Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қостанай облысының әкiмiне облыстың оңтүстiк аймақтарындағы су тасқыны зақымдаған автожолдарды жөндеуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға
көзделген резервiнен 130 (бiр жүз отыз) миллион теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.