Ескерту. Жоба Қазақстан Республикасының Парламентінен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2003.03.27. N 298 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 34-құжаттар):
1) 53-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"3-1. Процеске қатысушыларға тапсырылуға жататын, мемлекеттiк және өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтерi бар iс жүргiзу құжаттарының көшiрмелерi олармен танысқаннан кейiн iспен бiрге сақталады және процеске қатысушыларға сот талқылауы кезiнде тапсырылады.";
2) 68-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемiнде "алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейiн" деген сөздер алып тасталсын;
3) 69-баптың екiншi бөлiгi "iстiң барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға;" деген сөздерден кейiн "айыптау қорытындысының және оған қосымшалардың көшiрмесiн алуға, бұл ретте сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмiнде қорғау куәларын қоспағанда, осы адамдардың мекен-жайы көрсетiлмейдi;" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 74-баптың екiншi бөлiгi:
"одан кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға;" деген сөздерден кейiн "қылмыстық ic материалдарының көшiрмесiн түсiрiп алуға;" деген сөздермен толықтырылсын;
"ic жүргiзу құжаттарының көшiрмелерiн" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде айыптау қорытындысының, сот отырысы хаттамасының көшiрмелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 97-баптың бiрiншi бөлiгi 4) тармақшадағы "құқығы жоқ болса" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) егер iс бойынша мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi зерттеу қажет болған жағдайда, оның мемлекеттік құпияларға тиiстi рұқсаты жоқ болса";
6) 108-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
" 108-бап. Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың iс-әрекетi мен шешiмiне шағымдарды беру және қарау тәртiбi";
7) 125-баптың үшiншi бөлiгi:
"заңмен белгiленген тәртiпте" деген сөздерден кейін "он күн iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 311-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"311-бап. Сот талқылауының тiкелей, ауызша және үзiлiссiз болуы";
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"2.1. Сот талқылауы демалу үшiн қажеттi уақытты қоспағанда, әрбiр ic бойынша үзiлiссiз жүргiзiледi. Басталған iстi тыңдау аяқталғанға дейiн дәл сол судьялардың басқа қылмыстық iстердi қарауына жол берiлмейдi.".
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат):
1) 84-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сотталғандарға заң көмегiн алу үшiн олардың арызы бойынша олардың санына, ұзақтығына шек қойылмай және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда адвокаттармен оңаша кездесуге - рұқсат берiледi.";
2) 166-баптың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацы "санына шек қойылмай" деген сөздерден кейiн ", олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; 2001 ж., N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 86-1-баппен толықтырылсын:
"86-1-бап. Адвокаттық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария ету Адвокаттың пайдакүнемдiк не өзге де опасыз ниетпен, сондай-ақ заң көмегiн алу үшiн жүгiнген адамның келiсiмiнсiз, адвокаттық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, - айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 587-баптың тақырыбында және мәтiнiнде "заңды өкiлдерi", "заңды өкiлдерiнiң", "заңды өкiлiнiң", "заңды өкілі" деген сөздер "өкiлдерi", "өкілдерінің", өкiлiнің", "өкiлi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті