Гранттар тарту және пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 8 тамыз N 886. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 740 қаулысымен

      Халықаралық қаржы экономикалық ұйымдардан және донор-елдерден тартылатын гранттарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ сыртқы ресурстарды басқару жүйесiндегi мемлекеттiк басқару органдарының функцияларын реттеу қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 

      1. Қоса беріліп отырған Гранттар тарту және пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі гранттар тарту және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. <*>
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.30. N 1272  қаулысымен.  

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметiнің           
 2002 жылғы 8 тамыздағы      
N 886 қаулысымен        
бекiтiлген          

  Гранттар тарту және пайдалану ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Гранттар тарту және пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Дамуға Ресми Көмек (бұдан әрi - ДРК) шеңберiнде Қазақстан Республикасына гранттар тарту және пайдалану тәртiбiн айқындайды. 

      2. Ереже ДРК шеңберiнде гранттар тарту мен үйлестiру процесiн реттеу әрi өтемсiз қаржылық және техникалық көмек жобаларын (бұдан әрi - жобалар) iске асыру кезiнде оларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсаттарында әзiрленген.

      3. Ереженің мiндеттерi мыналар болып табылады: 
      1) Қазақстан Республикасының ДРК шеңберiнде гранттар тартуы процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету; 
      2) жобаларды iске асыруды дайындау, бағалау, iрiктеу, iске асыру, оның мониторингi бойынша жүйелi жұмысты ұйымдастыру; 
      3) бюджеттiк жоспарлау және гранттар тарту процесiнің өзара байланысын белгiлеу; 
      4) гранттар тарту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының функцияларын реттеу.

      4. Ереже ДРК-ге жатпайтын iзгілік, қайырымдылық, азық-түлiктiк және басқа да көмек түрлерiн тарту мен бөлу рәсімдерiне қолданылмайды. 

      5. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      1) уәкiлеттi орган - гранттар тарту және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырушы орталық атқарушы орган; 
      2) атқарушы агенттiк - ДРК шеңберiнде ұсынылған гранттар есебiнен жобаларды дайындауды және iске асыруды жүзеге асырушы мемлекеттiк орган; 
      3) ДРК - экономикалық дамуға және жүргiзіліп жатқан реформаларға жәрдем беру мақсаттарында мемлекеттер, мемлекеттердің үкiметтерi, мемлекеттер үкiметтерiнің агенттiктерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, шетелдiк үкіметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар дамушы мемлекеттерге, олардың үкiметтерiне және мемлекеттiк ұйымдарына көрсететiн көмек; 
      4) қаржылық көмек - инженерлiк жұмыстарға, құрылысқа, негiзгi құралдарды жаңартуға (сатып алуға) ақша ұсыну; 
      5) техникалық көмек - материалдық-техникалық, бағдарламалық қамтамасыз ету құрамдастарымен қоса зияткерлiк меншiктi беру (техникалық-экономикалық негiздемелердi, даму жоспарларын әзiрлеу); мемлекеттiк мекемелердi институционалдық нығайту; нарықтық институттарды қолдау; адами ресурстарды дамыту (оқыту), ерiктiлер топтарын iссапарға жiберу; 
      6) донорлар - ДРК шеңберiнде гранттар берушi әрi қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтерi, мемлекеттер үкіметтерінің агенттiктерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, шетелдiк үкiметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар; 
      7) жобаны қисынды негiздеу - грант ұсынуға арналған өтiнiмдердi негiздеуге бағытталған, мәлiмделген жоба (қойылған мiндеттер, белгiлi бiр нәтижелер, iс-шаралар) құрылымын және одан күтiлетiн тиiмділіктi бағалауды қамтамасыз етушi құжат.

      6. Бюджеттік жоспарлау және ДРК шеңберiнде өтемсiз көмек тарту процестерi арасындағы өзара қатынастардың сипатына қарай гранттар байланысты және байланыссыз болып бөлiнедi:
      1) байланысты грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздейдi;
      2) байланыссыз грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi. <*>
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.11.30. N 1272  қаулысымен.  

                       2-тарау. Гранттар тарту тәртiбi 

      7. Жобаларды дайындау, бағалау, алдын ала iрiктеу жөніндегi iс-шараларды атқарушы агенттiктер жүзеге асырады.

      8. Уәкілеттi орган жобаларды iрiктеу, бағалау және iске асыру мониторингi бойынша жұмыстарға әдiстемелiк басшылықты, оларды үйлестiрудi жүзеге асырады, сондай-ақ гранттар тарту мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен донорларға жүгiнедi.

      9. Уәкілеттi орган гранттар ұсыну мәселелерi бойынша донорлармен келiссөз процесiн жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен донорлар арасында қаржылық және техникалық ынтымақтастық туралы негiзгi келiсімдердi дайындау, келiсу және оларға қол қою жөнінде белгiленген тәртiппен жұмыс жүргiзедi. 

      10. Жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган гранттар тарту және пайдалану саласында консультанттар мен сарапшылар тартуға құқылы.

      11. Атқарушы агенттiктер уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес нысан бойынша толтырылған жобаларды iске асыру үшiн гранттар ұсынуға арналған өтiнiмдердi (бұдан әрi - өтiнiмдер) уәкiлеттi органға жiбередi. Уәкілеттi орган өтiнімдердi жинауды донорлар белгiлеген мерзімдерде, ал белгілi бiр донор болмаған жағдайда және байланысты гранттар жағдайында - әрбiр қаржы жылының қаңтар айында жүргiзедi.

      12. Уәкілеттi органның өтінімдердi қарауға қабылдауы үшiн мыналар қажет: 
      1) мәлiмделген жобалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында көрсетiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес болуы; 
      2) уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес жобаның қисынды негiздеуiнің және жоба жөніндегi құжаттаманың болуы; 
      3) жергiлiктi атқарушы орган өтiнiмдер ұсынған жағдайда тиістi орталық атқарушы органның салалық қорытындысының болуы; 
      4) атқарушы агенттiк тиiстi кезеңге бiрнеше өтінім берген жағдайда, мәлiмделетiн жобалардың басымдықтар бойынша қойылуы. 
      13. Атқарушы агенттiктің уәкiлеттi органның қарауына өтiнімдердi жiберуi оның донорлардың қарауына жiберу үшiн басым жобалар тiзiмiне міндеттi түрде енгiзiлетiнін бiлдірмейдi.

      14. Уәкiлеттi орган мәлімделген жобаларды iрiктеудi және бағалауды жүргiзедi, соның негiзінде донорлардың қарауына, ал байланысты гранттар жағдайында - Республикалық бюджет комиссиясына (бұдан әрi - Бюджет комиссиясы) жiберу үшiн тиiстi кезеңге арналған басым жобалардың тiзiмiн қалыптастырады. 

      15. Уәкілеттi орган Бюджет комиссиясының қарауына байланысты гранттар ұсынуға арналған жобалардың тiзiмiн енгiзедi.

      16. Бюджет комиссиясы байланысты гранттар ұсынуға арналған өтiнімдердi мақұлдаған ретте уәкілеттi орган донорға тиiстi сауал жiбередi.

      17. Донор жобаны мақұлдаған жағдайда уәкiлеттi орган атқарушы агенттiкке грант туралы келiсімдi дайындау және келiсу жөнiнде жұмыстар жүргiзу қажеттігі туралы хабар бередi.

      18. Байланысты гранттар тарту грант туралы әрбiр жеке келiсiм бойынша гранттың сомасы және республикалық бюджеттен бiрлесіп қаржыландырудың қажеттi көлемдерi көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi негiзінде жүзеге асырылады. 

                  3-тарау. Гранттарды пайдалану тәртiбi  

      19. Грант туралы келiсiм негiзінде атқарушы агенттiк қажеттi жағдайларда уәкiлеттi органмен, ал байланысты гранттар жағдайларында - қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен (бұдан әрi - Қаржы министрлiгi) келiсiм бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен жоба бойынша шот ашады.

      20. Атқарушы агенттiктер гранттар қаражатын грант туралы келiсiмге, донорлар белгiлеген рәсiмдерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланады.

      21. Байланысты гранттарды пайдалану кезінде атқарушы агенттiк республикалық бюджеттен бiрлесіп қаржыландыру немесе грант ұсынған донордан қарыз тарту талап етiлетiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне белгiленген тәртiппен бюджеттiк өтiнімдер ұсынады. <*>
       Ескерту. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.30. N 1272  қаулысымен.  

      22. Гранттар алушы атқарушы агенттiктер мыналарды қамтамасыз етедi: 
      1) грант туралы келiсiммен көзделген және жобаларды табысты iске асыру үшiн қажеттi шарт болып табылатын өздерiне қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы орындалуы; 
      2) грант туралы келiсiм жасалған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес жобаны iске асырудың жоспар-кестесін уәкiлеттi органға ұсыну; 
      3) алынған гранттарды мақсатты және тиiмдi пайдалану. Бұл ретте гранттар есебiнен сатып алынған жабдық пен материалдар белгiленген тәртiппен атқарушы агенттiктің теңгерiмінде есепке алынады;
      4) гранттар есебiнен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік рәсімдердің уақтылы жүргізілуi;
      5) iске асырылып жатқан жобалар бойынша есептердi уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей, тоқсанына бiр рет уәкiлеттi органға уақтылы ұсыну.

Об утверждении Правил привлечения и использования грантов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 августа 2002 года N 886. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 июля 2005 г. N 740

      В целях повышения эффективности использования привлекаемых грантов от международных финансовых экономических организаций и стран-доноров, а также в связи с необходимостью упорядочения функций органов государственного управления в системе управления внешними ресурсами Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила привлечения и использования грантов.

      2. Определить уполномоченным органом, осуществляющим координацию работ по привлечению и использованию грантов, Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан. <*>

      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 30 ноября 2002 г. N 1272 .

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 8 августа 2002 года N 886

Правила привлечения и использования грантов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила привлечения и использования грантов (далее - Правила) определяют порядок привлечения и использования грантов в рамках Официальной Помощи Развитию (далее - ОПР) Республике Казахстан.

      2. Правила разработаны в целях упорядочения процесса координации и привлечения грантов в рамках ОПР, и обеспечения их эффективного использования при реализации проектов безвозмездной финансовой и технической помощи (далее - проекты).

      3. Задачами Правил являются:
      1) обеспечение прозрачности процесса привлечения грантов в рамках ОПР Республикой Казахстан;
      2) организация системной работы по подготовке, оценке, отбору, реализации, мониторингу реализации проектов;
      3) установление взаимосвязи процесса бюджетного планирования и привлечения грантов;
      4) упорядочение функций органов государственного управления по привлечению и использованию грантов.

      4. Правила не распространяются на процедуры привлечения и распределения гуманитарной, благотворительной, продовольственной и других, не относящихся к ОПР, видов помощи.

      5. В Правилах используются следующие понятия:
      1) уполномоченный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий координацию работ по привлечению и использованию грантов;
      2) исполнительное агентство - государственный орган, осуществляющий подготовку и реализацию проектов за счет грантов, предоставленных в рамках ОПР;
      3) ОПР - помощь, оказываемая развивающимся государствам, их правительствам и государственным организациям государствами, правительствами государств, агентствами правительств государств, международными и государственными организациями, зарубежными неправительственными общественными организациями и фондами в целях содействия экономическому развитию и проводимым реформам;
      4) финансовая помощь - предоставление денег на инженерные работы, строительство, обновление (приобретение) основных средств;
      5) техническая помощь - передача интеллектуальной собственности с компонентами материально-технического, программного обеспечения (разработка технико-экономических обоснований, планов развития); институциональное укрепление государственных учреждений; поддержка рыночных институтов; развитие человеческих ресурсов (обучение), командирование групп добровольцев;
      6) доноры - государства, правительства государств, агентства правительств государств, международные и государственные организации, зарубежные неправительственные общественные организации и фонды, предоставляющие гранты в рамках ОПР и чья деятельность не противоречит Конституции  Республики Казахстан;
      7) логическое обоснование проекта - документ, направленный на обоснование заявки на предоставление гранта, обеспечивающий оценку структуры и ожидаемой эффективности заявляемого проекта (поставленные задачи, определенные результаты, мероприятия).

      6. По характеру взаимоотношений между процессами бюджетного планирования и привлечения безвозмездной помощи в рамках ОПР гранты подразделяются на связанные и несвязанные:
      1) связанный грант предусматривает дальнейшее заимствование Правительством Республики Казахстан у донора или выдачу государственной гарантии Республики Казахстан донору, предоставившему грант, или софинансирование из государственного бюджета;
      2) несвязанный грант не предусматривает дальнейшее заимствование Правительством Республики Казахстан у донора или выдачу государственной гарантии Республики Казахстан донору, предоставившему грант, или софинансирование из государственного бюджета. <*>

      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 30 ноября 2002 г. N 1272 .

Глава 2. Порядок привлечения грантов

      7. Мероприятия по подготовке, оценке, предварительному отбору проектов осуществляются исполнительными агентствами.

      8. Уполномоченный орган осуществляет методическое руководство, координацию работ по отбору, оценке и мониторингу реализации проектов, а также обращается в установленном порядке к донорам по вопросам привлечения грантов.

      9. Уполномоченный орган осуществляет переговорный процесс с донорами по вопросам предоставления грантов, проводит работу в установленном порядке по подготовке, согласованию и подписанию рамочных соглашений о финансовом и техническом сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и донорами.

      10. Для осуществления возложенных функций уполномоченный орган вправе привлекать консультантов и экспертов в сфере привлечения и использования грантов.

      11. Заявки на предоставление грантов для реализации проектов исполнительными агентствами (далее - заявки), заполненные по форме в соответствии с требованиями уполномоченного органа, направляются в уполномоченный орган. Сбор заявок уполномоченным органом проводится в сроки, установленные донорами, а в случае отсутствия определенного донора и в случае связанных грантов - в январе месяце каждого финансового года.

      12. Для принятия уполномоченным органом заявки на рассмотрение необходимо:
      1) соответствие заявленных проектов приоритетам социально- экономического развития Республики Казахстан, отраженным в индикативном плане социально-экономического развития Республики Казахстан;
      2) наличие логического обоснования проекта и документации по проекту в соответствии с требованиями уполномоченного органа;
      3) наличие отраслевого заключения соответствующего центрального исполнительного органа в случае предоставления заявки местным исполнительным органом;
      4) в случае подачи исполнительным агентством нескольких заявок на соответствующий период, ранжирование заявляемых проектов по приоритетности.

      13. Направление исполнительным агентством заявки на рассмотрение уполномоченному органу не означает его обязательное включение в список приоритетных проектов для направления на рассмотрение донорам.

      14. Уполномоченный орган проводит отбор и оценку заявленных проектов, на основании которой формирует список приоритетных на соответствующий период проектов для направления на рассмотрение донорам, а в случае связанных грантов - в Республиканскую бюджетную комиссию (далее - Бюджетная комиссия).

      15. Уполномоченный орган вносит на рассмотрение Бюджетной комиссии списки проектов на предоставление связанных грантов.

      16. При одобрении заявки на предоставление связанного гранта Бюджетной комиссией уполномоченный орган направляет соответствующий запрос донору.

      17. В случае одобрения проекта донором уполномоченный орган извещает исполнительное агентство о необходимости проведения работ по подготовке и согласованию соглашения о гранте.

      18. Привлечение связанных грантов осуществляется на основании решения Правительства Республики Казахстан по каждому отдельному соглашению о гранте с указанием суммы гранта и необходимых объемов софинансирования из республиканского бюджета.

Глава 3. Порядок использования грантов

      19. На основании соглашения о гранте исполнительное агентство в необходимых случаях открывает счет по проекту в установленном законодательством порядке по согласованию с уполномоченным органом, а в случаях связанных грантов, дополнительно с Министерством финансов Республики Казахстан (далее - Министерство финансов).

      20. Средства грантов используются исполнительными агентствами в соответствии с соглашением о гранте, процедурами, установленными донорами, и законодательством Республики Казахстан.

      21. При использовании связанных грантов, исполнительное агентство в установленном порядке представляет в Министерство экономики и бюджетного планирования бюджетные заявки при формировании республиканского бюджета на соответствующий финансовый год, в котором требуется софинансирование из республиканского бюджета или привлечение займа у донора, предоставившего грант. <*>

      Сноска. В пункт 21 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 30 ноября 2002 г. N 1272 .

      22. Исполнительные агентства, получающие гранты, обеспечивают:
      1) своевременное выполнение принятых на себя обязательств, предусмотренных соглашением о гранте, и которые являются необходимым условием для успешной реализации проектов;
      2) предоставление в уполномоченный орган в течение тридцати рабочих дней с даты заключения соглашения о гранте план-графика реализации проекта в соответствии с требованиями уполномоченного органа;
      3) целевое и эффективное использование полученных грантов. При этом, оборудование и материалы, приобретенные за счет грантов, в установленном порядке учитываются в балансе исполнительного агентства;
      4) своевременное проведение таможенных процедур при импорте товаров, закупаемых за счет грантов;
      5) своевременное предоставление в уполномоченный орган отчетов по реализуемым проектам, в соответствии с требованиями уполномоченного органа, раз в квартал, не позднее 10 числа месяца, следующего за отчетным кварталом.