Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары үшiн арнайы пәндер бойынша оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi дайындаудың және басып шығарудың бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы N 409 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 137-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары үшiн арнайы пәндер бойынша оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi дайындаудың және басып шығарудың бағдарламасында:
"Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген 5-бөлiмде:
бiрiншi абзацта "850", "2550", "735200" деген сандар тиiсiнше "828", "2395", "695160" деген сандармен ауыстырылсын;
үшiншi абзацта "2002 жылы -" деген сөздерден кейiн "178640" деген сан "138600" деген санмен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже" деген 6-бөлімде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2002 жылы 198 эксперименттiк оқулық, 505 эксперименттiк оқу-әдiстемелiк кешен әзiрлеу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі