Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламаның құны - 3668024 мың теңге (үш миллиард алты жүз алпыс сегіз миллион жиырма төрт мың теңге)";
6-тармағында:
"Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген бағанындағы "329" деген сан "299" деген санмен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулының 7-қосымшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі