Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер
Кабинетiнiң арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын
жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Министрлер
Кабинетiнiң арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және
оның зардабын жою саласындағы ынтымақтастық туралы
келiсiмді бекiту туралы
1999 жылы 17 қыркүйекте Киев қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою саласындағы
ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН
УКРАИНА КАБИНЕТ МИНИСТРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН
АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮ САЛАСЫНДАҒЫ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi және Украина Министрлер Кабинетi,
бұдан әрi Тараптар деп аталады,
Қазақстан Республикасы және Украина арасындағы ынтымақтастық және достық туралы 1994 жылғы 20 қаңтардағы Шарт ережелерiне сәйкес екi халықтың арасындағы дәстүрлi қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып,
төтенше жағдайлардың екі мемлекетке де келтiретін қауіпін түсіне отырып,
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы
ынтымақтастық екi елдiң қауiпсiздiгi мен жақсы тұрмыс халiн арттыруға
көмегi тиетiндiгiн мойындай отырып,
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласында
ғылыми-техникалық ақпарат алмасу Тараптар үшiн пайда әкелетiндiгiн ескере
отырып,
ықтимал төтенше жағдайлар кезiнде, олардың зардабын бiр Тараптың
күшiмен және құралдарымен жою мүмкiн еместiгiн және осыған орай, төтенше
жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою мақсатында Тараптардың
үйлестiрiлген iс-қимылдарының қажет екендiгiн ескере отырып,
төменде айтылғандармен келiсiлдi:
1 Бап
Анықтама
Осы Келiсiмде қолданылатын терминдердiң, мағыналары төмендегiдей:
көмек сұраушы Тарап - бір Тарап, екінші бір тарапқа тиісті жабдықтарымен және қамтамасыз ету материалдарымен авариялық-құтқару құрамаларын жiберу туралы өтiнiш жасайды;
көмек берушi Тарап - екiншi бiр Тараптың тиісті жабдықтарымен және қамтамасыз ету материалдарымен авариялық-құтқару құрамаларын жiберу туралы жасаған өтiнiшін қанағаттандырушы Тарап;
авариялық-құтқару құрамалары немесе құтқарушылар - төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны жою жөнiндегi шараларға қатысушы мамандар тобы, оның iшiнде азаматтық қорғаныс әскерiнiң әскери қызметкерлерi, әскериленген және әскериленбеген құрамалар;
жабдықтау - құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстары үшiн қажеттi техника, көлiк құралдары, арнайы жабдықтар, құрал-саймандар мен аспаптар;
қамтамасыз ету материалдары - табиғи апат немесе авариядан зардап шеккен халыққа тегiн бөліп берiлетiн материалдық қаражат;
төтенше жағдай - авариядан, қауiптi табиғи құбылыстардан, опаттан, табиғи немесе басқа да апаттардың кесiрiнен, адам өлiмi болған немесе болатын, адам өмiрiне немесе айналаны қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзетiн нысандарға, зиянын тигiзген, едәуiр материалдық шығын келтiрген және халықтың тiршiлiк тұрмысын бұзған белгiлi бiр аумақта болған жағдай;
төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай болған (жарияланған) нақты бiр аумақ;
төтенше жағдайларды алдын ала сақтандыру - болуы ықтимал төтенше жағдайлардың қауiп-қатерiн барынша азайтуға, сонымен қатар адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, айналаны қоршаған ортаға келтiрiлетiн шығынның көлемiн және ол пайда болған жағдайда материалдық шығынды азайтуға бағытталатын және алдын-ала өткiзiлетiн кешендi шаралар;
төтенше жағдайларды: зардабын жою - төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың денсаулығы мен олардың өмiрiн сақтауға, айналаны қоршаған ортаға келтiрiлген зиян мен материалдық шығынның көлемiн азайтуға, сонымен қатар төтенше жағдайлар аймағын жоюға бағытталған, олар үшiн қауiптi факторлардың iс-әрекетін тоқтатуға тиым салынатын, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл шаралар;
құзырлы органдар - осы Келiсiмдi жүзеге асыруға байланысты, жұмыстарды үйлестiру үшiн Тараптардың тағайындаған, органдары;
транзит мемлекеттер - үшiншi бiр елдi қамтамасыз ету үшін аумағы
арқылы авариялық-құтқару құрамаларын, жабдықтар мен қамтамасыз ететiн
материалдар тасымалданатын, мемлекет.
2 Бап
Құзырлы органдар
1. Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру үшiн құзырлы
органдар тағайындайды:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөнiндегi Агенттiгi;
Украина Тарапынан - Украинаның Төтенше жағдайлар мәселелерi жөнiндегi
және халықты Чернобыль апатының зардабынан қорғау iстерi жөнiндегi
министрлігi.
2. Бiр Тарап тезарада, келесi Тарапты өзiне жүктелген функцияларды орындау жөнiндегi құзырлы орган өкiлдiгiнен айрылғандығы туралы жазбаша түрде қысқа мерзiм iшiнде ескертедi, бiрақ ескертiлген күннен бастап, 60 күннен кешiктiрмей, екiншi Тарапқа құзырлы органның мұрагерi екендiгiн жазбаша түрде хабарлайды.
3 Бап
Ынтымақтасу нысандары
Тараптар өздерiнiң мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес тең құқықтық және
өзара көмек принциптерiнiң негiзiнде ынтымақтастықты төмендегi бағыттар
бойынша жүзеге асырады:
1/ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөнiндегi
бiрлескен шаралар жүйесiн даярлау;
2/ төтенше жағдайларды болжау;
3/ қауіпті техногендік және экологиялық процестердiң, сонымен бiрге
табиғи құбылыстардың мониторингiн ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру;
4/ төтенше жағдайлар туралы алдын ала бiрлескен хабарландыру
жүйелерiн даярлау;
5/ өз мемлекеттерiнiң аумағында болған, төтенше жағдайлар кезiнде
өзара көмек сұрату мен Тараптардың ұсыныстары туралы жедел ақпарат
алмасуды ұйымдастыру;
6/ болған төтенше жағдайлардың зардабын жоюда өзара көмек көрсету;
7/ ақпарат және технологиямен алмасу;
8/ мамандар, және ғалымдармен алмасу;
9/ бiрлескен конференциялар, семинарлар және жұмысшы мәжiлiстерiн
ұйымдастыру;
10/ бiрлесiп жоспарлау, даярлау және зерттеу жобаларын жүзеге
асырумен, оларды көрсету;
11/ төтенше жағдайлардың кесiрiнен ластануға байланысты, айналаны
қоршаған орта мен халықтың денсаулығына келтiрiлетiн қауiп-қатердi
бағалау;
12/ айналаны қоршаған ортаға төтенше жағдайдың тигiзетiн трансшектес
әсерiн бағалау;
13/ басылымдарды, баяндамаларды және тематикалық зерттеулердi даярлау;
14/ Тараптардың құзырлы органдары арасындағы байланысты қамтамасыз
ету;
15/ кадрлар даярлау;
16/ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жоюға
байланысты Тараптардың құзырлы органдарымен келiсiлген, қандай да болмасын
басқа да iс-әрекеттер.
4 Бап
Ұйымдар мен мекемелер арасындағы ынтымақтастық
Осы Келiсiмдi жүзеге асыруға байланысты, мемлекеттiк органдар, мекемелер, заңды және жеке тұлғалар арасындағы iс-әрекеттi жүзеге асыратын ынтымақтастықты Тараптар мадақтайтын болады.
5 Бап
Бiрлескен комиссия
Осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру үшін Тараптардың құзырлы органдары төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласында (бұдан әрi - Бiрлескен комиссия ден аталады) ынтымақтастық мәселелерi жөнiнен Бiрлескен комиссия құрады.
Бiрлескен комиссия өзiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Республикасы мен Украинада, ереже бойынша, кезек-кезек, жылына бiр рет, қажет болған жағдайда - Тараптардың құзырлы органдарының келiсiмi бойынша өткiзедi.
6 Бап
Көмек көрсету
1. Осы Келiсiмнiң барлық iс-әрекетiн жүзеге асыру, әр Тарап мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес және олардың әрқайсысының осы Келiсiмдi жүзеге асыруға қажеттi қаржысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Тараптар, өздерiнiң құзырлы органдары арқылы көмек көрсету туралы өтiнiштерiн жүзеге асыра алады.
3. Көмек сұраушы Тарап, болған жағдай туралы қажеттi көмектiң түрлерi мен көлемi көрсетiлген, ақпараттың негiзiнде, көмек көрсету жүзеге асырылады.
4. Көмек берушi Тарап, көмек сұраушы Тараптың өтiнiшi бойынша аз мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды және өзiнiң мүмкiндiгi, көмектiң көлемi мен шарты жайлы ақпарат бередi.
5. Апат аймағында авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындауға басшылықты көмек сұраушы Тараптың құзырлы органдары жүзеге асырады, ал екi Тараптың мемлекет аумақтары кiретiн апат аймағындағы авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүзеге асыруға басшылықты, екi Тараптың құзырлы органдары бiрлесiп жүзеге асырады.
7 Бап
Көрсетiлетiн көмек түрлерi
1. Төтенше жағдай болған көзде, көмек сұраушы Тараптар ресми түрде өтiнiш жасағаннан кейiн, көмек берушi Тарап шешiм қабылдап, тезарада төтенше жағдайлар аймағына авариялық-құтқару құрамаларын, жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарын жедел жiберу арқылы көмек көрсетiледi.
2. Көмек сұраушы Тарап көмек берушi Тараптың авариялық-құтқару құрамаларының бастықтарына төтенше жағдай аймағындағы және негiзгi жұмыс учаскелерiндегі жағдай туралы ақпарат бередi, қажет болған жағдайда, бұл құрылымдарды аудармашылармен және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға жалпы басшылық жасайтын, штабтың байланыс құралдарымен қамтамасыз етедi, сонымен қатар авариялық-құтқару құрамаларын күзетпен, жататын тегiн орынмен, тамақпен, дәрiгерлiк көмекпен қамтамасыз етiледi және олардың iс-қимылдарын үйлестiрудi жүзеге асырады.
3. Авариялық-құтқару құрамаларын материалдық қамтамасыз ету және төтенше жағдай аймағында жекеленген iс-қимыл жүргiзу үшiн 72 сағат жеткiлiктi. Бұл құрамалардың одан әрi қызмет етуiне, көмек сұраушы Тарап мүмкiндiгiнше жататын орынмен, азық-түлiкпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi.
8 Бап
Транзит
Транзит мемлекет Тарабы кеден заңына сәйкес, өзiнiң мемлекетiнiң аумағы арқылы көмек игерушi Тараптың авариялық-құтқару құрамаларын, жабдықтарын және қамтамасыз ету материалдарын үшiншi мемлекетте төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы бұл мемлекеттермен жасасқан ынтымақтастық туралы келiсiм негiзiнде кедергiсiз тасымалдауға көмектеседi.
9 Бап
Авариялық-құтқару құрамаларының мемлекеттiк
шекарадан өту шарттары және келу режимi
1. Көмек сұраушы Тарап көмек берушi Тараптың авариялық-құтқару құрамаларын транзит мемлекеттердiң шекарасынан өткiзудi ұйымдастыруды мiндетiне алады.
2. Көмек берушi Тараптың авариялық-құтқару құрамаларының қызметкерлерi көмек сұраушы Тарап мемлекетiнiң заңын сол мемлекеттiң аумағында болған мерзiмдерi бойынша қолданады.
3. Авариялық-құтқару құрамаларының құрамына кiретiн әскери қызметкерлер, көмек сұраушы Тарап мемлекетiнiң аумағында болған барлық мерзімдері iшiнде әскери қызметкерлер мәртебесi реттелетiн, көмек берушi Тарап мемлекетiнiң заңын қолданады.
4. Шекарадан өту және киноға түсiру топтарының келу тәртiбi қандай да болмасын нақты жағдайда көмек сұраушы Тараптың заңына сәйкес анықталады.
5. Авариялық-құтқару құрамаларының мемлекеттiк шекарадан өтуi, мемлекеттiк шекарадан өту пункттерiнде құраманың әр мүшесiн өзiнiң жеке басын растайтын куәлiгi арқылы жүзеге асырылады.
Авариялық-құтқару құрамаларының басшысы шекараны тексеру органдарына өзiнiң төлқұжатымен қоса, көмек берушi Тараптың құзыреттi органдары берген, құрылымның көмек көрсету мақсатында жiберiлгендiгiн және құрылымдағы, адам санының тiзiмiн растайтын құжатын көрсетедi. Жедел қызмет атқаратын әскери қызметкерлердi мемлекеттiк шекарадан өткiзу, жеке басын куәландыратын құжатымен, әскери бөлiмнiң командирi қол қойған және елтаңба мөрiмен куәландырылған тiзiм бойынша жүзеге асырылады.
6. Авариялық-құтқару құрамаларын, олардың жабдықтарымен қамтамасыз ету материалдарын орналастыру, автомобиль, темiр жол, су және әуе қатынасы көлiктерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Көмек көрсету үшiн бөлiнген көлiк түрлерiн пайдалану тәртiбiн, тиiстi атқарушы өкiмет органдарының келiсiмi бойынша Тараптардың құзырлы органдары анықтайды.
10 Бап
Жабдықтарды және қамтамасыз ету материалдарын
шеттен әкелу және шетке шығару
1. Көмек сұраушы Тараптың аумағына шеттен әкелiнетiн және көмек берушi Тарап мемлекетiнiң аумағынан төтенше жағдайлардың зардабын жоюға көмек көрсету үшiн шетке шығарылатын жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарын және құрама мүшелерiнiң жеке басының заттарын кедендiк ресiмдеу, Тараптардың заңдарына сәйкес, авариялық-құтқару құрамаларының құрамы, шетке шығарылатын немесе шеттен әкелiнетiн жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарының тiзiмi көрсетiлген, құзырлы орган берген хабарландыру хаттық негiзiнде басымдық тәртiппен салық салынбай және басқа да жиылымсыз жүзеге асырылады.
2. Жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдары көмек көрсету операциясы кезiнде пайдалануы және бөлiнiп берiлуi, немесе бәрi бiткен кезде көмек сұраушы Тараптың мемлекет аумағынан әкетiлуi тиiс.
3. Егер бұл жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарын алып кету мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар өзара келiсiлiп көмек сұраушы жақтың құзырлы органдарына берiлуi тиiс.
4. Көмек сұраушы Тараптар мемлекетiнiң аумағында, зардап шеккендерге жедел көмек көрсету қажет болған жағдайда, құрамында есiрткiсi бар медициналық дәрi-дәрмектердiң қажеттi саны әкелiнедi және бұл заттардың қолданатын орны әр Тараптың есiрткiнi тексеру жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдарының тiзiмiмен мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс. Мұндай медициналық дәрi-дәрмектердi берiп жiберуге болмайды және оларды көмек сұраушы Тарап өкiлдерiнiң бақылауымен мамандандырылған медицина қызметкерлерi қолданады.
5. Жұмыс аяқталған соң құрамында есiрткiсi бар қалған медициналық дәрi-дәрмектер көмек сұраушы Тараптың кеден бақылауымен олардың сипаты мен санын растайтын, тиiстi ресiмделген құжаттар үлгiсiнiң негiзiнде қайта әкетiледi, ал көмек берушi Тараптың кеден органына, құрамында есiрткiсi бар дәрi-дәрмектердiң пайдаланғандығы туралы авариялық-құтқару құрамасының басшысы және дәрiгерi, және көмек сұраушы Тараптың кеден органының өкiлi мен құзырлы органның өкiлi қол қойған актi тапсырылады.
Құрамында есiрткiсi бар дәрi-дәрмектердi шеттен әкелу мен шетке шығару мемлекеттердiң заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
11 Бап
Әуе кемелерiн пайдалану
1. Әр Тарап көмек көрсетуге жiберiлетiн әуе кемелерiне, сол мемлекет аумағының тиiстi пункттерiнде ұшуына рұқсат бередi.
2. Әуе кемелерiн көмек көрсетуге пайдалану жөнiндегi шешiм, көмек сұраушы Тараптың тиiстi органдарына маршруты, түрi және әуе кемелерiнiң тiркелу нөмiрi, экипаж мүшелерi мен жолаушылар саны, жүктiң сипаты, ұшу және қону уақыты мен орны көрсетiлiп тезарада хабарланады.
3. Ұшырылу әр Тарап бекiткен, әуе кемелерiнің сол мемлекеттiң аумағының үстiнен ұшу навигациясы мен пайдалануын реттейтiн ережелерге және халықаралық азаматтық авиация ұйымдары белгiлеген ережелерге сәйкес (ИКАО) жүзеге асырылады.
4. Көмек берушi Тараптың әуе кемелерi көмек сұраушы Тараптың аумағының үстiмен ұшқанына, сонымен қатар радионавигациялық шығарып салу, қону, аэродромда тұру және одан ұшу төлемдерiнен босатылады.
Жанар-жағар майлар құю тәртiбiн және басқа да материалдар шығынын қамтамасыз етудi, сонымен қатар техникалық қызмет көрсетудi, әр Тарап өз алдына бөлек шешедi.
12 Бап
Шығынның орнын толтыру
1. Көмек сұраушы Тарап көмек берушi Тарапқа көмек көрсету барысында, медициналық көрсетiлген көмек төлемiн қосқанда, егер Тараптар, апаттың сипаты мен көлемiн ескере отырып басқаша келiспесе, онда келтiрiлген шығынның орнын толтырады.
2. Көмек сұраушы Тарап көмек сұраған өтiнiшiн өзгертiп қалған жағдайда, көмек берушi Тарап өзiне келтiрiлген шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
3. Егер Тараптар басқаша келiспесе, онда көмек берушi Тараптың талабынан кейiн, көмек сұраушы Тарап келтiрiлген барлық шығынның орнын тезарада толтырады.
4. Көмек көрсету жұмысы аяқталғаннан кейiн көмек берушi Тараптың құзырлы органы, көмек сұраушы Тараптың құзырлы органына жүргiзiлген жұмыстар туралы жазбаша түрiнде баяндама жiбередi.
5. Көмек сұраушы Тараптың құзырлы органы көмек берушi Тараптың құзырлы органына болған оқиға, төтенше жағдайдың сипаты, алынған көмектiң түрi мен көлемi және жүргiзiлген жұмыстардың қорытындысы туралы хабарлайды.
6. Құзырлы органдар өздерiнiң Тараптарына көрсетiлген және алынған көмектiң көлемi мен жүргiзiлген жұмыстар туралы хабарлайды.
13 Бап
Келтiрiлген зиянның орнын толтыру
1. Көмек сұраушы Тарап көмек берушi Тарапқа мынадай жағдайда талап қоймайды, егер сол мемлекетте төтенше жағдайларды жою кезiнде, құтқарушы қаза тапса немесе жарақат алса, мүлiктерi бүлiнсе немесе шығынға ұшыраса немесе айналаны қоршаған ортаға зиян келтiрсе, ондай жағдайда, егер авариялық-құтқару құрамалары зақымдану мен зиянды болдырмау мақсатында дұрыс шаралар қабылдаса және көмек берушi Тарапқа адам қаза болған жағдайда немесе жарақат алғанда, сонымен қатар жабдықтары мен басқа да мүлкiн жоғалтса немесе зиян келтiрсе, егер мұндай зиян осы Келiсiмдi жүзеге асыруға байланысты, мiндеттердi орындау кезiнде болса, онда көмек берушi Тарапқа өтемақы төленедi.
2. Көмек берушi Тарап өзiнiң мемлекетiнiң заңына сәйкес, көмек көрсетуге қатысқан өзiнiң қызметкерiн өзбетiнше сақтандыруды қамтамасыз етедi. Сақтандыруды ресiмдеуге жұмсалған шығын көмек көрсетуге жұмсалған жалпы шығынға қосылады және осы Келiсiмнiң шартымен көмек сұраушы Тарап шығынның орнын толтырады.
3. Егер тапсырманы орындау кезiнде көмек берушi Тараптың авариялық-құтқару құрамының мүшесi үшiншi адамға осы Келiсімдi жүзеге асыруға байланысты көмек сұраушы мемлекет Тарабының аумағында шығын келтiрсе, онда заң ережелерiне сәйкес көмек сұраушы Тарап бұл шығынның орнын толтырады.
4. Егер осы бапта атап өтiлген шығын, көмек берушi Тараптың авариялық-құтқару құрамы мүшесiнiң кiнәсiнен келтiрiлсе, онда көмек сұраушы Тарап, көмек берушi Тарапқа төленген өтемақының мөлшерiнде керi қайта талап (регресс) етуге құқылы.
14 Бап
Ақпаратты пайдалану
Осы Келiсiм шегiндегi iс-қимыл нәтижесiнде алынған ақпарат, Тараптардың ұлттық заңына сәйкес жария қылуға болмайтын, ақпаратты қоспағанда, егер басқасы құзырлы органдармен жазбаша түрде келiсiлмеген болса, онда Тараптардың iс-тәжiрибесi және ережелерi негiзiнде жарияланады.
15 Бап
Басқа да халықаралық шарттар мен
келiсiмдерге көңiл бөлу
Егер Тараптар басқа да халықаралық шарттар мен келiсiмдерге қатысса,
онда бұл Келiсiм олардың құқы мен мiндетiне тиым салмайды.
16 Бап
Дауды шешу
Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануда дау туып, ол құзырлы органдар
арасында кеңес беру арқылы шешiлмесе, Тараптар арасындағы дипломатиялық
каналдар немесе келiссөз жүргiзу арқылы тиiстi хаттаманы ресiмдеумен
шешiледi.
17 Бап
Келiсiмге түзету енгiзу
Екi жақтың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi, олар тиiстi хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 18 бабына сәйкес күшiне енедi және оның ажыратылмайтын бөлiгi болып саналады.
18 Бап
Қорытынды ережелер
Бұл Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалынады және Тараптар келiсiмнiң күшiне енуiне қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы жазбаша түрiнде хабарланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Жазбаша түрде хабарлау арқылы әр Тарап келiсiмдi бұзуына болады.
Келiсiмнiң Тараптың бiреуiнен Келiсiмдi бұзу туралы жазбаша түрде хабарлау
алғаннан кейiн, алты айдан соң, күшi жойылады.
Алдыңғы абзацта айтылған, келiсiм-шарт негiзiнде пайда болған, бiрақ
iс-әрекетi ол тоқтағанға дейiн бiтпей қалған, барлық шарттар мен
мiндеттемелер толық орындалып бiткенге дейiн осы Келiсiмнiң ережелерi
қолданылады.
1999 жылы 17 қыркүйекте Киев қ. екі данада қазақ, украин және орыс
тiлдерiнде жасалынды, сондай-ақ барлық мәтiндерi бiрдей күшке ие. Осы
Келiсiмге түсiнiк беруде келiспеушiлiк бола қалған жағдайда, орыс
тiлiндегi мәтiнi қолданылады.
Қазақстан Республикасының Украинаның Министрлер
Үкiметi үшiн Кабинетi үшiн
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.