Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 30 қараша N 1272. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 740 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Гранттар тарту және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 286-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Гранттар тарту және пайдалану ережесiнде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Бюджеттік жоспарлау және ДРК шеңберiнде өтемсiз көмек тарту процестерi арасындағы өзара қатынастардың сипатына қарай гранттар байланысты және байланыссыз болып бөлiнедi:
      1) байланысты грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздейдi;
      2) байланыссыз грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi.";
      21-тармақтағы "Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады