс Қазақстанда қалаларға iргелес қатқан жүздеген шақырым аумақтар шөлейттену мен құрғақшылыққа душар болады. Климаттық жылыну, сондай-ақ лас ағындардың ұлғаюына әкеледi.
Қазақстан Үкiметi "Көмiртегi бастамашылығы" бағдарламасын бекiтiп, жылу газдарының тастауларын қысқартуға мiндеттеме алды. Бұл үкiметтiк жоба атмосфераға жылу газдарының тастауларының бiрыңғай ұлттық стратегиясын дамытуды және әрбiр елде атмосфераға жылу тастауларын қысқартуға арналған квоталарды бөлу жөнiндегi - шеңбердi қамтамасыз етiн
Киото Хаттамасын бекітуді және дайындауды мақсат етiп қояды.
Атмосфераға жылу газдарының тастауларын қысқарту бойынша ұлттық
стратегияны әзiрлеу кезiнде соңғы жылдары екi ece дерлiк өскен
автомобильдер паркiнiң қоршаған ортаға әсерiн назарға алу қажет. Осыған
орай экологиялық проблемаларды қарауды ұлттық көлiк саясатына енгiзу
қажет.
Негiзгi мақсаттары:
Бәрiн қамтитын мақсаттар:
- Экологиялық қауіпсiздiкті нығайту
- Тұрғындардың денсаулығын нығайту
Өзiндiк мақсаттары:
- Ауаны автокөлiктiң ластауын қысқарту
- Қалаларда тұрғындардың денсаулығына автокөлiктің улы тастауларынан
болатын жағымсыз әсердi азайту
Мiндеттерi:
- Автокөлiк құралдарының атмосфераға пайдаланылған газдарынан тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған орта жағымсыз әсерiн көрсететін ақпаратты зерттеу және жинау
- Автомобиль паркінiң, бензиннiң сапасын жақсарту, қалаларда автокөлiк құралдарын басқару, тұрғындардың қоршаған ортаның проблемалары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында қоршаған ортаның проблемалары жөнiнде ұлттық көлiк стратегиясын әзiрлеу және т.б.
- Экология министрлiгiн, Көлiк министрлiгiн, Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөнiндегi агенттiкті, Қоршаған ортаны қорғаудың бағдарламасын тұрақты дамыту орталығын, жергiлiктi өкiметті қоса алғанда республикалық семинарларда барлық делдалдарға стратегияны ұсыну.
- Алматы қаласында пилоттық жобаны жүзеге асыру, ол назарын мынадай бiр немесе бiрнеше мiндеттерге аударады:
- Экологиялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiн әзiрлеу (мысалы, пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың шоғыры туралы, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жөнiндегi талаптар).
- Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жөнiндегi мамандандырылған орталықтар, бензиннiң сапасына бақылау жасау жөнiндегi мамандандырылған лабораториялар экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi жол полициясының қалалық басқармасын қоса алғанда, бақылаушы ұйымдар үшiн және тұрғындардың хабардарлығы мен бiлiмдік деңгейiн арттыру үшiн оқытушыларды даярлау.
- Бензиннің сапасын бақылау жөнiндегi лабораторияларды, ауаның
ластануын бақылау жөнiндегi станцияларды және көлiк құралдарын техникалық
тексеру жөнiндегi станцияларды жарақтау.
- Көлiк құралдарының қаланың мейлiнше ластанған аудандарында жолға
шығуын бақылау жөнiнде ұсынымдар беру.
- Экологиялық қауіпсiз қоғамдық көлiкті дайындау жөнiнде ұсынымдар
беру мысалы, электрмен жүргізiлетiн қоғамдық көлiк.
- Радио мен теледидарда арнаулы экологиялық бiлiм беру
бағдарламаларын әзiрлеу арқылы қоғамдық хабардарлықты өсiру.
Көзделiнетiн нәтижелерi:
- Жол көлiгi экологиялық қауiпсiздiгiнiң бiрыңғай стратегиясы
әзiрленедi
- Автомобиль паркiнiң тиiмдiлiгi жолға қойылады
- Қалалық қоғамдық көлiкті басқару жолға қойылады
- Қалалық көлiктiң айналысын басқару жолға қойылады
- Экологиялық стратегияны әзiрлеушiлердiң, жергiлiктi өкiмет
органдары мен көлiктi пайдаланушылардың арасында экологиялық хабардарлық
артады
- Көлік құралдарының экологиялық қауіпсiздiгi жөнiнде тиiстi заңдар
әзiрленедi
Жалпы индикативтiк бюджет: 1 млн ЕУРО
N 6 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Қазақстанда салық-әкiмшілiк органдарын қайта
ұйымдастыруға және реформалауға жәрдемдесу
Сектор: Құрылымдық және ұйымдық реформа
Жалпы бюджетi: 2.5 млн ЕУРО
Жобаның ұзақтығы: 36 ай
Түпкi алушы: Мемлекеттiк кiрiс министрлігі
Жобаның негiздемесi
ТМД елдерiндегі өтпелi кезеңнiң негiзгі белгісi - мемлекеттік бюджетке қатаң және ұзақ уақыт бойы қысым жасау бұл қаржылық орнықсыздықтың ұлғаюына алып барады. Бұл белгi, сондай-ақ экономиканың мөлшерiне қатысты бюджеттiң үлкен тапшылығы бар Қазақстанға да тән. Сондықтан мұндай жағдайда кiрiстердi жинау Үкiметтің өткiр алаңдаушылығын туғызады. Шынында да салықты жинаудан түсетiн кiрiстердiң үлесi жалпы ішкi өнiмнiң бар болғаны 12 % құрайды, ал бұл ЕҚ елдерiнде ЖIӨ-нің 40%, орталық және Шығыс Еуропа елдерiнде 63%, ал Латын Америкасы елдерiнде 23%. Салықты жинаудан түсетiн кiрiстердi өсiру бюджеттің тапшылығын бақылаудың себебi бойынша ғана емес, сондай-ақ зейнеткерлер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың жұмысшылары алдындағы мiндеттемелерді орындау, медицина және бiлiм беру мекемелерiн қолдау, бұзылған инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге қаражатты инвестициялау үшін де маңызды. Кірiстердің жиналуынсыз мемлекеттiк және әлеуметтік мекемелердің жүйесi жұмыс iстей алмайды.
Салықтарды жинаудан түсетiн кiрiстер бiрқатар факторлардың болуымен шектеулi. Бұл басқарудың төмен деңгейі, салық салу негiзiнiң бұзылуы, баспа-бас айырбастаудың және кiрiстердi заңсыз жасырып қалудың басқа да нысандарының дамуы. 1995 жылы маусымда Қазақстан рынокке бағдарланған жаңа Салық кодексiн қабылдады, онда салық салу құрылымын қарапайым етті және салықтық басқару жүйесiн жетiлдiру мен салықтық жинаулардың көрсеткіштерiн жақсарту үшiн заң шеңберiн қамтамасыз еттi. Одан кейiнгi жылдары Салық кодексiне өзгерiстер енгiзілді, олардың соңғысы 1997 жылы желтоқсанда жасалды, оның мақсаты салық төлеушiлердiң мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi шараларды күшейту болды, алайда салықты жинаудың бүгiнгі деңгейi төмен күйiнде қалып отыр және ол 40% құрайды, ал бұл цифр дамыған нарықтық экономикалы елдерде 80-90% аралығында және дамушы елдерде 60% (мысалы, Африка). Осы контекстің шеңберiнде салық-әкiмшiлiк жүйесiн қайта ұйымдастыру мен реформалау бұл күндерi Қазақстан бетпе-бет келiп отырған бiрден-бiр және мейлiнше маңызды бюджеттік проблема болып табылады. Сондықтан ресурстардың елеулi мөлшерiн кiрiстердi жинаумен айналысатын органдардың ұйымдық, басқару және операциялық құралы мен құзыреттілігін ұлғайту үшiн оқытуды және тиiмді басшылық жасауды қоса алғанда салық салу процесiн реформалауға пайдалану өте маңызды.
USAID қазiрдiң өзiнде 2001 жылдығы аяғына дейiн салықтық реформалау жобасы жөнiндегi қызметтi кеңейту үшiн техникалық көмек ретінде 4.0 млн АҚШ доллары сомасына грантты жүзеге асырып отыр. Жоба салық саясатын және мемлекетаралық салықтық шеңберлердi жетiлдiруге жәрдемдеседі.
"Ноу-Хоу" Британ қоры Салық комитетiнiң басқару персоналы мен қызметкерлерi үшiн материалдарды береді және оқыту курстарын ұйымдастырады.
Дүниежүзілік Банк жақында Салық жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жобаның жалпы бюджетiнiң 85% қаржыландыруға 17.3 млн теңге АҚШ сомасындағы займды бекiттi, оның мақсаты бюджетке салықтарды жинаумен айналысатын республикалық және аймақтық жергiлiктi органдарды дамыту және салық төлеушiлерге қызмет көрсетулердiң берiлуін бақылауды жетiлдiру болып табылады. Займның шарттары бойынша Қазақстан Үкiметi қоса қаржыландыруға келiсiм бердi және оның үлесi жобаның жалпы бюджетінің 15% құрайды.
ТАСИС-тiң көзделiнiп отырған жобасы мұның алдындағы донорлар қызметiнiң нәтижелерiне құрылады және Дүниежүзiлiк Банктің Салық жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi тапсырмаларын одан әрi орындаумен мейлiнше өзара байланысты болады. Сондай-ақ күш-жiгер басқа да донорлармен (USАID, Британ "Hoy-Xoy" қоры) тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталады. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнде салықты басқару саласындағы донорлардың қызметiн үйлестіру жөніндегі комитет құрылады.
Ұйымдық бағалау
1998 жылғы қазанда салықтарды жинау жөнiндегі қызметті басқаруға толық жауапкершiлiк (оның ішінде акциздердi және импорттық баждарды) жаңадан құрылған Мемлекеттік кiрiс министрлiгіне берілді. Жаңа министрлiктiң құрылымына кірістерді жинау жөніндегі басқа комитеттермен бiрге (мысалы, алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымын бақылау жөнiндегі комитет) Салық комитетi, Кеден комитетi және Салық полициясы кiредi. Негiзгi ұйымдық құрылым республикалық және қалалық, аудандық деңгейде ұйымдастырылған Салық комитетi болып табылады. 1997 жылғы қазанда, Қаржы министрлiгi кезiнде Салық комитетi нарықтық экономика жағдайларындағы салық жүйесiнiң нақты талаптарымен ұштасатын жаңа функцияларды қабылдады, олар салық заңдарының сәйкестiлiгiне басшылықты, салық төлеушiлердi бақылауды күшейтудi және салықтарды төлемеген жағдайдағы шараларды қамтыды. Сондықтан қазiр барлық деңгейлерде Салық комитетінің функцияларын одан әрi жетiлдiру мен енгiзу өте маңызды. Сондай-ақ Министрлiктiң орталық аппаратының ұйымдық және әкімшiлiк деңгейiн жетiлдiру және салықтарды жинау бойынша Салық комитетiнiң, Кеденнiң және табыс салығын жинаумен айналысатын бюджеттен тыс қорлардың күш-жiгерiн бiрiктiруге жәрдемдесу қажет.
Салық-әкiмшiлiк жүйесін, толық қайта ұйымдастыруды тежейтiн екі негiзгi фактор бар: 1) бас офистің мөлшерi және егер халықаралық практикамен салыстыратын болсақ, функцияларды орындауға қатысты персоналдың едәуiр жетiспеушiлігі 2) еңбекақының төмен деңгейi. Бұл Министрлiктiң жоғары бiліктi қызметкерлердi iрiктеп алуын, ұстап тұруын және оның принциптiлiгiн қамтамасыз етуін шектейдi, алайда бұл жерде Әдiлет министрлiгi де бұл мәселелердi шешуде шектеулi күйде екенiн айтуға болады. Бекiту сатысындағы Мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заңға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң персоналына қатысты саясат жаңа Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң тiкелей заңдық құқығында.
Мақсаттары:
Жобаның жалпы мақсаты - салық-әкiмшiлiк жүйесi кiрiстерiнiң
көрсеткiштерiн жақсарту.
Нақты мақсаттары:
- Салық-әкiмшiлiк органдарының транспаренттiлiгiн (ашықтығын және
принциптiлiгін арттыру)
- Салық төлеушiлердiң мiндеттемелерiн орындауына байланысты
шығыстарын қысқарту
- Қазiргі бар салық ауыртпалығын бұра тартпай бөлу
- Салықтарды төлеу жөнiндегi берешектерi, кiрiстердi жасыру мен
контрабандалық жүктердi азайту
Сатылар/компоненттер
Жоба жүзеге асырудың екi сатысына бөлінген:
1-саты
1.1 Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң орталық аппаратын жетілдіру
Осы компонентпен орталық аппараттың ұйымдық және басқару құрылымын жетiлдiру үшiн функционалдық құрылымының тұжырымдамасы әзiрленетiн болады. Негiзгi қызметi:
- Орталық аппаратқа түсетiн ақпаратты ұйымдық шолу және талдау
- Орталық аппарат үшiн функционалдық құрылымының жобасын әзiрлеу, ол нарықтық экономика жағдайында кiрiстердi жинау жөнiндегi қабылданған халықаралық практикаға сәйкес қажеттi қосымша персоналды және жекелеген бөлiмшелердiң санын анық айқындайды.
- Орталық аппараттың жаңа функционалдық бөлiмшелерiн ұғымдармен, методологиямен және оқытумен қамтамасыз ету
- Басқа мемлекеттік-әкiмшiлiк органдардың басқару жүйесiне қол жеткiзе отырып орталық аппараттың деңгейiнде шешiмдердi жоспарлау мен қабылдауға жәрдемдесу үшiн ақпараттық басқару жүйесiн әзiрлеу және құру.
2-саты
Жобаның екi сатысын Салық комитеті бас офисi персоналының саны тиiстi деңгейге дейiн көбейген жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Ол мынадай компоненттердi қамтиды:
2.1 Салық комитетi бас офисінің жұмысын жетілдіру
Салық комитетi ұйымның функционалдық жүйесiн 1997 жылдың қазанында қабылдады. Осы компонентпен жоба жаңа функционалдық бөлiмшелердi облыстық (қалалық) және аудандық деңгейлерде жүзеге асырылатын салықтарды жинау жөнiндегi қызметтi тиiмдi басқара алатындай түсiнiктермен, операциялық рәсiмдермен және құралдармен қамтамасыз етедi. Негiзгi қызметi:
- Бас облыстық және аудандық офистердiң (Салық комитетi) арасында жұмыстың анық және бiрыңғай бағыты мен бөлiнiсiн қамтамасыз ететiн Республикалық басшылықты басып шығару.
- Функцияларды орындау есептiлiгiнiң мониторингi мен бағалануының ұлттық стандарттарын шығару (басқару функцияларын орындауға жауапты офис)
- Барлық салық заңдары мен нұсқаулықтардың және iшкi аппеляция стандарттарының ұлттық стандарттарын шығару (жұмыстың заңдық және нормативтiк шеңберiне жауапты офис)
- Заң және нормативтiк жұмыс шеңберлерiне жауапты офисті салық салу жөнiндегi түрлi заңдар мен нұсқаулықтардың орындалуын бақылайтындай, жасырын жолдар мен қайшылықтарын анықтайтындай етiп құру. Бұл мәселелер жөнiндегi шешiмдер елдiң салық заңдарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
- Бiрыңғай ақпараттық технологияларды жүзеге асыру мен басқарудың ұлттық стандарттарын шығару (ақпараттық технологиялар үшiн жауапты оФис)
- Мыналарды шығару: а) экономикалық талдау мен жобалау жоспары б) жыл сайынғы аудиторлық жоспар в) аудит пен зерттеу стандарттары г) аудиторлық стандарттар бойынша техникалық анықтамалық (аудит үшiн жауапты офис)
- Мыналарды шығару: а) берешектердi өтеудiң ұлттық жоспары б) борыштарды басқару стандарттары в) салық саясатымен бiрге мәжбүрлеу шараларын үйлестiру стандарттары г) борыштарды жинау жөнiндегі стандарттардың техникалық анықтамалығы (берешектердi басқару үшiн жауапты офис)
- Мемлекеттiк қатынастар саясаты үшiн жауапты офистi: а) бұқаралық ақпарат құралдарында науқандық жарияланымдарды әзiрлеудi б) бiлiкті аудит және берешектердi жинау жағдайларын жариялау в) баспасөзбен тығыз қарым-қатынасты жолға қою г) баспасөз релизiн жариялауды тиiмдi жасайтындай етiп құру.
2.2 Облыстық және аудандық деңгейлерде функционалдық бөлiмшелердi енгiзу.
Осы компонентпен жоба функционалдық құрылымның тұжырымдамасын дамытуды жүзеге асырады және оны енгiзуге жәрдемдесетiн болады. Негiзгi қызметi:
- Салық төлеушiлерге қызмет көрсету аппеляцияларды басқару, бухгалтерия, аудит, мәжбүрлеу шаралары мен ақпараттық технология үшiн жекелеген бөлiмшелерге дәл бөлiнетiн функционалдық құрылымды әзiрлеу.
- Қызметтiң негізгi түрлерi бойынша аудандық және облыстық офистерде жүзеге асырылатын процестер мен рәсiмдердiң егжей-тегжейлi тұжырымдамасын жасау.
- Жаңа құрылымға, процесс пен рәсiмдерге сәйкес басқару және операциялық персонал үшiн лауазымды мiндеттердің сипаттамасы.
- Салық инспекторлары мiндеттерiн өз жұмысының функцияларына сәйкес жүзеге асыратындай оқыту бағдарламасын дайындау. Аудит, берешектi басқару және осы персоналды оқытуда көмек көрсету мақсатымен мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру саласында анықтамалықтар жасауға ерекше назар аударылатын болады.
- Бұрынғы мiндеттерi қазiргiсiнен ерекшеленетiн персоналды сақтауды қоса алғанда облыстық және аудандық салық офистерiнiң персоналын орын ауыстыру бағдарламасын әзiрлеу.
- Жұмыстың жаңа жағдайлары кезiнде облыстық және аудандық салық офистерi жұмыстарының нәтижелерін бағалаудың методологиясын әзiрлеу. Методология бағалау құралдарын және ұйымның функционалдық құрылымын ұдайы жетілдіруді қамтуы тиіс.
2.3 Салық жинау жөнiндегi қызметтi бiрiктiру
Осы компонентпен жоба Салық комитетiнiң, Кеден комитетiнiң, Алкоголь өнiмiнің өндірілуі мен айналымын бақылау жөнiндегi комитеттiң және табыс салығын жинаумен айналысатын бюджеттен тыс қорлардың салықтарды жинау жөнiндегi күш-жiгерiн бiрiктiруге жәрдемдесетiн болады. Бұл үшiн Салық комитетi салық декларацияларының дәл толтыруы жөнiндегi ақпаратты алатын болуы тиiс, жоба сондай-ақ Әділет министрлiгiнiң және осыған қатысы бар басқа да органдардың электронды деректерiнiң арасында байланыс орнатады. Негiзгi қызметi:
- Салық комитетiнiң Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп тiркеу деректерiн жаңарту жөнiндегi бiр мезгiлдегi ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыру және республикалық, облыстық деңгейлерде тiркеу деректерiн құру.
- Салық комитетiнiң тiркеу деректерiн жаңарту жөнiндегi бiр мезгiлдегi бағдарламасын жүзеге асыру және жеке тұлғаларға арналған ұлттық тіркеуді құру.
- Ұлттық тiркеулердi құрғаннан кейiн дереу жеке және заңды тұлғалар үшiн СТН берудiң бiрыңғай жүйесiн шығару немесе қабылдау.
- Әдiлет министрлiгiмен электронды байланыс құру жөнiндегi хаттамаларды талқылау және заңды тұлғалар СТН алуы кезiнде заң құжаттарын қайта тiркеу мен тігудiң қажеттiлiгiн жою.
- Жеке тұлғаларды тiркеу туралы маңызды ақпаратқа ие органдармен автоматты байланыс құру жөнiндегi хаттамаларды талқылау.
- Салық органдарына берiлетiн декларациялардың жасалуының дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдар арасында автоматты байланыс құру жөнiндегi хаттамаларды талдау.
- Қажет болғанда аудит пен аудит процесi арқылы кiрiстердiң жасырылуын анықтауға мүмкiншiлiк бере отырып жеке меншiк секторда мәжбүрлеу шараларының жағымсыз әсерiн қысқарту мақсатындағы шараларды бiріктiру
Күтiлетiн нәтижелер
- Нарықтық экономика жағдайында кiрiстердi жинауды тиiмдi жүзеге асыру мақсатында салық-әкiмшiлiк органдарын ұйымдастыру және жарақтау.
- Салық заңдары тиiмдiлiгiнiң мониторингі, адалдық пен бұра тартпаушылық мақсатында салық-әкiмшiлiк органдарын жарақтау.
- Салық төлеушiлерде салықтарды төлеудiң ерiктiлiгiн тәрбиелеу мақсатында салық-әкiмшілік органдарын жарақтау.
- Салықтардың сәйкессiздігі мен одан жалтаруды анықтау мақсатында салық-әкiмшiлiк органдарын жарақтау.
Мүмкiн мiндеттемелер/тәуекел
- Салық-әкiмшiлiк жүйесiн реформалауды жоғары саяси деңгейге беру.
- Салық комитетiнің бас офистерiнде және Мемлекеттік кiрiс министрiлiгiнiң орталық аппаратында персоналдың санын көбейту және салық органдарының қызметкерлерi үшiн төлем саясатын жетiлдiру.
- USAID жәрдемiмен салық кодексiн, әсiресе ҚҚС-тi тiркеуге, ақша
қаражатын қайтаруға, айыппұл жүйесi мен салық аппеляцияларына қатысты
ережелердi жетiлдiру.
- Дүниежүзiлiк Банктiң схемасы бойынша және жәрдемiмен ақпараттық
технологияларды әзiрлеу.
- Дүниежүзiлік Банктің схемасы бойынша және жәрдемiмен бағдарламаны
жүзеге асыру және оның жұмыс iстеуі жөнiндегi бөлiмшенi құру.
- Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салықтық әкiмшілiктендiру
саласындағы барлық донорлардың қызметiн үйлестіруге арналған комитетiн
құру.
ЕҚ бюджетiнiң бөлiнiсi:
1-саты 0.5 млн ЕУРО
2-саты 2.0 млн ЕУРО
Барлығы 2.50 млн ЕУРО
N 7 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Ауыл шаруашылығы өндiрушілерiн қорғау-рыноктың тік
құрылымын құруды қолдау
Сектор: Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнеркәсiбi
Жобаның құны: 2.0 МЕВРО
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкі алушы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Алғы тарихы мен негiздемесi:
Қазiр Қазақстанда азық-түлiк бөлiсiнiң мемлекеттік жүйесi бұзылды және осы уақытта жаңа маркетингтік жүйе дамып жатқанымен, жалпы жағдай әлi де күрделi болып отыр. Жүйе, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы рыногының жоқ инфрақұрылымы жедел жақсартуды қажет етедi. Көптеген жеке фермерлер өзiнiң өнiмiн өткiзу кезiнде қиыншылықтармен душар болып отыр және тиiсiнше өзiнiң күш-жiгерiнен аз пайда алады. Өндiрiс және өндiрiс құралдарының нарықтық жүйесi саласында тиiсті саясат болмай, фермерлiк қайта құрылымдаудың талпынысы тәуекелге душар болуы мүмкін.
Азық-түлiктiң бөлiнiсi жүйесiнде кейбiр оң өзгерiстер болды. Қазiргi сәтте Алматыда пилоттық көтерме рынок құрылды. Ақтөбе, Қарағанды және Талдықорғанды қоса алғанда, басқа қалалар Тасис Жобасының тарапынан көтерме рыноктарды дамытуды қолдау туралы өтінiш жасады, сөйтiп көтерме рыноктардың желiсiн ашуға ниет қылуда. Бұл жоба сондай-ақ фермерлер маркетингте дұрыс шешiмдер қабылдауы және жаңа нарықтың құрылымды тиiмдi пайдалануы үшін оларға ақпараттық қызмет көрсетуi дамытады, алайда жеке өңдеушілерді осы рынокпен байланыстыратын ауыл шаруашылығы рыногының құрылымын құру өте қиын болып табылады. Жинақталған тәжірибе ауыл шаруашылығы рыногының түрлi нысандарын дамытудың алғы шарты қалаларда көтерме рыноктарды құру болып табылатындығын көрсетiп отыр.
Жобаның мақсаты:
Таңдап алынған облыстардың әрбiрiне түрлi тәсiлдердi жүзеге асыру қажет болады. Олардың арасында мыналар бар:
- Қажет болғанда өндiрiс құралдарын қоса алғанда жинау рыногын құру;
- Ұлттық жүйемен байланысты рыноктың жергiлiкті ақпарат жүйелерiн дамыту;
- Фермерлiк топтар мен кооперативтердi күшейту;
- Тиiмдi бәсекелестiк құру үшiн ауыл шаруашылығында тиiмдi сауда жасаушылар мен бизнесмендердi құруды ынталандыру;
Бұл тәсiлдер тұтынудың түрлi нысаналары, сондай-ақ институционалдық функционалдық аспектілер жағдайында, атап айтқанда, мыналарда бағалануы тиiс:
- Тұтыну нысанасы - рынокта әрбiр өнiмге сұраныс жағдайы мен ұсыныстарды назарға ала отырып;
- Институционалдық аспектілер - тиiстi ұйымдық немесе бизнес құрылымдар және қолдаудың қажеттi қызмет көрсетулерiн құру (мысалы, қаржы);
- Функционалдық аспектiлер маркетингте түрлi функцияларды назарға ала отырып
Жоба мынадай екi сатыда жүргiзілуі тиiс:
1-саты - стратегиялық жоспарлау сатысы - жобаны Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен нысаналы облыстардың шеңберiнде құруға шоғырландыратын болады. Бiрiншi сатының барысында жергiлiктi мұқтаждықтар, қазiргi нарықтық жүйенің күшті және осал жақтары бағаланылады, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы рыногының жалпы стратегиясы контексiнде жоба құратын жаңа
маркетингтiк құрылымдар айқындалатын болады.
2-саты - жүзеге асыру сатысы - әрбiр нысаналы облыстар үшiн
қолданылатын болады.
Жалпы индикативтiк бюджет: 2.0 МЕВРО
N 8 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Қазақстан Республикасында транзиттiк дәлiздер саясатын
дамытуды қолдау
Сектор: Инфрақұрылымды дамыту
Жобаның құны: 2.0 MEBPO
Жобаның ұзақтығы: 18 ай
Түпкі алушы: Көлiк және коммуникациялар министрлiгі
Алғы тарихы:
Қазақстан Республикасы экономикасының өзiндiк ерекшелiкті сипаты жүк көлiгiн генерациялау мен тарту орталықтарының кең дисперсиясы болып табылады. Өндiрумен, қара және түсті металлургиямен, өңдеумен, жылу энергиясын өндiрумен, астықты өңдеумен айналысатын негізгi өнеркәсiп объектiлерi Қазақстан аумағының бүкiл өне бойына орналасқан, сондықтан оларды алмастыру, шикiзат пен жартылай фабрикаттың экспорты мен импорты алыс қашықтыққа тасымалдауды қажет ететiн орасан зор жүктi құрайды. Мұндай жағдайда көлiк өнеркәсiп пен ұлттық экономиканың маңызды компонентiне айналады.
Мұның үстiне Қазақстанның көлiк жүйесiн зерделеу мен көлiк саясатын қалыптастыру кезiнде оның Азия континентінің орталығында географиялық орналасуын ескеру қажет. Қазақстан көптеген Еуразия мемлекеттерiнің континентаралық және аймақаралық көлiктiк байланыстары үшiн айналып өте алмайтын транзиттiк ел болып табылады.
Негiздемесi:
Республиканың негiзгi көлiк дәлiздерi бойынша халықаралық және мемлекетiшілік қатынаста көлiк жүктерi мен жолаушылар ағындарының тұрақты мониторингiн жүргiзу Қазақстанның және көршiлес мемлекеттердің жекелеген аймақтарындағы өнеркәсiптің дамуын ескере отырып Қазақстан Республикасының халықаралық дәлiздерiнiң қалыптасу схемасын түзетуді жүзеге асыруға, сондай-ақ, жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың талап етiлетiн мерзiмдерiн қамтамасыз ету жолында тұрған физикалық және физикалық емес кедергiлерi анықтауға мүмкiндiк бередi. Осы кедергiлердi жоятын, бiздiң аумағымыз бойынша транзиттiктерiн қоса алғанда сауда ағындарын өсiруге мүмкiндiк беретiн жолдар мен құралдарды табу қажет. Бұл контексте "Транзит туралы" заңның жобасы Қазақстан Республикасы үшiн қызмет көрсетудiң тарифтерi мен сапасы Қазақстан Республикасындағы көлiк дәлiздерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға ықпалы секілді қазiргi бар рәсiмдер мен практикаларды ұтымды етуге үлес қосады. Қазiргi уақытта көлiк-коммуникация саласында клиенттер үшiн мынадай екi маңызды принцип бар:
- Беру уақыты
- Олардың қауіпсiздiгін қоса алғанда тасымалдау кезiндегi жөнелтудің тұрған жерi мен шарттары жөнiндегi ақпарат.
Сондықтан бiз тасымалдаулар бойынша ақпаратты орталықтандырылған жинау мен өңдеуді құру арқылы жүктiң жылжуын жақсартуымыз қажет. Бұл тағы да жүйелi мониторингтің пайдалылығын дәлелдейдi.
Көлiк операцияларының тиiмдiлігі мен Республиканың әлеуетiн толық пайдалану жобадан жаңа ортада тарифтердi қайта қарауды және белгiлеудi талап етедi. Тарифтер тек транзиттік көлiк қызмет көрсетулерiнiң нақты өзiндiк құнын өтеуі ғана емес, сондай-ақ олардың сапасын арттыруды ынталандыруы тиiс. Тарифтiк жүйе түрлi аймақтық шығындарға байланысты түрлi тарифтер белгілеуi тиiс. Жүк көлiгiнiң сапасы берудің жылдамдығымен және келген кезiндегi тауарлардың жақсы жай-күйiмен айқындалады. Сондай-ақ жолаушылардың тiлегi жылдамдық пен жақсы жағдайлылық болып табылады. Бұл принциптер тарифтік жүйенің егжей-тегжейлi компоненттерiн мұқият зерделеу мен толық талдауды бiлдiредi.
Көлiк инфрақұрылымын дамытуға капиталды инвестициялаудың көпшiлік жағдайда пайданың төмен деңгейiн әкелетiндiгін, бұл салаға инвестиция жасау шетелдiк және жеке капитал үшiн тартымдылықты аз ететiндiгi, мұның көлiк желiсiн тиiсті түрде дамытпауға және орнықтырмауға алып келетiндiгі белгiлi. Сондықтан қоғамда тасымалдау толық емес қажеттi көлемде жүзеге асырылады. Осыған орай инвестицияларды тарту үшiн және көлiк кәсiпорнына бiрте-бiрте өзін-өзі қаржыландыруға мүмкіндік беру үшін әділ салық саясаты әзiрленуі және қолданылуы тиiс.
Қазiргі бар жолдарды қалпына келтiру қайта жаңарту немесе ұқсастарын пайдалану және жаңаларын жасау секiлдi қарқынды күрделi салымды талап ететiн мұндай шаралар сөзсiз шетелдiк инвестициялауды талап етедi және бұл өз кезегiнде егжей-тегжейлi техникалық-экономикалық негiздеменiң негiзiнде жұмылдыруы мүмкін.
TPACEKA бағдарламасы республиканың транзиттік әлеуетiн iске асыру жөнiнде техникалық көмек беруге жәрдемдесер, бiрақ шын мәнiнде, жалпы әлеуеттің 2/3 жуығы TPACEKA бағдарламасының ықпал ету аймағынан тыс қалып отыр.
Келесi маңызды фактор Қазақстан Республикасы заңдарының рәсiмiн оңайлататындай етiп, бұл ретте кеден органдарына өздерiнiң бақылау және кiрiстер алу мiндеттерiне залал келтiрмей қайта қарау болып табылады.
Жобаның мақсаты:
Жобаның жалпы мақсаты Қазақстан Республикасы дәлiздерiнің бәсекелестiк қызметiн арттыру болып табылады. Бұл мыналарды көздейдi:
- Жүк және жолаушыларды тасымалдауға арналған шығындарды қысқарту
- Осы тасымалдаулардың жылдамдығын арттыру
- Мынадай:
- Жүйелі мониторинг жүргiзу
- Статистиканы орталықтандырылған жинау мен өңдеу жолымен көлiк қызмет көрсетулерiн ұлғайту мен сапасын жақсартуды қолдау
- Мiндеттерi:
- Қазақстан Республикасы үшiн "Транзит туралы" моделдiк заңды әзiрлеу жолымен көлiк жөнiндегi ұлттық базаны қайта қарау.
- Көлiк секторындағы тарифтік және салықтық рәсiмдердi жақсарту жөнiндегі ұсынымдар.
- Кеден рәсiмдерiн Қазақстанның аумағы арқылы транзиттік ағындарды көбiрек тартатындай етiп оңайлату жөнiндегi ұсынымдар.
- Көлiк дәлiздерi жылдамдығының параметрлерiн қоса алғанда тасымалдаулар жөнiндегi деректердi орталықтандырылған жинау мен өңдеудi құруды және толық әрi ақиқат ақпаратты уақытылы тартуды көздейтiн көлiк есебiнiң сапасын жақсарту жөнiндегі шаралар.
- Қазiргі бар жолаушылар мен жүк ағындарын, атап айтқанда, транзитке, импорттық және экспорттық операцияларға қатыстыларын зерттеу, Қазақстанның өнеркәсiптiк, және мұнай-газ өндiрiсiнiң күтiлiп отырған дамуына сәйкес көлiктiк болжамдауды дайындау.
- Негiзгі жобаларды техникалық-экономикалық негiздеудi дайындау, Бұл
транзиттік мүмкiншiлiкті жақсартады.
- Барлық осы мiндеттерде интермодальді және құрастырмалы көлiктiк
практиканың дамуын есепке алу.
Жалпы индикативтiк бюджет: 2.0 МЕВРО
N 9 жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы: Қазақстан Республикасының мұнай өндiру секторын және
мұнайды тасымалдау секторын қолдау
Сектор: Энергетика
Жобаның құны: 2.0 M п
Жобаның ұзақтығы: 24 ай
Түпкі алушы: Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi
Негіздемесi:
Қазақстан Республикасының "ҚазақОйл" ұлттық мұнай-газ компаниясы 1997 жылы құрылды және шетелдiң қатысуындағы кәсiпорындарды қоса алғанда Қазақстанның мұнай және газ секторындағы 20-ға жуық кәсiпорында үлестiк қатысуы бар. Бұған "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ (акцияларының 25% ҚазақОйлға тиесiлi), "Ақтөбе мұнайгаз" (акцияларының 20% ҚазақОйлға тиесiлi), "Өзенмұнайгаз" АҚ (акцияларының 85% ҚазақОйлға тиесiлi), "Ембiмұнайгаз" АҚ (акцияларының 85% ҚазақОйлға тиесiлi), "Теңiзмұнайгаз" АҚ (акцияларының 85% ҚазақОйлға тиесiлi) және "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорны (акцияларының 25% ҚазақОйлға тиесiлi) кiредi. ҚазақОйл акцияларының үлесiне ие компаниялардың мұнай өндiру көлемi 1997 жылы мұнайдың 28 млн тонна жалпы санының 24 млн тоннадан астамы тиедi.
ҚазақОйл бұл компанияларда мемлекеттiк қатысуды бiлдiредi және Қазақстан Республикасы атынан мұнай мен газды барлауға, өндiру мен қайта өңдеуге келiсiм жасаса алады.
"ҚазТрансОйл" компаниясы елдiң мұнай өнiмдерiн тасымалдау секторындағы мүддесін бiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N 461 қаулысымен 1997 жылғы сәуірде құрылды. Компанияның басқаруында 6,300 км-ге жуық негiзгi арналы құбыр желiлерi мен 3,400 км су құбыр желiлерi бар (олардың ішiндегі мейлiнше маңыздылары Өзен алып кен орнын қоса алғанда, Маңғыстау облысының кен орындарында Волгадан су берудi қамтамасыз етедi).
ҚазТрансОйл бұдан басқа құбыр желiлерi жөнiндегi халықаралық жобаларда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiруге уәкiлеттi.
Жақында ҚазТрансОйлдың активтерi ҚазақОйлға берiлдi.
Энергетика секторындағы жалпы iрiктеу Энергетика және сауда министрлiгiне жүктелген. Барлау жұмыстары мен мұнай және газды өндiрудi лицензиялауға жауапты Инвестициялар жөнiндегі мемлекеттік комитет болып табылады.
Негiзгi мiндеттерi:
1997 жылы Қазақстанның мұнай-газ секторына қайта құрылымдау жүргізiлдi. Мұнда ҚазақОйлға ұлттық мұнай-газ компаниясының дәстүрлi рөлi жүктелiндi.
Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттен басқа ҚазақОйл 1996 Таsis-тiң мұнай-газ секторындағы мониторингтi ұйымдастыруда компанияны қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған жобасының алушысы болып табылады, ол мемлекеттiк органдарға мұнай-газ компаниялары-операторлары алған деректердi сақтау мен сұратуға мүмкiндiк беретiн деректердiң пилоттық базасын қамтиды, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерiнің бiрi жобаларды дамытудағы компаниялардың қабiлетiн күшейту болып табылады және бұдан басқа бұрғылаудың алдыңғы қатарлы технологияларын оқытуды қамтиды.
Жаңадан ұсынылып отырған жоба мемлекеттiк құрылымдардың байқаушылар рөлiндегi мүмкiншiлiгiн одан әрi күшейтуге нысаналанған және сондай-ақ мұнай өнімдерiнің сапасы мен сертификатталуы мен тәуелсiз бақылау, теңiз операцияларын жүргiзуi кезiнде қоршаған ортаның қауіпсiздiгі мен қорғалынуы мәселелерiнде жәрдемдесу секiлдi мұнай-газ секторын дамыту үшiн шешушi мәнi бар кейбiр басқа да мәселелерге бағытталған.
Жер бетiндегi құбыр желiлерi үшiн қоршаған ортаның қауiпсiздiгi мен қорғалынуына осы секiлдi жәрдемдесуде ҚазТрансОйл компаниясына оны халықаралық деңгейде құбыр желiлерiнiң компания-оператор ретiнде дамытуға және тануға қолдау көрсетiледi.
Осымен негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
- Энергетика министрлiгіне және/немесе "ҚазақОйл" компаниясына олардың реттеушi және/немесе байқаушы рөлiне одан әрi жәрдемдесу;
- Мұнай мен мұнай өнiмдерiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесiн құру;
- Теңiз операциялары үшiн қауiпсiздiк пен қоршаған орта мәселелерiне жәрдемдесу;
- ҚазТрансОйл компаниясына құбыр желiлерiнiң операторлығы үшiн қауiпсiздiк пен қоршаған орта мәселелерiнде жәрдемдесу.
Негізгi компоненттер:
Негiзгi компоненттер мыналарды қамтиды:
ҚазақОйл компаниясына және/немесе Энергетика министрлiгiне олардың реттеушi және/немесе байқаушы рөлiне одан әрi жәрдемдесу:
- Энергетика министрлiгiне газ секторындағы заңдар мен энергетика саласындағы салық салу режимiнiң мәселелерi бойынша жәрдемдесу;
- "ҚазақОйл" компаниясына халықаралық есеп жүйесiн, ақпараттық басқару жүйесін және басқа да халықаралық басқару құралдарын ұйымдастыруда жәрдемдесу;
- Әлiбекмола, Қожасай және Өрiктау кен орындарын игеру бойынша техникалық-экономикалық негiздерге арналған материалдардың нұсқалары мен жиналуын әзiрлеу;
Мұнай мен мұнай өнiмдерiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесiн құру:
- Мұнай мен мұнай өнiмдерiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесiне арналған стандарттарды әзiрлеу;
- Мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң сапасын талдау мен сертификаттау үшін Атырау қаласында қазіргі бар ұйымның жанына пилоттық лаборатория құру;
- Сапаны және мұнай мен мұнай өнiмдерінің сапасын сертификаттау жөнiндегi басқа да iлеспе мәселелердi қамтамасыз ету бойынша оқыту бағдарламасы (жүргізу орны - Атырау қаласы);
Теңіз операциялары үшiн қауiпсіздiк пен қоршаған орта мәселелерiне жәрдемдесу:
- Теңiз операциялары кезiнде қауіпсiздiк пен қоршаған ортаның жалпыға бiрдей стандарттары мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
- Теңiзде белгiлi бiр қазақстандық компания-оператор үшiн теңiз операциялары кезiнде қауіпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғаудың стандарттары мен рәсімдерiн әзiрлеу;
- Теңiз операциялары кезiнде қауіпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғаудың стандарттары мен рәсiмдерi бойынша оқыту бағдарламасы (оқыту орны - Ақтау қаласы);
"ҚазТрансОйл" компаниясына құбыр желiлерiнiң операторлары үшiн қауiпсiздiк және қоршаған орта мәселелерiнде жәрдемдесу:
- Ескертiлетiн техникалық қызмет көрсету жүйесi секiлдi мәселелердi қоса алғанда, құбыр желiлерiнiң операторлары үшiн қауiпсiздiк пен қоршаған ортаның жалпыға бiрдей стандарттары мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
- "ҚазТрансОйл" компаниясы операция жүргiзетiн, ескертiлетiн техникалық қызмет көрсету, құбыр желiсiнiң мониторингi жүйелерi және модельдеу жүйелерi секiлдi мәселелер, қоршаған ортаның қауіпсiздiгi, мониторингi және авариялық жағдайлар кезiндегi iс-әрекет мәселелерi көрсетiлетін құбыр желiсiнiң шағын секциясы үшiн мониторингтің пилоттық жүйесін құру;
- ҚазТрансОйлдың барлық операцияларына осындай жүйенi қолдану жөнiнде бизнес жоспар дайындауға арналған материалды жинау;
- Құбыр желiлерiнiң операторлары үшiн техникалық қызмет көрсету рәсiмдерi, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi мен қорғалануының стандарттары мен рәсімдерi бойынша оқу бағдарламасы (жүргiзу орны - Ақтау қаласы);
Оқыту бағдарламасы бұрын Таsis-тiң жәрдемдесуімен негiзi қаланған
Мұнайгаз өнеркәсiбiнiң оқу орталығымен бiрлесiп жүргiзілуі тиiс.
Осы жоба бойынша iс-шаралар Ақтау қаласында жергiлiктi деңгейде алушы
ретiнде iс-қимыл жасайтын тиiстi құрылымды құрумен байланысты болады.
Мұндай құрылымның құрылуына жауапкершiлiк қазақстандық уәкiлеттi
органдарға жүктеледi.
Жалпы индикативтiк бюджет: 2.0 М п
Сарапшылар 1,500,000
Жабдық 300,000
Басқалар 200,000
Барлығы 2,000,000
ЕУРОПА ҚОҒАМДАСТЫҒЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘРДЕМДЕСУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ІС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ 1999
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
үшін
1999 жылға IС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Айқындама
Атауы Қазақстан үшiн 1999 жылға арналған
Тасис iс-қимыл бағдарламасы
Құны: 16.65 млн. Eypo
ЕҚ үлесi: 16.65 млн. Eypo
Ұзақтығы: 2002 ж. 31 желтоқсанға дейiн
Бюджет тармағы: В7-520
Бағдарламалардың Даниель Гиядер (DGIA-C4)
үйлестiрушiсi:
Жобаны енгiзу: Свен Кьелстромның бөлiмi (SСR=А3)
2. Бағдарламаның қысқаша мазмұны
Қазақстан Республикасы үшiн техникалық жәрдемдесу жөнiндегi Іс-қимыл бағдарламасы (ID) экономиканың негiзгi секторларындағы бiрқатар iс-қимылды бiрiктiредi, атап айтқанда: Құрылымдық және Ұйымдық Реформа, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiп, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту; қорлардың кейбiрi қаржылық ұсыныстағы "Шығындар сметасы және қаржыландыру" деген 10-тармақта егжей-тегжейлi сипатталған шағын жобалардың бағдарламалары бойынша бөлiнедi. Ұлттық та, аймақтық та деңгейлерде жүзеге асырылуға тиiс бұл iс-қимылдардың мақсаты ортақ - Қазақстанды демократиялық қатынастар мен нарықтық экономикаға өту кезеңiнде қолдау. Осы қадамдар Қазақстан өкiметi мен Тасис Басқарушы комитетi арасында келiсiлген 1996-1999 жж. Индикативтiк бағдарлама шеңберiнде қолға алынатын болады. Олар 1997 жылға арналған алдыңғы Iс-қимыл бағдарламасын жалғастырады әрi кеңейтедi.
Бағдарлама 16.65 миллион Eypo мөлшерiндегi ЕҚ гранттары есебiнен қаржыландырылады; 7.35 миллион Қазақстанның шағын жобалар бағдарламасына, сондай-ақ АТА бағдарламасына қатысуына арнап бөлiнетiн болады. ЕҚ қаржыландыратын әрi Қазақстан үшiн мүдделi болып табылатын басқа iс-қимылдарды қорлар жеке, мемлекетаралық бағдарлама арқылы қамтамасыз ететiн болады.
3. Елдегі ахуал
3.1. Саяси даму
Қазақстанға неғұрлым кеп дәрежеде Орталық Азияда, және де ТМД елдерiнiң арасында көбiрек дәрежеде нарықтық реформаларды жүргiзу саласындағы өзiнің көшбасшылық жағдайын сақтап қалудың сәтi түстi.
Халықаралық күштер тарапынан берiлген кеңестер басшылығымен iс-қимыл жасай отырып, Үкiмет түбегейлi реформалауды басынан кештi; министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер тәрiздi саны қысқартылды. Президентке тiкелей бағынысты мынадай бiрқатар ықпалды агенттiктердi құру арқылы Президент өз билiгiн нығайтты: Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттік (СЖА), кейiнiрек Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк (МПА). 1998 жылдың, басында Президент Н. Назарбаев Ұлттық Банктің бұрынғы Төрағасы Жандосов мырзаны Премьер-Министрдің Бiрiншi орынбасары қызметiне тағайындады. Мұнай және газ министрлiгi Қазақойл мемлекеттiк компаниясы болып қайта құрылды, ол мұнай-газ операцияларының мемлекеттiк үлесiн басқарады. 1998 жылғы қыркүйекте Қаржы министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк салық комитетi таратылып, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi құрылды.
Қазақстанның тәуелсiздiгiн алған сәтiнен бастап оның демократиялық институттарын топтастыру саласында iлгерілеушiлiкке қол жеткiзiлдi. Парламент, әсiресе оның төменгi палатасы Мәжiлiс қазiргi заманғы нарықтық экономикаға қажет заңдық инфрақұрылым үстiнде көп iс атқарды, ал Теңге бүгiнгi таңда толығымен еркiн айырбасталатын валюта. Неғұрлым маңызды жаңа заңдардың бiрi 1996 жылдың желтоқсанында қабылданған Валюталық реттеу жөніндегi ереже болып табылады, ол соңғы кезеңге нүкте қойды әрi шетел валютасымен және ресей рублiмен халықаралық мәмiлелердi жасауға мүмкiндiк бердi.
Зейнетақы реформасын жүргiзу жалғасуда, бiлiм беру және денсаулық сақтау секторларымен байланысты мәселелер, сондай-ақ жаңа азаматтық кодексті талқылау процесi жүруде.
Бұрынғыша, Қазақстан үшiн адам құқығы туралы мәселе шетiн мәселе болып қалып отыр, әйтсе де мұнда да Үкiмет пен үкiметтiк емес ұйымдардың ынтымақтастығы тәрiздi оң iлгерiлеушiлiктер бар. Алайда оларды жүзеге асыруда осы кезге дейiн кемшiлiктер бар. Өлiм жазасына кесу үкiмi жойылмаса да, оны қолдану саласы азайғандығын, ал соңғы жылдары шығарылатын өлiм жазасына кесу үкiмдерiнің саны қысқартылғанын атап өткен жөн.
Халықтың көпшiлiгiнiң әлеуметтiк жағдайы ауыр күйде қалып отыр; кедейлiк оқпаны соңғы жылы ең төменгi деңгейдегi тұтыну себетiнiң деңгейiнен төмен тұрған табыс жағдайында тереңдей түстi. Еңбекақы төлеудiң көп кешiктiрiлуі проблеманы шиеленiстiре түсуде. Экономикадағы, әсiресе өндiрiстiк сектордағы тоқыраудың Қазақстаннан қоныс аудару процесiне тiкелей әсерi бар. 1997 жылы елден көшiп кетудi таңдайтын адамдардың саны шамалы азайды, алайда 1998 жылы ол қайтадан көбейдi, сөйтiп Қазақстаннан тағы 25000 адам қоныс аударды.
1998 жылдың негiзгi саяси оқиғасы Астана қаласының мемлекеттің жаңа ел ордасы ретiндегi ресми тұсаукесерi болып табылды. Орасан зор инвестициялар инфрақұрылымды: үкiмет ғимараттарын, мейманханалар мен әуежайды салуға бағытталды.
3.2. Макроэкономикалық даму
1991 жылы тәуелсiздiк алған сәтiнен бастан Қазақстан барлық жаңа тәуелсiз мемлекеттер үшiн ортақ қиындықтар шоғырына тап болды.
Қазақ үкіметi 1992 жылы нарықтық экономикаға бағытталған бiрте-бiрте реформалар процесiн бастады; біртіндеп қадам басу елде әлеуметтiк және ұлттық тұрақтылықты сақтау мақсатында, сондай-ақ әлеуметтiк жікті болдырмау үшін таңдалды. Құрылымдық өзгерiстер осындай эволюциялық тұрғыға орай баяу бастау алып жатқанда, реформалық іс-қимылдар үкімет макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасын қабылдаған 1993 жылы елеулi күшейе түстi.
Тұрақтанудың алғашқы белгiлерi 1995 жылы біршама қатаң монетарлық және фискальдық саясат енгiзiлгеннен кейiн инфляция деңгейi едәуiр төмендеген кезде байқала бастады.
1996 жылдың екiншi жартысында ел тарихында тұңғыш рет өсу қайта қылаң бердi.
Оңтүстiк-Шығыс Азиядағы және Ресейдегi қаржы дағдарыстарына қатысты таяуда шетелді шарпып өткен есеңгiреу толқындары, сондай-ақ мұнай мен металдарға әлемдiк бағалардың құлдырауы қазақ экономикасына 1998 жылдың екiншi жартысында терiс әсерiн тигiздi. Макроэкономикалық нәтижелерге шолу жүргiзгеннен кейiн инфляция деңгейi 2,8%, ал жалпы ұлттық өнiмнiң (ЖҰӨ) құлдырауы - 2,5% құрады. 1996 жылы салық жинаудың қиындықтарына қарамастан, қазақ өкiмет органдары Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) келiсiлген ЖҰӨ-нiң 2,8% құрайтын бюджет тапшылығының белгiленген деңгейiне шықты. 1997 жылы үкiмет төленбеген зейнетақылар мен еңбекақылардың мөлшерiн жедел едәуiр азайту қажеттiгiмен бетпе-бет келдi де, бюджет тапшылығын, ХВҚ келiсiмiмен оны ЖҰӨ-нің 4,2% деңгейiне дейiн жеткiзе отырып, ұлғайтуға мәжбүр болды.
Ұлттық Банктiң инфляцияға қарсы көзқарасы Қазақ Теңгесiнің сыртқы құндылығын тұрақтандыруға жәрдемдестi және проценттiк ставкаларды төмендеттi. Айырбас бағамы, 1997 жылы 1%-тен төмен өзгермелілігi мен нақ сол кезеңде Теңгенің iс жүзіндегi айырбас құндылығының iлесе артуы жағдайында, соңғы екi жылда белгiленген есебінде тұрақты болды.
1998 жылы валюта резервтерiнiң деңгейi көршi Ресейдегi қаржы дағдарысына қарамастан, шамамен алғанда 1,9 миллиард АҚШ долларын құрай отырып, тұрақты қалыпта болды.
Ал валютаға келсек, үкiмет пен Ұлттық Банк құнсыздану болмайды деп сендірген мәлiмдемелер жасады, мұның негiзгi дәлелi ауқымды резервтердiң шетел валютасы мен алтын түрiнде сақталу фактiсi болып табылды. Теңгенi қорғау үшiн Ұлттық Банк таяуда қайта қаржыландыру ставкасын 18,5%-тен 25%-ке дейiн көтердi.
Осындай оптимистiк ресми болжамдарға қарамастан, шетелдiк инвесторлар сақтық танытып отыр. Ресей Қазақстанның негiзгi сауда серiктесi болып табылады; рубльмен жасалған операциялар елдiң шетелдiк сауда айналымының тек қана 7%-iн құраса да, көлемдерi бойынша Ресей Қазақстанның күллi экспортының 30%-тен астамын және оның импортының 42,5%-тiн құрады. Қазақстан мен Ресей банктерiнiң арасындағы байланыс өте күштi. Ресми статистикалық деректерге қарағанда шамамен 80 қазақ банктерiнiң Ресейдегi инвестицияларының көлемi жиынтығында 600 миллион Теңге (7 миллион Еуро) құрайды.
Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) кiру жөнiндегi өтiнiшi табысты iлгерiлеуде, алайда егер ол белгiленген мақсатқа жетудi және 1999 жыл iшiнде қабылдануды қаласа одан әрi прогресс талап етiлмек.
Ресейдегi экономикалық дағдарыс 1998 жылдың неғұрлым күрделi оқиғасы болып табылды. Дағдарыс Ресей экономикасын ғана қатты керi ысырып қоймай, сол сияқты Орталық Азия республикаларына да терiс әсерiн тигiздi. Дағдарыс негiзiнен өзiнiң зардаптары арқылы тауарлармен сауда-саттық көлемiне және құнына, шетелдiк инвестициялар ағынына, айырбас бағамының тұрақтылығына, сондай-ақ сыртқы қарызды төлеу жөніндегi міндеттемелерге әсерiн тигізді әрі әсер тигiзе бермек. Бұл зардаптардың күллi Орталық Азия елдерінде елеулi әлеуметтiк-экономикалық маңызы болады. Қысқа мерзiмдi тұрғыда экономикалық өсу әлсiрейді, тұрақтандыру процесіне қатер туындайды, құрылымдық реформаларға бағытталған күш-жiгер кiбiртiктейдi, ал халықтың тiршiлiк-тұрмыс жағдайына терiс әсер тигізеді.
1998 жылдың бiрiншi жартысында Қазақстан өз саудасының үштен бiрiнен астамын Ресеймен жүзеге асырды. Ресей дағдарысының Қазақстанға әсерi сауданың төмендеуiнен мейлiнше сезілдi. Қазақстан елде жеткiлiктi түрде өндiрiлетiн Ресей азық-түлiк тауарларының көпшiлiгiн импорттауға уақытша тыйым салды. Қазақстанның ерекше проблемасы өз үлесiне тиген аралас нәтижеге келiп саяды: бұл - Ресей дағдарысы мен мұнайға ағымдағы бағалардың төмендiгi, өйткенi мұнайдан түсетiн табыс мемлекеттiң күллi кiрiсiнiң басым бөлiгiн құрайды.
3.3. Реформалардағы iлгерiлеу
Реформалау процесi әлi өзiнiң аяқталуынан мүлде алыс. Тәуелсiздiкке ие болғаннан кейiн қолға алынған экономикалық реформалаудың негiзгi шаралары бағалардың көпшiлiгiн ырықтандыруға, сондай-ақ iшкi саудаға ерiк беруге келiп сайыды. Қалған реформалар соңғы жылдары баяу жылжуда: жердi жекешелендiру ендi ғана басталды, ал жаппай жекешелендіру бағдарламасы, сондай-ақ шағын кәсiпорындарды жекешелендiру 1995 жылы аяқталуға таяу болса да, экономиканың кейбiр секторлары толық жекешелендiрiлген жоқ.
Қазақстанда реформалар процесi баяу бастау алды; ол тек соңғы екi айда жеделдеді, мұның өзi өзгерiстер процесiн қолдауға мiндеттенген халықаралық қоғамдастық тарапынан зор мақұлдауға ие болды.
Құрылымдық және ұйымдық реформалар демократиялық реформалардың нарықтық экономикалық реформалардан кенже қалуымен, бiркелкi жүргiзiлген жоқ.
Нарықтық реформалар көптеген салаларда табысты жүзеге асырылды, дей тұрғанмен экономикалық реформалар процесi әлi де аяқтала қойған жоқ. Тәуелсiздік алғаннан кейiн өмiрге енгiзiлген экономикалық реформалар негiзiнен бағалар мен сауданы ырықтандыру мәселесiнде шоғырландырылды. Тұтыну бағаларын ырықтандыруға негiзiнен қол жеткiзiлдi, алайда коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарында екi жақты қаржыландыру сақталып отыр. Iшкi сауданың еркiн режимi орнықтырылды және Қазақстан Халықаралық сауда ұйымына мүшелігi туралы келіссөздердiң соңғы кезеңінде.
Шағын кәсiпорындарды жекешелендiру ресми тұрғыда 1997 жылы аяқталды, бұл ретте ақшалай аукциондар мен ваучерлер арқылы 13.000-нан астам кәсiпорын сатылды. Орташа және iрi кәсiпорындарды жекешелендiруде жедел iлгерілеуге қол жеткiзiлдi, әйтсе де мемлекет жекешелендiрiлген компанияларда капиталдың қомақты үлесiн ұстап қалып отыр.
Үкiмет шығынды кәсiпорындарды қайта құрылымдауға жәрдемдесу жөнiнде маңызды iс-қимылды қолға алды. 1998 жылы банкроттық туралы заңға оны ауыл шаруашылығы үшiн қолдану мақсатында түзетулер енгiзiлдi. 1998 жылдың ортасына қарай мемлекеттiк меншікте болған 26 төлемге қабiлетсiз кәсiпорын таратылды немесе сатуға қойылды. Алайда салық мiндеттемелерi бюджет берешектерiне жатқызылатын "өзара есептесулердi" жою жөнiндегi үкіметтiң күш-жiгерiне қарамастан шығынды кәсіпорындар өнiм берiп тұрушыларға, өз қызметкерлерi мен мемлекетi бюджетке төлемдердi кешiктiруiн жалғастыруда.
Коммуналдық қызмет көрсету кәсiпорындарын жекешелендiру энергетикалық сектордың генерациялық қуаттарының 80 процентiнен астамын жекешелендірiп әрi ұлттық телекоммуникациялық оператордың миноритарлық үлесiнiң көбiрек бөлiгін сатып, елеулi iлгерiлеуге қол жеткiзді. Энергия-бөлу жүйесінің қалған бөлiктерiне инвесторлар тарту әрекеттерi, әйтсе де, бағаны реттеудің тиiстi схемасының жоқтығынан табысты болмады. 1998 жылғы шілдеде бағаларды реттеуге жауапты Монополияға қарсы комитет оны Өнеркәсiп және сауда министрлiгіне бағынысты ету әрекеттерiнен кейiн қайтадан тәуелсiз болды.
Банк секторын нығайту жекешелендіру мен шетелдiк қатысу арқылы жүзеге асты. Капиталдың толымдылығы, бiрден бiр борышкердi белгiлеу жөнінде ережелерге сәйкес жүргiзiлген жетілдiру және сонымен байланысты кредиттеу бiрқатар банктер мен филиалдардың бас тартуына алып келдi. Бүгiнгi таңда банк секторы активтерiнің қомақты бөлiгi жеке меншiкте. Иеленуде шетелдiк үлес бар жиырма банк осы банк секторы капиталының шамамен 22%-iн құрайды. Шетел капиталының банк секторына қатысу үлесiне қандай да болмасын шектеулердiң жойылуы шетелдiк қатысуды одан әрi ұлғайтқан тәрiздi.
1997 жылғы қыркүйекте қазақ қор биржасының негiзi қаланды, ол қазiр де өз дамуының әлi балаң кезеңінде қалып отыр. Биржаның өз инфрақұрылымы, нормативтiк құрылымы және биржаға бағалы қағаздар жiберуге әлемдiк стандарттарға жуықтайтын талаптары болса да, жүргiзiлетiн сауда-саттық көп емес, оның үстiне олар жеткiлiктi дәрежеде ашық емес.
1998 жылғы қаңтарда Қазақстан үкiметi реформасы төлемдер көзінен төлем жасалатын қазiргi жүйенi толығымен қаржыландырылатын жүйеге өзгерту мақсатында жан-жақты зейнетақы реформасын бастады. Алайда, реформаны жүзеге асыру күрделi болып шықты, әрi әкiмшiлiк кедергiлермен де, сол сияқты зейнетақы қорлары үшiн жекеменшiк инвестициялар үшін тартымды мүмкіндіктерінің жоқтығы да тұсауланып отыр.
Қазiргi сәтте денсаулық сақтау, бiлiм беру және әлеуметтiк қорғау тәрiздi күллi мемлекеттiк секторда бюрократиялық құрылымдарды азайтуға бағытталған елеулi шаралар қолға алынды. 1997 жылдан берi үкiмет орталық атқарушы органдарды қайта құрылымдауды және бюджеттеу процесiн реформалауды iлгерiлетуде. Мемлекеттік қызметтi реформалау жүргiзілуде, ал 1998 жылдың соңында мемлекеттік қызмет реформасы саясатын тұжырымдау мақсатында Президент жанынан Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк құрылды.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы ресурстары ТМД ауыл шаруашылығы күллi алқаптарының 20%-iн құрай отырып, орасан зор болып табылады. Алайда, елде ауыл шаруашылығы өндiрiсi төмен әрi төмендей түсуде (соңғы 5 жылда 50%-тен аса). Азық-түлiкпен өзiн-өзi қамсыздандыруды көбiрек қамтамасыз ету әрекетiнiң бiр бөлiгi ретiнде Қазақстанда шаруа қожалығы секторы мен агробизнестi жекешелендiру мақсатында ауқымды iс-қимыл қолға алынды. Мемлекеттiк фермалардың 90%-нен астамында жер пайдалану жеке меншiкке берiлді. Мақтаны қоса, ауыл шаруашылығы дақылдарын, өсiру елдiң оңтүстiгiндегi шағын фермалар мен кооперативтерде жүргiзiледi, ал өңдеушi компаниялар мен дистрибьюторлар (таратушылар) елдiң солтүстiгiнде орналасқан. Ауыл шаруашылығы өнiмiн бөлу жүйесi қазiргi сәтте мемлекеттiк жүйеден нарық талаптарына жауап беретiн жүйеге дами отырып, елеулi өзгерiстерге ұшырауда. Фермаларда және олардан тыс жерлерде қайта құрылымдау, сондай-ақ өндiру мен бөлудiң тиiмдiлiгiн арттыру білінер-бiлiнбес күйде қалып отыр, әрi бұрынғысынша орасан зор проблема болып табылады. 1998 жылдың астығы елдің батысындағы зор қуаңшылыққа байланысты 6,9 миллион тонна дәндi дақылмен соңғы 40 жылдағы ең нашар түсiм болып шықты.
Осы секторды дамыту бұл сектордың негiзiнен жекешелендірiлгеніне қарамастан, басым мәселе болып қалуда.
Басқа да жаңа тәуелсiз мемлекеттердегi тәрiздi Қазақстанда электр қуатын жан басына шаққанда тұтыну неғұрлым дамыған экономикалық аймақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары болып қалып отыр.
Мұнай-газ секторы Қазақстанда неғұрлым жылдам өркендеушi сектор болып табылады. Анықталған мұнай қорлары жиынтығында 15 миллиард баррель құрайды, алайда Каспий теңiзінің табанындағы ықтимал қорлар едәуiр көбiрек болуы мүмкін. Қазақстан қорлары шамамен 85%-i Каспий теңiзiнiң маңында шоғырланған әрi өнімнің жартысы жер үстіндегі үш iрi кен орындарынан келiп түседі.
Айтарлықтай ауқымды инвестицияларға орай мұнай-газ өндірiсi өркендеп келедi, ағымдағы жылдық өндiрiс шамамен есептегенде 26 миллион тонна мұнай және 8 миллион кубометр табиғи газды құрайды. Шетелдiк компаниялардың бұл секторға қатысуы ұлғая түсуде.
Қазiргi кезде Қазақстанда халықаралық рыноктарға тiкелей шығатын мұнай-газ өткiзу құбыры жоқ. Тасымалдау Ресей өткiзгiш құбырлары арқылы және тым қымбат темiр жол тасымалдарымен шектеледi. Каспий құбыр өткiзу консорциумы (КҚК) жаңа құбыр салуды жоспарлауда, ол мұнайды Теңiз кен орнынан Қара теңiздегi Ресей порты Новоросийск арқылы экспорттауға мүмкiндiк бередi. Құрылыс басталып та кеттi, жұмыстарды 2001 жылы аяқтау белгiленген.
Қазақстанда үш негiзгi тазарту зауыты бар, олар елдiң тәуелсiздiк алған сәтiнен бастап өндiрiлетiн өнiм шығарудың елеулi кемуiн басынан кештi.
Заң тәртiбiмен 1996 және 1997 жылдары белгiленген, қоғамдық коммуналдық кәсiпорындарға қатысты нарықтық реформалар электр қуатына тарифтердiң күрт өсуiне, сондай-ақ төлемдердi жинау тәртiбiнiң жақсаруына алып келдi. Энергетикалық тарифтер өнiм бiрлiгiне қуаттың бөлiнiсiне жұмсалатын олардың толық өзіндiк құнынан төмен белгiленсе де, төлемдердi жинаудың жақсартылған тәртiбi, сондай-ақ болашақта да тарифтер бiрте-бiрте өсуiн жалғастырады деген тұтынушылардың күтулерi тұрақты энергия сақтау жүйесін дамытуға және енгiзуге қуатты стимул ретінде әрекет етеді.
Сондықтан осы сектордағы ел ұшырасып отырған негiзгi проблемалар Қазақойл компаниясын қайта құрылымдаумен, көмiр сутегiлердi неғұрлым төмен баға бойынша тасымалдаумен және тазартушы зауыттарды неғұрлым тиімді пайдаланумен байланысты.
4. Бағдарламаны жетілдіру және пысықтау
Осы Iс-қимыл бағдарламасы 1996-1999 жылдардағы Индикативтiк бағдарлама шеңберінде жасалды, онда екi Iс-қимыл бағдарламасы әзiрленген болатын. 1996-97 жылдарды қамтитын бiрiншiсi 1997 жылдың бюджетiнен алынды, ал шешiм талап етiлетін, 1998-99 жылдарды қамтитын екiншiсi 1999 жылдың бюджетiнен алынды. 1996-1999 жылдардағы Индикативтiк бағдарламаға арналған стратегия Қазақстанның өтпелi кезеңдегi мұқтаждарын, Тасис тарапынан, сондай-ақ басқа да халықаралық донорлар тарапынан оған дейiн көрсетiлген көмектi назарға ала отырып, Қазақстан өкiметiмен өткiзiлген талқылаулар негiзінде әзiрлендi. Ол Тасистiң Басшы комитетiне 1996 жылғы маусымда табыс етiлдi, кейiннен Қазақстан өкiметi мен Комиссия қызметтерi арасында құжат жүзiнде келiсiлдi, 1996 жылға қарашада қол жеткiзiлген келiсiм мен Еуропа қоғамдастығына мүше елдер қабылдағаннан кейiн 1997 жылға арналған Iс-қимыл бағдарламасын Тасистiң Басшы комитетi 1997 жылғы мамырда бекітті.
5. Басқа донорлармен үйлестiру
Бiрнеше арналар бойынша басқа донорлармен үйлестiру әрекеттері қолға алынуда. Негiзгi халықаралық донорлардың өкілдерімен, атап айтқанда Дүниежүзiлiк банк пен Еуропа Қайта Жаңарту және Даму банкiмен, әр түрлi бағдарламалардың мақсаттары мен мазмұнына шолу жасау, сондай-ақ iс-қимылдарды үйлестіру мақсатында жүйелі кездесулер өткiзiлiп тұрады. Мұның үстiне, Комиссия мен ЕҚ-ға мүше елдер Қазақстанға арналған тиiстi көмек бағдарламалары туралы ұдайы пiкiрлер мен ақпарат алмасып отырады. Комиссияның Алматыдағы өкілдiгi халықаралық донорлық қоғамдастықпен нақты секторлар бойынша жүйелi кездесулер өткiзеді. Осындай асулар донорлар үшін тиiстi басымдықтар мен бағдарламаларды мейлінше жақсы түсiнуге жәрдемдестi. Қазақстан 1992 жылы мүшелiгіне кiрген Дүниежүзiлік банк, негізінен техникалық көмек пен саяси заемдар арқылы, елге белсенді қолдау көрсетуде. 1998 жылдың басына дейiн Банк жалпы сомасы 1.18 миллион АҚШ долларына тең заем операцияларын бекiтті. Ең соңғы түзету мен 350 миллион АҚШ долларынан астам сомаға операциялық заемдар Мемлекеттiк секторды басқаруды, Мемлекеттік қазынашылық қызметiн жаңғыртуды, Мұнай кен орындарын оңалтуды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке және сумен жабдықтауға қатысты екi пилоттық жобаны қолдау iсiн қамтиды.
Еуропа Банкi (ЕҚЖБ) үшiн осы жылға арналған негiзгi басымдықтар мыналар болып табылады: Көрсетiлетiн қаржылық қызметтер шағын және орташа кәсiпорындардың қазiргi қолда бар ақша қаражатын iрiктеп алынған жеке меншiк салалар мен банктiк емес ұйымдарда акционерлiк капиталдың үлесiн сатып алу жолымен қолдауды жалғастыру); қайта құрылымдауды қаржыландыру арқылы жекешелендiру процесiн Өнеркәсiптiк және Өндiрiстiк қолдау, Инфрақұрылым (Ақтау айлағына және темiр жолды жақсарту бағдарламасы арқылы тарату желiсiнде жалғастырылып отырған қолдау), Энергетика және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiп.
Азия Даму банкi (АДБ) осы сәтке дейiн жалпы сомасы 230 миллион АҚШ доллары болатын алты кредитке келiсiмiн бердi. АДБ үшін басымдықтар мыналар болып табылады: Зейнетақы реформасы бағдарламасы, Ауыл шаруашылығын дамыту, Фермаларды қайта құрылымдау, Базалық бiлiм беру және Жолдарды оңалту.
Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) үкiметпен тұрақтандыру бағыты үстiнде тығыз жұмыс iстеуде. 1997 жылдың ортасына қарай ХВҚ-ның, 1996-98 жылдарды қамтитын Кеңейтiлген кредит беру бағдарламасында жазылған барлық макроэкономикалық міндеттерге қол жеткізілді. Құрылымдық реттеу мәселелерi жөнiнде тығыз ынтымақтастық жалғасуда.
1999 жылғы Iс-қимыл бағдарламасын дайындау кезінде басқа донорлар, атап айтқанда Дүниежүзiлік банк, ЕҚЖБ, АДБ, екi жақты бағдарламалар бойынша Еуропа қоғамдастығына мүше елдер, сондай-ақ ЮСАИД бастаған немесе көздеген бастамашылықтар ескерiлдi. Тұтас алғанда, Тасис жобалары мен басқа донорлардың iс-қимылдары бiрiн-бiрi жақсы толықтырады. Мұның өзi техникалық жәрдемдесу бойынша негiзгi қызмет ретіндегі Тасистің және басты халықаралық заемшылар ретiндегi Дүниежүзілік банктiң, ЕҚЖБ-нiң, АДБ-нiң рөлiнен айрықша көрiнедi.
6. Бағдарламаның 1996-99 жылдар Индикативтiк
бағдарламасындағы рөлi
Тасис көмегiнiң жалпы мақсаты жергiлiктi халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын көтеру мақсатында Қазақстанда саяси, әлеуметтiк және экономикалық ахуалдағы өзгерiстердi қолдау болып табылады. Тасис қаржыландыратын қызметтің негiзiне салынған басшы принцип алдыңғы Индикативтiк бағдарламаға (ИБ) сәйкес Қазақстан өкіметінің макроэкономикалық және секторалдық саясатын қолдау болатын. Және бұл ИБ-нiң 1996-1999 жылдарға арналған басшы принципi болып қалып отыр.
Үкiметтiң ХВҚ-мен және Дүниежүзiлiк банкпен ынтымақтастықтағы реформалар бағдарламасының негiзгi мақсаттары макроэкономикалық ахуалды тұрақтандыру, өндіріс өнімін шығарудың кемуін кері бағытқа бұру, өндіріс өнімділігін жақсарту және орта мерзiмді перспективада тұрақты дамуға қол жеткізу, сондай-ақ халықтың жағдайы мүшкіл топтарын қорғау болып табылады.
Қазақстан өкiметiмен келiссөздер нәтижесiнде 1996-1999 жылдардағы Индикативтiк бағдарлама шеңберiнде Қазақстан Үкiметiнiң реформалар бағдарламасының негiзгi желiлерiне қолдау көрсететiн басым салалар, Серiктестiк және ынтымақтастық туралы келiсiм мен Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiрудi қоса, мыналар болып табылады деп шешілді: Құрылымдық және Ұйымдық реформалар, Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiп, сондай-ақ Инфрақұрылымды Дамыту. Мұның өзi, егер нақты өзектi қажеттiк анықталса, сондай-ақ егер осындай қызмет саяси экономикалық реформаларды жалпы ынталандыруға қосымша ретiнде қаралатын болса, басқа жобаларды қолдауды жоққа шығармайды.
1996-1999 жылдардың Индикативтiк бағдарламасы жобаны айқындау және жүзеге асыру әдiсiне бiрқатар жаңа элементтер енгiзедi, оны қысқаша былайша сипаттауға болады: мақсаттардың шектеулi шоғырына көбiрек назар аудару; секторлардың iшiнде де, сол сияқты арасында да, Тасис жобаларында, сондай-ақ Мемлекетаралық Тасис бағдарламасымен және басқа да донорлар жобаларымен мейлiнше өзара толықтырушылық пен мақсаттылыққа және де нәтижесінде, көбiрек қайтарымдылыққа қол жеткiзу үшiн жобалардың үлкен көлбеу байланысы; жобаларды кейiннен қадағалап отыру және ұзарту неғұрлым тиiмдi байланыстырылып, нәтижесінде, қайтарымдылығы көбiрек болуы үшiн жобалардың төрт жылдық құрылым шеңбердегi ұзақтығы мен құрастырылуына көбiрек назар аудару; және де ұлттық үкiметтердің тiлектерiне сәйкес жобалардың мүмкiндігiнше инвестицияларды атап көрсете отырып неғұрлым көрнекi және нақты нәтижелерi болуға тиiс.
1999 жылғы Iс-қимыл бағдарламасы (IБ) 1996/97 жылғы IБ-мен басталған 1996-1999 жылдар индикативтік бағдарламасында белгiленген мақсаттардың жалғасы болып табылады. Жалпы алғанда ол үш басым бағыт бойынша 10 жобаны қамтиды. Жобалардың саны қысқарды (96/97 Iс-қимыл бағдарламасында 15), ал жобаның өмiршеңдiгi артты. Осының нәтижесінде нақты секторларда күш-жiгердiң неғұрлым ауқымды шоғырлануына және жобалардың неғұрлым тұрақты болуына қол жеткiзiледі. Ағымдағы Iс-қимыл бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ қазақ үкiметiнің тiлектерiне сәйкес, жобалардың қаржылық ресурстарының 60%-не жуығы мейлiнше басым салаға, Құрылымдық және Ұйымдық реформаға жұмсалады. Мемлекеттiк те, сол сияқты жекеменшiк секторларда да туындап келе жатқан нарықтық экономиканы қолдауды ортақ мақсаты етiп қойған ұйымдар мен мекемелердi реформалау және қайта бағдарлау ауқымды тақырып болып табылады. Оқыту/қайта оқыту арқылы басқару мен әкiмшiлiк ету мүмкіндіктерiн жаңарту, сондай-ақ стратегияны тұжырымдауға консультативтiк жәрдемдесу күллi реформалау процесiнiң мiндеттi шарты болып табылады. Егер басшылық дамуды жоспарлай алмаса әрi ұйымдық қолдау мен бақылау құрылымын тиiстi орнына қоя бiлмесе, онда саяси, экономикалық әлеуметтiк шиеленiстiң болмауы мүмкiн емес. Мемлекеттiк мекемелерге бет бұру әр түрлi бес жоба бойынша жүргiзiледi: мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту және қайта оқыту құқықтық реформа жөнiндегi жобаны жүзеге асыру арқылы; Мемлекеттік кiрiс министрлiгiне салықтарды басқарудағы оның ұйымдық мүмкiндiктерiн дамытуға жәрдемдесу арқылы; Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiкке ақпаратты талдау мен экономикалық болжамдауда көрсетiлетiн қолдау арқылы; Қазақ Менеджмент, экономика және болжам институтының (КИМЭП) ұйымдық құрылымдарын жетілдіру арқылы; Экология министрлiгiне қалаларда aya кеңiстiгiнің ластануын азайту жөніндегi экологиялық стратегияны тұжырымдауға жәрдемдесу арқылы қамтамасыз етiледі.
Екiншi басым бағыт, Ауыл шаруашылығы мен Агроөнеркәсіп, бойынша қызмет ауыл шаруашылығы мен оның қосалқы функцияларына арналады. Қазақстан бұрынғыша өзiнiң жалпы ұлттық өнiмiнiң 15%-iн құрайтын ауыл шаруашылығы мен оған жататын салаларға аса тәуелді, алайда сектор өткiр проблемаларға тап болуда. Ең алдымен мұндай жағдай әмiршiл-әкімшіл жүйе қалдырған мұраның арқасында, сондай-ақ өнiм өндіруді жолға қою мен өндірілген өнімді бөлу қызметiндегi iркiлiстерден де орын алуда. Бастапқы ауыл шаруашылығы мен өнiмдi өңдеу жөніндегi қызметтер әлi қайта құрылымданбаған және соңғы жылдары инвестицияларға зәру. Көптеген фермаларды жекешелендiру нәтижесінде бiрқатар өнiм берiп тұрушылар үшiн кредиттер тоқтатылды. Қазiргi жағдайды түзету және ауыл шаруашылығын келешекте дамытуға жәрдемдесу қажеттігін қазақ үкіметі мойындап отыр.
1997 жылғы бағдарлама кредит алуда, шаруа қожалығы техникасына қол жетiмдiлiктi жақсартуда, сондай-ақ көтерме сауда рыноктары мен маркетингтiк ақпарат жүйелерiн дамытуда, жекеменшiк фермаларға ерекше қолдау көрсетіп, жекешелендiру элементтерiн қолдады. Жаңа, ұсынылатын жоба көтерме сауда рыноктары мен маркетингтiк ақпарат жүйесiнiң қазiргi желiсiне кiрiктiрiлетiн болады әрi осы мүмкiндiктердi тиiмдi қазiргi заманғы нарық инфрақұрылымы мен ауылдағы жергiлiктi ақпараттық жүйелерге кеңейтеді.
Үшiншi басым сала көлiк пен энергетикаға негiзгi мән бере отырып, Инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Қазақстан Каспий теңiзiнен Қытайға дейiн, Сiбiрден Орталық Азияның оңтүстiгiне дейiн көсiлiп жатқан орасан зор жазық жерде орналасқан, мұның өзi елдi аймақтық сауда ағындарының табиғи торабына айналдырады. Экономикалық өмiр тiршiлiгiнің басты орталықтары осынау орасан зор жер алабында шашырай орналасқан. Экономика ауқымды дәрежеде шикiзат (мұнай-газ, минералдар) экспортына, сондай-ақ көршi мемлекеттер арқылы жоғары сапалы тауарлар импортына тәуелдi. Сондықтан жан-жақты қамтитын және бәсекеге қабiлеттi көлiк желiсiн дамыту да Қазақстан үшiн негiзгi басым бағыт болып табылады.
Бүгінгі күнге дейiн Тасистің көлiк секторындағы көмегi негiзiнен TPACEKA жобалары арқылы, мемлекетаралық бюджет қаражатынан қамтамасыз етiлiп келдi, оларда Қазақстан өзiнiң стратегиялық орналасқан жерiне қарай негiзгі серіктес мемлекет болды. Алайда ТРАСЕКА дәлiзi Қазақстан аумағының 1/3 ғана қамтиды, ал ТРАСЕКА жобасынан тыс басқа көлік жолдары елдің экономикалық дамуы үшін теңдей дәрежеде маңызды.
Жаңа, ұсынылатын жоба алдыңғы ТРАСЕКА жобалардың жетiстiктерiн кеңейтеді әрі әкімшілік және кеден рәсімдерін жаңартуға қосымша үлес енгізу жолымен, тасымалдау ережелері мен тариф саясатын жақсартудағы көмекпен, көлiк жылдамдығы параметрлерiн әзiрлеумен, өнеркәсіп, мұнай-газ, өндіруші аймақтарда, ел экспорты үшін зор стратегиялық маңызы бар жерлерде көлiк магистральдарындағы қозғалысты болжаумен, транзиттiк мүмкiндiктердi жетiлдiретiн iргелi жобалардың Техника-экономикалық, негiздемелерiн даярлаумен Казақстанның көлiк дәлiздерiнiң бәсекелестiгiн арттыруға бағытталады.
Мұнай-газ ресурстарына келсек, Қазақстан INOGATE (Иногейт - Еуропаға мұнай мен газды тасымалдау жөнiндегi мемлекетаралық бағдарлама) бағдарламасының мүшесi болып табылады, оның мақсаты негiзiнен жұмыс істеп тұрған желiні қалпына келтiру үшiн аса қажеттi инвестицияларды тартуға көмек, сондай-ақ өткiзгiш құбырдың жаңа бағыттарын енгiзу болып табылады. Газ желiсi жеке меншік компаниялардың басқаруында болғандықтан, Қазақстан бұл шағын секторда өзi үшiн ешқандай пайдаға ие болған жоқ. Алайда мұнай желiсiне және сауданы жақсартуға келгенде, Қазақстан желiнi аудиттеу жөнiндегi Иногейт жобаларына қатысып, мемлекетаралық мұнай-газ желiсiнiң ұйымдық шеңберi жөнiндегi Иногейт Қамтушы (Зонтичное) келiсiмiне алдын ала қол қойды.
Мемлекетаралық қызметпен қатар қазақ секторын қайта құрылымдау бұрынғыша Тасис қолдауы басымдықтарына кiредi. Қазақойл компаниясының мұнай-газ секторындағы мынадай мүмкіндіктерін: мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң сапасын бақылау, сертификаттау, ОФ-шорлық операциялар үшiн қауіпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғау рәсімдерiн жүргiзу тәрiздi бақылаушы рөлiн нығайтуға бағытталған жоба өзiне ненi қамтиды. Көмек Каспий теңізінің қазақстандық су секторындағы мұнай-газ ресурстарын игеру перспективасында ерекше орынды бола түседі.
Қазақстан Республикасының экологиясындағы күрделi жағдайға орай және Тасистің қолданылып жүрген Ережесiне байланысты ұсынылатын жобалар дизайны мен оларды жүзеге асыруда қоршаған ортаны қорғау мәселелерiне тиiстi назар аудару ерекше маңызды.
7. Бағдарлама компоненттерi
1999 жылға арналған техникалық көмек беру жөнiндегi Iс-қимыл бағдарламасы өз назарын үш басым бағытқа шоғырландырады, атап айтқанда: Құрылымдық және Ұйымдық реформа, Ауыл шаруашылығы мен Агроөнеркәсiп, сол сияқты Инфрақұрылымды дамыту, әсiресе көлiк және энергетикаға қатысты. Бұған қоса, Ұлттық Индикативтiк бағдарламалар арқылы бiрқатар қаржыландыру тетiктерi бар, олар Iс-қимыл бағдарламасының негiзгi жобаларына қосымша тәсілдермен Тасис бағдарламасының мақсатына қол жеткiзу үшiн жұмылдырылуы мүмкін.
7.1. Құрылымдық және Ұйымдық реформа
Бiрiншi кезектi басымдықтар iшiнде - Құрылымдық және Ұйымдық реформа, ұйымдар мен мекемелердi реформалау және туындап келе жатқан нарықтық экономиканы қолдау жағына қайта бағдарлау ауқымды тақырып болып табылады. Жоба өзгерiстер процесi үшiн маңызды мынадай: құқықтық реформа, статистика реформасы, салық басқару реформасы, макроэкономикалық саясат, жоғары оқу орындарын реформалау, өнеркәсiптiк бәсекелестiк, қоршаған ортаны қорғау тәрiздi салаларға арналған.
- Қазақстан инфляция қарқынын ауыздықтау, тапшылықты бақылауға келтiру, сондай-ақ ырықтандыру мен жекешелендiрудi басты назарда ұстайтын жүйелi реформаларды енгiзу арқылы тұрақты макроэкономикалық құрылымды қамтамасыз етуге өз күш-жiгерiн шоғырландырды. Жұмыс iстеп тұрған құқықтық құрылымның кемшiндiгiн ұғына отырып үкiмет Құқықтық реформа жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны мақұлдады. Ұсынылған жобаның негiзгi мақсаты мыналар болып табылады: (1) заң жобаларын жазу саласында техникалық консультациялар беру, сондай-ақ нарықтық реформаларға қатысты заңдарды даярлау жолымен, нарықтық оқу заң жүйесiн дамытуды қолдаумен, заң ақпаратына қол жеткiзудi жеңiлдетумен және соттардың әкiмшiлiк қызметшiлерi мен судьяларды оқыту жолымен нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiне байланысты салаларда нормативтiк-құқықтық, жүйе мен ұйымдарды нығайту.
- Серiктестiк және ынтымақтастық туралы келiсiм (СЖЫК), егер ЕҚ-ның бәсекелестiк туралы ережелерiне қайшылықтар болмаса, Қазақстанның өз өнеркәсiбiн қайта құрылымдау және дамыту жөнiнде қолға алып отырған iс-қимылына, Қоғамдастықтың қатысуын iлгерiлетуге бағытталған өнеркәсiптiк ынтымақтастыққа жәрдемдесудi қамтамасыз етедi. Қазақ экономикасының ырықтандырылуы мен сыртқы сауда үшiн ашылуы ұлттық рынокта және ТМД рыноктарындағы өндiрiстiң кемшiлiктерiн көрсеттi. Ұсынылатын жоба (2) кәсiпорындардың халықаралық стандарттарға сәйкес дамуына, сондай-ақ, ұлттық және әлемдiк нарықтарда неғұрлым күштi бәсекелестiк ету мүмкiндiгiн бередi.
- Ақпарат жинау, экономикалық талдау және болжамдау Экономикалық жоспарлау жөніндегi агенттiк құзырында болып табылады. Осы Агенттiк әлеуметтiк, экономикалық және аймақтық даму жөніндегi Индикативтiк жоспарларды даярлау үшін, сондай-ақ Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын даярлау үшiн жауапты. Ұсынылатын жоба (3) Агенттік қызметкерлерiнiң макроэкономикалық модельдеу және болжамдау әдістемелерiн пайдалану саласындағы дағдыларын жетiлдіруге тиiс.
- Қазiргі заманғы басқару дағдылары мен халықаралық деңгейдегі бiлiм-бiлiкке оқытып-үйрету жолымен бизнес және мемлекеттiк қызмет саласында басшыларды қалыптастыру қажеттiгiн ұғына отырып, мемлекет президент жарлығымен 1992 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжам институтын құрды. 1993 жылы Тасис КИМЭП-те Бизнес-Әкiмшiлiк ету магистратурасы (БӘМ) бағдарламасына қолдау көрсете бастады (4).
Соңғы бiрнеше жыл iшінде студенттер мен жаңа бағдарламалар саны едәуiр артты. Халықаралық донорлар қоғамдастығының КИМЭП-ке қолдауы осы оқу орнының Орталық Азиядағы үздiк экономикалық мектептердiң бiрi ретiнде танылуына өз үлесiн қосты.
Бүгiнгi таңда туындаған негiзгi проблема экономикалық дербестiк пен орнықтылыққа қол жеткiзу, шетелдiк оқытушылар құрамын сапасы қарайлас жергiлiктiлермен алмастыру, сондай-ақ барлық әкiмшiлiк шығындарды жабу үшiн жеткiлiктi табыс көзін табу болып табылады. Ұсынылатын жоба КИМЭП-тiң Еуропалық бизнес мектептерiнiң желiсiне кiрiгуiн нығайтуға, оның жалпы сапасын жақсартуға, сондай-ақ оның экономикалық дербестiгiн, орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беруге тиiс.
- Қазақстанның негiзгi экологиялық проблемалары су ресурстарының ластануымен, ауаның ластануымен, радиоактивтiк ластанумен байланысты. Мемлекет мұнай және газ ресурстарын тиiмсiз пайдаланудан, сондай-ақ Семей облысының радиоактивтiк ластануынан зардап шегiп отыр.
Экология және табиғи ресурстар министрлiгi, Тасистi қоса алғанда, халықаралық донорлар қоғамдастығының қолдауымен тұрақты даму жөніндегi Ұлттық экологиялық iс-қимыл бағдарламасын әзiрледі. Экологиялық проблемалар талданып, мынадай өлшемдерге сәйкес: денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық даму - басым проблемалар ретiнде атап көрсетiлдi.
Жол көлiгi санының барған сайын артып келе жатқан өсуi елдің экологиялық проблемаларының ұлғаюына әсер етiп отыр. Айрықша бұл Алматы және Шымкент тәрiздi үлкен қалаларда орын алуда, онда ауа ластануының 70%-тен астамы көлiк құралдарының қалдық газдарымен байланысты, мұның өзi халықтың денсаулығына өте нашар әсер етуде. Статистика тыныс жолдары сырқаттары мен рактың жылдам өсуін көрсетiп отыр. Оның сапасын жақсартуға, көлiк қалдық газдарының деңгейiн төмендетуге, сондай-ақ қоғамдық экологиялық сананы (5) жақсартуға бағытталған шаралар қажет, олар экология және көлiк саясаты стратегиясын дамытуды қолдау жолымен ауаның ластануына байланысты ахуалды жақсарту жөнiндегi негiзгi мәселелердi қамтиды.
Алматы қаласында ластанудың жұртшылық денсаулығына терiс әсерiн төмендетуге бағытталған шаралар бойынша пилоттық іс-қимыл өткiзiледi.
- Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi президент жарлығымен 1998 жылғы қарашада құрылды. Жаңа министрлiктiң негiзгi мiндетi салықтарды басқару болып табылады. Ұсынылатын жоба (6) Мемлекеттiк кіріс министрлiгiнің салықтарды жинау мен басқарудағы ұйымдық мүмкiндiктерiн, оның функционалдық құрылымын әзiрлеу салық қызметшiлерiнің бiлiктiлiгi мен дағдыларын арттыру әрi салық төлеушiлер үшiн неғұрлым қарапайым және әділеттi рәсімдер ұсыну жолымен нығайтуға бағытталады.
7.2. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсiп
Ауыл шаруашылығы Қазақстанда ауылдық жерде 2 миллионнан астам үй шаруашылығын қолдай отырып және 1995 жылғы iшкi ұлттық өнiмнің шамамен 15%-ін енгiзе отырып, маңызды рөл атқарады. Бұл сан 1986-1990 жылдармен салыстырғанда 25%-тен төмендеп кеттi және де, бәлкiм, таяуда жекешелендiрiлген кейбiр фермалардың үлесiн жете бағаламайды. 1995 жылы 194 миллион гектар жер ауыл шаруашылығы мұқтажына арналған болатын, олардың тек 16%-i ғана егiстiк жерлер санатына жатады. Жердi өңдеу қысқа мерзiмдi өсiру маусымымен, бұл 125-175 күн, сондай-ақ сирек әрi ретсiз жаңбырлармен шектеледi. Осындай кедергiлерге қарамастан, сектор отбасылық тұтыну үшiн негiзгi тамақ өнiмдерiнiң едәуiр бөлiгiн берiп тұрады, импорт негiзiнен шай, кофе, зәйтүн тұқымдарымен және қантпен шектеледi.
Жер реформасы және фермаларды қайта құрылымдау үкiмет тарапынан назарға iлiктi, алайда шын мәнiсiнде жекеменшiк фермалармен қамтылған аумақ шағын болып қалып отыр. Ауыл шаруашылығы жерлерiнiң көпшiлiк бөлiгi (75%), әдетте, бұрынғы бастықтардың басшылығымен өндiру мен сатудың жекеменшiк жүйесi-мiс дегендi пайдаланып, бұрынғы мемлекеттiк секторда қалып отыр. Жердi шын мәнiнде жекешелендiруден өзге, оны пайдалану аймақтық деңгейде экономикалық, әлеуметтiк және саяси факторлармен шектеледi. Облыстық деңгейдегi бастамашылықтар арқылы одан әрi серпiн алмаса, фермаларды қайта құрылымдау процесi тоқтап қалу қаупi бар. Осы, басымдылығы жөнiнен екiншi, саладағы Тасистің көмегi негiзiнен жекеменшiк фермерлiк сектордың дамуында өзектi болып табылатын мәселеге арналады, атап айтқанда: тиiмдi ауыл шаруашылығы маркетингтiк инфрақұрылымын құру.
Жетiлдiрiлген маркетинг жүйесiнің мәнi фермерлік ресурстарды бөлуде және тұтынушылардың мұқтаждарын қанағаттандыруда сатып-алуға берiлген тапсырыстардың емес, бағаның айқындаушы факторға айналуында болып табылады. Маркетинг тiзбегiнiң әрбiр буынында нағыз бәсекелестiк болуға тиiс. Көп арналы маркетингтiк жүйенi дамыту, бағалардың ашықтығын қамтамасыз ететiн ақпараттық нарық жүйесiмен бiрге бәсекелес бағаларды қамтамасыз етудiң неғұрлым тиiмді тәсiлi болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнiмiн бөлу жүйесi қазiргi сәтте, мемлекеттiк жүйеден нарық мұқтаждарына жауап беретіндей жүйеге дами отырып, елеулi өзгерiстерге ұшырау үстiнде.
Ұсынылатын ауыл шаруашылығы маркетингтiк жобасы (7) Ауыл шаруашылығы министрлiгiне және облыстық департаменттерiне ауыл шаруашылығы рыногының қолайлы инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi және көтерме сауда рыноктарында әзiрленген бастамашылықтар мен нарықтық ақпарат үшiн қосымша әрi тiрек ретiнде қызмет ететiн болады.
7.3. Инфрақұрылымды дамыту
1996-1999 жылдардың Индикативтiк бағдарламасында айқындалған үшiншi басым сала Инфрақұрылымды, атап айтқанда энергетика мен көлiктi дамыту болып табылады.
- Қазақстанның стратегиялық орналасқан жерi оның кең байтақ кеңiстiгiн аймақтағы сауда үшiн табиғи торапқа айналдырады. Iскерлiк экономикалық белсендiлiктiң негізгi орталықтары күллi орасан зор аумақ бойынша шашырай орналасқан. Ел экономикасы шикiзат (мұнай, газ, минералдық ресурстар) экспортына және көршi мемлекеттер аумағы арқылы жоғары сапалы тауарлар импортына аса тәуелді. Тиiмді көлiк жүйесi, сонымен, елдің экономикалық дамуы үшiн аса қажет болып табылады.
Бүгiнгi күнге дейiн Тасистің көлiк секторындағы жәрдемi негiзiнен ТРАСЕКА жобалары арқылы қамтамасыз етiліп келдi, онда Қазақстан өзiнің стратегиялық орын тепкен жерiне орай негiзгi серiктес мемлекет болды. Алайда, ТРАСЕКА дәлiзi Қазақстан аумағының 1/3 ғана қамтиды, ал ТРАСЕКА жобасынан тыс қалған көлiк жолдары елдiң экономикалық дамуы үшiн теңдей дәрежеде маңызды.
Жаңа, ұсынылатын жоба алдыңғы ТРАСЕКА жобаларының жетiстiктерiн кеңейтедi әрi әкiмшiлiк және кеден рәсімдерiн жаңартуға қосымша үлес енгiзу жолымен, тасымалдау ережелерi мен тариф саясатын жақсартудағы көмекпен, көлiк жылдамдығы параметрлерiн әзiрлеумен, өнеркәсiп, мұнай-газ, шикiзат өндiру аймақтарында, ел экспорты үшiн зор стратегиялық маңызы бар жерлерде көлiк магистральдарындағы қозғалысты болжаумен, транзиттiк мүмкiндiктердi жетiлдіретiн iргелi жобалардың Техника-экономикалық негiздемелерiн даярлаумен Қазақстанның көлiк дәлiздерiнiң бәсекелестiгiн арттыруға бағытталады.
- Қазақстанның мұнай-газ секторы Қазақойл компаниясына ұлттық мұнай-газ компаниясы дәстүрлi рөлi берiле отырып, 1997 жылы қайта құрылымданған болатын. Таяуда ғана, мұнай тасымалдарымен айналысатын екiншi компания Қазақойлды халықаралық интеграцияланған компанияға өзгерте отырып, оған қосылды.
Қазақойл оның мұнай-газ секторындағы байқаушы рөлiне көмек беруге бағытталған 1996 жылғы Тасис жобасының алушысы болып табылады, мұның өзi мемлекеттiк құрылымдарға жұмыс iстеп тұрған мұнай-газ компаниялары алатын ақпаратты сақтауға және сұратуға мүмкіндік беретін пилоттық деректер базасын жасады, сондай-ақ жобаны дамытудағы оның мүмкiндiктерiн нығайтуға бағытталған элементті қамтиды, бұған қоса, мұнда бұрғылаудың алдыңғы қатарлы тәсілдеріне үйрету элементі де кіреді.
Жаңа, жобалық ұсыныс (9) мемлекеттiк құрылымдардың бақылаушы рөлiн атқару, мынадай: мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң сапасын тәуелсіз бақылау және оларды сертификаттау, офф-шорлық қызметiнің қауiпсiздiгі мен қоршаған ортаны қорғау рәсімдерін алға апару, сондай-ақ қазiргi заманғы технологиялар саласында бiлiм-бiлiктi беру тәрiздi мұнай-газ секторының әрi дамуы үшiн өмiршең қажеттi басқа да мәселелерге бет бұру қабiлетiн одан әрi қарай күшейтуге бағытталатын болады.
7.4. Бистро
Бистро бағдарламасына Алматыдағы Еуропа Комиссиясының өкiлдiгi басшылық жасайды. Ол 100.000 Еуроға дейiнгi шағын жобаларды қаржыландыруға арналған. Оның негiзгi мақсаты: жергiлiктi жерлерден алынған ақпарат көп үмiт күттiретiн шағын жобаларды көрсеткен кезде жылдам әрі икемді іс-қимыл жасай отырып, Тасис бағдарламасын толықтыру; техникалық көмек жобалары үшiн таратуға немесе Тасистің негiзгi жобаларына көшiру мүмкiн болатын
үмiт күттіретін ұсыныстарды шағын ауқымда, жергiлiктi жерде тексеру; және
де iрi халықаралық көмек бағдарламаларына шығу оңайға түспейтiн серiктес
ұйымдардың барлық түрлері үшiн қол жетiмдi болу.
7.5. Шағын жобалар бағдарламасы
Қазақстан бұрынғыша шағын жобалар бағдарламаларының көпшiлiгіне
қатысатын болады.
8. Бағдарламаны жүзеге асыру
Ұсынылатын қадамдарды жүзеге асыруды 1999 жылы бастаған жөн. Бағдарламаны енгiзу, мүмкін болғанынша, ЕҚ жекеменшiк және мемлекеттік операторларын олардың қазақстандық серіктестерімен немесе арнаулы институттарымен, қоғамдық пайдалану кәсiпорындармен, қорлармен және т.б. байланыстырады. Жобаны жүзеге асырумен айналысатын ЕҚ ұйымдарының жұмысы қазақстандық серiктес кәсiпорындармен және мекемелермен бiрге әрi солар арқылы көтермеленетiн болады. Бағдарламаны ЕҚ Комиссиясы мен Қазақстан өкiмет органдары, көмектi ақырғы алушылар, сондай-ақ жалдаушы компаниялар мен мекемелер жүзеге асырады. Контрактiлер Тасис ережелерiне сәйкес тапсырылады.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру, мұның өзi келiсiм жасасу дегендi бiлдiредi, 2002 ж. 31.12 аяқталуға тиiс. Төлемдер 2003 ж. 31.12 дейiн тәртiпке келтiрiлуге тиiс. Бағдарламаға сыртқы байланыстар жөнiндегi қоғамдық қызмет 1А Бас Директоратымен тығыз байланысты ынтымақтастықта басшылық жасайтын болады.
Бағалау және Мониторинг
Әдеттегi қадағалауға және егер қажеттiк болса, жергiлiктi жерде өткiзiлетiн бақылауға қосымша, Қоғамдастық Комиссиясының қызметтерi мен Есеп Палатасы бағдарламаның алға апарылуын және мердiгерлердiң iс-қимылын байқау мақсатында, сондай-ақ бағдарламалар мен келiсiмдер мақсаттарына қол жеткiзу фактiсiн кейiн жан-жақты баға берудi қолға алу үшiн тәуелсiз консультанттармен келiсiмдерге қол қойды.
Аудит
Осы бағдарлама бойынша қаржыландырылатын қызмет Қоғамдастық Комиссиясының тиiстi қызметтерi мен Есеп Палатасының, егер қажет болса, жергілiктi жерде өткiзу үшін, бақылауында болады. Осы бағдарлама қаржыландыратын шығыстар туралы есептер мен жазбаларды Қоғамдастық Комиссиясы мен Есеп Палатасының мiндеттерiне залал келтiрмей, Комиссия сырттан контракт бойынша жалдаған аудитор ұдайы тексеретiн болады.
9. Реформалар процесiн жүргiзу жөнiндегі үкiмет мiндеттемелерi
1996-1999 жылдардың Индикативтiк бағдарламасында айқындалғандай, Тасистiң 1996-1999 жылдар арасындағы жәрдемi Еуропа Одағы мен жаңа тәуелсiз мемлекеттер арасында қол жеткізiлген серiктестiк және ынтымақтастық туралы келiсiмге енгiзiлген белгiлi өзара ортақ экономикалық және саяси құндылықтар мен практикалық тұрғылар негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл Хельсинки қорытынды Актiсiмен және жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында айқындалғанындай демократиялық принциптер мен адам құқықтарын, сондай-ақ СБСЕ (ЕҚЫҰ), Бонн құжаттарында баяндалғандарды да қоса, нарықтық экономика принциптерiн құрметтеуге қатысты. Осы принциптер Еуропа Одағы мен оған мүше елдердiң iшкi және сыртқы саясатының іргетасын қалайды, сондай-ақ Еуропа Комиссиясының көмек беру мәселесiнде мiндеттi элемент болып табылады.
1998/99 Iс-қимыл Бағдарламасымен қаржыландырылатын қызмет Қазақстан өкiметi негiздеген макроэкономикалық және секторалдық саясаттың бiрыңғай тұтастығы болып табылады. Осы Iс-қимыл Бағдарламасының орындалуы өкiмет макроэкономикалық реформалардың қажеттi шараларын қолға алуды жалғастырып
отырған жерде ғана және де демократияға қарай ұласып отырған
iлгерiлеушiлiк бар жерде жүзеге асырылуы мүмкiн. Тап осы тәрiздi, Іс-қимыл
Бағдарламасы белгiлеген ынтымақтастық үшiн таңдап алынған кеңiстiк
шеңберiнде жобаны жүзеге асыру Қазақстан өкiметiнiң тиiстi реформалық
процестердi жүзеге асыруында жалғасып отырған ілгерiлеушiлiкпен
толықтырылуға тиiс.
IС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ - ҚАЗАҚСТАН
1999
10. Шығындар сметасы мен қаржыландыру M Eypo
А. Кәсiпорындарды қолдау 8.8
1. Құқықтық реформаны жүзеге асыруға жәрдемдесу 1.0
2. Өнеркәсiптiк бәсекелеске жәрдемдесу 1.0
3. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiктi қолдау 1.0
4. КИМЭП-тiң ұйымдық дамуына жәрдемдесу 2.3
5. Экология министрлiгiне жәрдемдесу 1.0
6. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне ұйымдық жәрдемдесу 2.5
Б. Тамақ өнiмдерiн өндiру, өңдеу және бөлу 2.0
7. Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау 2.0
С. Көлiк және телекоммуникациялар 2.0
8. Транзиттiк дәлiздер саясатын әзiрлеу 2.0
Д. Энергетика 2.0
9. Қазақойл компаниясын қолдау 2.0
Е. Бистро 0.85
Ф. Резервтер 1.00
Жиыны 16.65
Бұған қоса, Қазақстан (SРР&АТА) бағдарламаларына қатысудан өзiне
;пайда алады. Бұл жеке қаржылық ұсыныста баяндалатын болады. Тұтас алғанда
7.35 миллион Еуро мынадай салаларға бөлiндi:
1. Темпус 2.0
2. Стратегия тұжырымдауға консультативтiк жәрдемдесу 2.5*
бағдарламасы
3. Кеден 0.5
4. Статистика 1.5
5. Лиен 0.3
6. Менеджменттiң тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасы 0,3
7. Қалалардың бауырласуы 0.2
8. АТА тетiгi 0.05
Барлығы 7.35
*("Қазақстанның экономикалық үрдiстерi" журналының жарияланымдарын қоса)
І қосымша
ТАСИС-тiң алушы-елдерiнiң тiзiмi
Армения,
Әзiрбайжан,
Беларусь,
Грузия,
Қазақстан,
Қырғызстан,
Молдова,
Ресей Федерациясы,
Тәжiкстан,
Түркменстан,
Өзбекстан,
Монғолия.
II қосымша
ФАРЕ-нiң алушы-елдерінiң тізімі
Албания,
Болгария,
Венгрия,
Латвия,
Литва,
Польша,
Румыния,
Словакия,
Словения,
Чех Республикасы,
Эстония.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
Бұдан әрi "КОМИССИЯ" деп аталатын, Еуропалық қоғамдастықтар Комиссиясы бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық экономикалық қоғамдастығы үшiн және оның атынан әрекет ете отырып
бiр тараптан, және
Бұдан әрi "ҮКIМЕТ" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы үшiн және оның атынан әрекет ете отырып
басқа тараптан, бiрге "Келiсушi тараптар" деп аталатын.
Қазақстан Республикасының Қоғамдастық Кеңесiнiң 1991 жылғы 15 шiлдедегi N 2157/91 және 1993 жылғы 19 шiлдедегi N 2053/93 нұсқаулығында көрсетілгендей Қоғамдастықтың Техникалық көмек көрсету бағдарламасы бойынша ШАРАЛАР түрiнде көмек алатын ел болып табылатындығы ескерiлiп.
Қоғамдастықтың Техникалық көмек көрсету бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасында қаржыландырылатын ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру үшiн жалпы техникалық заңдық және әкiмшiлiк қағидалардың бекiтiлуi керектiгі ескерiлiп.
МЫНАЛАР ЖӨНІНДЕ КЕЛIСТI:
1-БАП
Келiсушi тараптар арасындағы ынтымақтастыққа көмек көрсету үшiн, Қазақстан Республикасындағы экономикалық және әлеуметтiк процестi ұстап тұру мақсатында Келісуші тараптар жоғарыда аталған нұсқаулықта көрсетiлгендей, Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын осы Жалпы қағидалармен бекiтiлген, техникалық, заңдық және әкiмшiлiк құрылымдардың шеңберiнде қаржыландырылатын және iс жүзiнде жүргiзiлетiн ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыруға келiстi. ШАРАЛАРДЫҢ (немесе ШАРАЛАР жиынтығының) жекелеген бөлшектерi Келiсушi тараптар қабылдауға тиiстi Қаржыландыру туралы меморандумда (бұдан әрi "Қаржыландыру туралы меморандум" деп аталады) баяндалады.
Келiсушi тараптар барлық ШАРАЛАРДЫҢ тиiстi түрде орындалуы үшiн барлық қажеттi қадамдарды жасайды.
Келісушi тараптар өзара келiсiм бойынша жекелеген шараны оның тиімді жүзеге асырылуы үшін түрлендіре алады. Осындай түрлендіру:
а) бағдарламаның әртүрлi сандық компаненттерiн бөлудегі Қаржыландыру туралы меморандумның құндар бойынша бөлiнiсте көрсетiлген соманың 15% аспайтындай, өзгерiске;
б) бағдарламаның мазмұнын және техникалық элементтерін елеулi түрде өзгерту жолымен бастапқыда айқындаған шарттар бойынша бағдарламаны орындауға ықпал жасауға әкеп соқпайды.
2-БАП
Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын осы Жалпы қағидалармен қамтылған әрбiр ШАРА осы құжаттың қосымшасында баяндалған, әрбiр Қаржыландыру туралы меморандумға енгiзу жобаланатын жалпы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржыландыру туралы меморандум ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру үшiн қажет болған жағдайда осы Жалпы қағидаларды түрлендiре және толықтыра алады.
3-БАП
Осы Жалпы қағидалардың шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және көмек алған, бiрақ өзiнiң мәнi бойынша жекелеген Қаржыландыру туралы меморандуммен қамтылмаған басқа елдер үшiн мүдде бiлдiретiн, аймақтағы мемлекетаралық ШАРАЛАРДЫ қоса отырып Қоғамдастықтың техникалық көмек көрсету бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын ШАРАЛАРҒА қолданылады.
4-БАП
Осы Жалпы қағидалар бойынша қаржыландырылатын ШАРАЛАРҒА қатысты мәселелер үшiн Комиссия өзiнiң Қазақстан Республикасының аккредитивтелген (егер ол бар болса), Комиссия атынан және Қазақстан Республикасының тиiстi билiк органдарымен тығыз ынтымақтастықта ШАРАЛАРДЫ заңды қаржылық және техникалық басқару практикасына сәйкес жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
өкiлдігіне ұсыныс жолдай алады.
5-БАП
Осы Жалпы қағидаларға қатысты кез келген дау осы Жалпы қағидалардың
мақсатын назарға ала отырып мәселенi шешу үшiн барлық ықтимал күштер
тиiстi түрде салатын Келiсушi тараптар арасындағы консультациялардың
нысанасы болып табылады.
6-БАП
Осы Жалпы қағидалар оларға екі тарап та қол қойған күні күшіне енеді.
Олар Қоғамдастық Кеңесінің 1991 жылғы 15 шілдедегі N 2157/91 және 1993 жылғы 19 шілдедегі N 2053/93 нұсқаулығында көрсетілгендей Қоғамдастықтың Техникалық көмек көрсету бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын барлық шараларға қолданылады.
7-БАП
Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын осы Жалпы қағидалар
Еуропалық экономикалық қоғамдастық және Кеңестiк Социалистiк Республикалар
Одағы 1991 жылғы 2 тамызда қол қойған Хаттаманы ауыстырады және жояды.
Брюссельде 4.2.1994 ж., түпнұсқалары ағылшын және орыс тiлдерiнде екi
түпнұсқалық көшiрмелерінде жасалды, әрбiр мәтiннiң бiрдей күші бар.
ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ҚОҒАМДАСТЫҚТАР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI
КОМИССИЯСЫ
Еуропалық, қоғамдастықтар Қазақстан Республикасы Премьер-
Комиссиясының вице-президентi министрiнiң Бiрiншi орынбасары
15.12.1993
ҚОСЫМША
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I ТАРАУ - ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
1-БАП - ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ЖОБАЛАНҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАРАЖАТ БӨЛУІ
Мөлшерi әрбiр Қаржыландыру туралы меморандумда белгiленетiн, бұдан әрі "ЕЭҚ-тың субсидиясы" деп аталатын Қоғамдастықтың жобаланған қаржылық қаражат бөлуi тиiстi түрде бекiтiлген келiсiм-шарттардың немесе жұмыс бағдарламаларының негiзiнде салымдар шегiн және төлемдерді жүзеге асыруды айқындайды.
2-БАП - ТӨЛЕМДЕР
1. Төлемдердi Комиссия тiкелей мердігерге немесе жұмыс бағдарламасының негiзiнде нысандылықтар орындалған жағдайда арнайы жоба үшін арналған, мердiгерлер Комиссия немесе Комиссияның қадағалауымен ШАРАЛАРДЫ орындауға жауапты ұйымның атынан төлем жүргізілетін банктік шотқа аванс нысанында төлеудi жүргiзедi.
Әрбiр ретте, ШАРА жұмыс бағдарламасының негізiнде жүзеге асырылған кезде, шотқа аванстың төлемдер жасау қолдай ақша қозғалысының тиiстi жоспарларына негiзделе отырып жүргiзiледi.
Келiсім-шарттар стандартты келiсiм-шарттар және Еуропалық қоғамдастықтар Комиссиясы қолданатын келісім-шарттарға арналған жалпы ережелер сияқты халықаралық үлгілерге сәйкес болады.
ІI ТАРАУ - МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ
3-БАП - ЖАЛПЫ
Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi келiсiм-шарттар және жеткiзу жөнiндегi келiсiм-шарттар жасау үшiн қолданылуға тиісті рәсім төменде тұжырымдалған принциптерге сүйене отырып Қаржыландыру туралы меморандумда белгіленеді.
4-БАП - БАСТАУ
КОМИССИЯ рұқсат еткен жекелеген жағдайларды қоспағанда келiсім-шарттарды орындау үшiн талап етілетiн материалдар, ресурстар және қызмет көрсетулер Қоғамдастықтан немесе 1991 жылғы 15 шілдедегі N 2157/91 және 1993 жылғы 19 шілдедегі N 2053/93 нұсқаулықтарда көрсетiлген бенефициарий-елдерден шығу керек. Бенефициарий-елдердiң осы келiсiмге қол қою сәтiне жасалған тiзімі қоса берiлдi.
Жекелеген жағдайларда және Комиссияның айрықша ұйғарымымен бастау РНАRЕ бағдарламасының бенефициарий-елдерiне, жерорта теңiз елдерiне дейін және бiрлесiп қаржыландырған жағдайда iске қатысты басқа үшiншi елдерге дейiн кеңейтiлуi мүмкiн. РНАRЕ бағдарламасының бенефициарий-елдерiнiң осы келiсiмге қол қою сәтiне тiзiмi қоса берiлді.
Бiртектi немесе әртүрлi ұлттық тектен шыққан фирмалар арасындағы топтастыру, консорциум және субмердігерліктер туралы келiсiмдер осы бастау қағидаларының ықпалында болады.
5-БАП - СТАНДАРТТЫ РӘСIМДЕРДЕН БАС ТАРТУ
Мәселенiң кiдiрiссiздігі немесе ШАРАЛАРДЫҢ мәнi, екiншi кезектегi маңыздылығы немесе ерекше сипаттарының (мысалы, екi кезеңдi қаржыландыру операциясы, көп желiлі операциялар, жекелеген техникалық ерекшелiктер және т.б.) себептерi бойынша ақталудың қайда екендiгі түсiндiрiлген жағдайларда КОМИССИЯ ерекшелiктер ретiнде:
- жобалар байқауы туралы шектеулi хабарландырудан кейiн жеткізiм жөнiндегi келiсiм-шарттарды орналастыруға;
- тiкелей келiсiмдермен келiсiм-шарттар жасауға рұқсат бере алады.
6-БАП - ЖЕТКIЗIМДЕР ЖӨНIНДЕГI КЕЛIСІМ ШАРТТАРҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
5-баптың шарттары бойынша жеткiзiлiмдер жөнiндегi келiсiм-шарттарға қатысу үшiн тең жағдайларға кепiлдiк берiледі, оның iшiнде қолайлы уақытта жобалар байқауына қатысуға шағырылымдар жариялау арқылы. Қоғамдастықтың хабарландыруы, әдетте, Еуропалық қоғамдастықтарында Ресми журналында және тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы және басқа мүдделi елдер үшiн жарияланады.
7-БАП - КЕЛIСIМ-ШАРТТАР ҰСЫНУ
КОМИССИЯ әрбір операция үшін таңдалған ұсыныстың экономикалық аса тиімді, әсiресе өтiнiм берушiлер ұсынған бiлiктiлiктер мен кепілдіктер, жеткізілімдер мен қызмет көрсетулердің шығындары және сапасы, жүзеге асыруға арналған сипат пен шарттар, пайдаға асыру мен техникалық құндылықтар шығындар көзқарасымен қарағанда, болып табылатындығына кепілдік береді.
Жеткiзiлiмдер бойынша келiсiм-шарттар жобалары байқауының нәтижелерi Қоғамдастықтың Ресми журналында жарияланады.
8-БАП - ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI КЕЛIСIМ-ШАРТТАР
1. Техникалық көмек көрсету жөнiндегi келiсiм-шарттар, әдетте, жобалар байқауы туралы шектеулi хабарландырудың артын ала немесе бұл Қоғамдастықтың жалпы бюджетiне қолданылатын қаржылық нұсқаулыққа сәйкес тiкелей келiсiм рәсiмі арқылы техникалық, экономикалық немесе қаржылық себептермен ақталған кезде жасалады.
2. Контрактiлердi не КОМИССИЯ не бұл Қаржыландыру туралы меморандумда көзделген кезде көмек алушы немесе оның атынан әрекет ететiн заңды тұлға КОМИССИЯ немесе оның Қазақстан Республикасындағы аккредитивтелген өкiлi, егер осындай бар болса, бекiткеннен кейiн құрайды, талқылайды және жасайды.
3. Жобалар байқауы туралы шектеулi хабарландыру шеңберiнде КОМИССИЯ немесе бұл Қаржыландыру туралы меморандумда көзделген кезде Комиссияның рұқсатымен көмек алушы немесе оның атынан әрекет ететiн заңды тұлға қатысуға шақырылатын әлеуеттi мердiгерлердiң түпкiлiктi тiзiмiн даярлайды.
4. Тiкелей келiсiм рәсiмiнiң шеңберiнде КОМИССИЯ немесе бұл Қаржыландыру туралы меморандумда көзделген кезде Комиссияның рұқсатымен көмек алушы немесе оның атынан әрекет ететiн заңды тұлға кандидатты таңдайды және келiсiм-шартты жасайды.
III ТАРАУ - ЖЕҢIЛДIКТЕР БЕРУ
9-БАП - ЖАЛПЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
Комиссия қаржыландыратын ШАРАЛАРДА жұмыс iстейтiн қызметкерлер iссапардағы сарапшылар мәртебесiн алады және YКІМЕТ осы мақсат үшiн Қазақстан Республикасына келген осы сарапшыларға және олардың отбасыларына Қазақстан Республикасында қызмет көрсетулерi осындай немесе осыған ұқсас мақсаттар үшін талап етілетін басқа экспатрианттардан кем емес құқықтар мен артықшылықтар бередi.
10-БАП - БЕКІТУ, ОРНАЛАСТЫРУ, КЕЛУ ЖӘНЕ ТҰРУ МYМКIНДIГІ
Жеткiзiлiмдер және қызмет көрсетулер бойынша келiсiм-шарттар жасалған жағдайда келісім-шарттарға қатысуға мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасына келуге және келiсiм-шарттың маңыздылығын талап етсе уақытша орналасуға және тұруға құқық алады. Бұл құқық тек келiсiм-шарт туралы қалай хабарланғаннан немесе жобалар байқауына қатысуға шақыру жарияланғаннан және келiсiм-шартты даярлау үшiн зерттеулер жүргiзетiн қызметкерлер қарағаннан кейiн ғана алынады: ол өз күшiн мердiгер аталған соң бiр айдан кейiн жояды.
YКIМЕТ, 9-бапта көрсетiлгендей, Қоғамдастық қаржыландыратын қызмет көрсетуге жасалған келісiм-шарттармен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге және олардың отбасыларына бiрнеше дүркін қолданылатын визалар бередi және визалардың Қазақстан Республикасының қолданылу мерзiмдерiнiң ұзартылуын қамтамасыз етедi. Сонымен қатар YКIМЕТ жоғарыда аталған iссапардағы сарапшыларға келiсiм-шарттың сипаты талап еткен кезден бастап және оны орындау үшiн қажетті кезеңнiң шегiнде және Қазақстан Республнкасының тиістi заңдары мен қағидаларына сәйкес тұруға рұқсат алуға, онда жұмыс iстеуге және ол жерден шығып кетуге рұқсат береді.
Сарапшылардың келуiне орай ҮКIМЕТ оларға және олардың отбасыларына РЕСПУБЛИКАНЫҢ барлық аумағында еркiн орын ауыстыруға және кез келген қалада қандай да болмасын қосымша арнайы рұқсат алу қажеттілігінсіз тұруға рұқсат және виза береді.
11-БАП - ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ИМПОРТЫ МЕН ЭКСПОРТЫ
ҮКIМЕТ ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыруға арналған қажеттi кәсiби құрал-жабдықтардың және оның iшiнде автомобильдердiң импорты үшiн қажеттi рұқсаттар бередi.
Iссапарға келген сарапшылар жобаны орындау мақсатында әкелiнген автомобильдерді осы автомобильдердің келiсiлген жобалар үшiн жеткiзiлгендерi және Қоғамдастықтың немесе Қоғамдастықпен тиісті үлгіде келiсiлген келiсiм-шартты орындау үшiн Қоғамдастықпен тиiстi үлгіде келiсiм-шарт жасасқан ұйымның қарауында тұратындығы көрсетiлетiн тiзiмге тiркейді.
Сонымен қатар YКIМЕТ жеткiзiлiмдер және қызмет көрсетулер бойынша келiсiм-шарттарды орындайтын жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жоғарыда аталған құрал-жабдықтар мен автомобильдердi қайтадан экспорттауға қажеттi рұқсаттар бередi.
12-БАП - ВАЛЮТА ИМПОРТЫНА ЖӘНЕ АЙЫРБАСТАУҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру үшiн ҮКIМЕТ шетел валютасының импортына және сатып алуға рұқсаттар берiлуiн және Қоғамдастық мүшелерiнiң арасында айырмашылықтарды белгiлеместен валюта айырбастауға бақылау жасаудың қағидаларын қолдануды мойнына алады.
YКIМЕТ iссапардағы сарапшыларға және олардың отбасыларына техникалық көмек көрсету жөнiндегi келiсiм-шарттың мерзiмi ішiнде Қазақстан Республикасына шетелдiк валюта әкелуге және онда сақтауға қажеттi рұқсаттар бередi.
Сонымен қатар iссапардағы сарапшылар және олардың отбасылары өздерiнiң қарауларына орай пайдаланылмаған шетелдiк валютаны әкету құқығын алады.
13-БАП - САЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ КЕДЕН
1. Салықтар және баж салығы ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылмайды.
2. ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылатын немесе бiрлесiп қаржыландырылатын келiсiм-шарттарды орындау шегiнде Қазақстан Республикасына әкелiнген құрал-жабдықтар мен автомобильдердi қоса алғанда тауарлардан импорттық алымдар, салықтар немесе осындай сипаттағы, ҮКIМЕТ немесе оның қандай да болмасын органы бекiткен фискальдық алымдар алынбайды.
- КОМИССИЯНЫҢ талап етуi бойынша ҮКIМЕТ әңгіме қозғалып отырған импортталған тауарлардың жоғарыда аталған салықтарды, баж салықтарын және алымдарды реттеу туралы қандай да болмасын дауларға қарамастан келiсiм-шарттың қалыпты орындалуы үшiн өткiзу пунктiнен алушыға дейiн өз мерзімінде өткізілуіне кепiлдiк береді.
- ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылатын жеткiзiлiмдер бойынша келiсiм-шартқа Қазақстан Республикасынан шығарылған өнiм енген жағдайда, келiсiм-шарт осындай жеткiзiлiм түрiне Қазақстан Республикасында қолданылатын iшкi салықтар немесе фискальдық алымдар енгiзiлмеген бағаның негiзiнде жасалады және осындай салықтар мен алымдардың тiзiмiн бөлек беру керек.
3. ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылған келiсiм-шарттар Қазақстан Республикасына құжатты немесе тiркеу салымдарын немесе осындай алымдардың бар болуына немесе олардың енгiзiлуiне қарамастан бiрдей әрекетi бар фискальдық алымдарды штампылау талап ету ықпалында болмайды.
4. ЕҚ субсидиясынан қаржыландырылатын техникалық ынтымақтастық келiсiм-шарттары бойынша жұмыс iстейтiн экспатрианттарды қоса алғанда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасындағы ҮКIМЕТ немесе оның қандай да болмасын органы алатын мынадай төлемдерден босатылады:
- әлеуметтiк сақтандыру шегерiлiмдерiнен;
- кәсiпкерлiк қызметке салынатын салықтан және табыс салығынан немесе Қоғамдастықтан немесе Қоғамдастық келiсiм-шарт жасасқан ұйымнан алынған осындай сипаттағы табыстан алынатын алымдардан.
5. Осы жерде жұмыс iстейтiндерден басқа техникалық ынтымақтастық жөнiндегi келiсiм-шарттарда айқындалған мiндеттердi орындау мақсатында жұмыс iстейтiн жеке тұлғалардың (және олардың отбасы мүшелерi) жеке пайдаланулары үшін импортталған жеке және тағам сияқты жеке пайдаланатын заттар әкелу алымдарынан, салықтардан және Қазақстан Республикасында YКIМЕТ немесе оған бағынысты қандай да болмасын орган алатын, балама күшi бар фискальдық алымдардан босатылады.
Айтылған жеке және үйде пайдаланылатын заттар келiсiм-шарт аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген қағидаларға сәйкес не қайтадан экспортталуы не Қазақстан Республикасына сыйға тартылуы мүмкін.
Қолданылып жүрген қағидалар мен нұсқаулықтардың сақталысына бағына отырып, осы көлiк құралының тек қана тиiстi келiсiм-шарт кезеңi iшiнде пайдаланылу және осы кезеңнiң аяқталуы бойынша қайтадан экспорттау шартымен бiр отбасына бiр моторлы жылжымалы құралды баж салығын салмастан Қазақстан Республикасына импорттауға рұқсат етiлдi. Сарапшылар және олардың отбасыларының мүшелерi олардың өздерiнде бар жүргiзушi куәлiктерiн көрсете отырып жергiлiктi жүргiзушi куәлiктерiн ала алады.
6. 11-бапта көрсетiлгендей, кәсiби құрал-жабдықтарды импорттайтын жеке және заңды тұлғалар олардың өтiнiштерi бойынша аталған құрал-жабдықтарға қатысты Қазақстан Республикасының заңымен айқындалғандай уақытша әкелу жөнiндегi артықшылықтарды алады. Әкелу және әкету кезiнде осы барлық құрал-жабдықтарға баж салығы, салықтар салынбайды немесе ҮКIМЕТ немесе оған бағынысты қандай да болмасын орган алатын, осыларға ұқсас алымдар алынбайды.
ІV ТАРАУ - ТӨЛЕМДЕРДIҢ РӘСIМI
14-БАП - ТӨЛЕМДЕРДIҢ РӘСIМI
1. ЕҚ қаржыландыратын немесе бiрлесiп қаржыландырылатын келiсiм-шарттар бойынша мердiгерге өтiнiм, әдетте, ЭКЮ бойынша жасалады және төленедi. Ерекше негiздер болған кезде басқа валютаны пайдалануға Комиссия жекелеген жағдайларда рұқсат етедi.
2. Мердігерге өтiнiм ЭКЮ-мен жасалғаннан кейiн тиiстi төлемдер келiсiм-шартта көрсетiлген валютамен, төлем алдындағы күнгi бағам бойынша ЭКЮ құнына балама негiзде жүргiзiледi.
V ТАРАУ - КЕЛІСУШІ ТАРАПТАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
15-БАП - АҚПАРАТ ЖӘНЕ КӨМЕК
1. КОМИССИЯ сарапшылардың жеке басы және олардың қарамағындағылар туралы, егер ондай бар болса, жұмыс iстейтiн келiсiлген жоба туралы, олардың келген күнi, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жерi және олардың жұмыс iстеу мерзiмдерi туралы шұғыл түрде ҮКIМЕТТI хабардар етеді.
2. YКIМЕТ келiсiлген жобаларды жүзеге асыруды жеңiлдету және осы Жалпы қағидаларды орындау үшiн қажет етiлетiн кез келген әкiмшiлiк көмек көрсетедi.
16-БАП - БАҚЫЛАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ
1. КОМИССИЯ Еуропалық қоғамдастардың Бақылау комиссиясымен бірге олар ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыруға қажеттi деп санайтын техникалық немесе қаржылық сияқты рәсiмдер немесе тексерiстер жүргізу үшiн өздерiнiң сенімді тұлғаларын немесе тиiстi түрде уәкiлдiк берiлген өкiлдерiн жiберуге құқылы. Дегенмен, КОМИССИЯ және Бақылау комиссиясы осындай рәсiмдер туралы алдын-ала ескертедi және Қазақстан Республикасынан осындай тексерiстерге қатысуды сұрай алады.
ҮКIМЕТ iске қатысты барлық ақпаратты және одан талап етілетiн, оның қарауындағы құжаттарды ұсынады және тексерiс немесе бақылау жасауды жүргізуге нұсқау алған тұлғалардың жұмысын жеңiлдету үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады.
2. Қаржыландыру туралы меморандум КОМИССИЯ-ның мақұлдауымен шараларды жүзеге асыру үшін алушыға немесе оның атынан әрекет жасайтын заңды тұлғаға қаражат берген кезде ҮКІМЕТ мыналарды қамтамасыз ету керек:
(а) Қаржыландыру туралы меморандум бойынша қаржыландырылған
жеткiзiлiмдер мен қызмет көрсетулердің нақтылығын белгiлеу үшін жеткiлiктi
түрдегі есеп жүргiзу-тіркеу құжаттамалары және есеп берулер тиiстi
бухгалтерлiк рәсiмдерге сәйкес сақталады;
(б) КОМИССИЯ-ның жоғарыда аталған сенімді тұлғаларының немесе
өкiлдерiнiң және Бақылау комиссиясының Қаржыландыру туралы меморандум
бойынша қаржыландырылған тармақтарға қатысты барлық құжаттамаларды және
есеп берулердi тексеруге құқығы бар.
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.