Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008.03.12.
N 243
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467
қаулысымен.
2-1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөнiндегi қызмет түрiнiң лицензияры болып табылады. <*>
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467
қаулысымен.
3. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2003.05.20. N 467
қаулысымен
.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап екi ай өткеннен кейiн күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын
бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөніндегi лицензияланатын
қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары мынадай:
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды жасау;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды өндiру әрi сату;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сату жөнiндегi жұмыс түрлерiне лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады.
Азаматтық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды қоспағанда, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды жасауға, өндiруге әрi сатуға байланысты қызмет лицензиялау объектiсi болып табылады.
1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар
қолданылатын бұйымдар (бұдан әрi - жарылғыш материалдар)
жасауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
ЕСКЕРТУ. Өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен .
Бiлiктiлiк талаптары:
1) жарылғыш материалдарға (компоненттерге) химиялық зерттеулер жүргiзуге арналған зертхананың;
2) өтiнiш берушiде тиiстi бiлiмнiң немесе тиiстi бiлiмi бар білікті мамандардың;
3) жарылғыш материалдарды бақылау сынауларын жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған меншiктi немесе жалға алынған аумақтық (үй-жайдың), жарылғыш материалдарды тасымалдау үшiн арнайы автокөлiктiң және сақтау үшiн жабдықталған үй-жайлардың;
4) жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың;
5) ішкi iстер органдарының жарылғыш материалдарды есепке алуды, сақтау және тасымалдау кезiнде белгіленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы қорытындыларының;
6) өртке қарсы қызмет органдарының мәлiмделген қызмет түрiнiң жүзеге асырылу шарттарының өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi туралы қорытындыларының;
7) экологиялық санитарлық және тау-кен-техникалық қадағалау органдары қорытындыларының болуын қамтиды.
2. Жарылғыш заттарды өндіруге әрi сатуға қойылатын
бiлiктiлiк талаптары
ЕСКЕРТУ. Өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен .
Бiлiктiлiк талаптары:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) немесе өтiнiш берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысында (орынбасарында) жоғары немесе орта тау-кен-техникалық бiлiмiнiң, Жарушының бiрыңғай кiтапшасының және Жару жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережесiне сәйкес жару жұмыстарына басшылық жасау құқығының;
жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта тау-кен-техникалық бiлiмiнiң, Жарушының бiрыңғай кiтапшасының және Жару жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережесiне сәйкес жару жұмыстарына басшылық жасау құқығының;
2) тау-кен-техникалық қадағалау органдарында Техникалық пайдалану ережесi мен Қауiпсiздiк ережесiн бiлуiне бiлiктiлiк тексеруiнен өткен мамандардың;
3) жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың;
4) жарылғыш материалдарды өндiруге, сақтауға, жоюға арналған және меншiк және жалға алу құқығындағы мемлекеттiк нормативтермен белгiленген талаптарға жауап беретiн тиiстi өндiрiстiк-техникалық базаның (мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттар, инженерлiк құрылыстар, машиналар, тетiктер, жабдықтар, газ құбырлары, қазандықтар, ыдыстар, технологиялық желiлер, жайтартқыш);
5) мыналарды:
жабдықтарды, тетiктердi, құрылғыларды, жарақтарды, көлiктi, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн, технологиялық регламенттiң орындалуын, периметрдiң күзетiлуiн және қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етудi, кiру кезiнде бақылауды және дайын өнiм сапасын қамтамасыз ететiн мамандардың;
6) стандарттау, метрология және сертификаттау органдарында тiркелген, жарылғыш материалдарды (тәжiрибелiк партияны) дайындауға арналған технологиялық процестiң регламентiмен бекiтiлген техникалық шарттардың және сапа сертификатының;
7) iшкi iстер органдарының жарылғыш материалдарды есепке алуды, сақтау және тасымалдау кезiнде белгiленген шарттардың қамтамасыз етілуiн ұйымдастыру туралы қорытындыларының;
8) өртке қарсы қызмет органдарының мәлiмделген қызмет түрiнiң жүзеге асырылу шарттарының өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi туралы қорытындыларының;
9) экологиялық, санитарлық және тау-кен-техникалық қадағалау органдары қорытындыларының болуын қамтиды.
3. Жарылғыш материалдарды сатуға қойылатын бiлiктiлiк
талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) заңды тұлға үшiн - тау-кен-техникалық қадағалау органдарында жарылғыш материалдармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне бiлiктiлiк тексеруден өткен маманның (-дардың);
жеке тұлға үшiн - Жарушының бiрыңғай кiтапшасының және Жару жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережесiне сәйкес жару жұмыстарына басшылық жасау құқығының;
2) тиiстi лицензиялары бар өтiнiш берушi, жеткiзушi және сатып алушылар арасында жарылғыш материалдарды сатуды көздейтiн шарттардың немесе ниет туралы хаттамалардың;
3) iшкi iстер органдарының жарылғыш материалдарды есепке алуды, тасымалдау кезiнде белгiленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы қорытындыларының;
4) жару iсi саласындағы мамандандырылған ұйымның Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн мәлiмделген жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасында қолдануға ұсынылатын өнеркәсiптiк жарылғыш материалдардың, жару және бақылау аспаптарының тізбесiне сәйкестігi туралы сараптамалық қорытындыларының;
5) тау-кен-техникалық қадағалау органдары қорытындысының болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасында жарылыс iсiн жетiлдiру және үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 5 тамыздағы N 658
қаулысының
5, 6, 7-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 31, 483-құжат).
2. "Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы ереженi бекiту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 тамыздағы N 691
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 32, 370-құжат).
3. "Өнеркәсiптiк жарылғыш материалдар өндiру және онымен Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк реттеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қазандағы N 1296
қаулысы
.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1992 жылғы 10 қаңтардағы N 8 өкiмi.