Сот шешiмiн орындау үшiн, "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Z010273_ Заңына және "Қазақстан Республикасының Yкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Арасан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң пайдасына Алматы облыстық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетiнен өндiрiп алу жүргiзiлетiн Алматы облыстық сотының 2001 жылғы 1 наурыздағы шешiмiн орындау үшiн 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге
көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне 4457067 (төрт миллион төрт жүз елу
жетi мың алпыс жетi) теңге бөлiнсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.