Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық
бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 90
қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақта "16" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 17-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 21 мамырдағы
N 90а қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 90 қаулысына
17 қосымша
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi
----------------------------------------------
2002 жылға арналған "Өткен жылдың міндеттемелерін орындау"
006 бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
500 000 мың (бес жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi
Қазақстан Республикасының "2002 жылға арналған республикалық бюджет
туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы
Заңының 28-бабы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көзі
Республикалық бюджет.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты - несиелік берешектің өсуіне жол бермеу туралы
Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарын орындау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері,
жұмысшылары мен әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды өтеу.
Сот органдары шешімі бойынша өткен жылдардың орындау құжаттары
бойынша міндеттемелерді орындау.
Жеткізілген тауарлар (өнімдер), орындалған жұмыстар, қызмет
көрсетулер үшін заң тұлғалары алдындағы міндеттемелер бойынша қарыздарды
өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
___________________________________________________________________________
Р/!Бағ.!Кіші !Бағдарла. ! Бағдарламаны (кіші ! Іске !Жауапты
с !дар.!бағ. !маның (кі.! бағдарламаны) іске ! асыру !орындау.
N !лама!дар. !ші бағдар.! асыру жөніндегі !мерзімі ! шылар
!ның !лама.!ламаның) ! шаралар ! !
!коды!ның !атауы ! ! !
! !коды ! ! ! !
___________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________________
1 006 Өткен
жылдар
міндетте.
мелерін
орындау
030 Республи. Өткен кезеңде қойылған сот Жыл бойы Қазақстан
калық шешімі бойынша міндетте. Республи.
бюджет мелерді орындауды, өткен касының
есебінен кезеңде жеткізілген, бірақ Қорғаныс
орындалатын төленбеген тауарлар үшін министрлі.
міндеттемелер заңды тұлғалар алдындағы гі
бойынша міндеттемелерді белгіленген
несиелік тәртіпте орындауды жүзеге
берешек асыру. Белгіленген тәртіпте
несиелік қарыздарды өтеуді
қамтамасыз ету.
___________________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтiлетін нәтижелер
Әскери қызметшілер, жұмысшылар мен қызметкерлер алдындағы еңбек ақы төлеу бойынша қарыздарды өтеу сот шығындарын, заң кеңесшілері қызмет көрсетулерінің шығындарын өтеуге қысқартуға, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін есептеуді болдырмауға мүмкіндік беретін сот органдарына шағымданудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Өткен кезеңнің орындау құжаттары бойынша міндеттемелерді орындау
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен
мемлекеттік мекемелерінің бюджеттік шоттарын жаппауға мүмкіндік береді.
Тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілермен өткен жылдың есеп
айырысуына сотқа дейінгі тәртіппен реттеу сот ауыртпалықтарын және олармен
байланысты қосымша шығыстарға жол бермеуіне мүмкіндік береді.
Осы бюджет бағдарламаны орындау жөніндегі жалпы нәтижесі 2002 жылғы 1
қаңтардағы жылдық баланста көрсетілген жалпы несиелік қарызды өтеуге
мүмкіндік береді.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.