Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 90 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2002 жылғы 21 мамыр N 90а

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық

бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту

туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 90



P020090_


  қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

     1-тармақта "16" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын;

     осы қаулының қосымшасына сәйкес 17-қосымшамен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                  Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

                                       2002 жылғы 21 мамырдағы

                                           N 90а қаулысына

                                               қосымша

                                  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                                       2002 жылғы 23 қаңтардағы

                                           N 90 қаулысына

                                              17 қосымша


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

----------------------------------------------


        2002 жылға арналған "Өткен жылдың міндеттемелерін орындау"

                       006 бюджеттiк бағдарламаның

                                ПАСПОРТЫ


                                1. Құны

     500 000 мың (бес жүз миллион) теңге.


          2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi

     Қазақстан Республикасының "2002 жылға арналған республикалық бюджет

туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы 


Z010273_


  Заңының 28-бабы.

               3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көзі

     Республикалық бюджет.

                     4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты


 
       Бағдарламаның мақсаты - несиелік берешектің өсуіне жол бермеу туралы

 

Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарын орындау.

                   5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi

     Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері,

жұмысшылары мен әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды өтеу.

     Сот органдары шешімі бойынша өткен жылдардың орындау құжаттары

бойынша міндеттемелерді орындау.

     Жеткізілген тауарлар (өнімдер), орындалған жұмыстар, қызмет

көрсетулер үшін заң тұлғалары алдындағы міндеттемелер бойынша қарыздарды

өтеу.

     6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

___________________________________________________________________________

Р/!Бағ.!Кіші !Бағдарла. !       Бағдарламаны (кіші      ! Іске   !Жауапты

с !дар.!бағ. !маның (кі.!       бағдарламаны) іске      ! асыру  !орындау.

N !лама!дар. !ші бағдар.!         асыру жөніндегі       !мерзімі ! шылар

  !ның !лама.!ламаның)  !             шаралар           !        ! 

  !коды!ның  !атауы     !                               !        !

  !    !коды !          !                               !        !

___________________________________________________________________________

1  2     3       4                     5                  6        7

___________________________________________________________________________

1  006        Өткен

              жылдар

              міндетте.

              мелерін

              орындау


         030  Республи.      Өткен кезеңде қойылған сот Жыл бойы Қазақстан

              калық          шешімі бойынша міндетте.            Республи.

              бюджет         мелерді орындауды, өткен            касының

              есебінен       кезеңде жеткізілген, бірақ          Қорғаныс

              орындалатын    төленбеген тауарлар үшін            министрлі.

              міндеттемелер  заңды тұлғалар алдындағы            гі

              бойынша        міндеттемелерді белгіленген

              несиелік       тәртіпте орындауды жүзеге

              берешек        асыру. Белгіленген тәртіпте

                             несиелік қарыздарды өтеуді

                             қамтамасыз ету.

___________________________________________________________________________

       7. Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтiлетін нәтижелер



 
       Әскери қызметшілер, жұмысшылар мен қызметкерлер алдындағы еңбек ақы төлеу бойынша қарыздарды өтеу сот шығындарын, заң кеңесшілері қызмет көрсетулерінің шығындарын өтеуге қысқартуға, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін есептеуді болдырмауға мүмкіндік беретін сот органдарына шағымданудың алдын алуға мүмкіндік береді.
      Өткен кезеңнің орындау құжаттары бойынша міндеттемелерді орындау

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен

мемлекеттік мекемелерінің бюджеттік шоттарын жаппауға мүмкіндік береді.

     Тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілермен өткен жылдың есеп

айырысуына сотқа дейінгі тәртіппен реттеу сот ауыртпалықтарын және олармен

байланысты қосымша шығыстарға жол бермеуіне мүмкіндік береді.

     Осы бюджет бағдарламаны орындау жөніндегі жалпы нәтижесі 2002 жылғы 1

қаңтардағы жылдық баланста көрсетілген жалпы несиелік қарызды өтеуге

мүмкіндік береді.


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады