Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенiмдiлiктi нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Z960057_ келiсiмдi және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданындағы қарулы күштердi өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Z980243_ келiсiмдi орындау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметі, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы өзара iс-қимыл қағидаттары мен тәртiбi туралы хаттаманың жобасы (бұдан әрi - Хаттама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев
келiссөздер жүргiзсiн және уағдаластыққа қол жеткiзiлген мен кейiн
қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере
отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Хаттаманы жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 6 тамыздағы N 882
қаулысымен мақұлданған
ЖОБА
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей
Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық
Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы
сенiмдiлiктi нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi келiсiмдi және
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей
Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық
Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштердi
өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi келiсiмдi орындау
жөнiндегi Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз
Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және
Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы өзара iс-қимыл
қағидаттары мен тәртiбi туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi, бұдан әрi 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiм деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданындағы әскери саладағы сенiмдiлiктi нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi келiсiмдi және бұдан әрi 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiм деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштердi өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi келiсiмдi орындау мақсатында төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмдi және 1997 жылғы 24 сәуiрдегі Келiсiмдi орындауға жәрдемдесу үшiн Тараптар 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмнiң және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң кiрiспелерiнде аталған, 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң 10-бабында қалыптастыру көзделген Бiрлескен бақылау тобында Бiрлескен Тараптың делегациясын қалыптастырады.
2-бап
Бiрлескен Тарап делегациясын қалыптастыру мен оның қызметi Бiрлескен бақылау тобындағы Бiрлескен Тарап делегациясының қызметi мен ақпарат алмасу тәртiбi туралы ережемен (осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын 1-қосымша) айқындалады.
3-бап
1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмнiң және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру және сақтау мақсатында Тараптар уәкiлеттi органдар арқылы Бiрлескен бақылау тобындағы Бiрлескен Тарап делегациясының қызметi мен ақпарат алмасу тәртiбi туралы ережеге және инспекциялық қызметтi ұйымдастыру кезiнде Тараптардың өзара iс-қимыл тәртiбi туралы ережеге (осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын 2-қосымша) сәйкес ақпарат алмасуды, жоспарлауды, инспекциялық және қадағалау қызметiн жүргiзудi ұйымдастыруда өзара iс-қимылын тәртiпке келтiредi және жүзеге асырады.
4-бап
Ресей Тарабы Ресей Федерациясының Ядролық қатердi азайту жөнiндегi ұлттық орталығы (ЯҚАҰО) арқылы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiммен және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiммен айқындалған Бiрлескен Тараптың ақпаратын даярлау және Қытай Халық Республикасына беру, хабарламалар мен
тиiстi мәлiметтердi беру жөнiндегi, сондай-ақ инспекциялық қызметтi
жоспарлау және ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi.
5-бап
Бiрлескен Тарап делегациясының қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi,
сондай-ақ инспекциялық қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi шығыстар тәртiбi 1
және 2-қосымшаларда айқындалады.
6-бап
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге қатысты Тараптар арасындағы
барлық даулар мен келiспеушiлiктер өзара консультациялар мен келiссөздер
жолымен шешiлетiн болады.
7-бап
Осы Хаттама 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң қолданысы кезеңiне
жасалды.
8-бап
Осы Хаттама Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк
рәсiмдердi орындағаны туралы депозитарийге соңғы жазбаша хабарлама
жiберген күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
2002 ж. "___" "__________" __________ қаласында орыс тiлiнде бiр
түпнұсқа данада жасалды.
Түпнұсқа данасы Ресей Федерациясының Yкiметiнде сақталады, ол осы
Хаттаманың әрбiр Тарабына оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН
ТӘЖIКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН
Жоба
1-қосымша
Бiрлескен бақылау тобындағы Бiрлескен Тарап
делегациясының қызмет тәртiбi мен ақпарат алмасу туралы
ЕРЕЖЕ
Ережелерге сәйкес және Бiрлескен Тарапты құрайтын Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжiкстан Республикасының Yкiметтерi (бұдан әрi - Тараптар) 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмдi және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң 10-бабында көзделген Бiрлескен бақылау тобындағы (бұдан әрi - ББТ) Бiрлескен Тарап делегациясының қызметiн реттейтiн ережелер туралы келiстi.
1-тарау. Бiрлескен Тарап делегациясының құрамы
1. ББТ-дағы Бiрлескен Тарап делегациясының құрамына Тараптар уәкiлеттiк берген лауазымды тұлғалар енгiзiледi.
2. Сессияларда әрбiр Тарап өз уәкiлеттi лауазымды тұлғаларымен, сондай-ақ кеңесшiлерiмен және сарапшыларымен ұсынылуға құқығы бар.
3. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша Бiрлескен Тарап делегациясының басшысы екi жылдық кезеңге тағайындалады.
2-тарау. ББТ-ның сессиясына дайындық
1. Бiрлескен Тарап делегациясы, егер Тараптар өзге туралы уағдаласпаса, жылына төрт рет жұмыс мәжiлiсiн өткiзедi. Мәжiлiстерде ББТ сессиясының күн тәртiбi жөнiндегi Бiрлескен Тараптың ұсыныстары, сондай-ақ қарауға енгiзiлетiн мәселелер бойынша ұстанымдар келiсiледi. Қажет болған жағдайда, кейiннен Бiрлескен Тарап атынан ББТ-ның сессиясына ұсынылатын құжаттар әзiрленедi.
2. Жұмыс мәжiлiстерiндегi барлық шешiмдер қатысушылар консенсусы негiзiнде қабылданады. Осындай шешiмдер әрбiр жұмыс мәжiлiсiнiң қорытындысы бойынша жасалатын хаттамалық жазбаларда тiркеледi.
Хаттамалық жазбаларға Тараптар уәкiлеттiк берген лауазымды тұлғалар қол қояды.
3. Тараптар алдын ала, бiрақ ББТ-ның кезектi сессиясы басталғанға дейiн 15 күннен кешiктiрмей және ББТ-ның кезектен тыс сессиясы басталғанға дейiн 10 күннен кешiктiрмей, Бiрлескен Тарап делегациясының басшысына Бiрлескен Тарап делегациясындағы өз өкiлдерiнiң құрамын хабарлайды.
4. ББТ сессияларында Бірлескен Тарап делегациясы алдын ала келiсiлген ұстанымға сәйкес әрекет етедi.
Егер қандай да бiр Тараптың уәкiлеттi лауазымды тұлғасы жеке өтiнiш жасау қажет деп санаса, ол алдын ала ол туралы Бiрлескен Тарап басшысын хабардар етедi және өтiнiште Бiрлескен Тараптың пiкiрiн емес, тек өз мемлекетiнiң көзқарасын бiлдiретiнiн арнайы атап көрсетедi.
5. Мәжiлiстер Бiрлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттер аумағында кезек-кезек өткiзiледi. Өз өкiлдерiн iссапарға жiберу жөнiндегi шығыстарды жiберушi Тарап көтередi. Қабылдаушы Тарап мәжiлiс өткiзу үшiн үй-жай бередi және оған қатысушыларды көлiкпен қамтамасыз етедi. Мәжiлiсте қабылдаушы Тараптың өкiлi төрағалық етедi.
6. Мәжiлiстiң жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады. Мәжiлiс жұмысының нысаны пленарлық мәжiлiстер, шағын құрамдағы кездесулер мен жұмыс топтарының мәжiлiстерi болып табылады.
7. Тараптардың әрқайсысы осындай ұсыныстың себептерiн көрсете отырып, кезектен тыс мәжiлiс шақыруды ұсынуы мүмкiн. Бұл жағдайда мәжiлiс ұсыныс берушi Тарап мемлекетiнiң аумағында сұрау салу түскеннен кейiн 15 күннен кешiктiрмей өткiзiледi.
8. Тараптардың әрқайсысы мәжiлiстiң күн тәртiбiне осы Хаттаманың мақсатына қатысты кез келген мәселенi енгiзе алады.
9. Мәжiлiстерде Тараптардың өкiлдерi бiр-бiрiн 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмдi және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмдi орындау барысы туралы, өткiзiлген инспекциялар қорытындылары туралы және осы Хаттамаға қатысты басқа да мәселелер жөнiнде хабардар етедi.
10. ББТ-ның сессиясында қабылданған нақты мәселелердi қарау үшiн ББТ құруы мүмкiн жұмыс топтарының құрамына Бiрлескен Тараптардың барлық қатысушы мемлекеттерiнiң өкiлдерi енедi.
Жұмыс топтарының жетекшiлерi Бiрлескен Тарап делегациясының мәжiлiсiнде тағайындалады.
3-тарау. Ақпарат
1. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжiкстан Республикасының уәкiлеттi органдары 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге Ақпарат алмасу туралы хаттамада көзделген ақпаратты жинайды және оны Ресей Федерациясының ЯҚАҰО-на беру үшiн Ресей Федерациясының Сыртқы iстер министрлiгiне жiбередi.
ЯҚАҰО Ресей Федерациясының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы Бiрлескен Тараптан жинақталған ақпаратты Қытай Халық Республикасына жiбередi.
2. Ақпарат беру кестесi:
а) келесi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әр жылдың 15 қарашасына дейiн 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес ақпарат берiледi;
б) 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiммен және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiммен айқындалған ақпарат пен хабарламалар оларды Қытай Халық Республикасына беру мерзiмiне 10 күн қалғанда ЯҚАҰО-ға берiледi.
3. Ресей Тарабы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге аталған Ақпарат алмасу туралы хаттамада көзделген, Қытай Халық Республикасынан алынған ақпаратты жетi күн мерзiмде Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжiкстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiктерiне жiбередi.
4-тарау. Құпиялылық
1. Тараптар 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмге және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге сәйкес беретiн және осы Ереженiң 2-тарауында көзделген мәжiлiстер барысында, сондай-ақ ББТ-ның сессиялары барысында алатын барлық ақпарат құпия болып табылады. Тараптардың бiр де бiреуi осындай ақпаратты жария етпейдi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары үшiн осындай хабарлардың мазмұны сияқты тең хабарлар туралы шешiм, сондай-ақ 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмге және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге қатысты Қытай Халық Республикасына немесе тағы бiреуге ақпарат беру туралы шешiм консенсус
негiзiнде қабылданады.
3. 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмнен және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi
Келiсiмнен шыққан кез келген Тарап осы тараудың 1 және 2-тармақтары
бойынша мiндеттемелерiмен байланысты болып қала бередi. Бұл мiндеттемелер
1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмнiң және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң
қолданысы тоқтатылған жағдайда да күшiнде қалады.
ЖОБА
2-қосымша
Инспекциялық қызметтi ұйымдастыру кезiндегi
Тараптардың өзара iс-қимыл тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) ережелерiне сәйкес инспекциялық қызметтi жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсаттары үшiн жасалды.
2. Келiсімнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету үшiн Тараптардың өкiлдерi Келiсiмдi қолданудың географиялық шегiндегi Шығыс және Батыс учаскелерiнде өткiзiлетiн инспекцияға қатысуға құқығы бар.
3. Осындай инспекциялардың мақсаты:
Шығыс және Батыс учаскелерi үшiн белгiленген сандық шектеулердiң сақталуын бақылау;
1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң Қысқарту тәртiбi туралы хаттамасына сәйкес Келiсiмдi қолданудың географиялық шегiндегi қысқарту орындарында қару-жарақ пен әскери техниканы қысқарту процесiн бақылау болып табылады.
4. Бiрлескен инспекциялық қызметтi жоспарлауды, дайындығын ұйымдастыруды, өткiзудi және қорытындыларын жинақтауды инспекция (бұдан әрi - инспекциялайтын мемлекет) өткiзiлетiн Қытай Халық Республикасы аумағының учаскесiне шектес Бiрлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
5. Қытай Халық Республикасының аумағында инспекцияны ұйымдастыруды мыналар:
Шығыс учаскесiнде - Ресей Федерациясының уәкiлеттi органы;
Батыс учаскесiнде - Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
6. Квоталарды жоспарлау және бөлу жөнiндегi ұсыныстарды, өзара жұмыс iстеу нәтижелерiн, инспекцияны дайындау және өткiзу кезiнде жұмыс тәжiрибесiмен алмасуды талдау мен жинақтауды ЯҚАҰО жүзеге асырады.
2-тарау. Бiрлескен инспекциялық қызметтi жоспарлау
1. 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз
ету үшiн ЯҚАҰО ағымдағы жылы әрбiр учаскеде жылына 2 инспекциядан асырмау
есебiмен Бақылау және тексерулер туралы хаттаманың ережелерiне сәйкес
Келiсiмдi қолданудың географиялық шегiнде Қытай Халық Республикасының
аумағындағы Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметi жоспарының жобасын
әзiрлейдi.
2. Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметi жоспарының жобасы
Тараптардың ұсыныстары негiзiнде жасалады және ББТ-ның сессиясында
келiсiледi.
3. Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметiнiң жоспары мыналарды
қамтиды:
инспекциялайтын және инспекцияланатын мемлекеттердiң атауын;
өткiзiлетiн инспекциялардың түрiн;
инспекцияға жататын бақылау объектiлерiн;
инспекциялар өткiзу мерзiмдерiн;
инспекциялық топтар олар арқылы келетiн/кететiн, кiру/шығу пункттерiн.
3-тарау. Бiрлескен инспекция өткiзуге дайындау
1. Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметiнiң жоспары негiзiнде Бiрлескен Тараптың инспекциясын өткiзу басталғанға дейiнгi 40 күннен кешiктiрмей инспекциялық топ құрылады.
2. Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметiнiң жоспарына сәйкес инспекциялайтын мемлекет инспекцияны өткiзу басталғанға дейiн 25 күннен кешiктiрмей ЯҚАҰО-ға оны кейiннен Қытай Халық Республикасына беру үшiн хабарлама ұсынады.
3. Инспекциялық топтың жетекшiсi мен оның орынбасары инспекциялайтын
мемлекеттiң өкiлдерi болып табылады.
4. Шығыс учаскесiндегі инспекциялық топтың құрамына мыналар кiредi:
инспекциялық топтың жетекшiсi - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң -
Ресей Федерациясының өкiлi);
инспекциялық топ жетекшiсiнiң орынбасары - 1 (инспекциялайтын
мемлекеттiң - Ресей Федерациясының өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң - Ресей Федерациясының
өкiлi);
инспектор - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң - Ресей Федерациясының
өкiлi);
инспектор-аудармашы (инспекциялайтын мемлекеттiң - Ресей
Федерациясының өкiлi).
5. Батыс учаскесiндегi инспекциялық топтың құрамына мыналар кiредi:
инспекциялық топтың жетекшiсi - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң - Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Тәжiкстан Республикасының өкiлi);
инспекциялық топ жетекшiсiнiң орынбасары - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң - Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Тәжiкстан Республикасының өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң - Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Тәжiкстан Республикасының өкiлi);
инспектор-аудармашы - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң - Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Тәжiкстан Республикасының өкiлi).
6. Инспекцияға шығу алдында инспекциялық топтың дайындығын инспекциялайтын мемлекеттiң уәкiлеттi органы жүргiзедi.
Инспекциялық топтың құрамына енгiзiлген инспекторлармен сабаққа мынадай мәселелер енгiзiледi:
Келiсiмнiң негiзгi ережелерi;
инспекторлар қызметiн регламенттейтiн 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге Бақылау және тексерулер туралы хаттаманың негiзгi ережелерi;
инспекция өткiзу жоспары, мақсаттары және мiндеттерi;
уақытша нормативтер, инспекция өткiзуге арналған есептi уақыт;
инспекция өткiзудiң ерекшелiктерi;
инспекциялық топ мүшелерiнiң мiндеттерiн бөлу, кiшi топтарды құру;
бақылау объектiлерiндегi және Келiсiмнiң қолданылу аясына кiретiн қару-жарақ пен әскери техниканың ерекше белгiлерi;
инспекциялық аппаратура және онымен жұмыс iстеу ережесi;
инспекция өткiзу процесiнде инспекциялық топты көшiру үшiн ықтимал көлiк құралдары және топ мүшелерiн олар бойынша бөлу тәртiбi;
қауiпсiздiк мәселелерi және Қытай Халық Республикасында инспекторлардың жүрiп-тұру ережелерi;
Қытай Халық Республикасы, оның мәдениетi мен әдет-ғұрпы туралы мәлiметтер.
7. Инспекция алдындағы бiр аптаның iшiнде ұзақтығы 1-2 күнде инспекциялық топты дайындауды ұйымдастырады.
8. Инспекцияларға қатысу үшiн шақырылған Бірлескен Тараптың басқа қатысушы мемлекеттерiнiң өкiлдерi сабақ өткiзу алдында келедi.
9. Шақырылған Тарап өз инспекторларының шақыруда көрсетiлген жиын пунктіне және керi қайту жолына байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ шақырылған инспекторлардың инспекциялайтын мемлекет және Қытай Халық Республикасы аумағына келуiмен байланысты iссапар шығыстарын өзi көтередi.
Бiрлескен Тараптың шақырылған инспекторларының инспекция өткiзу үшiн Қытай Халық Республикасына бару алдындағы жиын пунктi: Алматы, Бiшкек, Мәскеу және Душанбе қалалары болып табылады. Жиын пункттерi ББТ сессиясының шешiмiмен анықталуы мүмкін.
10. Қытай Халық Республикасының аумағында инспекция өткiзу кезiнде инспекциялық топ Келiсiмнiң ережелерiн және инспекциялық топ жетекшiсiнiң нұсқауларын басшылыққа алады.
11. Инспекция аяқталғаннан кейiн инспекциялық топтың жетекшiсi инспекция туралы есеп жасайды және қажет болған кезде барлық түсiнiксiз мәселелердi түсiндiрмелерде көрсетедi.
12. Инспекциялық топтың жетекшiсi Бiрлескен Тараптың ресми тұлғасы болып табылады және шешiм қабылдауға, Қытай Халық Республикасының өкiлдерiмен байланыс жасауға құқығы бар және инспекция туралы есептерге қол қоюға құқылы.
Инспекцияланатын Тарап мемлекетiнiң аумағында барлық болу кезеңiнде жетекшi инспекциялық топтың барлық мүшелерi үшiн тiкелей бастық болып табылады.
13. Инспектор инспекция барысында мыналарға мiндеттi:
Келiсiмнiң ережелерiн бiлуге және практикада дұрыс қолдануға, инспекцияның мақсатын, мiндеттерi мен өткiзу тәртiбiн нақты түсiнуге; бақылау объектiлерiндегi қару-жарақ пен әскери техниканың 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес берiлген мәлiметтермен сәйкестiгiн тексеруге;
инспекциялық қызмет мәселелерiне қатысты алынған ақпаратты жария етпеуге;
аппаратураны, инспекция барысында жасалған материалдарды және жазбалар бар құжаттарды қараусыз қалдырмауға;
Қытай Халық Республикасының заңдары мен ұлттық дәстүрлерiн сыйлауға;
инспекцияланатын мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға, инспекция орындарында белгiленген қауiпсiздiк шаралары мен ережелерiн сақтауға, объект жұмысындағы кедергiлердi немесе кiдiрiстердi, сондай-ақ оның қауiпсiз жұмыс iстеуiн қозғайтын iс-қимылдарды болдырмауға.
14. Инспекция өткiзу барысында мыналарға тыйым салынады:
инспекциялық топтың жетекшiсiмен келiсiлмеген iс-қимылдарды орындауға;
өзiмен бiрге инспекциялық қызметке қатысы жоқ қандай да бiр
құжаттарды, аппаратураны және басқа да мүлiктi алуға;
белгiленген киiм нысанын бұзуға.
4-тарау. Инспекциялық қызметтiң қорытындылары
1. Қытай Халық Республикасының және Бiрлескен Тарапқа қатысушы
мемлекеттердiң аумағында өткiзiлген инспекциялар (ерiп жүрулер) туралы
есептердiң көшiрмелерi кейiннен Бiрлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттерге
беру үшiн ЯҚАҰО-ға жiберiледi.
2. Инспекциялық қызметтiң қорытындыларын жинақтау, даулы мәселелердi
шешу Бiрлескен Тарап делегацияларының жұмыс мәжiлiстерiнде өткiзiледi.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.