Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне ғарышкерге кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөнiнде iс-шаралар өткiзуге байланысты шығыстарды қаржыландыру үшiн 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 2263329 (екi миллион екi жүз алпыс үш
мың үш жүз жиырма тоғыз) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге
асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.