Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргiзiлмейтiн, әуе көлiгiмен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тiзбесi туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 788 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1509 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргiзiлмейтiн, әуе көлiгiмен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнің      
2002 жылғы 16 шілдедегі
N 788 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру
жүргiзiлмейтiн, әуе көлiгiмен тасымалданатын лауазымды
тұлғаларының арнайы тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.10 № 187 Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Президентi
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
      3. Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының төрағасы
      4. Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер министрi
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң басшысы
      7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы
      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы
      9. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы
      11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
      13. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқарушысы
      14. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығы
      15. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
 

О специальном перечне должностных лиц Республики Казахстан, перевозимых на воздушном транспорте, в отношении которых досмотр не производится

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года N 788. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1509.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2010 № 1509.

      В соответствии со статьей 98 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 20 декабря 1995 года N 2697 "Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемый специальный перечень должностных лиц Республики Казахстан, перевозимых на воздушном транспорте, в отношении которых досмотр не производится. см.Z100339
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 16 июля 2002 года N 788

Специальный перечень должностных лиц Республики Казахстан,
перевозимых на воздушном транспорте, в отношении
которых досмотр не производится

      Сноска. Перечень с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 10.03.2010 № 187.

      1. Президент Республики Казахстан
      2. Премьер-Министр Республики Казахстан
      3. Председатель Сената Парламента Республики Казахстан
      4. Председатель Мажилиса Парламента Республики Казахстан
      5. Государственный секретарь - Министр иностранных дел Республики Казахстан
      6. Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан
      7. Председатель Конституционного Совета Республики Казахстан
      8. Председатель Верховного Суда Республики Казахстан
      9. Генеральный Прокурор Республики Казахстан
      10. Председатель Национального Банка Республики Казахстан
      11. Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан
      12. Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан
      13. Управляющий Делами Президента Республики Казахстан
      14. Начальник Службы охраны Президента Республики Казахстан
      15. Помощник Президента - Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан