Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы N 409 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 16 тамыз N 910

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары үшiн арнайы пәндер бойынша оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi дайындаудың және басып шығарудың бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы N 409 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 137-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары үшiн арнайы пәндер бойынша оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi дайындаудың және басып шығарудың бағдарламасында:
      "Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген 5-бөлiмде:
      бiрiншi абзацта "850", "2550", "735200" деген сандар тиiсiнше "828", "2395", "695160" деген сандармен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта "2002 жылы -" деген сөздерден кейiн "178640" деген сан "138600" деген санмен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже" деген 6-бөлімде:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2002 жылы 198 эксперименттiк оқулық, 505 эксперименттiк оқу-әдiстемелiк кешен әзiрлеу;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады