Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 83б

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттік бағдарламаның құны - 3668024 мың теңге (үш миллиард алты жүз алпыс сегіз миллион жиырма төрт мың теңге)";
      6-тармағында:
      "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген бағанындағы "329" деген сан "299" деген санмен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулының 7-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады