1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Жарылыс" мемлекеттiк компаниясының қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын тоқтатсын;
оның ұйымдық-құқықтық нысандарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру туралы мәселенi "Жарылыс" мемлекеттiк компаниясы акционерлерiнiң жалпы жиналысына енгiзсiн.
2. Өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарын өндiру және онымен Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын қамтамасыз ету жөнiнде Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын), олардың еншiлес кәсiпорындарымен қоса "Жарылыс" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының және қоса берiлiп отырған тiзбеде санамаланған мемлекеттiк кәсiпорындардың басқару аппараты мемлекеттiк мүлкiнiң жергiлiктi жерлердегi базасында құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қоса берiлiп отырған тiзбедегi 1-10 рет нөмiрлерiмен санамаланған мемлекеттiк кәсiпорындарды, олардың ерекшелiктерiн ескере отырып, 1997 жылдың аяғына дейiн жекешелендiру тәртiбiн әзiрлесiн.
4. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына мынадай мiндеттердi орындау жүктелсiн:
Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi Мемлекетаралық кешендi бағдарламаларды жүзеге асыру;
өнеркәсiптiк жарылғыш заттарды, оларды арнаулы кәсiпорындарда, сондай-ақ жарылғыш заттары кәсiпорындар-пайдаланушылар тұтынатын жерлерде жасау үшiн жабдықтар мен кешендер әзiрлеу, сынау және қолдану жөнiнде нормативтiк-техникалық және жобалау құжаттамасын сараптау;
жаңа өнеркәсiптiк жарылғыш заттарға зерттеу, әзiрлеу және сынақ жүргiзу;
өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарды жасауға және тұтынуға байланысты өндiрiстердi жобалау;
өнеркәсiптiк жарылғыш заттарды жасау.
5. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның уәкiлеттi органы болып Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн, оның басшыларын тағайындап, мемлекеттiк тiркеу жүргiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi Мемлекетаралық кешендi бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаларда қаражат көздейтiн болсын.
8. "Жарылғыш материалдар өндiрiсiн ұйымдастыру және онымен Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қаңтардағы N 78 қаулысының 2 және 3-тармақтарының (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 5, 43-құжат); "Жарылыс" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi және Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 наурыздағы N 312 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қазандағы N 1296 қаулысына қосымша "Жарылыс" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы мүлiктерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын тоқтататын мемлекеттiк кәсiпорындардың ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ Рет | Атауы | Орналасқан жерi саны| | ___________________________________________________________________ Аумақтық-өндiрiстiк басқарма: 1. "Акмолавзрывпром" Ақмола қаласы 2. "Алматывзрывпром" Алматы қаласы 3. "Востоквзрывпром" Өскемен қаласы 4. "Жезказганвзрывпром" Жезқазған қаласы 5. "Запказвзрызвпром" Ақтөбе қаласы 6. "Карагандавзрывпром" Қарағанды қаласы 7. "Көкшетаувзрывпром" Көкшетау қаласы 8. "Костанайвзрывпром" Қостанай қаласы 9. "Югвзрывпром" Шымкент қаласы 10. "Тоннельспецстрой" Алматы қаласы 11. "Бастама" шағын мемлекеттiк кәсiпорын Алматы қаласы 12. Жару жұмыстарының қазақ мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы Алматы қаласы