Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 860 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Ескерту 1) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi; <*>
2) Ескерту 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;3) Ескерту 3) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
4) Ескерту 4) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N 1016 , 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен .
2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын (спектрiн) пайдалану үшін республикалық бюджетке ақы төлеу ережесiн және ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 15 маусымдағы N 825 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 235-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысымен бекiтiлген |
Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесi
Ескерту Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 шілдедегі N 932 қаулысымен бекітілген |
Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс
саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi
Ескерту. Ережемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N 1016 қаулысымен .
1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бiр жолғы төлем (бұдан әрi - бiр жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.
2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткiзу жөнiндегi комиссия анықтайды, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.
3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бiр жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.
4. Аукцион өткiзiлген кезде бiр жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.
5. Бiр жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2002 жылғы 21 тамыздағы
N 932 қаулысымен
бекiтілген
Радиожиiлік спектрін пайдаланғаны үшін
ақы төлеудің жылдық ставкалары
Ескерту. Жылдық ставкасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысымен бекiтiлген |
Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік
спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары
Ескерту. Алым ставкасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысымен бекiтiлген |
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi
құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары
Ескерту. Алым ставкасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.